(Рахманқұл БЕРДІБАЙ)
Т
опырақ. Қазақта осы бір сөзден қасиетті сөз жоқ шығар, сірә.
Әркімнің туып-өскен жері өзіне қымбат. Ғалымдардың пайым-
дауынша, адамдардың бойындағы бар қасиет туған жер топырағына,
өскен ортасына тікелей байланысты екен. Осы тұрғыдан келгенде,
мына жалған дүниеге келіп, өмір сүріп жүргеніміздің, әр қайсымыз-
дың өз жолымызды тауып, жақсылы-жаманды бірдеңе тындырып
жатқанымыздың бәрі де -туған топырақтың арқасы. Ал қалың қазақ-
тың бүгінгі болмысы, тұрмыс-тіршілігі, жеткен жетістіктері барлығы
тағы да сол бойға сіңген қазақ даласының, қазақ топырағының қасиет-
терінен болса керек.
Қазақ үшін – қазақтың бар жері қасиетті. Десек те, Түркістанның
орны бөлек. Тек қазақ қана емес, күллі түркі халықтары бірлігінің
символына айналған киелі қала көне Түркістанның топырағы ғасыр-
лар бойы түркі әлемінің рухани астанасына айналды. Түркістанның
түркі халықтарының ұлыс болып, қазақ халқының ұлт болып ұйы-
суында атқарған тарихи ролі айрықша. Бұл топырақтан түркі әлемі-
не, қазақ халқына адал қызмет етіп, атақ-даңқы шар тарапқа мәшһүр
небір ұлылар, қайраткерлер шыққан. Солардың соңғы тұяғы біз әңгіме
өзегіне айналдырғалы отырған – Рахманқұл Бердібай.
1927 жылдың 2 желтоқсанында Түкістанның жанындағы Көкіш ау-
лында шыр етіп, дүние есігін ашқан қазақтың атақты әдебиеттанушы
ғалымы, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы-
ның, Түрік тіл құрылымының (Түркия), Халықтық (экологиялық),
Халықаралық Айтматов, Ресейдің халықаралық психология академия-
ларының академигі, «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайрат-
кері» (1984), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет
қызметкері» (1990), ҚР ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлы-
ғының (1990), Махмуд Қашқари атындағы Халықаралық сыйлықтың
(1998), «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының иегері,
«Парасат» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған Рах-
манқұл Бердібай үстіміздегі жылы 85 жасқа толады. Атақтарынан-ақ
байқалып отырғандай, мерейтой иесінің есімі Қазақстанға, одан қал-
ды түркі әлеміне кеңінен танымал.
Қазақ әдебиеттану ғылымына, одан қалды түркі әлемін зерттеуге
айтарлықтай үлес болып қосылған 50-ден аса кітап, 1500-дей ғылыми,
ғылыми-көпшілік мақала Р. Бердібайды қазақ әдебиеттану ғылымы-
ның, қазіргі түркітанудың аса көрнекті өкілдерінің қатарына қосты.
174
Ғалымның ғылыми еңбектері энциклопедиялық құлашымен, ғылыми
тереңдігімен, қоғамның зәру проблемаларын дер кезінде көтере білген
өміршеңдігімен, жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Ұлттық, түркілік
мұраттармен суғарылып, жалпыадамзаттық идеалдар биігіне көтеріл-
ген ғалымның еңбектері өзіне лайықты бағасын ғылыми жұртшылық
тарапынан әлдеқашан–ақ алып қойған. Енді солардың кейбіреулеріне
назар салайық.
Достарыңызбен бөлісу: |