Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет51/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   191
Мінекей, болдым соған айтқан тоқты.

Бетімнен, етімнен де сүймеңіздер,

Біреудің ғашығына тимеңіздер.

Денемнің өлсем-дағы оты сөнбес,

Жалынды сүйемін деп күймеңіздер....

Қиянат қылмаңыздар Мәжнүн жасқа,

Мен үшін қаңғырды ғой тау мен тасқа.

Баршасын дүниенің қылды талақ,

Жалғанның несін алды менен басқа...

Лақатты кеңдеу қазғыз сол сиярлық

Қылмасын екеумізге қабір тарлық.

Мәжнүнмен бір бейітте қосылуға

Құдайдан, еншалла, жарлық болар».

(Сонда, 392-393 беттер)

Мәжнүн ғашығымен кездесуін күтіп тұрғанда, о дүниелік болып 

кеткен  «Ләйлінің  жаны  келіп  шақырып  тұрады».  Сүйгенінің  өл-

генін естіген Мәжнүн: 



«Ләйлінің бейітіне жетіп барды.

Түлкі алған қыран бүркіт сықылданып,

Құшақтап қу моланы жатып алды»

 (Сонда, 395-бет).

Қабірді құшақтап жатып, Мәжнүн Ләйліге тіл қатады:




119

«Деме сен, өліп қалдым, сен менен қаш»,

Айтқаның рас болса, қабіріңді аш!

Жаталық  бір орында құшақтасып,

Болсақ та мен киімшең, сен жалаңаш».

Сол кезде алла-тағаланың құдіретімен екі жастың тілеуін беріп:



«Жіберді сол қабірді тәңірім жарып,

Ләйліні құшақтады Мәжнүн барып.

Қайтадан қалыбына түсті сандық,

Қосылды осылайша екі ғаріп» (

сонда, 396-бет).

Бұл  жерде  Шәкәрім  екі  жастың  ғашықтық  жырының  аяқталар 

тұсын Физулиге қарағанда өңдеңкіреп, бірлі- жарымды детальдар 

қосып,  әсірелеңкіреп,  оқырманның  сезіміне  әсер  ету    жағын  кү-

шейтіңкіреген.Жас топырақты құшақтап, жылап жатқан мұңлық-

тың  тілеуін  беріп,  қабірдің  қақ    жарылып  ашылуы,  Мәжнүннің 

өліп  жатқан  Ләйліні  барып  құшақтап,  жанына  жатуы,  сол  кезде 

қабірдің екі жасты қойнына алып, қайтадан жабылып қалуы сана-

лының сезіміне әсер етпей қоймайды.Шәкәрімнің шын шеберлігі 

сол жерде жарқырап көрінеді.

Физулидің  дастанында    Мәжнүн  мен  Ләйлі  қайтыс  болғаннан 

соң, олардың тілектесі, жанашыры болып жүрген Зейдтің түсіне 

кіреді.Онда мәңгілік махаббатқа мас болған Ләйлі мен Мәжнүннің 

ғажайып    Эдемде  бақытқа  шалқып  отырғанын  көреді.Ақын  бұл 

өмірде  бір-біріне  қосыла  алмай,  азаптанып  арманда  кеткен  ға-

шықтардың о дүниеде бақытты болатынына сенім білдіреді.Өзінің 

осы  ойын  түс  көру  арқылы  шебер  жеткізе  алған.  Ал  бұл  эпизод 

Шәкәрімде жоқ. О дүниеге үңілмей, бұ дүниенің оқиғаларын баян-

даумен шектелген.Оның орнына 24 шумақтан тұратын осы дастан-

ға байланысты туындайтын өз ойларын жайып салған. Ақынның 

осы дастанға тікелей қатысты айтайын дегені төмендегіше өрбиді:

«Жігіттер, ендігі сөз- менің сөзім;

Мәжнүннен аз-ақ кейін көрген күнім.

Мен ондай қызға ғашық болмасам да,

Ғарыппын дерті қалың, шын осыным.

Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар,

Берейін атын атап, ұқсаңыздар:

Махаббат, ғаделет пен таза жүрек,

Бостандық, терең ғылым,-міне, осылар...  

Басында Мәжнүн болды барға ғашық,

Жолында бір Ләйлінің жанталасып.

Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім,

Менікі кетген жоқ па онан да асып» 

(сонда, 397-бет).

Бұл жерде Шәкәрім өз күйін Мәжнүннің жағдайымен салысты-

ра  отырып,  ішінде  шерменде  болып  қатып  қалған  құса  ойларын 

жайып салады.Мәжнүн Ләйліге ғашық болып, есінен адасып жүр-

се,  ақын  адамзат  атаулының  бойындағы  махаббат,  әділет,  жүрек 

тазалығы, бостандық, ғылым сияқты ең асыл қасиеттерге ғашық 




120

болып, айықпас дертке ұшыраған.Лирикалық кейіпкердің «сырты-

бүтін, іші –түтін» болғанына қарамастан, жүрегі халқым деп шарқ    

ұрады. 


«Ләйлі-Мәжнүн»  дастанының  соңында  қорытынды  орнына 

берілген  ой  түйіндері  Ш.Құдайбердіұлының  халық  қамын  жеген 

халық қамқоршысы, ел ертеңін ойлап күңіренген ойшыл, ірі фи-

лософ екендігіне көзіңізді жеткізеді. Мәжнүн қызға ғашық болып, 

яғни жеке басының мәселесін шеше алмай, мына өмірде баз кешіп, 

жынды атанса, Шәкәрім халқының бақытты өмір сүруі үшін аса 

қажетті сүйіспеншілік, тазалық, еркіндік, жан-жақты білім сияқ-

ты қасиеттерді іздеп, есінен танады. Адамдардың бойында кезде-

се  бермейтін  асылдарды  іздеп,  «Мен  сорлы  жоққа  ғашық  болып 

өттім// Халқым деп жабырқадым күнде зорлап» – деп күңіренеді. 

Елім деп еңірегенді түсінбеген халқының дүние үшін итше тала-

сып, бір-бірімен қырқысып жатқан халінен  ақын жаны түршігеді. 

Дүние жемтігіне бұл тірлікте көзің тоймаса, «Тоярсың көзіңе құм 

құйылғанда» – деп ішінен ащы зарын шығарады. «Болса да сыр-

тым бүтін, ішім түтін» дегенде «Қалың елім, қазағым, қайран жұр-

тым» деп, халқының ертеңгі күнді ойламай, бейқам жатқан халіне 

күйінген, аһ ұрған Абай мен үндесіп  ақынның азаматтық бейнесі 

биіктей түседі.

VII ғасырда жасаған араб ақыны Қайыстың Ләйліге ғашық бо-

лып, оған қол жеткізе алмай, махаббаттың буынан есінен танып, 

дала кезіп кеткендіктен «Мәжнүн» атанғаны туралы аңыз боп кет-

кен  оқиға  туралы  Шығыстың  128  шайыры  128  «Ләйлі-Мәжнүн» 

дастанын жазыпты. Сюжет бір, кейіпкерлер бір болғанмен, әр ақын 

өзінше жырлап, өзінше ой түйген. Солардың көпшілігін тарихтың 

толқындары лақтырып тастағанда, бізге сыннан өткен Науайның, 

Низамидің, Физулидің дастандары сияқты санаулылары ғана жет-

кен. «Оятқан мені ерте Шығыс жыры // Айнадай айқын болды әлем 

сыры» дегенінен Шәкәрімнің Шығыс поэзиясын жақсы білетіндігі 

көрінсе,  сол  Шығыстың  сөз  өнеріндегі  інжу-маржандарының 

ішіндегі  ең  бір  асылдарының  қатарындағы  Физулидің  «Ләйлі-

Мәжнүн»  дастаны  негізінде  жаңадан,  өзінше  жырлаған  поэмасы 

көркемдігі жағынан да, идеясы жағынан да биіктен көрінген кемел 

туынды ретінде тек қазақ әдебиетінің ғана емес, түркі халықтары, 

одан қалды Шығыс әдебиетінің алтын қазынасынан өзіне лайықты 

орнын алуға тиіс санаймыз.

Физулидің өлеңдер жинағы қазақ тілінде «Ұлы ақындар кітап-

ханасы» сериясымен 1970 жылы Алматыда басылып шыққан. Кі-

тапқа Ә.Жәмішев аударған 23 ғазал мен Ж.Қыдыров тәржімалаған 

10 қасида кірген. Физули қазақ тілінде сәтті сайраған. Оның өлең-

дерінен өмір, махаббат туралы өрелі ойлар толғаған ұлы философ-

ты танимыз.Адамның шексіз сезімін жырлаған ақын поэзиясы ой 

тереңдігімен ерекшеленеді.Оның бүкіл поэзиясы адамгершіліктің 

асыл қасиеттерін асқақтата жырлаған уағыздарға толы.



121

Ақын  «Ләйлі-  Мәжнүн»  дастанында  махаббатты  шыңға  шыға-

ра  жырласа,  ғазалдарында  да  осы  тақырыпты  тереңдете  түскен. 

Физулидің  жырлауынша,  өмірдің  мәні –  махаббат,  сүйген  жарға, 

жалпы өмірге, жақсылық, сұлулық атаулыға деген сүйіспеншілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет