1V бөлім
ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ
1V бөлім
ТІЛ — ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ
288
ТІЛ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҚҚА
БАСТАР БАҒДАР ТУЫ
М
айданда ту жығылса, жеңілгендікті, бәрі біткендікті білдіреді.
Қан майдандарда, өмір үшін күрескен жай тіршіліктің өзін-
де де қаншама тулар жығылып, қаншама халықтар, солармен бірге
олардың тілдері де тарихтың терең тылсым тұңғиықтарында қалып
қойды, яғни жеке ұлт ретінде белгілі бір этнос, оның тілі жер беті-
нен өшті. Сондықтан да болашағын ойлаған ел алдымен, ертеңінің
қамын жасайды. Ол дегеніміз — ұлттың, оның басты белгісі — тілінің
жағдайын жасау деген сөз. Өйткені тіл — ұлттық дамудың бірден-бір
көрсеткіші. Тілі нашар елдің ертеңі күңгірт, тілдің әлсіздігі ұлттың ру-
хани жағынан әлсіреуіне алып келеді де оның аяғы ұлт болып ұйып
отырған халықтың рухани жағынан іріп-шіруіне, бұзылуына апарып
соқытырады. Тарих тәжірибесіне көз жіберсек, ертеңіне үміт артқан
ел барлық уақытта да ең алдымен, тілге, сол тіл арқылы жасалынатын
ұлттық рухани құндылықтарға көңіл бөліп, сол арқылы халқының ру-
хын көтеріп, тарихтың небір тайғақ асуларынан таймай өтіп, болашақ-
тың баспалдақтарымен биіктей берген.
Тарих сахнасына қазақ атты халықтың шығуымен бірге жасап келе
жатқан қазақ тілі де небір теперіштерді көрді. Ұлтқа жасалынған ке-
сапат ең алдымен, оның тіліне қарай бағытталып, рухани жағынан
тұншықтыру мақсат тұтылды. Ал, рухсыз халықты бағындыру оңай.
Тарихтың небір қилы кезеңдерінде «мың өліп, мың тірілген» қазақ
халқы жиырма бірінші ғасырға да аман-есен жетіп, тәуелсіз ел болып,
көк байрағын желбіретіп, тәуелсіз өмір сүруде. Елмен бірге қазақ тілі
де еркіндікке шығып, мемлекеттік тіл мәртебесін алып, болашақтың
биік белестеріне шығуына қанат жайып отыр.
Әрине, мұның бәрі айта салуға оңай болғанымен де байыптай қа-
раған адамның алдынан қаншама проблемалар шығып, қым-қиғаш
қиындықтар көлбеңдеп, көлденеңдейді. Қазақ тілін мемлекеттік тіл
деп, ресми түрде жариялап, заң қабылдағанымызбен де оны жүзеге
асыруға келгенде, іс жүзінде қыруар мәселелерді шешуге тура келіп
отыр. Қазақ тілінің қоғамдық өмірімізде атқарар аса маңызды орны-
на толық ие бола алмай отыруының ең басты себебі — ұлттық ру-
хымыздың әлсіреуі. Қазақ халқының ғасырлар бойы басқа ұлттардың
ықпалында, немесе боданында болуы ұлтымыз бүтін болғанымен ішкі
жан-дүниемізді жүдетіп жіберген.
Кеше тәуелсіздік алғанға дейінгі рухани азығымыз ұлттық болмай,
орыстық, еуропалық болды. Бұл шара бүкіл білім беру, тәрбие, на-
сихат, билік құралдарын орыс тілінде жүргізу арқылы жүзеге асты.
Нәтижесінде, өзінің тілін, әдебиетін, тарихын, әдет-ғұрпын, дінін
289
білмейтін, сырты қазақ, іші шата, өзін қазақпын деп айтуға намыс-
танатын, «мәңгүрт» дейміз бе, «көзқаман» дейміз бе, немесе екі жар-
тыдан (орыс, қазақ) тұратын «жармақ» (М.Мағауин) дейміз бе, қазақ
дейін десең «іші» қазақ емес, орыс дейін десең «сырты» орыс емес,
дүбәра бір топ пайда болды. Қазақ рухының иісі мұрнына бармайтын
осы топ қолында бүкіл білім, ғылым, тәрбие, саясат билігін шоғыр-
ландырып ұлтқа қызмет етпеді, марксизм-ленинизм іліміне сүйене
отырып, біртұтас «совет халқының» қалыптасуына жан аямай кірісті.
Отаршылдықтың «ғылыми» жағынан барынша негізделген мұндай
саясаты өзінің «жемісін» де бере бастаған болатын: Кеңестер Одағы
құрылғанда, оның құрамына кірген екі жүздей ұлттың ол тарағанда
жүзден астамының тілі жойылып, яғни ұлт ретінде өмір сүруін тоқта-
тып, «совет халқына» айналып, ашығын айтқанда, орыстанып кетті.
Кезінде «лениндік ұлт саясаты» деп, барынша марпаттап, жар салған
саясаттың шын мәніндегі бет пердесі осындай-тұғын. Орыс отаршыл-
дығынан қазақ халқы «совет халқына» айналып кетпей, әйтеуір, аман-
есен шықты. Шынын айтқанда, орыс боп кетуге сәл-пәл-ақ қалған еді.
Әйтеуір, Алла тағаламның рақымымен тәуелсіздіктің таңы атып, жұрт
қатарлы жеке ел болып, жан-жағымызға қарап, барымызды түгендеп,
жоғымызды жоқтай бастағынымызға шүкіршілік қыламыз.
Жеке ел болған соң, елдің еңсесі биік болғаны керек. Елдің еңсесі-
рухымен биік. Ал рух дегеніміз, тікелей тілдің аясында ғана жүзеге
асады. Қазір құдайға шүкір, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жарияла-
ған қазақ елі ұлттық мемлекетін құрып, жер жүзіне таныла бастады.
Қазақпен бірге қазақтың тілі, әдебиеті, мәдениеті де шет жұрттарға
шығып, әлемдік өркениеттен өзіне тиісті орынға ұмтыла түсті.
Әйтсе де, қазір қазақ тілінің қоғамымызда атқарып отырған қызметі
көңіл көншіте бермейді. Қазақ тілінің өзіне міндетті функцияларын
ойдағыдай атқаруы үшін шешімін күтіп отырған бірнеше күрделі
проблемалар бар. Алдымен соларды шешпейінше, тілдің көші, тілден
туындайтын ұлттық мәселелер дұрыс жолға түсе алмайды. Болашаққа
қарай бой түзеу ең алдымен, ұлттық болмысқа негізделу керек дейтін
болсақ, ескерілуге тиісті мәселелер баршылық. Соның ең бастысы —
ұлттың жаны болып естептелетін қазақ тілінің «ішкі» жағы, яғни ұлт-
тың жан-жүйесінің саулығы.
Орыс отаршылдығы жүргізілген «жалпыхалықтық» тілді орнықты-
ру, яғни «совет халқына» ортақ тіл ретінде орыс тілін қолдану саяса-
тын барынша қарқынды жүргізу барысында қазақ тілі Қазақстандағы
негізгі қатынас құралы ретіндегі орнынан ығыстырылып, тілдің өзін
орыстандыру жүзеге асырыла бастады. Бұрын қазақ тілінің құрамын-
да шамамен 5-7 пайыздай моңғол, қытай, 18 пайыздай араб-парсы
сөздері болса, жазуды орыс графикасына көшіру, терминдерді түбірін
өзгертпей қолдану, орыс тілінің кейбір заңдылықтарын қазақ тілі
грамматикасына сол күйі көшіріп әкеліп, қондыру, аты-жөнге «ов»,
«ывна». «ич» сияқты қосымшаларды міндетті түрде тіркеу, елді ме-
кен, жер-су аттарын орысша қою сияқты көптеген қитұрқы амалдарды
290
қолдану арқылы қазақ тілін іштей құрту, жегідей жеу арқылы орыстан
енген сөздің пайызы отыздан асып жығылды. Сонда қазақ тіліне шет-
тен енген сөздер оның сөздік құрамының жартысынан асып кеткен. Ол
сөздер келгенде, қазақ тілінің заңдарына бағынса бір сәрі ғой, өйтпеді.
Орыстандыру саясаты қазақ тілінің негізгі заңы — үндестік заңына
пысқырмады да, орыс қалай айтса, қазақтың да сол күйінде мұртын
бұзбай, екпініне дейін сақтап айту талап етілді. Сөйтіп орыс сөз-
дерінің түбірін сақтап жазу керектігі жайлы ереже қазақ тілінің негізгі
өмір сүру заңдарын бұзып, отау ішінен отау тігіп беруге мәжбүрледі.
Мұның өзі қазақ тілінің тұтас бір «организм», өзіндік заңдылықтары
бар құбылыс ретінде өмір сүру шарттарына балта шапқандай болды.
Шеттен енген сөздер сөздік қоры құрамының жарымынан асып кет-
се, тілдің өзіндік заңдылықтары, табиғи сипаты бұзылып, оның дербес
өмір сүруіне қауіп төндіреді. Жаппай отарлау саясатының салдарынан
қазақ тілі де осындай қыл үстіндегі халге, не ары, не бері боларлық
шекараға келіп қалған еді. Қазір күн тәртібіндегі ең бірінші міндет —
саяси соққылардан шалажансар күйге түскен қазақ тілінің бойына қан
жүгірту, ол үшін оның негізгі үндестік заңына толық үстемдік құруын
қамтамасыз ету, яғни, шеттен енген сөздерді қазақ тілінің «кебін»
кигізіп қабылдау.
Бұл жерде мына бір жәйтті ескеру қажет. Шеттен енген сөздерді
қабылдағанда халықаралық деңгейде қалыптасқан тәжірибені есте
ұстағанымыз жөн. Оның біріншісі- термин, сөз аударуға келсе, қазақ-
шасын алу. (Мысалы, космос-ғарыш, физкультура-дене шынықтыру,
т.б.). Ал баламасы жоқ болса, жаңадан сөз жасау (мороженое-базмұз-
дақ, пляж-жағажай, т.б) керек. Аударуға келмесе, туысқан тілдерден
алған жөн (самолет-ұшақ). Бұл үшеуіне де болмаса, термин халықа-
ралық деңгейде кеңінен қолданылып жүрсе ғана сол күйінде алған
дұрыс. Бірақ олар қазақ тілінің заңына бағынатын болсын. Мысалы,
Москва — Мәскеу, поезд — пойыз дегендей.
Әрине, бұл салада аздап болса да жүргізіліп жатқан жұмыстар бар.
Бірақ көңіл көншітпейді. Қазіргі қоғамымызда болып жатқан аса күр-
делі құбылыстар осы бір аса маңызды мәселені неғұрлым тезірек ше-
шуді алға қойып отыр. Қазақ тіліне орыс тілінің өктемдігін жою үшін
мүмкін, әліпбиді өзгертуге тура келер. Қазір баспасөз бетінде жүріп
жатқан латын жазуына көшу туралы пікірталасқа қазақ тілін өзге
тілдің өктемдігінен азат ету тұрғысынан келсек, шындап ойланарлық
мәселелер баршылық. Әліпби ауыстыру қазақ тілін орыс варваризмі-
нен құтқарып, туыстас түркі тілдеріне жақындай түсер ме еді деген
сияқты ойлар да келеді.
Тілге қатысты тағы бір аса маңызды мәселе — тіл туралы заңның
толық жұмыс істемеуі. Тіл туралы заң бар, бірақ, іс жүзінде жүзе-
ге аспайды. Сөз бар да, іс жоқ. Әйтеуір, заңды белінен басып жүріп
жатырмыз. Әрине, бұған көптің жазығы жоқ; бар бәле билік басын-
да отырған орысша оқыған, тәрбиесі басқашаларда болып отыр. Ар-
баның алдыңғы дөңгелегі қалай қарай дөңгелесе, соңғысы да солай
291
қарай дөңгелейді. Халықтың қамын жеп, ұлттың ұпайын түгендеуге
тиіс қазанның құлағын ұстап отырған ұлықтарымыз қоғамдық дамуда
тілдің аса маңызды рөлін білмейді, білсе де санасына жетпейді. Ұлты-
ның тілін, қадір-қасиетін, тарихын, мәдениетін білмейтіндерді «мәң-
гүрт» деп жүрміз.
Тілімізге, сол арқылы ұлттық дамуымызға тағы бір зиянын тигізіп
жатқандардың бір парасы — көзқамандар. «Мәңгүрттік пен көзқа-
мандық — бір-бірінен айырмасы үлкен екі түрлі құбылыс. Ал көзқа-
мандар ақыл-есі ауысқандар емес. Бұлар мектеп, университет бітір-
ген, жоғары лауазымды қызмет атқарғандар болуы да әбден мүмкін.
Кейбіреулері талай елдердің тарихы мен философиясын жатқа айтып,
жаңғақша шағып беретіндер, әділдік, адам құны, өркениет, достық,
ынтымақ, бейбітшілік секілді сөздерді судай сапыратындар. Сырттай
қарағанда, мінсіз шешен, сәуегейден бетер білгір, әлем тағдырын өз
алақанындағыдай кесіп-пішіп, санап-мінеп отыратындар тәрізденеді.
Бірақ бұлардың жазылмайтын немесе ұзақ емдеуді керек ететін ауруы
— туған халқының дәстүрін танып білуге салғырттығы, сөз жүзінде
отаншыл болып көрініп, былай шыға бере елдің қас жауларымен тіл
тауып, халықтың түпкілікті мүддесін сатып жіберетіндігі, ең жаманы
— жұртының қадір тұтқан қымбаттарын, тәуелсіздігімізді тәрк етуді
көздеп отырғандармен ауыз жаласып, соларға арқа тіреп, намысымыз-
ды таптап кететіндігі. Мәңгүрттер есінен айырылған міскіндер бол-
са, көзқамандар елдігімізге саналы түрде қарсы шығатын қаскүнем-
дер» (Р.Бердібай. «Байқалдан Балқанға дейін». Алматы, 1997, 49 бет).
Біздіңше, «мәңгүрттер» мен көзқамандарды билік басына, әсіресе
білім, ғылым, мәдениет сияқты ұлттық мәселелерге қатысты салалар-
дың басы-қасына мүлдем жолатпау керек.
Қазақ тілін қолдану ең алдымен, қазақтардың өз ісі болса, оны қазақ-
тардың бір ауыздан қолдау орнына, ішінен қарсылары да шыға бастаса
«өз қолыңды өзің кесе аласың ба?». Қазіргі қазақ қауымында бірауыз-
дылық, бірліктің өз дәрежесінде болмай тұруына осы «мәңгүрттер»
мен «көзқамандар» кінәлі.Іштен шыққан жау жаман. Егер бұған уақы-
тылы шара қолданбаса, ішке түскен құрттай ұлттық атаулыны жегідей
жеп, құрдымға алып кетуі де ғажап емес. Тура қазіргі жағдайда қазақ
тілі, қазақ ұлты үшін ішкі жау сыртқы жаудан да қауіптірек болып тұр.
Қазақ тілімен қатар орыс тілінің, ағылшын тілінің шыға бастауы
ұлттың тілдік жағынан іштей жіктеліп, мүдделері бағыт-бағдарла-
ры әр қилы топтардың өмір сүре бастауына әкеліп соқтырып отыр.
Бұрын қазақтар жүзге, руға бөлінетін болса, енді тіліне қарай жікте-
летін болды. Қазақ жағдайында әр адам руға, ру жүзге, жүз алашқа
барып бірігіп, қанша бөлінгенімен біртұтас қазақ ұлтын құраса, яғни
қазақтың іргесін бір-бірімен матап, шырмап бекіте түсетін болса, тілге
қарай жіктелу бұған мүлдем қарама-қарсы бағытта. Олар азаматтық,
рулық болып, сатылай барып ұлттық болмысты күшейте түсетін қым-
бат қасиеттерден жұрдай. «Мәңгүрттер» мен «көзқамандардың» ең
қауіптілігі — бұлар өз мақсаттарына жету үшін қазаққа емес, сыртқа
292
арқа сүйейді. Бұлар өз ойларын жүзеге асыру алдында кездескен ұлт-
тық атаулыны түрлі айла-шарғымен, тәсілдермен аяққа таптап, оның
орнын сырттың «жылтырақтарымен» толтыруға тырысады. Жер дү-
ниені жаһандану атты жалмауыз жалмап келе жатқан қазіргі жағдайда
«мәңгүрттер» мен «көзқамандардың» іс-әрекеттері аса қатерлі қауіп
төндіреді.
«Мәңгүрттер» мен «көзқамандар» – «қазақ емес» қазақтар. Бұлар
қазақтардың арасында қазақ, орыстардың арасында орыс, Еуропада
еуропалық болып та кете береді. Бұларда туыстық, ұлттық деген сияқ-
ты ыстық сезімдер жоқ, тек қарны тойса, жағдайы жақсарса жетеді.
Бұлар — кім қарнын тойғызса, соның құлы. Бір күндік қарын қамы
үшін аты-жөнін, ұлтын да, дінін де сатып, аты-жөнін де өзгертіп жүре
береді. Бұларды туған тілдің, туған елдің, туған жердің тағдыры тол-
ғандырмайды, мәселелері мазаламайды. Ұйқысы тыныш, тамағы тоқ,
көйлегі көк, жүйкесі, дені сау, астында машина дегендей, жағдайы
жақсы болғандықтан да бұлар басқаларға пысқырмайды да. Бір сөз-
бен айтқанда, бұлар-ұлттық рухы жоқ қарнының тоқтығын, жанының
тыныштығын ғана ойлайтын, сол үшін дүние қуып тиын-тебен табу
үшін қылмысты әрекеттерге дейін баратын, ұлтының жақсы қадір-қа-
сиеттерінен бойы жұрдай, тек қана өзіме ғана болса болды дейтін ба-
тыстық психологиямен өмір сүріп, адамгершіліктің асыл қазыналары-
на негізделген ұлтының қымбат дәстүрлерін менсінбейтін міскіндер.
Егемендік алғанымызға он жеті жыл болып қалғанына қарамастан,
біздің тәуелсіздігіміз заң жүзінде ғана қалып отыр. Рухани жағынан біз-
әлі кіріптар елміз. Әрине, орысқа, Батысқа. Қарнымыз тоқ, киіміміз бүтін,
еліміз тыныш болғанын мәзбіз. Ал ішкі жан-дүниемізді рухани жағынан
жаңғырту, тазалау, тілімізге теңдік әперіп, ұлтымызды ұлықтау сияқты
бақытты өмір үшін аса қажетті шараларды халық болып жүзеге асыру
қаперімізге кіре бермейді. Тіл туралы заңды іске асыру үшін қыруар қар-
жы бөлінуде: қазақ тілін үйрететін курстар ашылып, оқулықтар жазылып
жатыр. Бірақ, бір-екі ауыз қазақша айтудан әрі аса алмай қойдық.
Бір таңқаларлығы – қазіргі мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің ке-
ңес өкіметі кезіндегіден ешбір айырмасы жоқ. Ол уақытта да қазақ
тілі Қазақстанда мемлекеттік тіл ретінде жарияланып, іс жүзінде оның
орнына орыс тілі жүрген болатын. Онда да қазақ тілінің мемлекеттік
тіл мәртебесін іс жүзінде асыру мәселесі сан рет қозғалған. Бірақ та
одан ешнәрсе шықпайтын. Соған қарамастан ұлтжанды азаматтар тіл
мәселесін қозғаудан тынған емес.
Тіл мәселесі Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан әлі республи-
ка болып құрылмаған кезде-ақ көтерілген. С.Сейфуллин 1923 жылы
мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін іс жүргізетін тіл ретінде қолда-
нуға үндеп, мақала жазды
Достарыңызбен бөлісу: |