Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет5/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191
(«История ка-

захской  литературы»)

  біріншісі 



(«Казахский  фольклор»,  1968)

  ауыз  әде-

биетіне  арналды.  Бұл  жердегі  басты  өзгешелік  алты  томдықта  ауыз 

әдебиетіне екі том арналса, мұнда бір томдықпен шектелген. Кеңестік 

дәуірдегі ауыз әдебиетіне арнайы тарау  бөлінбеген. Осы кездегі айтыс 

қана жеке тарауда сөз болып, оны жаңа дәуірде Жамбыл сияқты халық 

ақындары дамыта түскендігін тілге тиек еткен.                                                                               

Екінші том (1978) қазақ әдебиетінің тарихына арналған. Редакция-

сын  Ы.  Дүйсенбаев  басқарған  кітаптың  кіріспесінде  шын  мәніндегі 

қазақ әдебиетінің басы  ХУ111 ғасырда жасаған Бұқар жырау дегені-

мен де іс жүзінде ХУ ғасырдағы Асан Қайғылардан бастаған. Кітап 

негізінен қазақ тіліндегі томның ізімен жазылғанымен де азын-аулақ 

өзгерістер де бар. Мысалы, мұнда Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қа-

найұлы хақындағы тараулар жоқ.                                                                                                                   

Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиеті  «Қазақ кеңес әдебиетінің қалып-

тасуы (1917-1929)», «Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті», «Ұлы 

Отан соғысы дәуіріндегі әдебиет», «Соғыстан кейінгі кездегі әдебиет 

(1946-1955)», «Қазіргі қазақ әдебиеті (1956-1968)»  аталған дәуірлер-

ге бөлініп, үшінші томда (1971) қарастырылған. Социалистік реализм 

әдісіне негізделген жаңа тұрпатты әдебиеттің көш басшысы С. Сей-

фуллиннен  бастап,  оның  бірсыпыра  көрнекті  өкілдерінің  шығарма-

шылықтарымен таныстырған.  Қазақ тіліндегі томнан айырмашылығы 

мұнда «Қазақтың әдеби тілі туралы», «Қазақ әдебиетінің интернацио-

нальдық байланыстары хақында», «Қазақстандық орыс жазушылары-

ның шығармашылығы» тараулары жаңадан қосылған.                                                                                                            

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші 

ғалымдарының қатысуымен қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл 

«Қазақ әдебиеті тарихының» академиялық көптомдықтары қазақ әде-

биеттану ғылымының биіктей бастаған өресін байқатқан елеулі еңбек 

ретінде  бағаланды.  Десек  те  академиялық  зерттеулерге  қойылатын 

биік талаптар тұрғысынан келгенде, сол кездегі саяси өмірдің, идео-

логияның    әсерінен,  әдебиеттану  ғылымы  басшылыққа  алған  әдіс-

намалық  негіздерінен  туындаған  зерттеу  әдістерінің  әлсіздігігінен, 

жетілмегендігінен  туындаған  бірсыпыра  жетіспеушіліктерді  байқау 

қиын емес.                                     

Әдебиет тарихының басты міндеті өзі қамтып отырған дәуірді ба-

рынша толығырақ қамтып, оның басты даму жолдарын, негізгі бағыт-



22

тарын көрсетуге тиіс болса, бұл көптомдықтар мұндай биік талаптар-

ға тұтастай жауап бере бермейді. Таптық ілімге негізделген екі түрлі 

мәдениет    концепциясына  сүйенудің  барысында  тек  бұқарашыл  ба-

ғыттағы әдебиет қана қамтылып, біржақтылыққа ұрынған. Қазақтың 

аса бай ауыз әдебиеті мен әдеби мұрасы, оның аса көрнекті өкілдері 

осындай себептермен «Қазақ әдебиетінің тарихына» енбей  қалған. 

Әдебиет тарихын жасаудағы аса бір маңызды мәселе – әдебиет та-

рихын қай кезден бастау туралы. Қазақ әдебиетінің тарихына арнал-

ған  жиырмасыншы,  отызыншы  жылдардағы  алғашқы  зерттеулерде 



(А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», М. Әуезовтің «Әдебиет та-

рихы», С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті», т. б.)

 фольклорлық пен әдеби 

мұраның ара жігі ашылмай, араласып бірге жүрді; әдебиеттің тарихы 

ауыз әдебиетінен басталған. Ал осыдан отыз жылдай кейін жазылған 

әдебиет тарихында көп ілгерілеу бар болғанымен де әлі де шешімін 

таба қоймаған кейбір мәселелер де байқалады. Мысалы, Жамбыл Жа-

баев, Иса Байзақов, О. Шипин, К. Әзірбаев сияқты ақындардың шы-

ғармашылықтары  ауыз  әдебиеті  үлгілері  қатарында  қарастырылған; 

әдебиеттің  тарихын  ХУ111  ғасырдан,  әдебиет  тарихының  көрнекті 

өкілдерінің шығармашылықтарын талдауды іс жүзінде Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтан бастаған.  

Осы  кезге  дейінгі  әдеби  зерттеулердің  тағы  басты    бір  кемшілігі 

әдебиеттің көркемдік қасиеттерін ашудың орнына көбіне әлеуметтік 

жақтарына назар аударып, идеялық тұрғыдан бағалаушылықтың өріс 

алуы, соның бірден-бір әмбебап зерттеушілік құралға айналуы болды. 

Осы бір жағдайдан қазақ және орыс тілдерінде шыққан  «Қазақ әде-

биетінің тарихының» көптомдықтары да тыс қала алмады.                                 

Қазір заман өзгерді. Сол заманмен бірге адам да өзгерді; адамның 

сана-сезімі  өсіп,  өмірге  жаңаша  көзқараспен  қарайтын  жаңа  ұрпақ 

келді;  ғылым  дамып  рухани  құндылықтар  өзгере  бастады.  Осының 

барлығы  әдебиеттану  ғылымының  алдына  жаңа  міндеттер  қойды. 

Қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерттеушілер  оның  тарихы  тым  арыда, 

тарихтың  түпсіз  тереңдерінде  жатқандығын  анықтай  түсті.  Қазақ 

әдебиетінің тарихын жаңаша бағамдап, жаңа сөз айтқан іргелі зерттеу-

лердің бірі-Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғалым-

дарының  күшімен  шыққан  екі  томдық  «Қазақ  әдебиетінің  қысқаша 

тарихы» болды.                                                    

«Қазақ  әдебиетінің  тарихының»  бірінші  кітабы  (2001)  «Ертедегі 

көшпелі тайпалар тарихы» бөлімімен ашылған. Мұнда ертедегі  қытай 

жазба деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиеті туралы сөзді біздің 

жыл санауымыздан бұрынғы 1У ғасырдағы түркілік тайпалардың сөз 

өнеріне қатысты мұраларынан бастаған. Осы дәуірлерде өмір сүрген 

көптеген түркілік ақындардың аттары анықталып, өлеңдері сөз болған.                                                     

Екі томдықтың қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөлуінде де 

бұрынғы жүйеден өзгешелік бар. Х1Х ғасырға дейінгі әдебиет «Ер-

тедегі көшпелі тайпалар тарихы», «Ежелгі түрік әдебиеті (У1-ХУ)», 

«Қазақтың төл әдебиеті (ХУ-ХУ111)», «Х1Х ғасыр әдебиеті», «Жаңа 



23

жазба әдебиет» бөлімдеріне жіктелген. Ал ХХ ғасырдағы қазақ әде-

биеті жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет және кеңес дәуіріндегі 

әдебиет болып бөлінген. Шетелдегі қазақ әдебиетіне жеке тарау ар-

налған.                           

Бұл  еңбек  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу  құралы  ретінде 

жазылғандықтан да қазақ әдебиетінің тарихын түгел қамтуды алдына 

міндет етіп қоймаған сияқты. Сонымен бірге әлі де зерттей, нақтылай 

түсуді қажет ететін тұстары, пікір таластыратын жерлері де жоқ емес. 

Десек те толыққанды қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы із-

деністерде екі томдық «Қазақ әдебиеті тарихының қысқаша тарихы» 

өзіндік бағыты, өзіндік жүйесі бар, жаңаша пікірлер айтқан елеулі ең-

бек болды.                                                                                                     

Тәуелсіздік  кезінде  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  жетістіктеріне 

сүйене отырып, бүгінгі күннің рухына, талаптарына сай келетін көп 

томдық әдебиет тарихын жасау міндеті күн тәртібінен түспеді. М. О. 

Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары қолға 

алған бұл аса ауқымды да маңызды жұмысты екі мыңыншы жылдары 

жарық көрген он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» атқарып шықты.        

Кеңестік кезеңде шыққан үш томдық алты кітаптан тұратын «Қазақ 

әдебиетінің тарихы»  (1960-1967) академиялық басылым болғанымен, 

коммунистік идеологияның қалпымен жазылғандықтан да әдебиет та-

рихын түгел қамтуға мүмкіндіктері шектеулі болғандығы белгілі. Ал 

жаңадан шыққан он томдықтың басты құндылығы – мұнда қазақ хал-

қының ғасырлар бойғы рухани дамуында жинақтаған әдеби мұрасы-

ның тұңғыш рет тұтастай ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, ұлттық мүдде, 

көзқарас тұрғысынан саралануы болды.                                                                      

Он томдықтың біріншісі қазақ фольклорына арналған. «Қазақ әде-

биеті тарихының» бірінші томының сыртқы мұқабасына «фольклор-

лық  кезеңі»  деген  анықтамалық  беріліп,  титульды  бетінде  «Қазақ 

фольклорының тарихы» деп көрсетілген. Жалпы редакциясын С. Қас-

қабасов басқарған ауыз әдебиетіне арналған кітапта біраз жаңалық-

тар байқалады. Соның ең бастысы бұрынғы зерттеулерде қазақ ауыз 

әдебиеті негізінен жанрлық жүйе бойынша зерттелініп келсе, мұнда 

алғаш рет қазақ фольклоры хронологиялық принциппен даму үстін-

де тарихи тұрғыдан қарастырылады. Ауыз әдебиеті ескі замандарда 

адамдардың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері барысында пайда бо-

лып, даму барысында формалық, мазмұндық жағынан жетіле түсіп, 

ұлт руханиятының асыл қазынасына айналған жолдары көрініс тап-

қан.                                 

Қазақ фольклорының тарихы үш дәуірге жіктелген: «Ежелгі заман-

ғы рухани мәдениет», «Орта ғасырлардағы фольклор», «Жаңа дәуір-

дегі фольклор».  Әр бөлім іштей тағы да тарауларға бөлінеді. Бірінші 

бөлімде  «Еңбек  фольклоры»,  «Ғұрыптық  фольклор»,  «Байырғы 

фольклор» тараулары орын алған. Әр тарау тағы да іштей жанрлық 

жағынан түрленген.                      




24

Қазақ  фольклористикасына  арналған  томның  басты  жаңалығы  – 

оны  хронологиялық  тұрғыдан  даму  үстінде  қарастыруы  ғана  емес, 

сонымен  бірге  оларды  тағы  да  тақырыптық  жағынан  бөліп,    іштей 

жанрларға жіктеуі. «Ғұрыптық фольклор» аталған  екінші тарау мау-

сымдық, отбасылық, магиялық болып, олар ары қарай жанрлық түр-

лерге  бөлінген.  Еңбекте  бұрын  жеке  жанр  ретінде  аталмай,  зерттеу 

нысанына  айналмай  келген  ауыз  әдебиетінің  бірсыпыра  түрлері  ең-

бекте зерттеу нысанына айналған. Мысалы, отбасылық ғұрып фольк-

лоры үйлену, балалар, жерлеу ғұрып фольклоры, ал магиялық арбау, 

жалбарыну, алғыс, бата,  қарғыс, ант, бәдік, бақсы сарыны болып жік-

телген. Ал «Байырғы фольклордың» миф, хикая, этиологиялық ертегі, 

қиял-ғажайып ертегі, көне эпос, жұмбақ түрлері ажыратылған.                                     

Осы сияқты «Орта ғасырлардағы фольклордың» жіктелуі де бұрын-

ғылардан  өзгешелеу.  Бұл  бөлім  «Түркі  жазбаларындағы  фольклор» 

және «Қазақ хандығы кезіндегі фольклордан»  құралған. Мұның ал-

ғашқысында  түркі  халықтарына  ортақ  ауыз  әдебиеті  жайлы  әңгіме 

қозғалған. Біздің осы уақытқа дейін қазақ халқының ауыз әдебиеті деп 

келгеніміздің  дені қазақ хандығы кезінде туған фольклор екендігіне 

кітапты оқи отыра көз жетеді.                                                                                                   

Ауыз әдебиеті де – даму үстіндегі категория. Өзінің бастауын ескі 

замандардағы халықтың тұрмыс-тіршілігінен алған ауыз әдебиеті күні 

бүгінге дейін халықпен бірге жасасып келеді. «Жаңа дәуірдегі фольк-

лор»  аталған үшінші бөлімде  қазақ фольклорының ХУ111-Х1Х және 

ХХ ғасырлардағы дамуы жеке- жеке тарауларда қарастырылған.  Ауыз 

әдебиетінің халықпен бірге жасай беретіндігін бүгінгі фольклордағы 

жаңаша сыпаттағы өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, әңгіме жанрларын тал-

дай отырып, дәлелдейді.                                                         

«Қазақ әдебиеті тарихының» екінші  томы ежелгі дәуір  мен орта 

ғасырлар әдебиетіне арналған. Шын мәніндегі «қазақ әдебиетінің сан 

ғасырлық  тарихы  өте  ерте,  қадым  замандардан,  ежелгі  дәуірлерден 

басталатындығын» айта келіп, «зерттеудің негізгі мақсаты – сақтар, 

ғұндар  дәуіріндегі  ерлік  дастандары  және  Түрік  қағанаты  тұсында 

жазылған қаһармандық жырлар мен қазақтың батырлық жырлары сан 

ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей, жалғасып келе жатқан байланыс 

бар  екенін  мазмұн,  форма,  стиль,  көріктеу  құралдары  тұрғысынан 

ашып  көрсету;  ислам  дәуірі  әдебиетіндегі  гуманистік  идеялар  мен 

эстетикалық, дидактикалық ой-пікірлер бертін келе қазақ жыраулары 

поэзиясынан өзінің көркемдік дәстүр жалғастығынтапқанын, әрі жаңа 

тарихи  жағдайда  этикалық-дидактикалық  мазмұндағы  поэзия  одан 

әрі дами түскенін нақты деректер негізінде дәлелдеп көрсету" (Қазақ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет