«Әңгімесін естісең,
Жаһаннан асқа ғұлама.
Қылған ісін байқасаң,
Батқандай белден күнәға» – деген жолдарды оқығанда, Абайдың
«Бойы бұлғаңы» еске түседі. Жыраулық дәстүр үлгісінде жазылған
«Не ғаріп?», «Тәнің де мейман жаныңа...», «Тыңдаушың жаман кез-
дессе», «Бидің әділ болмағы», «Не жақсы?», «Би болмас белін жалпақ
буғанменен» сияқты өлеңдері өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата
білуге үндейді. «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Құлыншақтың
термесі», «Жаратылыс туралы» сияқты өлеңдері өмір, өмір сүрудің
мәні мен мақсаты, тіршілік туралы терең толғаныстарға толы.
Қ.Кемелұлы – елінің есендігін, егемендігін ойлап, жыр төккен кү-
рескер ақын. Ол орыс отаршылдарының озбырлығына ашық қарсы
шығады:
«Жайлауымды жау алып,
Ықтияр кетті-ау күллі елден...
111
Қаптаған хахол симайды,
Қазақтан алды қонысты.
Қазынаға қарыздар,
Халық көбейді борыштар...
Қадақ болған кісідей,
Ала алмай жүрмін кегімді.
Жансыры болған жыландай,
Киреңдетті белімді» – деп, кейінгі ұрпақтарды мына заманның бе-
талысы жаман, осылайша кете берсе жаманшылыққа апарып соқтыруы
мүмкін екендігімен сақтандырады.
Ақынның Шөжемен, Майлықожамен, Қадиша қызбен айтыстары
және түрлі жағдайларда, ұрымтал тұстарда табанда айтылып, ел аузы-
на тарап кеткен өлеңдері де көпке мәлім. Мысалы, ақынның Майлы-
қожаға:
Майлы, Малы дегенмен май болмадың,
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың, – деп сөз тастағанда, оған
Майлықожаның:
Сен Құлыншақ болғалы талай болды,
Иә құлын, иә жабағы, тай болмадың, – деп табанда жауап берген сөз
қағыстыруының жұрт арасында жүрген екі түрлі нұсқасы бар. Сондай-
ақ, оңтүстік өңірінде кездесетін үш, не одан да көп ақындар айтысы-
ның бір үлгісі ретінде Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа үшеуінің сөз
жарыстыруы да қызғылықты.
Ақынның өзі өмірден өткенімен артында халқына арнаған маржан
сөздері қалды; әке жолын қолға алып, алқалы жиындарда өнерімен
топқа түсті; ең бастысы, негізін Құлыншақ салған Қаратау өңірінің
ақындық мектебі қалыптасып, қазақ поэзиясының жыр дариясына үл-
кен арна болып құйылады.
Жалпы, Құлыншақ ақын – қазақ поэзиясының құнарлы бір топырағы
Қаратау өңірінен шығып, артында тұтас бір әдеби дәстүр, ұлттық сөз
өнеріміздің дамуында айтарлықтай із қалдырған аса ірі тұлғалардың
бірі. Ақынның әдеби мұрасы толық жиналып, басылып шықты дей ал-
маймыз. Халық арасына кеңінен тарап кеткен Құлыншақ өлеңдерін ел
игілігіне айналдыруда О.Жолдыбай біраз шаруалар атқарып жүр. Ал-
дағы уақыттарда да ақын өлеңдерін жинап бастыру, оның көркемдік,
идеялық сапаларын саралап, ғылыми тұрғыдан игеру жұмыстары жал-
ғаса бергені лазым.
Сөзімізді Бұдабай ақынның Құлыншақ туралы айтқан мына бір
өлеңдерімен аяқтағымыз келеді. Оңтүстікте Майлықожа, Мәделі сияқ-
ты мықты ақындардың көптігін айта келіп, Бұдабай:
«Ең озығы Құлыншақ,
Өлең десе ұрыншақ.
Шу асауды тоқтатқан,
Бұғалақты бұрын сап»
– деп, Құлыншақтың ақындық қуатын аса жоғары бағалайды. Өмірін
өлеңге арнап, халқының қамын жеп, арын арлап, мұңын мұңдап, жау-
һар жырымен халқының жүрегінен орын алған Құлыншақтай ақынның
өлеңдері халқының рухани қажетіне қызмет ете берері анық.
112
ФИЗУЛИ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
Е
уразияның қақ ортасына орналасқан Қазақстан орыс отар-
шылдығына шейін Байқалдан Балқанға дейін ұлан ғайыр да-
лада біртұтас созылып жатқан түркі әлемінің құрамдас бір бөлігі
ретінде тарих сахнасында көрінді. Түркі халықтары бұрын негізі-
нен көшпелі өмір сүріп, өзіне ғана тән көшпенділер мәдениетін
жасады деп келсе, соңғы зерттеулер ерекше сипатты көшпелілер
мәдениетімен бірге үлкен қалалар салып, дамыған ғылымы мен
мәдениеті, жасаған түркі өркениеті болғандығын дәлелдеп жатыр.
Еуроцентризм онша мойындай бергісі келмейтін Шығыс ренес-
сансының бір көрінісі ретіндегі түркі өркениетін зерттеу Қазақс-
танда тәуелсіздік алғаннан бері қолға алынып жатыр.
Кеңестік кезенде түркі өркениетінің мәдениет пен ғылымдағы
аса көрнекті өкілдерінің бірлі-жарымдарының есімдері ғана белгілі
болатын.Ал олардың еңбектері, ғылымға, әдебиетке, әлемдік өрке-
ниетке қосқан үлестері жайлы сөз қозғалмайтын.Солай десек те
қазақ халқының ұлттық сана-сезімі ояна бастаған жетпісінші жыл-
дардан бері өткен тарихты білуге деген талпыныстар жасалынып,
Ал- Фараби сияқты ұлылар туған халқымен қайта табыса бастады.
Қазіргі көзі ашық қазақ оқырманына Түркі әлемі мәдениетінің жа-
рық жұлдыздары Ал- Фарабидің, Қ. Иассауидің, Ж. Баласағұнның,
М. Қашқаридің, Ә.Науаидің, Физулидің, т.б. еңбектері біршама та-
ныс. Десек те бұл салада әлі де қыруар жұмыстар күтіп тұр. Олар-
дың шығармашылықтарын зерттеп, қазақ тіліне аудару, сөйтіп то-
лық туындылар жинағын шығару – алдағы күндердің міндетінде.
Түркі әлемінің әдебиет аспанында жарқырап жанған жарық жұл-
дыздардың бірі Физули (1494-1556) қазақ даласына жиырмасын-
шы ғасырдың басында қадам басты.Физулиді қазақтарға жетелеп
алып келген атақты «Ләйлі-Мәжнүн» болатын.
Жалпы орысқа бодан болған кезге дейін қазақ әдебиетінде шы-
ғыстық сипат басым жатты: онда араб-парсы әдебиетінің ықпалы,
аралас-құраласы күшті еді. Шығыс әдебиетінің «Мың бір түн»,
«Рүстем дастан», «Фархад-Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир-
Зухра», «Ескендір», «Атымтай Жомарт» сияқты қисса- дастандары
қазақ даласына ерте кездерден-ақ кеңінен тарады. Жиын- тойлар
ақын жыршылардың қисса айтуынсыз өтпейтін. Әсіресе махаббат-
тың символындай болған «Ләйлі- Мәжнүн» дастаны кеңінен тара-
ды. Махаббат тақырыбына жазылған жыр- дастандарда Ләйлі мен
Мәжнүн сүйішпеншіліктің биік эталонындай, піріндей қабылда-
нып, қазақ ауыз, жазба әдебиетіне айтарлықтай әсер етті. Қазақтың
лиро-эпостық жырларынан бұл сарын анық байқалады. Мысалы,
113
«Қыз Жібек» жырында ғашығын іздеп, жолға шыққалы тұрған Тө-
легенге анасы ақ батасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |