Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет81/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   191
 («Еңбекші қазақ» , 02.11.1928).

 Сол бір замандарда 

үлкен кемшілік, қылмыс саналған осы бір фактілер бүгінгі күндері ұл-

тын сүйген азаматтың тұлғасын биіктете түсер аса маңызды құжатқа 

айналып отыр. 

Бір кезде С. Қожановты Мәскеуге қызметке ұсынғанда, мақтап мі-

нездеме берген Ф. Голощекин отызыншы жылдары басқаша сайрады: 

«Қазіргі кезеңнің сипаты партия құрылысымен емес, топтардың үс-

темдігімен, партия ішінде алашордашылардың идеологиясын бейне-

лейтін қожановшылар, рысқұловшылар, сәдуақасовшылар идеология-

сының үстемдігіме сыпатталады. Бұл кезең басшылықтың осы барлық 

ұлтшыл топтарының қолында болған кезең» 



(Ф. Голощекин. Коренизация 

в период реконструкции. «За партию», 1930, №1-2, 36-бет). 

Өзінің бүкіл саналы ғұмырын туған халқының ұлттық өрлеу жолы-

на арнаған С. Қожанов өзінің бұл бағыттағы көзқарастарын мейлінше 

айқын  тұжырымдап,  қарсылармен  ашық  күресіп,  идеяларын  жүзеге 




172

асыруға бар мүмкіндігін салды. Бірақ Кремльдің империялық саясаты 

есіл  ердің  азатшыл  армандарының  алдына  тосқауыл  қоя  білді.  Оны 

туған  елі  Қазақстанға  жіберуден  сескеніп,  оның  іскерлік  қабілетін 

Өзбекстанның  халық  шаруашылығын  дамытуға  пайдаланғанды  жөн 

көрді. Оның үстіне Кремльге бір табан жақындау Қазақстанның билігі 

де С. Қожановты жолатпаудың шараларын қарастырып бақты. 

С. Қожанов  1937 жылы  16 шілдеде Ташкентте қамауға алынып, 

халық жауы ретінде әскери трибуналдың шешімімен 1938 жылы ақ-

панның 10-ы күні Мәскеуде Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұловтармен 

бірге  атылды.  Сүйегі  Мәскеу  түбіндегі  бұрынғы  НКВД-ның  рези-

денциясы орналасқан Коммунарка елді мекенінде жатқандығы кейін 

анықталды. 

Сөйтіп,  қазақтың  көгілдір  көгінде  Шолпан  жұлдыздай  жарқырап 

жанып келе жатқан Сұлтанбектей арыстың саналы ғұмыры кемеліне 

келген шағында отаршылдардың қолынан 44 жасында қыршынынан 

қиылды. Қаратаудың теріскейіндегі Ақсүмбеден ұшып шыққан ақсұң-

қар Түркістанда түлеп, Қазақстанда қанаты қатайып, елі үшін биіктер-

ге самғап, осы жолда жат жұртта мерт болды. 

Мемлекеттігі  жаңадан  бекіп  келе  жатқан  Қазақстанның  билігінде     

С. Қожанов, немесе оның жолын ұстанғандар  тұра тұрғанда, оның 

елін  бақытқа  жеткізбек  болған  мақсатпен  қолға  алған  идеяларының 

бірсыпырасы  мүмкін, жүзеге асып, бүгінгіден де гөрі бақыттырақ бо-

лар ма едік деген сияқты пендешілік ойлар мазалайды.

Өйткені, «Сұлтанбек Қожанұлы Қазақияның жер-суы мен ел-жұр-

тын  бір  шаңырақ  астына  жинаушы  қайраткерлердің  көшбасы  бол-

ды. Ол қазақтың жер-суы мен ел-жұртын бір ту астына топтастыру 

арқылы  Ұлттық  Республика  құру  жайындағы  көп  жылғы  арманның 

орындалғанын тұңғыш рет салтанатпен жария еткен қайраткер... Ол 

жаулап алушылар мен билеушілер еркімен бұрмаланған қазақтың та-

рихи атын өзіне қайтарып беруді жүзеге асырды. Ол қазақтың өз тілін 

мемлекеттік  өмірде  қолдануына  қарсы  жасалып  жатқан  әрекеттерді 

бірінші болып әшкереледі. Республиканың ұлттық құрамын өзгерту-

ге апаратын, тиісінше қазақтың мемлекеттілігін сақтауға қауіп төнді-

ретін сырттан қоныс аударушылық үдерісін тоқтатуды талап етті. Ол 

көптеген басқа салаларда да ұлттық мүддені бірінші кезекте ойлауды 

мұрат тұтты»

 (Б. Қойшыбаев. Сұлтанбек Қожанов. Алматы, «Қазақстан», 

2007, 315-316 беттер). 

Қалай десек те Сұлтанбектей біртуар, үлгі тұтар ұлдары болғаны-

ның өзі қазақ үшін – бақыт. Өйткені, өзім деген адамға адал, қасына 

қатал, барлық уақытта да адамгершіліктің  асыл қасиеттерін, әділдікті 

ту етіп, жақсыларды маңына жинаған  ерекше харизмалық қасиетке ие  

сайыпқыран  Сұлтанбек    Қожановтың  жарық  жұлдыздай  жарқылдап 

өткен өнегелі өмірі, халқына еткен адал еңбегі ұлтқа қызмет етудің 

жарқын үлгісі, ал артына қалдырған асыл мұрасы елін елдікке бастай-

тын рухани бағдар болып қала бермек. 

    



173

АБЫЗ


 

                                             





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет