(С.Сейфуллин. Әңгімелері мен повестері.А.,1958)
Салт өлеңдерінің ел ішінде қазіргі кезде айтылып жүрген жа-
ңаша түрлері де баршылық. Ал оларды жинап, бастыруға көңіл
бөлінбей жүр. Егер ол шығармаларды жинауды, зерттеуді қолға
алсақ, халқымыздың рухани қазынасын да байытып, ел игілігіне
айнала түсер еді.
* * *
Сонымен, ұлт дегеніміз – тіл, сол тілмен өрнектелген адамдар
арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың дамуы барысында
заманалар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптардың, салт-жоралар-
дың, бір сөзбен айтқанда, ата дәстүрдің негізіндегі ұлттық болмыс.
Ұлттық болмысты ұлттық сана-сезім құрайды. Ұлттық сана-сезімі,
рухы жетілмеген, немесе әлсіреген халықтың болашағы күңгірт.
Сондықтан да ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы жоғары ұрпақты
ата-баба жолымен тәрбиелеу, сол үшін ұлттық дәстүрлерді жаңа-
шылдықпен жалғастыра түсу – қай заманда болмасын, аса маңыз-
ды мәселе, ұлттық дамудың бірден-бір шарты.
Тілін, ата салтын білмеген ұлтының қадір-қасиетін білмей, өгей
ұлдай күй кешеді. Туған тілінен, халқының жақсы дәстүрлерінен
ада адам ұлтын сүйе алмайды; халқына адал қызмет ете алмай-
ды. Онда туған жерді сүю, отаншылдық сезімдері жоқ; халқының
басына қиын жағдай туғанда, Отанды қорғаудың орнына бас қа-
мының жағдайын жасап, жайына кетеді. Ал халыққа ұлттық на-
мысты, туған жерді қасық қаны қалғанша қорғауға дайын ұлтшыл
патриоттар керек... Ал ұлтын, Отанын сүйген азаматтар ұлттық
топырақта ана тілінде жасалынған ұлттық руханияттан уызында
жарып, халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиеленгенде ғана шыға-
ды. Ұлттық рухтың қайнап жатқан қара қазаны – ұлттық дәстүрлер
де, оның қайнар көздерінің бірі – тұрмыс-салт жырлары.
107
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Е
уразияның қақ ортасында көбіне көшпенді ғұмыр
кешіп, өзгеше бір көшпенділер мәдениетін жасаған ке-
шегі ғұндардың, сақтардың бүгінгі ұрпақтарының бірі қа-
зақ халқының ауыз әдебиеті аса бай. Соның ішінде халық-
тың тұрмыс-тіршілігі, тарихы, арман-аңсары бар болмысымен
шынайы көрініс табатын эпостық жырлардың алатын орны салмақ-
ты.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау, бастыру, зерттеу істері
негізінен Х1Х ғасырдан басталады. Қазақ әдебиеттану ғылымы-
ның бастауында тұрған Шоқан Уәлиханов (1835-1865) «Қозы-Көр-
пеш – Баян сұлу», «Едіге», «Ер Көкше», «Абылай туралы жыр»,
«Қара батыр толғауы», «Орақ батыр» секілді жырларды алғаш рет
хатқа түсіріп, олар туралы пікірлер білдірген қазақтың тұңғыш
ғалымы болды. Ол қырғыздың атақты «Манас» жырының «Семе-
тей» тарауын тұңғыш рет жазып алып, «Манас» – бүтін бір халық-
тың шығармасы, соның көп жылдық шығармашылығының жемісі
– дала «Илиадасы» деп бағалап, «Манастану» ілімінің негізін қа-
лады.
Қазақтың жыр-дастандары Х1Х ғасырдың екінші жарымы мен
ХХ ғасырдың басында шыға бастаған «Түркістан уалаятының га-
зеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Айқап»
(1911-1915), «Қазақ» (1913-1918) беттерінде көріне бастады. Мы-
салы, «Дала уалаятянының газетінде» «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
жырының мазмұны, «Нәрік батырдың» ертегілік нұсқасы жарық
көрді.
Эпостық жырларды игеру істері ХХ ғасырдың басында бір ізге
түсе бастады. Мәшһүр Жүсіптің, Ә. Бөкейханның, М. Дулатовтың,
А. Байтұрсыновтың, Х. Досмұхамедовтің еңбектерінде эпостық
жырлар жайлы бірсыпыра ойлар айтылды. Мысалы, А. Байтұрсы-
нов 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқышта» ауыз әде-
биеті үлгілерін іштей жіктегенде «Қобыланды батыр», «Алпамыс
батыр», «Қамбар батыр», «Нәрікұлы Шора», «Ер Тарғын», «Ер
Сайын», «Едіге» жырларын «ертегі жыр» деп анықтап, талдаған.
М. Әуезовтің «Әдебиет тарихының» (1927) екінші бөлімі түгел-
дей эпостық жырларды талдауға арналған. Мұхтар эпостық жыр-
ларды «Батырлар әңгімесі» («ұлы батырлар», «кіші батырлар»),
«Ел поэмалары» («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», т. б.),
«Тарихи жырлар» деп, жіктеген. Ал «Қазақ халқының эпосы мен
108
фольклорында» бұл жіктеуін «Батырлар жыры», «Ғашықтық жыр-
лар», «Тарихи жырлар» деп, нақтылай түскен.
С. Сейфуллин «Қазақ әдебиетінде» (1932) қазақ эпосын «батыр-
лар әңгімесі» және «ертедегі жырлы әңгімелерге» жіктеп, «Қобы-
ланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Алпамыс»,
«Ер Көкше», «Ер Қосай», «Желкілдек», «Қозы Көрпеш Баян сұлу»,
«Қыз Жібек» жырларына тоқталған. Сәкен 1933 жылы «Батырлар
жырын» шығарды.
Қазақ эпостануына Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов,
М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев,
Р. Бердібай, т. б. секілді ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Ә.
Марғұланның «Эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі»,
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры» және қырғыздың атақты эпо-
сы «Манас» туралы зерттеулері тек қазақ фольклористикасының
ғана емес, осы саладағы әлемдік деңгейдегі елеулі еңбектердің
қатарында. Б. Кенжебаевтың «Қазақтың халық эпосы туралы»
Достарыңызбен бөлісу: |