Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет89/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   191
  (сонда,  62-бет);

  «Қазақ  адамы  бұрынғы  билеуші 

ұлтқа көзсіз құлдық ұру психологиясынан арылсын, өздері басқаларға 

құр еліктей бермей, ентігін бассын, жерімізді мекендеп отырған тағ-

дырлас жұрттарды өзінің ауқымына тартсын, қазақ мәдениетін құрмет 

тұтқандарды қолдасын» 



(сонда, 61-бет); 

«Ұлттың бүгіні мен болашағы 

Ата Заңмен қорғалуы керек»; «Қазақстан Конституциясынан ұлттық 

рух сезіліп тұру керек. Бізде қазір ол жоқ» 



(сонда).

Р.Бердібаевтың еңбектері ұлттың негізінің негізі болып табылатын 

тіл туралы құнарлы ойларға аса бай. «Елім», «жерім», «қазағым» деп 

өткен алаш ардақтылары «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі 

болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсе-

теді»; «Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұт ұлт болып жасай алмақ емес. 

Ондай  ұлт  құрымақ»  (Мағжан);  «Әр  халыққа  керегі  –  өз  діні,  тілі, 

жазуының сақталуы» (Ахмет); «Ана тілінде сөйлей алмайтын адам – 

мәдениетсіз» (Мұхтар); «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, 

өгей ұлдары ғана аяққа басады» (Ғабит); «Мұралардың ең қымбаты 

– сөз» (Ғабиден) – деп, тілдің ұлт өміріндегі шешуші орнын кейінгі 

ұрпаққа өсиет ретінде қайта-қайта ескертіп өтсе, сол дәстүрді бүгінгі 




184

күні жалғастырып келе жатқан аға ұрпақтың ту ұстаушыларының бірі 

де осы – Рахманқұл Бердібай. 

Рахаңның қазіргі қазақ тілінің жай-күйіне көңілі толмайды. Ол «Дү-

ниедегі баға жетпес асылымыз, мәңгілік қазынамыз – ана тіліміз рес-

ми түрде мемлекеттік тіл мәртебесін алғанмен, қадір білмес қаскүнем 

дұшпандар мен өз ішімізден шыққан аты қазақ, заты дүбәралардың, 

намыссыз мансапқорлардың кесірінен жылдар бойы қақпақылға түсіп 

келеді» 

(«Ел боламыз десек» А., 2000, 81-бет) 

– деп, реніш білдіреді. Қа-

зақ  тілінің  қас  дұшпандары  ретінде  мәңгүрттер  мен  көзқамандарды 

атап  көрсетеді:  «Мәңгүрттер  есінен  айрылған  міскіндер  болса,  көз-

қамандар –  елдігімізге саналы түрде қарсы шығатын  қаскүнемдер... 

Осындайлар  істің  басында  қаптап  отыр...  Міне,  осы  бейдауа  дерт 

біздің қоғам денесінде бар» 

(сонда, 122-бет).

 Бұдан артық қалайша қат-

ты айтуға болады. Рахаң ештеңеден тайсалмай, халықтың ойларын ба-

рынша ашық, ашына айтудай-ақ айтып жатыр – есітерге құлақ болса. 

Осындайда Абайдың «баяғы жартас бір жартас» дегені еске түседі.

Ұлтжанды  азаматтың  қазір  «Ұлтшылдық  дегенді  бізге  құбыжық 

етіп көрсетіп келгендердің жат пиғылын түсінетін уақыт жетті. Ұлт-

шылдық деген – өз халқын құрметтеу, сүю» 



(«Ел боламыз десек...»,А., 

2000, 47-бет)

 – дегенін әрбір қазақ еске ұстағаны жөн. Бұл жерде Мұс-

тафиннің «бұрын ұлтшылдықпен күресіп келіп едік, енді ұлтсыздық-

пен күресуіміз керек» дегені ойға оралады. 

Рахаң рас айтады; біздің әрқайсымыз қазақ болып туылған соң, қа-

зақ болып өмір сүруіміз, сол қазақтың ертеңінің жарқын болуы үшін 

күресе білуіміз керек; ол тек ұлтын сүйген ұлтшылдардың ғана қолы-

нан келеді. 

Қазір кейбіреулер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өзіне лайық-

ты орнын ала алмай жүргеніне халықтың өзін кінәлайтын болды. Ал, 

Рахаң болса «Менің айтатыным: тілді тірілтем десе де, мемлекет тіріл-

теді, өлтірем десе де, мемлекет өлтіреді. Халықтың еш жазығы жоқ» 



(«Дәстүр қуаты», 2005,33-бет)

 –дейді.


Р.Бердібай қазақ тілінің ұлт өміріндегі аса маңызды орнын қалпына 

келтіру үшін Конституцияға «Мемлекеттік тілді құрмет тұту және үй-

рену – Қазақ Республикасы азаматтарының қасиетті борышы» деген 

қосымша енгізуді ұсынады. Ол «Тілімді неге қорлайсыңдар» деп теңдік 

сұрайтын мезгілдің жеткенін көрсек, одан артық қуаныш болмас еді»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет