қалып отырады.
202
деңгейіне көтерген әйгілі роман-эпопеяның поэтикасы, көркемдік жа-
ңалықтары, жазушының шеберлік қырлары кеңінен әңгімеленеді. Мұ-
нымен бірге үшінші томға М.Әуезовтің қаламгерлік болмысын түрлі
жақтарынан аша түсетін «Өнер биігіне», «М.Әуезов романшылдық
туралы», «Ағынға қарсы», «Замана талқысында», «Алтынды тот бас-
пайды», «Кемеңгер болса кеңесшің» тәрізді зерттеулер қоса берілген.
Екі бөлімнен тұратын үшінші томның бірінші бөлімі М.Әуезовке,
оның «Абай жолы» роман-эпопеясына арналса, екіншісінде қазіргі
қазақ тарихи романдары сөз болады. С.Мұқановтың, Д.Әбілевтің, І.Е-
сенберлиннің, З.Ақышевтің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтың, С.Сма-
таевтың, Ә.Әлімжановтың, Х.Әдібаевтың, Д.Досжановтың, С.Жүні-
совтің, Қ.Жұмаділовтің, Ж.Молдағалиевтің, т.б. туындылары тарихи
тақырыпты игерудегі татымды табыстар ретінде талданылып, көр-
кемдік қасиеттері ашыла түскен.
Үш бөлімнен тұратын төртінші томның бірінші бөлімінде Жүсіп
Баласағұнның «Құтты білігінен», Ахмет Иассауидің «Диуани хик-
метінен» бастап, өткен ғасырларда жасаған туыстас әдебиеттердің аса
көрнекті өкілдері, тәжік әдебиетінің классиктері Рудаки, Омар Хайям,
Фирдоуси, Хафиз, Жәми сияқты поэзия алыптары жайлы зерттеулері
орын алған. Екінші бөлімде қазақ поэзиясының үш ғасырдағы даму
жолдарына жіті көз жіберген. Жыраулық, ақындық өнердің көрнекті
өкілдерінің өлеңдерін дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан сөз ете
отырып, ондағы біртұтас ұлттық болмысты, ұлттық өрнектерді, ұлт-
тық идеяларды анықтай түседі.
Р.Бердібай – әлеуметтік-әдеби публицистиканың да белгілі ше-
бері. Ғалым болу міндет емес, ал азамат болу парызың демекші, Ра-
хаң- жарты ғасырдан астам қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап
келе жатқан ұлтжанды азаматтардың бірі. Елуінші жылдардың орта
шенінде қазақ жерін түпкілікті отарлау мақсатымен тың игеру дегенді
сылтауратып, ұлттығымызға қарсы зымияндықпен шабуыл басталған-
да, төніп келе жатқан қатерден халықты аман алып қалу үшін дабыл
қағып, алғаш үн көтергендердің бірі осы Рахманқұл болатын. Қазақ
тілінің әлеуметтік-мәдени өмірден тықсырылып бара жатқанына қар-
сылық білдіріп, «Қазақ әдебиеті» газетіне мақала жазған. Ол осы бір
ұлтшылдық әрекеттері үшін билік тарапынан көптеген теперіштер де
көрді. Бірақ та тумысынан ұлтжанды, өзі таңдаған тура жолдан қайт-
пай күресе білетін қайсар Бердібаевты алған бетінен кеңес өкіметі
де қайтара алған жоқ. Өз тағдырын, болашақ ұрпақтар тағдырын өз
ұлтының тағдырымен бір санайтын ғалым осы жолдан таймай, ұлтқа
қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
«Ел боламыз десек» деген қосымша ат берілген бұл томға ғалым-
ның қазіргі кездің шешімін күтіп тұрған аса маңызды мәселелері жа-
йындағы көсемсөздері топтастырылыпты.
Ғалым публицистикасының тақырыптық ауқымы өте кең. Рахаңды,
әсіресе, күні бүгінге дейін әлеуметтік-мәдени өмірімізде өзіне лайық-
ты орнын ала алмай келе жатқан қазақ тілінің тағдыр-талайы қатты
203
толғандырады. «Тіл тағдыры – ұлыс тағдыры» деп білетін автор, бір
ғана осы тақырыпқа арнап ондаған мақала жазыпты. Бесінші томда
осы бағыттағы мақалаларының біразы беріліпті. Сондай-ақ, осы кі-
тапта қазіргі қазақ қауымының өркениетті жолда дами түсуіне қауіп
төндіріп тұрған көптеген келеңсіз құбылыстардың атын атап, түсін
түстеп, сырын ашып көрсеткен мақалалар да орын алған.
Сонымен, Р.Бердібайдың бес томдық шығармалар жинағының
шығуы – бүгінгі қазақ әдебиеті, оның сыны мен әдебиеттану ғылы-
мы үшін айтарлықтай оқиға. Бұл бес томдық осы салада елу жылдай
жемісті еңбек етіп келе жатқан ғалымның жетпістің желкесіне шығып,
сексеннің сеңгіріне жақындаған кезде артына бір қайырылып қарап,
халқына берген бір есебі сияқты.
Бүгінгі күндері өздері арамызда жоқ, бірақ артына ұлттық әде-
биетіміз бен мәдениетіміз үшін аса құнды еңбектер қалдырған аға буын
әдебиетшілердің сыни-зерттеу еңбектерін де осылайша жүйелі түрде
шығарып, қазіргі күннің игілігіне жарату істерін қолға алу қажет. Бас-
қасын былай қойғанда, өткен жылы ғана жүз жылдығы аталып өткен
Б.Кенжебаевтың, үстіміздегі жылы жүзге толатын Ә.Қоңыратбаевтың,
сондай-ақ Е.Ысмайылов, Х.Жұмалиев, М.Дүйсенов, З.Ахметов, т.б.
тәрізді ұлттық әдебиетіміздің сыны мен ғылымына тарихи үлес қосқан
ардагерлердің еңбектері бұл күндері қолға көп түсе бермейді.
Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық құндылықтарымызды
ел игілігіне айналдыруда қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Осы бағ-
дарлама әдебиетке келгенде, тек әдеби, фольклорлық мұраны игеру-
мен ғана шектеліп қалған сияқты. Ал, сол әдебиеттің өсіп-жетілуіне
ақын-жазушыдан кем тер төкпейтін сыншы-ғалымдардың еңбектері
ескерусіз қалып келе жатыр. Қазақ әдеби ой-пікірінің антологиясын
шығаруды да ойластырған ешкім жоқ. Мұның өзі қазақ әдебиетінің
сыны мен ғылымының даму жолдары мен осы салалардың қазіргі
күнге қалай жеткендігін, одан қалды бүгінгі ұрпақты эстетикалық
ой-пікірлердің дамуымен, сондай-ақ, халқына барынша адал қызмет
еткен арыстарымыздың толымды еңбектерімен таныстырып, оларды
ұлт алдында ұлықтау да болар еді.