Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет94/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(«Байкалдан Балқанға дейін» А., 1997, 49-бет). 

 

Рахманқұлдың ұлт алдында атқарған тағы бір абыройлы ісі – оның  



отыз бес жыл бойы (1965-1995) Алматы қаласындағы М. Әуезовтің 

музей-үйінде жұмыс істеген  қазақ әдебиеті мен өнері халық универ-

ситетінің ректоры міндетін атқарып, 500-дей дәріс өткізуі. Осынша-

ма қыруар жұмыстарды қоғамдық негізде  атқарудағы басты мақсат 

«мүлгіп жатқан ойды ояту, қазақтың өз мұрасын өзіне қайтару» бол-

ған.                                                                         

Халық  университетінде  өткізілген  дәрістердің  дені  қазақ  әдебиеті 

мен  мәдениетінің  өзекті  мәселелеріне  арналды.  Ол  кезде  жоғары 

жақтың  ықыласына  іліне  бермейтін  көптеген  «жабық»  тақырыптар 

алғаш рет осы жерде көтеріліп жатты. Ұлттық әдебиетіміздің, мәде-

ниетіміздің,  тарихымыздың  ежелгі  дәуірінен  бастап,  бүгінгі  күнге 

дейінгі зәру мәселелеріне шейін мұнда сөз болмаған тақырып кем де 

кем.  Мәдениет  бюрократтарының,  лауазым  иелерінің  қаншалықты 

қысым  жасағандықтарына  қарамастан,  мұндағы  лекцияларда  қазақ 

тарихының қилы кезеңдері, әдеби, ғылыми шындықтар алғаш рет өз 



197

атымен аталып, жұртшылықтың мүлгіп кеткенұлттық санасына қозғау 

салды.                                                                                                  

Әсіресе  фольклорлық  мұра,  қазақ  әдебиетінің  жете  зерттелінбей, 

зерттелінсе де өз дәрежесінде шешімін таба алмай келе жатқан өзекті 

мәселелеріне  айрықша  назар  аударылды.  «Қазақтың  батырлық  эпо-

сы»,  «Ауыз  әдебиетінің  тарихи  негіздері»,  «Қазақ  эпосының  гене-

зисі»,  «Эпос  және  оны  айтушылар»,  «Ақын-импровизаторлар  өнері 

хақында», «Айтыс жанры және оның өзіндік ерекшеліктері», «Қазіргі 

айтыс өнері», т. б. тақырыптарда лекциялар оқылып, ауыз әдебиетінің 

өмірмен байланыстылығы, тарихи негізі, көркемдік-идеялық қасиет-

тері,бүгінгі таңдағы жаңаша дамуы секілді проблемалар төңірегінде 

кеңінен  әңгіме  болды.  Қазақ  әдебиетінің  тарихына  арналған  дәріс-

тер  де  тақырып  сонылығымен  ерекшеленді.  Сонау  түркі  қағанаты 

(ХУ) кезіндегі Білге қаған мен Күлтегінге арналып жазылған әдеби 

ескерткіштерден бастап, қазақ әдебиетінің бір мың бес жүз жылдық 

тарихы жүйелі түрде қарастырылды.       

М. Әуезовтің музей-үйінде қазақтың С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. 

Мұстафин  сияқты  атақты  қалам  қайраткерлерінен  бастап,  көптеген 

ақын-жазушылармен қызғылықты кездесулер өткізілді. Сондай кезде-

сулердің бірінде (23.02.1973)  С. Мұқанов тоқырау жылдарында ұлт-

тық  тарихқа  деген  көзқарастың  барынша  нашарлап,  ғалымдарымыз 

тарихи шындықты айта алмай, қаламгерлеріміз өткенді жазғандығы 

үшін кіналанып жатқандығына қарамастан  «Өткенді білу керек. Өт-

кеннің тәжірибесі бүгінгіні білу үшін қажет... Абай – асқар тау. Ол ел-

ден шығып отыр. Ал әдеби дәстүрі жоқ, жазу-сызу өнері, мәдениеті 

болмаған елден Абайдай ұлы адамның шығуы мүмкін емес.Абайдай 

алыпты шығарған халықтың өткен тарихына, кейінгі дәстүріне зер са-

лып қарауымыз керек» – депті.      

Қазақтың термелері, шертпе күйлері, Әл-Фараби сияқты ғұламала-

ры, тарихтың, әдебиеттің ақтаңдақ беттері, қазақ тілінің тағдыры, ұлт-

тық идеология, ұлттық тәрбие сияқты талай-талай мәселелер алғаш 

рет осында көтеріліп, көпшіліктің  көкейінен шығып, өмірімізге енуге 

жолдама алған болатын.                                     

Р.  Бердібайдың  басшылығымен  жұмыс  жасаған  Алматы  қалалық 

Қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті  халық  университеті  қаншама  саяси 

қысымдарға қарамастан, рухани сусаған елін  ұлттық әдеби, мәдени 

кәусар  бұлақтардың  мөлдірінен  сусындата  білген  бірден-бір  халық-

тық  рухани  ошаққа  айналған  болатын.  Осыншама  қыруар  жұмыс-

тарды  саяси    қауіптілігіне  қарамастан  ұйымдастырып,жүзеге  асы-

ру  Рахманұүл  сияқты  ұлтын,  оның  әдебиеті  мен  мәдениетін,  өткені 

мен  бүгінін  барынша  сүйетін,  оның  жарқын  болашағына  күмәнсіз 

сенген қажырлы да қайратты, батыл азаматтың ғана қолынан келері 

анық. Сөйтіп, сонау тоқырау жылдарының өзінде-ақ  әдебиетіміз бен 

мәдениетіміздің  жетістіктерін  насихаттап,  беймәлім  беттерін  ашуда, 

ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда Р. Бердібай ұлт алдында үлкен 

қызмет жасады.



198

Рахманқұл әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым болумен бірге елінің 

ертеңін көп ойлайтын, сол үшін қазақ қауымында орын алып келе жат-

қан түрлі рухани кеселдерге қарсы аяусыз  күресіп келе жатқан қоғам 

қайраткері де.  Оның қаламынан шыққан қай мақаласын, немесе қай 

кітабын оқып қарасаңыз, ғылыми парасаттылықпен қатар, дәуір та-

лабымен үндесіп жататын азаматтық позициясы айқын сезіліп тұра-

ды. Оның ана тілінің тағдыры, мәдени мұраны сақтау, халқымыздың 

демографиялық  ахуалы,  табиғаттың  көркем  сұлулығын  сақтай  білу, 

тарихи ескерткіштерді қорғау, халықтық жақсы дәстүрлерді дамыту, 

ел ішіндегі дарынды өнер иелеріне назар аудару жайында жазған әлеу-

меттік  сыпаттағы  мақалалары  көптің  көкейінен  шығып,  ұлт  болып, 

ұлыс болып ұйысып, ұлы істерге  үндеуімен ерекшеленеді.                                     

Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 

мүшесі, осындағы фольклор жөніндегі кеңестің төрағасы, КСРО Ғы-

лым академиясының фольклор жөніндегі советінің, “Жұлдыз” журна-

лының редколлегия, Совет-Араб достығы қоғамы қазақ бөлімшесінің, 

шетелдік отандастармен мәдени байланыс жасайтын “Отан” қоғамы-

ның мүшесі, Қазақ-Иран қоғамының төрағасы, Халықаралық “Қазақ 

тілі” қоғамының алқа мүшесі, Алматы қалалық ұйымының төрағасы, 

т.б. сияқты көптеген қоғамдық жұмыстар атқарып келді.                                            

Оның  шығармашылық  жолының  алғашқы  кезеңінде  қалыптасқан 

қоғамдық белсенділігі кейіннен үлкен әлеуметтік мәні бар істерге ұла-

сып, Р.Бердібайды ұлттың сөзін сөйлейтін қайраткер дәрежесіне дейін 

көтерді. Ол – туған халқының жарқын болашағы үшін қалам ұшымен 

де, қоғамдық қызметімен де адал қызмет етіп келе жатқан ұлтжанды 

абзал азаматтардың бірегейі. Оның бүкіл саналы шығармашылық қыз-

меті осы мақсатқа бағышталған.                                                                                                       

Ол бірде отандастарының бойындағы бойкүйездік сияқты болым-

сыз құбылыстарды көріп, жауынгер публицистиканы күрес қаруы ете 

отырып, ашына сөйлеп, қарсы дауыс көтерсе, енді бірде халқының ру-

хани қазынасынан ұлылықтың өміршең өскіндерін көріп, шабыттана 

түседі. Өзін өзі әлі толық танып білмеген халқының ұлылығын өзіне 

ғана таныстырып қоймай, басқа да елдерге насихаттауда қажымай ең-

бек етіп келеді.                        

Ал әр халық әлемдік өркениетке қосқан үлесімен бағаланады. Ра-

хаң халқының тарихтың терең түкпірлерінде түрлі себептермен шаң 

басып қалған рухани асыл қазыналарын қайта аршып алып, рухани 

игілікке  айналдыру,  сөйтіп  туған  халқының  мәртебесінің  биік  бола 

беру жолында еңбек ету үшін жаралған жан сияқты. Ғалымның шығар-

машылық шабытының, қажыр-қайратының бабында болған шақтарда 

бұрқырата жазып, мақалалары баспасөз бетінен түспей қойған,  жыл 

сайын кітап үстіне кітап шығарғаны, ұлттық даму алдында шешімін 

күтіп тұрған келелі мәселелерді қорықпай көтеріп, тайсалмай пікірін 

ашық айтуы Рахманқұл Бердібайды ұлттың қамын жеген зиялы азамат 

ретінде еліне кеңінен танымал етті.           

                                                                                 



199

***


Біз Р.Бердібай хақындағы әңгімемізді топырақтан бастағамыз. То-

пырақ  демекші,  Рахаңды  туған  жері  Түркістан  тартатын  тұратын. 

Сонымен, ол 1997 жылы әсем Алматыдағы барлық тұрмыстық, әлеу-

меттік жағдайды, қызметін тастап туған топырағы Түркістанына қай-

тып оралды. Осындағы Қ. А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-

түрік  университетінде  ұстаздық  етіп,  еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақты 

тәрбиеледі; олардың  бойына білімнің, адамгершіліктің ұрығын егіп, 

онысын азаматтықтың, ұлтжандылықтың, түркішілдіктің нәрімен су-

ғарып келеді. Бұрын Түркістанның атын Қ. А. Иассауимен байланыс-

тыратын болсақ, қазір Түркістан дегенде, есімізге Р. Бердібай түседі. 

Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанға, осында жат-

қан  Қожа Ахмет Иассауиге зиярат етуге келген қазақ, түрік зиялыла-

ры Рахаңа соқпай, сәлем бермей өтпейді...                               

Иә, Түркістанның топырағында  туылып, түлеген, осы топырақтың 

бар қасиетін бойына сіңіріп, қазақ, түрік руханиятының көгінде қы-

рандай  қалықтап,  бүгінгі  заманның  «Деде  Қорқыты»  атанған    Рах-

манқұл  Бердібай  бұл  күндері  Түркістандық  ұлы  тұлғалардың  қата-

рында   көрінеді.                 

Осыдан сексен бес жыл бұрын киелі Қаратаудың қасиетті қойнауын-

да өмірге келіп, түркі атаулының түпқазығы Түркістанның топырағы-

нан түлеп ұшқан мұзбалақ бүгінгі күндері қазақ ғылымының, қазақ 

руханиятының ақсақалына, жұртты аузына қаратқан абызына, қазіргі 

қазақтың ар-намысына, бар жақсы қасиетін бойына сіңірген данасы-

на, одан қалды түркітануға елеулі үлес қосқан атақты түркітанушыға, 

бүкіл түркі халықтарын бірлікке шақырған қоғам қайраткері биігіне 

көтеріліп отыр. Елінің ертеңі ұлттық даму жолында жатқандығын ай-

тумен бірге ұлтын ұлықтауда қайтпас ерліктер жасап келе жатқан ғұ-

ламаның өміршең ойлары халқының жүрегінде ұялап, рухын көтеріп, 

өміршеңдігін танытып, жарқын болашаққа бастай берері анық.                                                                                                         

Жалынды журналист, сараман сыншы, зерделі зерттеуші, танымал 

фольклорист,  белгілі  түрколог,  ұлағатты  ұстаз,  қоғам  қайраткері,  ең 

бастысы  ұлтын  сүйген  ұлтжанды  абзал  азамат  Рахманқұл  Бердібай 

туралы ойларымыздың бір парасы осындай.                                                                                   

* *  *                                                                      

Осымен  ғұлама  жайлы  мақаламызды  тәмамдап,  оған  «Әдебиетта-

ну алыбы, немесе қазіргі заманның Қорқыт атасы» деген тақырыппен 

соңғы нүктесін қойған едік. Ертесіне таң ата алыстағы Түркістаннан 

суық хабар жетті: Рахманқұл Бердібай бұл өмірмен қоштасып, бақи-

лық өмірге аттанып кетіпті.     

Жазғанымызды қайта қарап, ой елегінен қайта өткізуге тура келді. 

Замандасың жайлы көзі тірісіндегі пікірлерің мен о дүниелік болып 

кеткеннен  кейінгі  толғаныстарыңның  арасында  айырмашылықтар 

болады екен. Осындай күйді мен де басымнан кешіріп, ең алдымен 

Рахаңның еңбектерін оқу, халқына сіңірген қызметін көкірек көзінен 

өткеру  барысында  түйген  ойларымның  ол  туралы  айтылып  жатқан 



200

пікірлермен бір арнадан шығып жатқандығын аңғардым. Тіпті, кейбір 

жерлерде мен білдірген пікірлердің әлсіздеу, солғындау шығып жат-

қандығын да сезіндім. Десек те ойлана келе «жүректің түбіне бойлай» 

отырып,  жазылған  мақаланы  өзгертпей  сол  күйінде  өзгертпей,  тек 

тақырыбын өзгертумен шектелдік; алғашындағы «Әдебиеттану алы-

бы, немесе, қазіргі заманның Қорқыт Атасы» деген атауын өзгертіп, 

«Абыз» деп қойдық. Өйткені Р. Бердібайды осындай биікке көтеріп 

тұрған  оның  еңбектеріндегі,  жеке  және  қоғамдық  қызметтеріндегі 

абыздық қасиеттер екендігіне көзіміз жетті.      





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет