болды.
17
сыя бермейтін болса, екінші жағынан, бұған қазақ әдебиеттануының,
оның әдебиетші ғалымдарының өресі жете бермейтін; ең соңында
мұндай концепцияны қабылдауға қазақ әдебиеттанушылары дайын
емес-тұғын. Конференцияның барысында әдебиетіміздің өткен та-
рихы жайлы құнды пікірлер білдірген М. Әуезовтің өзі де жиынды
қорытқан сөзінде Б. Кенжебаевтың ұсынысын қабылдамай, Қ. Жұма-
лиевтің пікіріне қолдау білдірді.
Әдебиеттің тарихы қай кезден басталады, оны қалай дәуірлеу ке-
рек деген мәселе төңірегіндегі пікірталас алпысыншы, жетпісінші
жылдардың әдеби сынында, әдебиеттану ғылымындағы орталық
мәселенің бірі болды. Белгілі ғалым Б. Кенжебаев қазақ әдебиеті та-
рихының көне дәуірін зерттеу жолындағы ізденістерін жалғастыра
берді. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелеріне арналған бірсыпыра
мақалалар жазылып, «Көне әдебиет туралы» (1967), «Ертедегі қазақ
әдебиеті хрестоматиясы» (1967), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселе-
лері» (1973) сиқты кітаптар шықты. Бұларда қазақ әдебиетінің тарихы
жаңаша көзқараспен мүлдем басқаша пайымдалды.
Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихына қатысты айтып келген пікір-
лері алпысыншы жылдардың соңынан жетпісінші жылдарға қарай
тұтас бір ғылыми концепцияға айналды. Бұл концепция бойынша,
«Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бей-
несі, көрінісі, сүрлеуі, ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен
жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы
тарихының ізімен жасалуы тиіс» (Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тари-
хының мәселелері. Алматы, 1973, 3-бет). Бұл концепция бойынша, қа-
зақ әдебиетінің тарихы төмендегіше дәуірленеді:
«1. Бұрынғы әдебиет (У-ХУ ғасырлар). Қазақ ру-тайпаларының
ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті, көбінше, сол замандардағы
түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХУ-ХУ111 ғасыр), қазақтың
өзіндік әдебиеті.
3. Қазақтың Х1Х ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.
4. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті.
5. Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі
советтік әдебиет»
Достарыңызбен бөлісу: