Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет49/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   191
(Қараңыз: Гамид Араслы. «Великий Азербайжанский поэт Физули». Баку, 

1958; Физули. «Лейла и Меджнун», М.1958, Предисловие Рустама Алиева, 

и др). 

Бұлай деуге негіз- екі дастанның тақырыбы, негізгі сюжеті, 

кейіпкерлері, идеясы бір, ортақ болғанымен де көркем аударманың 

талаптарына  сай  келе  бермейтін  көптеген  өзгешеліктер.Физули 

дастанды жазу барысында сюжетті дамыту, тақырыпты аша түсу, 

образдарды сомдау жағынан келгенде өзінше кеткен жерлері бар-

шылық. Мысалы, Мәжнүннің көгершінмен, таумен, шынжырмен, 

Ләйлінің балғамен, шырақпен, бұлтпен, түйемен, таңғы самалмен, 

аймен  мұңдасуы  сияқты  эпизодтар  Физулидің  дастанында  жаңа-

дан қосылған.Низами кейіпкерлерінің бірі Салим Амират Физули-

де жоқ, керісінше жаңадан Зейдтің бейнесін қосқан. Сондықтан да 

Физулидің «Ләйлі- Мәжнүн» дастаны Низамиден де, одан басқа да 

осы тақырыпты жырлаған ақындардан да аударылған емес, шығыс 



115

әдебиетінде кеңінен тараған тақырыпты өзінше, яғни азербайжан-

ша жырлаған ұлы шығарма деп бағалайды.

Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, араб, парсы, түркі әдебиетінде 

кең  тараған  «Ләйлі-  Мәжнүнді»    Дехлеви  (  XIII)  үндіш,  Науайы 

(XV) өзбекше, Хатефи мен Мектеби (XV) парсыша, Физули (XVI) 

азербайжанша қалай жырласа, Шәкәрім де солай қазақша сөйлет-

кен туынды деп қараған жөн.Оған «Ләйлі-Мәжнүннің» Шәкәрім 

негізге алған Физули нұсқасы мен қазақшасын салыстыра қараған-

да, көзіңіз жетеді 



(салыстыруды әзербайжандық нұсқасымен жасауға 

мүмкіндігіміз болмағандықтан 1958 жылы Мәскеуде шыққан орысшасын 

негізге алдық).

Ең  алдымен,  көлемі  жағынан  көп  айырма  бар:  Физулидің 

«Ләйлі- Мәжнүні» 320 бет болса, Шәкәрімде 50 бет. Екі дастанның 

композициялық құрылымы да өзгеше. Физули дастанның басында 

поэманы жазғандағы мақсаты мен ойынан хабардар ететін шағын 

прозалық  түсінік пен үш төрттағаннан тұратын кіріспе берілген. 

Шәкәрімде  бұлар  жоқ.  Ол  «Біле  ме  сіздің  қазақ  ғашық  жайын»-

деп, тақырыпқа бірден кіріседі. Физули дастаны тарауларға бөлін-

ген.Әр  тараудың  басында  суреттелер  оқиғадан  хабар  берер  бір 

сөйлемнен тұратын түсініктеме беріліп, соңынан Ләйлінің, Мәж-

нүннің, ойшылдың,  т.б. ғазалдарі және де «Тараудың аяқталуы» 

деген  тақырыпшалармен  қорытындыланып  отырған.  Шәкәрімде 

тарауларға бөлінбеген, бір оқиғадан екіншісін жырлауға  көшерде 

«Далада тағы



 (Мәжнүн,Д.Ы.) 

қаңғып жүре тұрсын// Келелік Ләйлі 

деген қызға таман» деген сияқты ескертулер жасап, ауысып отыра-

ды. Физулидің дастаны екі жолдан тұратын ғазал үлгісінде жазыл-

са, Шәкәрім  төрт жолдық шумақпен жырлаған. Физулиде ғашық-

тықтан ғаріп халге түскен Ләйлі өз мұңын балғаға, жанып туған 

шамға, бұлтқа, түйеге, таңға, самалға, айға шақса, Шәкәрімде кө-

белекпен, шаммен, бұлтпен ғана мұңдасады, қалғандарын артық 

санаған.  Есесіне  көбелекті  қосқан.Мұндағы  көбелек,  салыстыру 

арқылы бейнені бедерлей түсу қызметін атқарып тұр.

«Көбелек, сен де мендей шамға ғашық,

Боласың қайтіп ғашық менен асып.

Күйсең де өлмесеңші  мен сықылды

Өлесің екі айналмай мұнша сасып» – 



(Шәкәрім.Шығармалары. А., 

1998, 371-бет)

 – деген шумақтың аңғартары көп.Қанаты күйгеніне, 

жанғанына қарамай, отқа түсіп, ұмтыла беретін көбелектің күйін 

суреттеумен Шәкәрім психологиялық  паралелизм жасау арқылы 

махаббаттың отына шарпығанына қарамастан сүйгеніне ұмтылған 

Ләйлінің ғашықтықтық  дертіне ұшыраған жайын  бейнелі түрде 

күшейте  түскен.Осы бір детальдің өзі-ақ бүкіл жан-жүрегін сүй-

геніне деген оттай лаулаған сезім жаулап алған Ләйлінің ғашығына 

жету үшін «көзсіз көбелек» сияқты отқа түсуге де дайын екенін 

аңғартады.




116

Махаббат  тақырыбы-  мәңгілік  тақырып.  Ешуақытта  өшпейтін, 

тозбайтын,  ескірмейтін  тақырып.  Махаббаты  жырламаған  ақын 

жоқ шығар, сірә. Осы тақырыпқа қаншама шығарма жазылды де-

сеңші. Осыларды оқысаңыз, жалықпайсыз, керісінше оқи бергіңіз 

келеді.Себебі, тақырып бір болғанымен, әр ақын оны өзінше көріп, 

өзінше  түсініп,  өзінше  ой  түйіп,  өзінше  жырлайды.  Әдетте,  жай 

адамның байқай  бермейтін қыр-сырларын жіті көзбен көре білген, 

көргенін көркем түрде бейнелеп, соны ойлар түйе білген ақынның 

шығармасы өміршең болады. «Ләйлі-Мәжнүн»  туралы дастандар-

ды оқырмандардың сүйіп оқитындығының басты бір себебі сон-

дықтан. Сюжет бір, идея бір болғанымен «Ләйлі-Мәжнүнді»  әр 

ақын ұлттық  ерекшеліктерге, оқырман ортасына, ақындық  қуа-

тына орай  негізгі оқиғаларды, басты идеяны өздерінше толғаған.

Осындай  жағдайларға  байланысты  артық  деген  жерлерін  алып 

тастаған, жетпей жатқан жерлерін жеткізген. Шәкәрім де «Ләйлі-

Мәжнүн» дастанын қағаз топырағына  әкелгенде, оны «жерсіндір-

ген», қазақ  оқырманының  таным-түсінігіне, эстетикалық  талға-

мына қарай қазақша жырлаған.

 Махаббат қаншама жырланды. Сонда да болса, бұл тақырыпты 

«Ләйлі-Мәжнүндей»  шыңына  шығара  жырлаған  шығарма-  жоқ-

тың  қасы.Бұл  дастан  ғашықтық  гимніндей,  әлемдік  әдебиеттің  

аспанында  жарық  жұлдыздай  жарқырап  тұр.  Осы  бір  мәңгілік 

тақырыпқа шығыс, батыс, әдебиетінен мол тәлім алған Ш.Құдай-

бердіұлы да қорықпай барып, биіктен көріне білді.

  Қаншама  адам  болса,  соншама  махаббат  бар  дейді.  «Ләйлі- 

Мәжнүндегі»  махаббаттың  ерекше  бір  романтикалық  тәсілмен 

суреттелуі дастанды әлемдік әдебиеттің асылына айналдырып жі-

берген. Махаббат сезімі әдетте адамда есі кіріп, ержете бастаған 

кезде  пайда  болатын  болса,  «Ләйлі-Мәжнүнде»  есін  білмейтін, 

сәби, бесіктегі кезінен көрінеді. Араб жұртындағы бір бай сауда-

гердің  шаңырағында  әйелі  босанып,  Қайыс  атты  ұл  туады.Бала  

қырқынан шығара салысымен, шырқырап  жылай береді. Дәрігер-

ге көрсетсе, баланың дені сау, бірақ «бір түрлі жүрегінде қайғы-

сы бар» дейді.Өмірге жаңа келіп жатқан баланың жүрегіндегі не 

қылған қайғы? Автор осы арқылы бала туылмай жатып-ақ оның 

жүрегі ғашықтық ауруымен ауырған, яғни Ләйліні сүйетін еді де-

генді  аңғартқан.  Жылап  қоймаған  соң,  көшеге  шығарып  көтеріп 

жұбатып жүрсе, бір кезде сәби жылағанын қояды; сөйтсе тағы да 

бір  бала  көтерген  адам    жанынан  өтіп  барады  екен.Ол  ұзағанда 

бала тағы  жылайды. Сонда құндақтаулы екі бала Ләйлі мен Мәж-

нүннің  жылай беретіні екеуі  бір-біріне ғашық,  бір-бірін іздейді 

екен. Екеуі екі жақта жылағанын қоймаған соң, ата-анасы оларды 

бір кемпірге асырауға береді.Кемпір Қайысты қолына алса,тас ем-

шегі жібіп, сүт келіп, емізеді, ал Ләйліге келгенде, сүт шықпайды.

Шәкәрім осылайша суреттеу арқылы бір ананың сүтін емгендердің 




117

қосылуына болмайды дейтін қазақы дәстүрді  алла-тағаланың өзі 

қолдап, біріне емізіп, біріне емізбей тұр дегенді меңзейді. 

Міне, осылайша туа басталған ғашықтық дерті екі жастың бо-

йын әбден меңдеп алып, айықпас ауруға ұшырайды.Махаббаттан 

екеуі де от боп жанады. Екеуі бір-біріне жақындағанда бірін-бірі 

күйдіріп, жалынға орайды: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет