болып кеткен үлкен жүректі азаматтың нар тұлғасы анық көрінеді.
185
үшеуі біздің ел болуымыздың шарты»
(«Ел боламыз десек...»,2000, 113-
бет)
– деп біледі.
Осындағы қазақтың өз бірлігі негізінен қазақ тілі арқылы сақталынса,
оған қосымша тағы да діни тұтастықтың аса қажет екендігін ескертеді.
Тәуелсіздік туын жаңа көтерген еліміздің сыртқы және ішкі жаулары
енді іштей іріту жолына түсті. Елімізде жүріп жатқан демократиялан-
дыру үрдісін пайдаланып, әлемде бар түрлі діни конфессиялардың ішке
кіріп жатуының түпкі мақсаты «қазақ халқын өзінің түп қазық дінінен
айыру екенін»
(«Ел боламыз десек...»,А.,2000,80-бет)
ескертеді.
Сонымен бірге «бүкіл діннің басын қосамын деу күмәнді тірлік...
Діннің бәрін теңестіру – ешбір императордың қолынан келетін шаруа
емес»
(«Дәстүр қуаты», А.,2005,36-бет)
– деп, өз ойын ашық айтады.
Ал, мұның өзі қазір ресми биліктің Қазақстанды әлем діндерінің ор-
талығына айналдыру мақсатымен сәйкес келе бермейтіндігі кім-кімді
болса да ойландырмай қоймайды.
Азаттықтың ақ байрағын көтеріп, енді ел боламыз деп, етек-
жеңімізді жинап, бар-жоғымызды түгендей бастағанымызда, жаһан-
дану деген тағы бір жалмауыз аузын арандай ашып келеді. Әлемнің
көптеген елдері жаһандануға жұтылып кетпес үшін қам жасай баста-
ды. Ал біз болсақ, жаһандану болмай қоймайтын, әлемді өркениетке
апаратын бірден-бір жол деп, құшағымызды айқара ашып қарсы алып
жатырмыз. Бұл үрдіске ұлт зиялылары не дейді?
Рахаңды тыңдайық: «Ғаламданудың мақсаты – халықты тарихынан,
дәстүрінен, әдет-ғұрпынан бездіріп, дүниеге көзқарасын өзгертіп жі-
беру. Ғаламдану идеологтары жас қауымды тек қарнының тоқтығын,
киімінің бүтіндігін ойлайтын мәңгүрт етуді көздейді»
(«Дәстүр қуа-
ты»,А.,2005,47-бет).
Р.Бердібай қазақ елінің болашағын тереңінен ойлайды. Ол Қазақс-
танның әлемдік өркениетте өзіне лайықты орнын алу үшін түркі ха-
лықтарының бірлігі қажет деп біледі: «Түркі дүниесінің бірлігі – біздің
болашағымыз»
(«Ел боламыз десек», А.,2000, 113-бет),
«...Түрік халықта-
рының бұдан былайғы жерде көктеп, көгеретін бір-ақ жолы бар. Ол –
Ататүрік салған жол – түрікшілдік жол. Осы ұран XXI ғасырдағы ұлы
идеямыз болсын»
(сонда,208-бет);
«Біздің идеологиямыз түрікшілдік
идеология, ұлтшылдық идеология болу керек»
(сонда, 47-бет).
Ал, Рахаң айтып отырған «Ататүрік салған жол» қандай жол еді.
Ататүрікті тыңдайық: «Ең алдымен, мен біртұтас түркі ұлтшылымын,
солай тудым, солай өлемін. Түрік бірлігінің күндердің күнінде шын-
дыққа айналатынына сенімдімін. Өзім ол күнді тікелей көрмесем де,
оны түсімде көре отырып көзімді жұмамын. Түрік бірлігіне сенемін,
оны көріп те тұрмын. Ертеңнің тарихы өзінің жаңа кезеңдерін түрік
бірлігімен бастайтын болады. Әуелі бейбітшілік пен тыныштықты сол
кездерден табады»
Достарыңызбен бөлісу: