Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет104/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   191
(14.02.1483-26.12.1530)

        


З

ахиредден Мұхамед Бабыр – Аса ірі мемлекет қайраткері, даңқ-

ты қолбасшы, ойшыл ғалым, атақты тарихшы, лирик ақын, да-

рынды жазушы.Түркі әлемінен шыққан аса көрнекті тұлға Захиредден 

Мұхамед Бабыр 1483 жылы ақпан айының 14-ші жұлдызында Әнді-

жан қаласында (бір деректерде Ақси) Ферғана әмірі Омар Шайқының 

отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Омар Шайқы – Ақсақ Темірдің 

шөбересі, ал шешесі Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс 

хан әулетінен шыққан Жүністің қызы болатын. Бабыр мен танымал 

тарихшы Мұхамед Хайдар Дулатидың шешелері туысқан, бөле болып 

келеді. 

Бабырдың  тәрбиесі    жастайынан  жетік  болып,  ел  билеу  істеріне, 

әкесі  бастаған  жорықтарға  қатысып,  бойындағы  қолбасшылық  қа-

сиеттерін дамытты. 1494 жылы әкесі Омар Шайқы қайтыс болып, он 

бір жасар Бабыр әкесінің орнына Ферғана әмірінің тағына отырады. 

Бабыр билік басына келгенде, билікке таласушылардың өзара жаула-

суының күшейе түсуі салдарынан кезінде Ақсақ Темір құрған импе-

рияның әбден әлсіреген кезі еді. Осындай қиын кезде билікке келген 

Бабыр бір жағынан,  тағын өз туыстарынан қорғап қалуына тура келсе, 

екінші жағынан, бір-бірімен әбден қырықпышақ болып жауласып, ша-

шырап  кеткен Ақсақ Темір әулетінің ұрпақтарының басын біріктіріп, 

бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрмақ болды. 

Бабырдың  бүкіл  ғұмыры  ат  үстіндегі  жаугершілікте  өтті  десе  де 

болғандай. Қазіргі Орта Азия мен Үндістанның он алтыншы ғасыр-

дағы тарихында Бабыр жорықтарының іздері сайрап жатыр. Жорық-

тар  кезінде  кездескен  көптеген  қиындықтарға,  сәтсіздіктерге,  тіпті 

жеңілістерге  қарамастан, қайтпас қайсар Бабыр алған бетінен қайт-

пай, біртіндеп өз жоспарларын жүзеге асыра бастайды. Исфара мен  

Ходжентті, Бұқара мен Самарханды, Әмудария мен Сырдарияның ара-

лығын, Кабул, Махор, Пенджан, Агра, Ханфур, Бенгалстан, Дели, т. 

б. қалаларды басып алып, Маураннахрды, Ауғанстанды, Үндістанды 

өзіне бағындырады. 

Ауғанстанды  бағындырып,  Кабулда  ұзақ  жылдар  тұрған  Бабыр 

Үндістанды жаулап алуға он төрт жыл дайындалып, 1518-1525 жыл-

дар аралығында бес рет шабуыл жасайды. Нәтижесінде 1526 жылы 

21  сәуірде    Панипат  маңында  Бабырдың  он  екі  мың  кісілік  жасағы 

Дели патшасы сұлтан Ибрагим Лодидың қырық мың кісілік әскерімен 

кездесіп, қан майданда жеңіп шығады. Сөйтіп, қазіргі Ауғанстан мен 

Үндістан жерінде астанасын Агра қаласы етіп, «Ұлы моғолдар импе-

риясын» құрады. Бұл империя 1526 жылдан 1858 жылға дейін, яғни 

АБЫЗ

   



230

Үндістанды ағылшындар жаулап алғанға дейін үш ғасырдан артық – 

340 жыл өмір сүрді. 

Бабыр  асқан  қолбасшы  болумен  бірге  ел  билеу  істерінде  әді-

леттілігінің арқасында тамаша табыстарға жетті.Ол билік жүргізген 

жылдарда Ұлы Моғолдар империясы экономикасы жөнге келген, қо-

ғамдық қарым-қатынастар барлық жағынан жан-жақты дамыған ұлы 

мемлекетке айналды. Ауыл шаруашылығында егіншілік мықты дамы-

ды. Екінші отанына айналған Үндістанда ол үлкен-үлкен құрылыстар, 

тарихи, мәдени ескерткіштер тұрғызды. Қол өнеріне, сәулет пен құ-

рылыстың өркендеуіне назар аударды. Әлемдегі жеті кереметтің бірі 

саналатын  Агра  қаласындағы  атақты  Тадж  Мақалдың  кесенесі  осы 

кездерде салынды. Көршілерімен тату-тәтті қарым-қатынастар орна-

тып, олармен арада сауда-саттық дами түсті.

Жастардың білім алуына, дұрыс тәрбиеленуіне көңіл бөлді. Ел ішін-

дегі  дарынды  жастарды  өз  маңына  жинап,  ғылым  мен  мәдениеттің 

дамуына  жан-жақты  жағдайлар  жасады.  Әсіресе,  ақындар  мен  ға-

лымдарға барлық жақтарынан қолдау көрсетуінің барысында жалпы 

халықтың білім мен ғылымға деген ынтасы арта түсті. 

Бабыр  ел  билеу  істерінде  шариаттың  заңдарын  колданып,  парсы, 

түркі,  үнді,  пуштун  тілдерінде  сөйлейтін  халықтар  арасында  ислам 

дінінің  таралуына  көп  еңбек  сіңірді.  Жергілікті  халықты  исламдық 

негізде  әділетті  түрде  басқарудың  барысында  ел  ішіндегі  түрлі  ке-

леңсіздіктер азайып, халықтың билікке деген сенімі арта түсіп, импе-

рияның өмірі ұзақ болды. 

Дегенмен  де  осындай  жеңістер  мен  жетістіктерге  жеткен  Бабыр 

өмірінің соңғы жылдарында қуаныштан гөрі қасіретті кездері көбейді. 

Қанша дегенмен де жат жердің аты – жат жер. Туып өскен, балалық-

тың  бал  дәуренін  өткізген  алыстағы  Мауреннахрды,  Әндіжан  мен 

Ферғанасын  сағынды.  Оның  үстіне  жеңілгендер  де  қарап  жатпады. 

Дұшпандар жең ұшынан жалғасып, оған қарсы астыртын күрес күше-

йе түсті. Бірнеше рет оның асына у қосып беріп, улап өлтірмекші де 

болды. Үндістанның ауа райы да жақпай, жиі-жиі  ауырды. Сөйтіп, бір 

жағынан, туған жерге деген сағыныш сазы, екінші жағынан, дұшпан-

дардың қарсы әрекеттері іштей жегідей жеп, оның үстіне ауа райының 

құбылмалығы салдарынан бірде ыстық өтіп, енді бірде суық тиіп, жиі 

ауыра берген Бабыр 1530 жылдың 26 желтоқсанында Агра қаласын-

да 47 жасында  қайтыс болды. Он жетінші ғасырдың басында оның 

денесі өзінің өсиеті бойынша, Кабулға таяу жердегі Шердарбаздағы 

биік  төбенің  бауырындағы  кезінде  өзі  отырғызған  бақ  ішіне  қайта 

жерленді.  Жалпы көлемі он төрт гектар бақ қышпен қоршалған. 

Бабыр ел басқарған аса ірі мемлекет, қоғам қайраткерлігінің үстіне 

артына өлмес мұра қалдырған әдебиетші де болды. Кейбір зерттеуші-

лер  оның  әскербасылығынан  гөрі  жазушылығын  жоғары  қояды.  Өз 

өмірінің, өз дәуірінің тарихын өзі жазған шахтың артында «Бабыр-на-

ма», «Мубайн» секілді кітаптары мен махаббат тақырыбына жазылған 

бірқатар ғазалдары мен рубаяттары қалды. Бұларда Бабырдың өзіне, 



231

сол  кездердегі  Орта  Азия,  Ауғанстан,  Үндістан  тарихына  қатысты  

құнды деректер баршылық. 

Бабырдың  артында  қалған  еңбектердің  ішінде  «Бабыр-наманың» 

орны ерекше. 1526-1530 жылдары көне түркі тілінде жазылған «Ба-

быр-нама» бір жағынан тарихи деректерге толы тарихи туынды болса, 

екінші жағынан, көркем тілмен жазылған әдеби шығарма да. Мұнда 

ең алдымен,  Бабырдың өз тұлғасы жарқырап көрінеді. Шығарма оның 

өзінің, өзі құрған империяның өмірбаяның ғана емес, сонымен бірге  

Темір әулетінің билік құрған ұрпақтары, 15-16 ғасырлардағы Орталық 

Азия, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан жайлы да егжей-тегжейлі баян-

далады. Әсіресе өзі туып өскен Ферғана, билік құрған өлкесіндегі Ка-

бул, Солт, Шаш, Бұқара, Самақанд, Ақсикент, оның көркем табиғаты, 

жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы  

жайлы кеңінен сөз еткен. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент), Ал-

маты,  Тараз  қалаларының  бір  кездерде  гүлденген  өлке  болғандығы,  

бұлардың моңғолдар мен шайбанидтердің шабуылынан қирағандығы 

айтылады. 

Шығармада Алаша, Жәнібек, Әдік, Қасым сияқты қазақ хандары, 

Омар  Шайқы,  Сұлтан  Ахмад,  Сұлтан  Махмұд,  Хұсайын  Байқара 

секілді ел билеушілері, тәжік әдебиетінің классигі Әбдірахман Жәми, 

түркі әдебиетінің ұлы ақыны Әлішер Науайы, атақты тарихшы Мұ-

хаммед Хайдар Дулати, суретшілер Кәмәладдин Бекзат, Шах Мұзаф-

фар,  т.  б.  жайлы  да  пікірлер  білдірген.  Мысалы,  Ә.  Науайы  туралы 

«Әлішер бек теңдесі жоқ адам еді. Түркі тілінде өлең жазғандардың 

ішінде  одан  көп  және  одан  жақсы  жазғаны  жоқ.  Әлішер  бек  сияқ-

ты ғылым мен өнерге қамқорлық жасаған адам бұрын-соңды болды 

ма?Ұста Бекзат пен Шах Мұзаффар да Әлішердің қамқорлығы мен кө-

мегінің арқасында өз өнерлерін өрістетіп, үлкен атаққа ие болды. Ол 

салдырған пайдалы құрылыстар сияқты жүргізген адам кем де кем»-

деп жазды. 

«Бабыр-нама»  орта  ғасырлық  Шығыстың  тарихына  қатысты  құн-

ды деректердің көзі ретінде он тоғызыншы ғасырдан бастап әлемнің 

көптеген тілдеріне аударылған. Бабыр қайтыс бола салысымен парсы 

тіліне тәржімәланған. Шығарманы Н. И. Ильминский орыс тіліне ау-

дарып, 1857 жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. 1959 жылы 

өзбек, 1990, 1993 жылдары қазақ тілдерінде шықты. Француз (1871), 

түрік (1987), орыс (1943, 1958), ағылшын (1826,1921), жапон (1995) 

тілдерінде басылған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққа-

ны туралы» еңбегінде Алаша хан жайлы деректер келтіргенде, «Ба-

бырнамаға» сілтеме жасаған. 

Бабыр араб әліппесі негізінде өзінің «Хатти Бабри»  әліпбиін жаса-

ған. Әліпби кең тарай қоймағанымен де «Бабыр жазуы» деген атпен 

тарихта қалған. Сонымен бірге поэзия, музыка, соғыс туралы трактат-

тар жазған. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға жетпеген. 




232

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет