Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет84/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   191
ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН  

                                                                 

 Елін, туған жерін шын сүйген адамдар оған қызмет етудің не бір 

үлгілерін көбіне қиын-қыстау кездерде, ұрыс майдандарында көрсетіп 

жатады. Біз Отан үшін от кешкендерді, қан майдандарда қас дұшпанға 

қарсы тұрып, кеудесін оққа тосқан, қажет болған жағдайларда өмірін 

де  қиған  есіл  ерлердің  ерліктерін  мақтан  тұтамыз.  Ұлттың,  халық-

тың, мемлекеттің болашағы тікелей оның әрбір мүшесінің өз Отанын 

сүйіп, оған адал қызмет етіп, ел басына күн туған шақтарда қорғана 

білуіне    тікелей  байланысты  екендігі  –  ешқандай  дәлелдеуді  қажет 

етпейтін аксиома. Десек те халықтық ерліктер тек ұрыс алаңдарын-

да  ғана  жасалына  бермейді;  жасайтын  адамға  бейбіт  күннің  әрбір 

күнінде мүмкіндіктер бар. Бейбіт күн дегенімізбен де сол күндердің 

өзі болашақ үшін жасалынып жатқан үлкенді-кішілі ұлы істерге толы 

екендігін, оларды жәй күйбең тіршілікте аңғара бермейтініміз де, мән 

бере бермейтініміз де рас. Әдетте еңбек ерлерін марапаттап жатамыз 

да  ұлттық  рухани  өмірдің  ерлерін  ескере  бермейміз.  Мұндай  ерлік-

терді көзі ашық, ұлтжанды зиялы азаматтар көріп, біліп, ұлттық мақ-

таныш  ретінде  айтып  жүргенімен  де  көпшілік  халыққа  онша  таныс 

болмауы да мүмкін. Ондай адамдардың қарапайым қоңыр тіршілікте 

өзіне  міндеттелген  қызметті  азаматтық  борышы  ретінде  адал  орын-

даған істері ерлікке айналып, халқының шексіз сүйіспеншілігіне бө-

леніп жатады. Міне, сондай бейбіт күндерде, ұлттың басына қара бұлт 

төне бастаған шешуші шақтарда сол бір қауіпті бүкіл жан-жүрегімен 

сезініп, оған қарсы шыққан, ұлттық сана-сезімі мүлгіп кеткен халқын 

оятып, рухани ұлы ерлік жасаған азамат Рахманқұл Бердібай болатын. 

 «Ақын болу міндет емес, азамат болу міндет». Рахманқұл да ғалым ретінде та-

нылмастан бұрын-ақ ұлтжанды азамат ретінде көзге түскен болатын. Ғылымға кө-

семсөз арқылы келген   Р. Бердібай азаматтық публицистиканың тамаша үлгілерін 

көрсетті. Ұлт болашағы үшін күрестің қандай қатал замандар  болмасын, ешуақыт-

та тоқтамайтындығын, бұл ретте өміршең ойларды елге жеткізуде баспасөздің мол 

мүмкіндіктерін барынша пайдалана білудің маңызы зор екендігін дәлелдеп берді.                               




177

Адам шыр етіп өмірге келгенде, таза періште болып туады. Есейе 

келе түрлі әлеуметтік қарым-қатынастарға түсіп, шыңдалады; не бір 

қатал сындардан өтеді. Абай айтпақшы, замана, өмір адамды билейді. 

Көп адам заманына орай өмір сүреді; кейбіреулер тіпті «заманына қа-

рай амалы», «заманың түлкі болса, тазы болып шал» дегенді өзінше 

түсініп, заман осылай, мен де осылай істеуге мәжбүрмін деп, небір 

айла-шарғыларға  барып  жатады.  Заманға  қарай  бейімделмегендер 

мына өмірден өзіне лайықты сыбағасын ала алмай, әділетсіздіктерге 

ұшырап, табанға аяусыз тапталады. Ал енді бір «еменге қарсы біткен 

бұтақтай» рухы мықтылар өмірдің не бір алмағайып өткелдерінен қо-

лын, арын былғамай, аман-есен өтіп, еңсесі жығылмай, керісінше қо-

ғамдық-ұлттық дамудың алтын діңгегі ретінде халықтың ыстық ықы-

ласына  бөленеді.  Өзінің  бүкіл  ғұмырын  халқының  рухани  мұрасын 

түгендеуге арнаған ұлтын сүйген сондай санаулы азаматтарымыздың 

бірегейі – Рахманқұл Бердібай.

Әдетте,  қоғам  қайраткерін  замандастары  бірде  олай,  бірде  бұлай 

толғап, әділ бағалай алмауы мүмкін. Бұған заманның сипаты, бақта-

ластық, көре алмаушылық сияқты көптеген объективтік, субъективтік 

факторлар да айтарлықтай әсерін тигізетіні бар. Жиырмасыншы ға-

сырдың  басында  «қазағым»    деп  шыққан  бір  топ  алашшыл  қайрат-

керлердің кеңестік кезеңде өзіне лайықты бағасын ала алмай, елімізде 

тәуелсіздіктің туы тігілгеннен соң барып, ұлттың үлгі тұтар эталонда-

рына айналуын осымен түсіндіруге болады. Кезінде Ахаңдар өздерін 

халық жауы ретінде қудалағандарға арнап, «Асықпаңдар, артымызда 

қазы  бар,  тексеріліп,  сүйегіміз  таразыға  әлі  талай  тартылар»  деген 

көрегендікпен айтқан сөздері бұл күндері өмір шындығына айналып 

отыр. Тіпті, ұлы Абайдың өзі де шын бағасын еліміз тәуелсіздігін ал-

ғаннан кейін барып алып жатқан жоқ па?! Солай десек те, күні бүгінге 

дейін Абайдың шаужайына жармасулар тоқтамауда. Көп реттерде за-

манынан озық туған азаматтардың кезінде өзіне лайықты бағасын ала 

алмай жататындығы да өмір шындығы.

Құдайға шүкір, бүгінгі күні «қазақ» деп, «елім» деп, «тілім» деп, 

«түрік»  деп  ғұмыр  кешкен,  өзінің  өміршең  идеялары  үшін  күресе 

жүріп, қыруар еңбек сіңірген алаштың айтулы азаматтарының біріне 

айналған Рахманқұл Бердібайды туған елі барынша құрметтейді.

 Ол өзінің жазған алғашқы мақалаларынан бастап-ақ қазақ халқының 

тағдыры оның тілінің тағдырымен тікелей байланысты екенін ашына 

көтерді. Рахаңа құлақ салайық: «Қазіргі қазақ тілі – адамзаттың ең ұлы 

ойшылдарын өз тілінде сөйлете білген бай тіл болып  саналады. Ол 

бұдан былай да көркейе, жандана бермек. Қазақ тілінде дүниежүзілік 

әдебиет қазынасына қосарлық тамаша көркем шығармалар жасалды. 

Алайда, біздің арамыздан осы шындықты ескермейтін жолдастар да 

табылады. Ондайлардың зияны да аз болып жүрген жоқ... Коммунизм 

тұсында  бір  тіл  екінші  тілді  жеңеді  деген  тұжырымды  кейбір  жол-

дастар қазіргі өмірге қолданатын аксиома санайтын көрінеді. Мұны 

нағыз зиянды көзқарас деп атамасқа болмайды... Мұның ақыры неге 



178

соғатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Бізде қазақ тілінде жаза білетін 

инженер, агроном, зоотехник, физик дегенді ілуде бір кездестіруге бо-

лады. Мұның өзі көп жағдайда кісі күлерлік жайға душар етеді. Қазақ 

интеллигенті ана тілін білмейді! Ең қынжыларлығы сол – бұл мәсе-

лені кейбір жолдастар әбден табиғи, заңды көрініс деп санайды. Ол ол 

ма? Халқымыздың мақтанышы болып саналарлық профессор, ғылым 

кандидаттарының дені қазақша кітап түгіл, кішкене мақала да жаза 

алмайды. «Самарқанда бір қызым бар, бұдан һәм сорақы» деген екен 

біреу. Біздің басшы қызметте отырған қазақ жолдастардың біразы да 

қазақша сауаттымыз деп мақтана алмаса керек»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет