Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет92/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

ТҮРКІТАНУШЫ

                                                                                      

Р.Бердібай  соңғы  жылдарда  туысқан  халықтар  әдебиеті  жайлы  да 

қалам тербеп, бірнеше кітаптар жазды. Оны әсіресе қазақ және көрші-

лес халықтар әдебиеттерінің байланыстары, ортақ түп-тамырлары қы-

зықтырып жүр. “Гүлстанның бұлбұлдары” (1970), “Достық кемесін-

де” (1976), “Байқалдан Балқанға дейін” (1996) сияқты кітаптарында, 

мерзімді басылым беттерінде жарық көріп жатқан көптеген мақала-

ларында түбі бір туысқан халықтардың әдебиеттері жайлы құнарлы 

ойлар баршылық.

Соңғы жылдарда халық эпосын зерттеумен дендей айналысып жүр-

ген ғалым олардың түп-тамыры бүкіл түркі халықтарына ортақ руха-

ни көздерде жатқанына назар аударып, осы бағытта айтарлықтай тер 

төкті. Кеңестік кезеңде бір-бірінен әдейі оқшауландырылған туысқан 

халықтардың туысқан әдебиеттерін жұртшылыққа жеткізуде, сөйтіп 

әдебиет арқылы халықтар арасындағы достықты, туысқандықты на-

сихаттауда  жұмыстар  атқарды.  Оған  ғалымның  осы  тақырыптарға 

жазған еңбектерін шолғанда көз жетеді.

Ол бұл салаға бірден келген жоқ. Алдымен, түрлі әдеби оқиғаларға 

байланысты  мақалалар  жазылды  да  олар  кейіннен  зерттеушілік  сипат 

ала бастады. Әдебиеттер байланысына арналған алғашқы кітап “Достық 

кемісінде” 1976 жылы жарық көрді. Онда сыншының осы уақытқа дейін 

әр  кезде  жазған  сын-зерттеу,  публицистикалық  мақалалары  топтасты-

рылған. “Өнер туыстығы”, “Достық жаршылары” атты екі бөлімнен тұ-

ратын еңбекте туысқан халықтар әдебиеті, олармен әдеби байланыс, же-

келеген қайраткерлері жайлы әңгімеленеді. Мысалы, орыс әдебиетінің 

М.Горький, М.Шолохов сияқты ірі өкілдері жайлы сөз еткенде, олардың 

кейбір қазақ қаламгерлеріне еткен әсері жайлы да қозғалады.                                                                                      

Кітапқа  аты  берілген  “Достық  кемесінде”    тарауында  қазақ-өзбек 

әдеби  байланыстарының  жарқын  беттері  парақталған.  Шоқанның, 

Абайдың,  Мұхтардың,  т.б.  өзбек  халқы,  мәдениеті,  әдебиеті  жайлы 

пікірлері  қызғылықты  оқылады.  Сондай-ақ  шығыс  поэзиясы,  өзбек 

ақыны Әлішер Науайы, қырғыз классигі Тоқтағұл Сатылғанов, грузин 

әдебиетінің  мәңгілік  шамшырағы  Шота  Руставели,  ноғай  жырлары, 

қарақалпақ әдебиеті, алтай эпосы, саха, армян, түркімен, тәжік әде-

биеті жайлы парасатты ойлар толғайды.                                                                                          

Әдеби байланыстар проблемасын көтерген қай мақаласын қараса-

ңыз,  оларда  әдебиеттердің  бір-біріне  игі  әсері,  өзара  ұқсастықтары, 

ортақ  сарындары  алдыңғы  планға  шығарылып,  халықтар  арасында-

ғы достық идеясы уағыздалып отырады. Бұлардың біразы жол сапар-

ларда, түрлі әдеби оқиғаларға байланысты туындағандықтан да болу 

керек, публицистикалық сипаты басым. Солай бола тұра автор өзінің 

көргенін қызықтай бермейді, әдебиетші ретінде сол елдің әдебиетін 

айрықша назарда ұстап, ойлы көз жібереді; олардан қазақ әдебиетіне 

қатысты ұқсастықтар, үйренерлік тағлымдар іздейді.



193

“Гүлстанның бұлбұлдары” (1970) негізінен Шығыстың ұлы ақын-

дарының өмірі мен шығармашылығына арналған. Еңбектің танымдық 

тағлымы мол. Шығыс ақындарын жұртшылыққа кеңінен таныстыру-

ды мақсат еткен бұл кітапта қазақ поэзиясының дамуына Шығыстың 

атақты шайырларының тигізген игі ықпалы кеңінен сөз болады. Ру-

даки, Фирдоуси, Омар һаям, Сағди, Жәми, т.б. шығармашылықтары 

жайлы  мақалалардың  таныстырушылық,  насихатшылық  сипаты  ай-

қын. Автор олардың поэзиясының құдіретті күші жалпы адамзаттық 

ой-сезімдерді,  гуманистік  идеяларды  шынайы  жырлауында  жатыр 

деген байлам жасайды. Нені жырласа да адамгершілікке байланысты-

рып ой түйетін, адамға асқақтамауды, дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ 

екендігін ескертіп, тірлікте тату-тәтті сыйласып өтуді жырлайтын шы-

ғыс ақындарының өміршең ойларына назар аударады. Бұл айтылған-

дардың бүгінгі қазақ поэзиясына да тікелей қатысы бар. Осы тұрғыдан 

келгенде, қазіргі қазақ ақындарына Шығыстың шаң жұқпас шайырла-

рынан үйренерлік нәрселер баршылық.

“Байқалдан Балқанға дейін” (1996) – ғалымның бұл саладағы соң-

ғы  еңбегі.  Ұлтжанды  азамат  бұл  кітабында  жаңаша  –  түрікшіл  қы-

рынан  көрінген.  «Байқалдан  Балқанға  дейін»  шығармасы  –  Азия 

түрікшілдігін біртұтас қалпында көре білген, кең мағынадағы ұлттық 

сезімталдықтыңжәне саналы ықыластың жемісі» (Шериф Ақташ).                                                                   

Еңбектің негізгі тақырыбы – түркі әлемі, түркі бірлігі, түркі халық-

тарының тағдыр-талайы, түркі халықтарының ортақ әдеби мұралары, 

түркі халықтарын біріктірудің басты мұраттары. “Байқалдан Балқанға 

дейін” Р.Бердібайдың түркілер, оның өткені мен бүгіні, жарқын бола-

шағы жайлы толғаныстары іспеттес. Кеңес өкіметі кездерінде талай 

ұлтжанды  азаматтардың  түркішілдікпен  айыпталып,  қуғындалғаны, 

пантюркизм идеологтарының бірі Гаспринскийдің халықтар арасын-

дағы достықты нығайтқаны үшін Нобельдік сыйлыққа ұсынылғанды-

ғына қарамастан, “халық жауы” атанып, жазаланғаны сияқты келеңсіз 

құбылыстар да ойға оралады.                      

Қазір заман – басқа. Бұрындары отаршылдар халықтардың ұлттық 

сана-сезімін  өшіріп,  бөлшектеп,  бодандықта  ұстауды  мақсат  тұтып 

келсе, қазір халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығай-

ту, бейбіт еркін өмірді насихаттаудан мәртебелі мақсат жоқ. Бұл – бүкіл 

әлем халықтары ұмтылып, күресіп келе жатқан болашақтың дара даму 

жолы. Р.Бердібай жаңа кітабында осы биіктерден көріне білді.

Кітап “Түбі бір туысқан”, “Тарих беттерін парақтасақ” аталған екі 

бөлімнен тұрады. Алғашқысында саха, алтайлық, ұйғыр, хахас, тұба, 

өзбек, түркімен, қарақалпақ, татар, қырым татарлары, башқұрт, ноғай, 

құмық, қарашай, әзербайжан, қарайым халықтары туралы тарихи-эт-

нографиялық, әдеби мақалалар топтастырылған. Бұларда сол халық-

тардың, қиын тағдыр-талайымен, мәдениетімен, әдебиетімен тыныс-

тырушылық мақсаты қойылған. Кітапты оқи отырып, Азиядағы ұлы 

ұлыстардың бірі түркі халықтарының тоз-тозын шығарған отаршыл 

зымиян  саясаттың  зұлымдығына,  қаскүнемдігіне  ашынасыз.  Бейбіт 



194

отырған тұтас халықтарды санаулы сағаттарда басқа жақтарға қуып, 

жерін тартып алып, жер-ел атауларын өзгертіп, тарихын өшіріп, өк-

тем билеп-төстеген озбыр саясаттың сұрқиялығына күйінесіз. Оларда 

өзінің кім екені, тегін, тарихын білмейтін, ұлттық қасиеттерден жұр-

дай мәңгүрт ұлттарды “қалыптастыру” басты мақсат болғандай. Бұ-

рын да белгілі болғанымен сыртқа шықпай, ашық айтуға мүмкіндік-

тері  болмай  келген  осындай  ащы  шындықтарды  тебірене  отырып 

оқисыз.      

Автор белгілі бір отаршылдық саясаттың салдарынан пайда болған 

“мәңгүрттік”, “көзқамандық” сияқты құбылыстарға ғылыми анықтама 

береді. Іштен шыққан жау сияқты бұлардың ұлттық дамудың болаша-

ғына аса қауіпті екендігіне назар аударады.

Ғылыми-көркем публицистикалық стильде жазылған еңбекте автор-

лық позиция айқын: ол – түркі халықтарының түбі бір бірлігін қайта-

қайта еске салу. Осы мақсатта тарихи, әдеби деректер молынан пай-

даланылған. Түркі халықтарының тарихы бір, әдебиеті мен мәдениеті 

ортақ екендігіне, тек соңғы үш жүз жылдың көлемінде отаршылдар-

дың бөлшекте де билей бер саясатының жүзеге асуының салдарынан 

барып, бөлектеніп кеткенімізге көз жеткізеді.                                                                          

“Түрік  халықтарының  ішінде  ғасырлар    бойында  шаңырағы  шай-

қалмаған, іргесі таймаған, туы жығылмаған ел Түркия” туралы жол-

дар көтеріңкі леппен, шабытпен жазылған.                         

Автордың негізгі ойлары “Үш бірлікте” айқын көрінген, қазақ хал-

қының  егеменді  елдігі  бекіп,  ұлттық  даңғыл  жолда  дамуы  үшін  үш 

түрлі шарт қажет. Олар: қазақ халқының ішкі бүтіндігі, түркі халық-

тарының  бірлігі,  дінге  арқа  сүйеу.  Сөйтіп,  ел  ішінде  осыларды  еле-

меушілік,  маңызын  түсінбеушілік  сияқты  келеңсіз  құбылыстардың 

қылаң беріп қалатындығынан сақтандырады.

Р.Бердібайдың түркі халықтары жайлы еңбектері олардың әдебиет-

теріндегі  ортақ сарындарды білу, зерттеу, насихаттау жұмыстарына, 

түрлі озбыр күштердің зорлығы нәтижесінде бір-бірімен байланыста-

ры үзіліп қалған  түбі бір туыс елдердің мәдени, рухани дәстүрінің 

қайта жандануына септеседі; түркі халықтары әдебиетінің – ортақ та-

рихын жасауға негіз қалайды.

Ғалымның түркітану саласындағы еңбектерін айтқанда, оның ұзақ 

жылдар  бойы  түркологтардың    Кеңестік  комитетінің  мүшесі,  “Со-

ветская  тюркология”  журналының  алқа  мүшесі  ретінде  атқарылған 

қыруар  ұйымдастырушылық  жұмыстарды  да  атай  өткен  ләзім.  Рес-

публика ғалымдарының осы саладағы еңбектерінің беделді басылым 

бетінде насихаттала түсуіне айтарлықтай үлес қосты.                                                                 

Р.Бердібай түркі халықтарның мәдениеті мен әдебиетінің өзекті мә-

селелеріне арналған халықаралық деңгейде өтіп жатқан түрлі жиын-

дарға  жиі  қатысып,  Қазақстан  ғалымдарының  атынан  талай-талай 

парасатты сөздер сөйледі. Осы жерде ғалымның түркі халықтарының 

әдеби шығармаларын түпнұсқа тілде оқитындығын да айта кету керек. 

Мәселен, ол қырғыз, өзбек, түркімен, әзербайжан, алтай, саха, ноғай, 



195

қарашай тілдерінде еркін оқып түсінеді: осы елдерде шығып тұратын 

басылымдардың,  әдебиеттердің  біразын  жаздырып,  іздестіріп  алды-

рып, ұдайы танысып отырады. Сол елдердің мәдени, әдеби, ғылыми 

өміріндегі жылт еткен жақсы жаңалықтарды қазақ баспасөзі бетінде, 

керісінше, еліміздікін басқа елдерде насихаттап жүреді.

Р.Бердібай  –  орта,  жоғары  мектептерге  арналған  түрлі  оқулықтар 

мен көмекші оқу құралдар жазған, шәкірттер алдында дәріс оқып келе 

жатқан ұлағатты ұстаз да. Оның “Қазақ совет әдебиеті” (С.Қирабаев, 

М.Ғабдуллинмен  бірге)  атты  жоғары  сыныптарға  арналған  әдебиет 

оқулығы  жабық конкурста бірінші бәйге алған. 

Ол ұзақ жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ-

ситетінде, Абай атындағы Алматы Ұлттық педагогикалық және Қожа 

Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеттерін-

де қазақ әдебиетінен, фольклордан дәріс оқып, егеменді еліміздің ұлт-

жанды  саналы  азаматтарын  тәрбиелеуде  айтарлықтай  еңбек  сіңірді. 

Ондаған  аспиранттарға,  ізденушілерге  ғылыми  басшылық  жасады. 

Ғалымның тікелей жетекшілігімен кандидаттық, докторлық диссерта-

ция қорғағандардың алды бұл күндері әдебиеттану ғылымында елеулі 

еңбектерімен көзге түсіп жүрген ғалымдар қатарында. 

                            

                                      





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет