Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет50/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

«Жақындап келді тілін берейін деп,

Сорғызып мауқын басып көрейін деп.

Аузына аузы барып тиген кезде

Өртеніп бара жатыр өлейін деп.

Ұмтылды құшақтайын жансам да деп

Бұл жерде жанып өліп қалсам да деп....

Лапылдап шыдатпады күйіп-жанып,

Қолдарын кейін кетті жазып алып». 

(Сонда, 380- бет).

 Құшақ-


тасып сүйіскеннен екеуі отқа оранып, жалындап жана бастайды.

Сол кезде Зәйіт (Физулиде Зейд) келіп қалып, екеуі өртеніп кету-

ден аман қалады.

Дүниежүзілік  әдебиетте  ғашықтықтан  не  бір  жағдайларға    ду-

шар  болғандар суреттеліп жатады. Олардың ішінде ғашықтықтың 

оты бойын өртеп, дерт шалып, ауруға ұшырайтындар да бар.Бірақ 

та бір-бірімен кездесіп, құшақтасқанда от боп жанып, бір-бірін жа-

лынға  орайтын  ғашықтар  тек  Ләйлі  мен  Мәжнүн  ғана,  бір-бірін 

көргенде естерінен танып қалатындар да осы екеуі:

«Бағана екі ғашық қалған талып,

Отырған Ләйлі есін жиып алып.

 Мәжнүнді талып жатқан тұрды күтіп,

 Бетіне торғын шәлін жаға салып» –

 ( сонда, 370- бет).

Бойын би-

леген ғашықтық дертінен есінен ауысып, киікпен бірге дала кезіп 

«Мәжнүн»  атанған  кейіпкерлер  әлемдік  әдебиетте  кездесе  бер-

мейді; жоқ десе де болғандай. 

Екі  ғашықтың    бір-бірімен  қосылуына  бір  жағынан,  ата-аналары 

қарсы, екінші жағынан, кездескен кезде бір-бірін күйдіріп, өртеуі бірге 

тұрып, жұптасуына мүмкіндік бермейтіндігіне көзі жеткен Ләйлі Мәж-

нүнге соңғы қоштасу –аманатын жазады.Онда мынандай жолдар бар: 

«Демеуші ем, қалқам, сені күйгізейін,

Деуші едім күнде саған сүйгізейін.

Денеңе денем тисе жана бердім,

Өлген соң құшақтатып тигізейін...

Мен үшін кезіп кеттің айдалаға 

Білмедім кеткеніңді қай далаға.

Қарағым, ақыретте табысайық,

Бұл өмір енді қайтіп айнала ма?...

Зарланып қабіріме келіп тұрсаң,

Қойнымды әлім келсе ашар едім...



118

Жылама, құдай қосса, қияметте,

Құшақтап құмарыңды қандырамын» –

 (сонда, 388-390-беттер).

Физулиде Ләйліге ғашық болып, жүрегіне шоқ түсіп, бүкіл жан –

дүниесі отқа өртенген Мәжнүн сүйгеніне қосыла алмайтындығына 

көзі жеткен соң, өмір сүруге деген құштарлығынан айрылып, дала 

кезіп кетеді.Ол үшін мына өмір төңкеріліп түскендей, мәнін жо-

ғалтады; өңі мен түсін ажырата алмай, есінен адасады.Көзін ашса 

да, жұмса да алдынан Ләйлі кетпей, жан -дүниесі түгелдей Ләйліге 

айналып, ол үшін бүкіл өмір мәнін жоғалтып, онсыз өмір сүруді 

қажетсіз санайды. Санасын өзі сүйген қызының бейнесі билеп, ай-

наласындағы өмірді сезінуден қалған ол тіпті Ләйлімен кездескен-

де, оны танымай қалады.Осыдан кейін бүкіл ғұмырын Мәжнүнге 

деген сүйішпеншілікке арнаған Ләйлі бұны өзін қорлаушылық са-

нап, ары қарай өмір сүрудің мағынасы жоқ деп біледі. Ләйлі өлген 

соң іздеп келген Мәжнүн оның қабірін құшақтап жатып, сүйгені-

не жанын береді.Адамдар Мәжнүнді де арулап, Ләйлінің жанына 

жерлейді.

Шәкәрім  дастанның  соңындағы  осы  бір  оқиғаны  өзгешелеу 

аяқтаған.Мәжнүнді  Ләйлімен  кездестіруге  Зәйіт  ертіп  келеді.  Бі-

рақ  қатты  ауырып  жатқан  Ләйлі  кездесуге  келе  алмайды.  Ләйлі 

өлер алдында ата- анасын шақырып алып,бар өкпе –назын, соңғы 

өтінішін айтады. Онда мынадай сөздер бар:

«Мәжнүнге туа сала ғашық едім,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет