Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет93/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   191
МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ 

               

Әрбір  адамның  еңбегі  оның  ұлтқа,  халыққа  сіңірген  қызметіне 

қарай  бағаланады.  Оның  атқарған  жоғары  лауазымы,  миллиондап, 

миллиардтап есептелетін байлығы, алған атақтары кей жағдайларда 

адамның азаматтық өлшемі бола алмайды. Өз қамы үшін түрлі құй-

тырқы әрекеттермен жиналған байлық, қулық-сұмдықтармен жеткен 

биік лауазым, биік атақ, марапаттар кей жағдайларда ол адамның мық-

тылығын  көрсете  бермейді.  Шын  азаматтар  жеке  басын  күйттемей, 

елінің ертеңімен өмір сүреді; халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқ-

тайды; өзінің бақытын халқының жарқын болашағынан көреді; өмірін 

сол жолдағы күреске арнайды. Әдетте, оларды билік басындағы кейбі-

реулер ұната бермейді, есесіне халық құрметіне бөленеді. Ата қазақ 

Ахаңның – Ахмет Байтұрсыновтың «Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі 

үшін» деуін де осы тұрғыдан түсіну керек. 

Р.Бердібай  мына  жарқ-жұрқ  еткен  қызыл-жасылы  көп  жалғанның 

қызығын малданып, белшесінен былыққа батып жатқандардың сана-

тынан емес, есейіп, ат жалын ұстап өмірге араласқалы бері адамшы-

лықты ту етіп, азаматтықтың үлгісін көрсетіп келеді.                                                                                         

Қазақ халқының жұрт қатарлы егеменді ел болуын армандап, бүкіл 

саналы  ғұмырын  осы  жолға  арнаған  Рахаң  осы  бағытынан  таймай, 

жарты  ғасырдан  астам  уақыт  рухани  майданның  қақ  ортасында  ту 

ұстаушылардың бірі болып келеді. Ол қазақ қауымын жегі құрттай, 

іштен ірітіп келе жатқан келеңсіз құбылыстарды анықтап, оны жою-

дың жолдарын ұсынады. Ғалымның ойынша, бүгінгі таңдағы ең бас-

ты мәселе – ішкі бірлік. Қазақ халқының егемен елдігі бекіп, дұрыс 




196

даңғыл жолда дамуы үшін үш түрлі шарт керек деп біледі. Олар: қазақ 

халқының ішкі бүтіндігі, түркі халықтарының бірлігі, дінге арқа сү-

йеу. Ел ішінде әлі күнге дейін кездесіп қалатын рушылдық, жүзшілдік, 

жершілдік секілді құрт аурудай қалмай әр кездерде бой көтеріп қоя-

тын жағымсыз құбылыстардан сақтандырады. 

Қазақ елі тәуелсіздік алғанымен де нағыз рухани тәуелсіздікке әлі 

қол жеткізе алған жоқ. Ғалымды осы мәселе көп ойландырады. Мұ-

ның  себептерін  әлі  де  ұлттық  сана-сезімнің  әлсіздігінен,  халықтың 

рухани оянбауынан, санамызға әбден сіңіп кеткен бодандық психоло-

гиядан көреді.                                             

Ұлт  бірлігіне,  оның  болашағына  қауіп  төндіріп  отырған  қоғамдық 

кесел  ретінде  мәңгүрттік  пен  көзқамандыққа  ерекше  назар  аударады. 

«Мәңгүрт»  пен  «көзқаман»  терминдерін  ұсынып,  оларға  төмендегіше 

анықтамалар береді: «мәңгүрттік пен көзқамандық – бір-бірінен айыр-

масы  үлкен  екі  түрлі  құбылыс.Ал  көзқамандар  ақыл-есі  ауысқандар 

емес. Бұлар мектеп, университет бітірген, жоғары лауазымды қызмет ат-

қарғандар болуы да әбден мүмкін. Кейбіреулері талай елдердің тарихы 

мен философиясын жатқа айтып, жаңғақша шағып беретіндер, әділдік, 

адам құқы, өркениет, достық, ынтымақ, бейбітшілік секілді сөздерді су-

дай сапыратындар. Сырттай қарағанда, мінсіз шешен, сәуегейден бетер 

білгір, әле тағдырын өз алақанындағыдай кесіп-пішіп, сынап-мінеп оты-

ратындар тәрізденеді. Бірақ бұлардың жазылмайтын немесе ұзақ емдеуді 

қажет ететін ауруы туған халқының дәстүрін танып-білуге салғыртты-

ғы,сөз жүзінде отаншыл болып көрініп, былай шыға бере елдің қас жау-

ларымен тіл тауып, халықтың түпкілікті мүддесін сатып жіберетіндігі, 

ең жаманыжұртының қадір тұтқан қымбаттарын, тәуелсіздігімізді тәрк 

етуді көздеп отырғандармен ауыз жаласып, соларға арқа тіреп, намысы-

мызды таптап кететіндігі. Мәңгүрттер есінен айрылған міскіндер бол-

са, көзқамандар елдігімізге саналы түрде қарсы шығатын қаскүнемдер» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет