Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет6/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191
әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 2-том. Алматы, 2006, 12-бет) -деп, 

айқындаған.                                                               

Қазақ  әдебиеті  тарихының  ежелгі  дәуіріне  арналған  екінші  том 

бұдан үш мыңдай жыл бұрын Қара теңіз бен Азов теңізінің аралы-

ғындағы ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген сақтар туралы грек 

тарихшысы Геродоттың жазбаларындағы деректерден басталған. Ге-




25

родоттың еңбектеріндегі  біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір 

сүрген  «тарихта  есімі  сақталған  тұңғыш  түрік  патшасы»  Тарғытай, 

бейбіт жатқан елді шапқан парсы елінің патшасы Кирдің басын кесіп, 

адам  қанына  толы  меске  салып  жазалаған  Тұмар  ханым  (еуропаша 

Томирис), шапқыншылығын қоймаған парсы елінің тағы бір патшасы 

Дарийді алдап, қалың құмның ішіне адастырып, шөлден қырған Шы-

рақ батыр батыр туралы бізге жеткен деректерді, дастандарды әңгіме-

леуден басталған.                                                     

«Түркі дәуіріне дейінгі әдеби жәдігерліктер» бөлімінде «Алып Ер 

Тоңға»,  «Шу»,  «Аттила»,  «Көк  бөрі»,  «Ергенекон»  «Хуастуанифт» 

дастандарының тарихи құндылықтарына басты назарды аударады. Бұ-

лардың алғашқы екеуін сақтардың қаһармандық дастаны, соңғыларын 

ғұндардың  батырлық жырлары атаған. 

«Түркі дәуіріндегі әдебиетте» «Күлтегін», «Тоныкөк», «Оғызнама» 

т. б. жырлар талданылған. Әл-Фарабидің, Қорқыттың, Ж. Баласағұн-

ның, М. Қашқаридің, Қ. А. Иассауидің, С. Бақырғанидың, А. Йгүне-

кийдің өмір жолдары мен шығармашылықтары таныстырылады.                                                              

«Қазақ әдебиеті тарихының» 4-ші томы Х111-ХУ111 ғасырлардағы 

дәуіріне арналған. «Алтын Орда дәуірі әдебиеті» және «Қазақ ханды-

ғы тұсындағы әдебиет» аталған бөлімдердің алғашқысында Хорезми, 

Құтб,  Сәйф  Сараи,  Дүрбек,  Әли,  Әбілғазы  Баһадұрхан,  Қадырғали 

Жалайырхан, Захириддин Мұхамед Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дула-

ти, Дана Хиқар хикаясы жайлы академиялық әдебиет тарихында жеке 

тарулардың берілуі-  бүгінгі әдебиеттану ғылымы үшін айтарлықтай 

табыс.  Өйткені  түркі  халықтарының  көпшілігі  бөлініп  шығып,  әлі 

еншісін ала қоймаған, дербес ұлт, мемлекет болып, қалыптаса қойма-

ған  кездерде жасаған бұларды туған жеріне, болмаса тілінің жақын-

дығына қарап, бір ғана ұлттың өкілі деп, меншіктеуге  келмейді. «Та-

рих» авторларының бұл кезең әдебиетін «Алтын Орда әдебиеті» атап, 

сол кезде осы хандық құрамында болған халықтарға ортақ мұра ретін-

де қарастыруы шындыққа жақын, әрі ғылыми жағынан да негізді.                                                              

ХУ ғасырда қазақ хандығының іргесі қаланып, қазақ деген халық-

тың тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Міне, осы кезден бастап 

қазақ  халқының  дербес  ұлттық,  мемлекеттік  тарихы  басталады.  Кі-

таптың екінші бөлімінде Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос-

памбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа,  Бұқар,  Ақтамберді,  Үмбетей, 

Тәтіқаралардың жыраулық поэзиясы көшпелі тұрмыс тудырған ерек-

ше бір өнер құбылысы ретінде зерттелінеді.                                                                                          

Бұл әдебиет тарихының тағы бір жаңалығы –  мұнда қазақтың ше-

шендік өнері жайлы тараулардың берілуі. Бұрындары түрлі себептер-

мен онша зерттелінбей келе жатқан, зерттелінсе де әдебиет тарихын-

дағы өзіне лайықты  құрметті орнын ала алмай келе жатқан қазақтың 

шешендік  өнері  жайлы  осы  кітапта  «Шешендер  шығармашылығы» 

(М.  Жармұхамедұлы)  туралы  шолу  мақаламен  бірге  Төле,  Қазыбек, 

Әйтеке,  Ақтайлақ  билермен  қатар  Сырым,  Бөлтірік  шешендердің 




26

өнерпаздық қырлары хақындағы тараулардың орын алуы да – құптар-

лық.       

Кеңес өкіметі жылдарында би-шешендер феодализм заманының би-

леушілері, мүддесін қорғаушылары, жыршылары танылып, шығарма-

шылықтары идеялық жағынан халыққа жат саналып келсе, олардың 

әдеби мұралары тәуелсіздік тұсында ғана жан-жақты зерттеліне бас-

тады. Өмір шындығын шынайы бейнелеп, халықтың мұңын жырлап, 

бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деп, қара қылды қақ жарып, бетің 

бар, жүзің бар демей, ақихатты  ту еткен  осы бір теңдесі жоқ синк-

ретті өнердің  көп томдық әдебиет тарихынан орын алуы болған әді-

летсіздіктерді қалпына келтіру де болмақ.                                                                         

Х1Х ғасырдың бірінші жарымындағы дәуірге арналған «Қазақ әде-

биеті тарихы» 4-ші томының басты өзгешелігі деп, мұнда бұрындары 

аттары аталып, поэзиясы сөз болып жүргенімен де әдебиет қайраткері 

ретінде шығармашылықтары арнайы зерттеу нысанына айналып, әде-

биет тарихындағы өзіне лайықты орнын ала алмай келе жатқан Кө-

теш, Қобылан, Шал,  Жанақ, Абыл, Түбек, Сабырбай, Ұлбике сияқты 

сөз дүлділдерінің арнайы тарауларда қарастырылуы дер едік. А. Егеу-

баев жазған «Х1Х ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетін-

де» осы кез әдебиетінің өзіндік сыр-сыйпаты ашыла түскен.                                                          

Бесінші  томның  басындағы  «Х1Х  ғасырдың  екінші  жартысында-

ғы қазақ әдебиеті» тақырбындағы негізгі тарауды да А. Егеубаев жа-

зыпты. Шоқанды, Ыбырайды, Абайды берген дәуірдің әдебиеті бізге 

біршама таныс. Ағартушы демократтық бағытпен бірге  осы кездерде 

сал-серілер поэзиясы, діни ағартушылық ағым да қатар дамыды. «Та-

рихта» Ақан Қорамсаұлы, Біржан Қожағұлұлы секілді сал-серілердің, 

Ақмолла  Мұхамедиярұлы,  Мұсабек  Байзақұлы,  Шәді  Жәңгірұлы, 

Майлықожа Сұлтанқожаұлы сияқты діни ағартушылардың шығарма-

шылықтары да жеке тарауларда сөз болады. Сондай-ақ  Мұрат Мөң-

кеұлының, Базар Оңдасұлы Өтемісовтің, Шәңгерей Бөкеевтің, Ақтан 

Керейұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Нұржан Наушабайұлының, 

Әсет Найманбаевтың  өнерпаздық жолдары да кеңінен қарастырыл-

ған.                                                           

«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы томы ХХ ғасырдың басын-

дағы әдебиетке арналған. Кеңестік кезеңде  сұрқылтай саясаттың сал-

дарынан  зерттелінбей,  зерттелінсе  де  шет-пұшпақтап,  теріс  бағала-

нып келген осы бір бұрқ-сарқ қайнаған заман әдебиетінің жеке томда 

қарастырылуының өзі біраз нәрсені байқатқан. Бұл кітаптың негізгі 

мәселелері  «ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті»,  «Абайдың  әдеби 

мектебі»,  «1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліске  байланысты  туған 

поэзия»  тарауларында көтерілген.  Ә. Бөкейхан, Ш. Құдайбердіұлы, 

А. Байтұрсынұлы, С. Торайғырұлы, С. Дөнентайұлы, М. Дулатұлы, Ғ. 

Қараш, М. Сералин, М. Ж. Көпейұлы, Ж. Тілепбергенов, Б. Күлеев, Т. 

Жомартбаев, С. Көбеев, Н. Орманбетұлыларының шығармашылықта-

ры арнайы сөз болған.                                                         




27

«Қазақ  әдебиеті  тарихының»  жетінші,  сегізінші,  тоғызыншы  том-

дары кеңестік кезеңдегі әдебиетке арналған. Қазақ кеңес әдебиетінің 

20-30-жылдары  7-ші  томда,      Отан  соғысы  және  соғыстан  кейінгі 

дәуірі  8-ші томда, соңғы (1956-1990) кезеңі 9-шы томда қарастырыл-

ған. Жалпы редакциясын басқарып, негізгі «20-30 жылдар әдебиетін 

шолуға  кіріспе»,  «20-30  жылдардағы  халық  поэзиясының  дамуы», 

«20-шы жылдардағы проза» (7-ші том), «Кіріспе», «Проза», «Әдеби 

сын»,  «Сәбит  Мұқанов»  (8-ші  том),  «1960-1980  жылдардағы  қазақ 

әдебиеті» (9-шы том) тарауларын жазған – ҚР Ұлттық Ғылым Акаде-

миясының академигі Серік Қирабаев.                                                                              

Бұл үш томда да дәуір әдебиетін неғұрлым толығырақ қамтуды шо-

лулық мақалалар жүзеге асырған. 8-ші және 9-шы томдарда «Қытай 

және Моңғолия қазақтарының әдебиеті» мен «Әдеби байланыстарға», 

9-шы томда «Орыс тілді қазақ әдебиетіне» орын берілуі осы кезеңдегі 

қазақ әдебиетінің даму өрісін неғұрлым ауқымды қамту, әлемдік әдеби 

өмір контексінде көрсету мақсатында өзін ақтап тұр.                                                                                             

Қазақ кеңес әдебиетіне арналған томдарда осы кез әдебиеті жайлы 

мол  мағлұматтар  шоғырланған.  Белгілі  бір  дәуірдің,  немесе  жанр-

дың  жай-күйін,  мәселелерін  қорытып  баяндаған  шолулармен  бір-

ге  көрнекті  өкілдерінің  шығармашылықтарын  жан-жақты  талдаған 

творчестволық  портреттердің  қатар  беріліп  отыруы  да  ұлан-ғайыр 

міндеттің үдесінен шығуға айтарлықтай септігін тигізген.  Кеңестік 

дәуірдің  көрнекті  өкілдері  ретінде  Мағжан,  Жүсіпбек,  Сәкендерден 

бастап, Ә. Кекілбаев, М. Мағауинге дейін отыз үш қаламгердің шы-

ғармашылғына жеке тараулар арналыпты.                                                                                  

Оныншы  том    «Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  Тәуелсіздік  кезеңі» 

(1991-2001)  аталады.  Егемендік  алғаннан  кейінгі  қазақ  әдебиетінің 

даму жолдарына сараптама жасалынған бұл кітаптың жазылуына Ш. 

Елеукенов жетекшілік жасаған. Әлі айқындала қоймаған көркемдік-

идеялық мәселелері баршылық жаңа дәуірдің әдебиеті жайлы «Қазақ 

әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» деген негізгі және әр саланың,  жанр-

дың жай-күйін нақтылы саралаған тараулардан мол мағлұматтар алуға 

болады. Мұнда портреттік мақалалар жоқ; қазіргі қазақ әдебиетінің 

көрнекті өкілдерінің елеулі шығармалары негізгі шолуда және жанр-

лық жүйемен түзілген тарауларда лайықты бағасын алған.                                              

Он  томдық  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  академиялық  басылымы-

ның екінші томынан бастап, әрқайсысы библиографиямен қамтамасыз 

етілген; 4,5-ші томдарда қосымша бар. 7,8,9,10-шы томдарға берілген 

«Әдеби өмір шежіресінің» де әдебиет сүйер қауымға берері мол.

Түйіп  айтар  болсақ,  он  томдық  академиялық  «Қазақ  әдебиетінің 

тарихы» сан ғасырлық қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыдан 

жүйелеген, әдеби мұраны бүгінгі күн биігінен қайта саралап, бағала-

ған,  ұлттық  әдебиетімізді  әлемдік  әдебиет  контексінде  қарастырып, 

әдеби-эстетикалық  деңгейіміз  қаншалықты  деген  сияқты  сан  сауал-

дарға ғылыми тұрғыдан жауап берген, өткеннің әдеби мұрасын игеру 




28

жолындағы ізденістерді қорытындылаған, бүгінгі қазақ әдебиеттану 

ғылымының өресін байқатқан іргелі еңбек болып қала бермек.           

Әдебиет  тарихын қай кезден бастау – әдебиет тарихын жасауда ең 

алдымен, шешілуі тиіс негізгі мәселе. Осы  мәселенің қалай шешілуі 

әдебиет тарихының ғылыми сапасын анықтайтын негізгі өлшемдердің 

бірінен саналады. Сонымен бірге әдебиетінің тарихы неғұрлым терең-

де жатқан халық ұлттық тамырлары да тереңде, рухани қазынасы да 

бай, ұлттық, қоғамдық сана-сезімі де дамыған өркениетті ел санала-

ды. Сол себепті ұлттық әдебиеттің ғасырлардың қойнауында шаң ба-

сып жатқан бастауларын анықтап, сілемдерін аршып, халықтың руха-

ни игілігіне айналдырудың ғылыми да, практикалық та маңызы зор.                                                     

Бұл мәселеге келгенде, күні бүгінге шейін түпкілікті шешімін тап-

пай келе жатқан түйінді мәселелер баршылық. Соның ең бастысы – 

түркі халықтары әдебиет тарихтарының әр қайсысының әр түрлі кез-

дерден басталатындығы. Мысалы, қазақ әдебиетіне қарағанда түрік, 

өзбек, ұйғыр әдебиеттерінің тарихтары әрегіректен алынған. Ал шу-

ваштар  өздерінің  төл  әдебиет  тарихын  ХУ111  ғасырдан  бастағанды 

жөн санайды.                                    

Белгілі бір әдебиет өкілінің қандай ұлт әдебиетіне жататындығын 

анықтауда  қай  жерде  туылғандығы,  қай  рудан  шыққандығы  сияқты 

өлшемдер  басшылыққа  алынып  жүр.  Осылардың  барлығын  бір  жү-

йеге түсіріп, ойласып,  ортақ ұстанымдарды жасаудың уақыты келген 

сияқты.  Бұған  бүгінгі  таңдағы  әдебиеттану  ғылымының,  түркітану-

дың шамасы әбден келеді.                                                                                                                          

Орыс әдебиетінің тарихын зерттеушілер оны ертедегі Киев Русінің 

құрылған  кезінен,  яғни  Х1  ғасырдағы  жылнама,  шежіре,  шіркеулік 

жазбалар,  уағыздар  секілді  хатқа  түсіп,  сақталынып  қалған  жазба-

лардан бастап жүр (Қараңыз: В. В. Кусков, Н. И. Прокофьев. Исто-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет