(С.Сейфуллин. Шығармалары, 5 том, 21-бет).
Ол «ынтасыз іске, көңілсіз іске сансыз бөгет, сансыз уайым табуға
болады. Бірақ біздің айтуымызша, бұл іске бөгеттің көптігі басқа
себептерден. Себептің ең алды – іс басындағы адамдардың бұл іске
шындай кіріскен ниеттерінің жоқтығы, ынталарының жоқтығы. Шын
293
ниет болса, екпінді ынта болса, қазақ тілінің кеңселерде жүріп кетуі-
не шүбә жоқ» (сонда) – деп жазыпты. Сәкен сынаған осы бір ұнам-
сыз жағдайдың арада ғасырға жуық уақыт өтсе де күні бүгінге дейін
өмірімізде орын алып келе жатқандығына қайран қаласыз.
Ұлт тілінің ұлт өміріндегі аса маңыздылығы жайында алаш ардақты-
лар айтудай-ақ айтыпты. А.Байтұрсыновтың «Әр халыққа керегі – өз
діні, тілі, жазуының сақталуы». «М.Шоқайдың «Ұлттық рухтың негізі
– ұлттық тіл», Х.Досмұхамедовтің «Өз тілін білмеген ел ел болмайды.
Тілінен айырылған жұрт жойылған жұрт». М.Жұмабаевтың «Тілсіз ұлт
тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес. Осындай ұлт тілі кеми
бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді», М.Әуезовтің «Ана тілін-
де сөйлей алмайтын адам – мәдениетсіз», – деп, кейінгі ұрпақтарына
айтып кеткен аталы сөздері ескеріле бермепті, не болмаса сайқал сая-
саттың салдарынан қасақана қаперден шығарылды.
Заң болғанымен де қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыл-
мауына наразылығын білдірген Б.Момышұлы 1944 жылы сол кездегі
Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық жұмыс-
тар бойынша хатшысы М.Әбдіхалықова төмендегідей хат жолдапты:
«Қазақстанда қазақ тілі заңының әділдігі бойынша мемлекет тілі бо-
лып саналып, өз орнына, төрге шығарып отырғызылып, бұрынғы қал-
пына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып, тіл бұрмалау
ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере оты-
рып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы жөн». Әрине, Бауыр-
жанның бұл ұсынысы жүзеге асқан жоқ. Билік басқаның қолында, бо-
дандықтың қайыс ноқтасын киген кезде мұндай шараның жүзеге асуы
мүмкін емес. Ол кезде бас билігіміз болмады десек, қазір өз еркіміз
өз қолымызға тиген заманда егемен еліміздің елдігін танытатын мем-
лекеттік тіл саясатын заңға сәйкес жүргізуге кім кедергі болып отыр
деген сияқты сауалдар жаныңды мазалайды.
Қазіргі қазақ тілінің, сол арқылы қазақ қауымының жай-күйін бай-
қау үшін мына бір әлеуметтік сауланама нәтижелеріне назар аудара-
йық. Тура бүгінгі таңда қазақтардың 60 пайызы үй-ішілік қарым-қаты-
настарда қазақша, 11 пайызы орысша, ал 27 пайызы екі (қазақ, орыс)
тілде сөйлейді екен. Бұл дегеніміз – қазақтардың 60 пайызы қазақ
болып қалған да, 40 пайызының 11-і орыстанып, 27-сі орыстанудың
сәл-ақ алдында тұр деген сөз.
Ал орыс азаматтарының 0,7 пайызы ғана отбасында қазақша, 1 пайызы
екі тілді қатар қолданады. Бұған қарап Қазақстанда тұратын басқа ұлт
өкілдері қазақ тіліне пысқырмайды да деген қорытындыға келуге болады.
Ал қазақтар ең көп тұратын Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын-
дардың 50 пайызы ғана ана тілін күнделікті пайдаланса, Солтүстік Қа-
зақстанда қазақтардың 67 пайызы екі тілде сөйлейді екен. Қазақ тілін
ең аз қолданатын қандастарымыз астанамыз Астанада. Қазақ қоға-
мының болашақ даму бағыттарын айқындап, жол көрсетіп отыратын
астанамыздағы қазақ тілінің хал-ахуалы кім-кімді болса да ойға қал-
дырмай қоймайды. Билік басындағы ұлықтардың 90 пайызы, нарық
294
заманының тайқазанын қайнатып жатқан бизнесмендердің 68 пайызы
орыс тілін жан жақты меңгерген еркін сайрайды. Ал қазақ тіліне кел-
генде, көбінің кежегесі кейін тартып, күмілжиді.
Бұл келтірілген фактілер тәуелсіздік алдық, егеменді еліміз деп,
бөркімізді аспанға лақтырып жүре беруге әлі ерте екендігін аңғарта-
ды. Шын мәніндегі бостандық – рух бостандығы. Біздің рухымыз әлі
күнге дейін кешегі отаршылдықтың, бүгінгі жаһанданудың жалмауыз
тырнақтарынан әлі күнге дейін шырмалып шыға алмай жатыр.
Әрине, бәрін бірден қалпына келтіру оңай емес. Әсіресе, езілген,
жойылуға сәл-ақ қалған ұлттық рухты жандандыру қыруар жұмыс-
ты, көп уақытты қажет ететіндігі анық. Бұл турасында Үндістан-
ды тәуелсіздікке бастаған көсемдердің бірі Джавахарлал Неру «Біз
еліміздің тәуелсіздігін қалпына келтірдік, ағылшындар алып кеткен
алтынымзды да қайтарып аламыз, қайтарып алмасақ, өзімізде қал-
ғаны да жеткілікті. Бұның бәрі дұрыс, бірақ жуық арада біз қалпы-
на келтіре алмайтын бір нәрсе бар. Ол – халқымыздың езіліп қалған
рухы» – деген екен. Бұл сөз қазақ ұлтының тура қазіргі жағдайы жай-
лы айтылғандай. Дұрыс қой десек те, осы салада атқарылып жатқан
шаралар көңіл көншіте бермейді.
Тәуелсіздік алғанымызға он жеті жыл болса, сол кезде туылған бала
ержетіп, азамат болыпты. Осы уақыттар ішінде Қазақстан тәуелсіз
ел ретінде іргесі беки түсті дегенмен де ұлттық тілімізді, сол арқылы
ұлттық рухани құндылықтарымызды дамыту істерінде күткендегідей
нәтижелерге жете алмай келеміз. Мұның басты себебі – ұлттың бо-
йына ғасырлар бойы әбден сіңіп, құрт аурудай іштей жеп келе жатқан
«мәңгүрттік» пен «көзқамандықтан» құтқарар емді қолданбай келе
жатқандығымыз. Басты ем – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі
мәртебесін көтеріп, оны қоғамдық өмірдің барлық саласында іс жүзін-
де қолдану, соның басты бір талабы ретінде билік басына мемлекеттік
тілді білмейтіндерді жолатпау. Осы талап жүзеге асса, қазақ тілінің
айы туып оңынан, күні шығып солынан, халқымызды нұрға бөлеп, Қа-
зақстанның рухы аспандап, мәртебесі аса түсетініне мен кепіл.
Дәлелдеп жатуды қажет етпейтін, тек қана жүзеге асырулуы тиіс
осы бір шаралар соңғы кездерде саясаттың құрбаны болып бара жа-
тыр. «Көп ұлтты» Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
талап ету басқа ұлттардың құқына қысым көрсетушілік болып табы-
лады-мыс, олардың мемлекеттік тілді үйренуіне уақыт берейік, қазақ
тілін меңгертіп болғанша, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі
ретінде қолдана тұрайық деген сияқты небір құйыртқы әрекеттер
жасалуда. Қазақтардың, басқа ұлттардың қазақ тілін үйренуіне деп,
қырауар қаржы бөлініп жатыр. Мемлекеттік тіл заңын орындауда іс
қағаздарын қазақшаға аударумен, аудармашы ұстаумен, сөйлегенде
басында бір ауыз, соңында бір ауыз қазақша айтумен ғана шектеліп,
заңды бұзған, халықты алдаған көзбояушылық ашық түрде жасалуда.
Мұның бәрі де, шындығына келгенде, халықты алдау, не болмаса, ұлт-
тың рухани жағына септігін тигізер ешбір пайдасы жоқ бос әурешілік,
295
немесе пайдасы жоқтығын ескермеген жетесіздік, ең соңында халық
қаржысын далаға шашушылық.
Егер де мемлекеттік тіл заңын қатаң түрде жүзеге асыруға кіріссек,
тәуелсіздік алғанымыздан бергі он жеті жылдың ішінде үйреніп алу-
ға шамалары келмей жүргендер аз уақыттың-ақ ішінде қазақша сай-
рай шыға келер еді. Тәжірибе көрсетіп жүргендей-ақ, шын ниеттеніп
кіріссе, кез келген тілді үш-төрт айдың ішінде-ақ біршама меңгеріп
алуға болады. Демек, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өмірдің бар-
лық салаларында қолдануды жүзеге асырудың бірде-бір шарты — оны
өмір қажеттілігіне айналдыру.
Мемлекеттік тілдің әлемдік тәжірибесіне көз жіберсек, басқаша
жағдайды көреміз. Басқа тәуелсіз елдерде тұрғылықты халықтың тілі
мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында қатаң
түрде қолданылады. Мысалы, Иранда парсылар халықтың үштен бірі-
нен сәл-ақ асатынына қарамастан, парсы тілі- бірден-бір мемлекеттік
тіл. Осы елде тұратын жиырма миллиондай әзірбайжанның тілінде
бірде-бір мектеп, не болмаса, газет, теледидар жоқ; тек тұрмыстық
деңгейде ғана қолданылады. Мұның басты себебі – Иран мемлекеті
парсылардікі, мемлекет парсылардың ұлттық мүддесіне ғана қызмет
етеді. Ирандағы әзірбайдандардың саны көп болғанымен, мемле-
кеттігі жоқ, олардың мемлекеті – Әзірбайжанда. Ал, Әзірбайжанда
мемлекеттік тіл ретінде әзербайжан тілі салтанат құрып отыр.
Тағы бір мысал. Эстонияның Тарту қаласында қырық пайыздан ас-
там орыстар тұратындығына қарамастан, алдыңғы жылы барлық мек-
тептер, жоғарғы оқу орындары эстон тіліне көшті. Бұл дұрыс емес деп,
Ресейдің қолдауымен үлкен айқай- шу болғанына қарамастан ұлттық
мүддеге негізделген мемлекеттік саясат жүзеге асып жатыр. Өйткені
Эстонияда мемлекеттік тіл эстон тілі, сондықтан да ел аумағындағы
барлық іс, оның ішінде оқу орындарындағы білім беру, тәрбие жұмыс-
тары да осы тілде жүруі тиіс. Мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы
халықаралық құқықтық түсінік осындай.
Қай бір жылдары Түркияның Сыртқы істер министрі Тансу Чилер
Жапонияға барған ресми сапары кезінде журналистермен болған кез-
десуінде өзіне қойылған сұраққа ағылшынша жауап бергендігі үшін
елінде оған ағылшынша сөйлеп, түрік тілінің, сол арқылы түрік хал-
қының мемлекеті Түркияның беделіне нұқсан келтірді, тіл туралы заң-
ды бұзды деген айып тағылып, ісі сотқа берілген-ді.
Өткен жылы Еуроодақтың экономика мәселелері бойынша өткізген
бір үлкен жиынында француздың бір үлкен кәсіпкері ағылшын тілінде
сөйлегендігі үшін Францияның президенті Жак Ширак оған қарсылық
ретінде жиынды тастап шығып кеткені бар. Мемлекеттік тіл заңын
сақтаудың, тілді құрметтеудің кейбір мысалдары, міне, осындай.
Қазақтың билік басында жүрген ер-азаматтары ел ішінде болсын,
шет елдерде болсын, түрлі ресми кездесулерде қазақша сайрап жүр-
се, Қазақстанның мәртебесі де артып, әлемге шын таныла түсер едік.
Өкінішке орай, шетке шыққан ұлықтарымыз қазақша сөйлемек түгілі,
296
орысша одан қалды ағылшынша шүлдіреп жүр. Сонда оның қазақтың
тілін білмей тұрып, оның өкілі ретінде сөйлеуге, қызмет арқаруға қан-
дай моральдық құқы бар? Қазақша білмейтін дипломаттардың шет
жұрттарда Қазақстанның атынан қазақша сөйлеп, ұлттық болмысы-
мызды қадір-қасиетімізді, елдігімізді танытудың орнына басқаша сөй-
леп, халықтық мүддеден аулақ жүруін ұлтқа сатқындық деп бағалау
керек. Біздіңше, дипломаттар – қазақ халқының шет елдердегі өкілі,
өзі, өзі болмаса көзі, символы, төлқұжаты. Басқа елдер Қазақстанды
ең алдымен, осыларға, олардың ұлттық тіл, әдебиет, мәдениет, тарих,
әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық болмыс, т.б. туралы айтқандарына қа-
рай бағалайды. Ұлттық болмыс туралы әңгімелемек түгілі, тілінен
мақұрымдардың қалайша қазақ халқының өкілі болып жүргендерін
көз алдыңызға елестетіңізші. Жаныңыз түңіледі.
Соңғы кездерде Қазақстанды әлемге таныту жиі айтылатын болды.
Дұрыс. Бірақ та бұл «атың шықпаса, жер өрте» дегендей, әйтеуір қалай-
да бір көрініп қалудың, болмаса американдықтар түсірген аты Қазақс-
тандық болғанымен, заты еуропалық «Көшпенділер», орыс түсірген
«Моңғол» сияқты фильмдермен ат шығарудың қажеті жоқ. Бұл фильм-
дер қазақты танытпайды, керісінше, ұлт мүддесіне көлеңкесін түсіреді.
Өйткені бұларда қазақтық түгіл, қазақтың иісі де жоқ. Қазақты таныту
дегенде, оны ұлттық болмысымен, өзіндік ерекшеліктерімен, жақсы қа-
сиеттерімен таныту қажеттігін барлық уақытта есте ұстаған жөн.
Ұлт өмірінде, тіл майданына зиялылар ерекше роль атқарады. Қазіргі
қазақ баспасөз беттерінде «зиялы кім?» тақырыбында қызу пікіралы-
сулар жүріп жатыр. Көптің ұғымында зиялы дегеніміз — қоғамдық
өмірдің билік, саясат, экономика, мәдениет, ғылым, т.б. салаларында
қызмет жасап жатқан жоғарғы білімді азаматтар. Бұлардың қоғамдық
өмірдің ұлттық дамуында аса маңызды роль атқаратыны анық. Бірақ
та биік лауазымда отырғандардың барлығын зиялы деуге келе бер-
мейді. Сонда зиялы дегеніміз кім? Біздіңше, зиялы-ұлттың бар жақсы
қасиеттерін бойына сіңірген, өмірін, қызметін ұлттық мүддеге қызмет
етуге арнаған, халқының қамын жеп, жоғын жоқтаған, парасатты ой-
ларымен елге танымал абзал азаматтар. Бұларда жеке бас қамынан
ұлттық мүдде басым тұрады; халқын ұлттық дамудың тура жолына
бастайды, сол үшін күреседі. Өкінішке орай, бізде олай болмай отыр.
Ұлт қамын жасауға тиіс билік басында отырғандардың көпшілігі қа-
зақ тілі түгілі ұлттық атаулыдан мақұрұм. Оларға өз жағдайлары болса
болды, Қазақстанда тұра ма, әлде Америкада тұра ма, бәрібір, өйткені
оларда туыстық, ұлттық, отаншылдық сезімдер жетіспейді.
Қоғамдық дамудың әлемдік тәжірибесінде ұлт зиялылары жетекші
орынға ие. Қалың халықтың арасынан іріктеліп шыққан ұлт қаймағы
саналатын зиялылар сол елдің саяси, рухани, экономикалық билігін
қолына шоғырландырып, ұлттық дамудың тура жолына қарай көш
бастайды. Өкінішке орай, бізде олай болмай отыр. Біздегі саяси, эко-
номикалық билік негізінен ұлтқа қызмет ететін ұлт зиялыларының
емес, шет жұрттық пиғылда тәрбиеленген космополиттердің қолында
297
жинақталған. Оның үстіне Қазақстан экономикасының едәуір бөлігі-
не ие болып отырған жат жұрттықтардың билікке тигізіп отырған
ықпалы да айтарлықтай. Осындай түрлі факторлар жинала келгенде,
елімізде ұлттық саясаттың пәрменді жүргізілуіне кері әсерін тигізіп
отыр. Қоғамдық, саяси өмірде экономикалық, мәдениет салаларында
бар билікті қолына жиып алған, мемлекеттік маңызы зор шешімдер
қабылдап отырған азғантай элиталық топ ұлт зиялысы ретінде халық-
қа қызмет етудің орнына, өзінің бар қабілетін жеке басының жағдайын
жұмсап, ертеңгі күнім қалай болады деп халқынан қорқып, жиған-тер-
генін шет ел асырып жатқан жағдайы да жасырын емес.
Осы жерде ұлттың болашағы үшін аса маңызды мына бір мәселеге
тоқтала кеткен жөн. Ол – болашақ ұрпақты тәрбиелеу мәселесі. Кезін-
де М.Әуезов «ел боламын десең, бесігіңді түзе», яғни өмірге келген
сәбиді бесіктен бастап дұрыс тәрбиеле деген. А.Байтұрсынов «Әуелі
біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге де-
сек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісін-
дегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі» депті.
Алашшыл азаматтардың барлығы дерлік ұлттың болашағында ұлттық
тәрбиенің аса маңыздылығын есітер құлақ болса айтудайын-ақ айтып
өтіпті. Осы бір ұлт тағдырының болашағына тікелей қатысы бар мәсе-
ленің тәуелсіз ел атанған бүгінгі күнге дейін өзінің нақтылы шешімін
таба алмай келе жатқандығы қынжылтады. Жоғарыда біз тоқталып
өткен «әттеген-айлардың» көпшілігі дерлік жас ұрпаққа берілетін тәр-
бие ісіндегі жетіспеушіліктерден, яғни білім беру, тәрбиелеудің ұлт-
тық негізге сүйене отырып жүргізілмеуінен. А.Байтұрсыновтың «...Әр
халыққа керегі – өз діні, өз тілі, жазуы сақталуы. Солай болған соң
бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, саясаттан алыс оларға
керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан ты-
ныш болу керек...Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін
нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-
кәсіп, жаратылыс жайы деген сөздерін ескермеуден туындап отырған-
дығын ашық айтқан жөн.
Ғалымдардың зерттеуінше, жас баланың ойлау жүйесі 13 жасқа
дейін атадан балаға берілетін тұқым қуалаушылық (ген) арқылы, яғни
ұлттық негізде қалыптасады. Егер де баланы жас кезінде ғасырлар
бойы дамып жетіліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық
ойлау жүйесінде сөйлетіп оқытпай, ойлау жүйесі мүлдем бөлек басқа
тілде сөйлетіп, оқытатын болса, мидағы бұрыннан бар жүйеге жаңа,
бейтаныс жүйе қарама-қайшы келіп, яғни, бір-біріне кедергі жасап,
баланың ойлау қабілетінің дамуында тежелу пайда болатынын ғалым-
дар дәлелдеп отыр. Сондықтан да қазір өркениетті елдерде бастауыш
мектептегі оқу тек ана тілінде жүріп, шет тілдері содан кейін барып
оқытылып жүр. Баланың ойлау жүйесі бастауыш сыныптарда қалып-
тасып болған соң барып шет тілдерін оқытса, ол тез игеріп кетеді екен.
Мысалға Жапонияда алтыншы сыныпқа дейінгі сабақтар тек қана ана
тілінде жүріп, өзге тілдер содан кейін оқытыла бастайды.
298
Әлемдік тәжірибеде мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің
дені – ұлттық негізде тәлім-тәрбие алғандар. Өз тәжірибемізге келетін
болсақ та бұл пікірімізге дәлек болар мысалдарды көптеп келтіруге
болады. Кеңес өкіметі жылдарында бір ғана Баянауылдан он академик
шығыпты. Сонда солардың тоғызы қазақ та біреуі ғана орыс мектебін
бітіріпті. Ол кезде орыс мектебінде оқығандар мықты саналатын. Бі-
рақ нәтиже жаңағыдай. Тағы бір мысал: Қазақтан шыққан математи-
ка ғылымы докторларының тоқсан тоғыз пайыздайы қазақ мектебін
бітіргендер екен. Осы мысалдардың өзі-ақ болашақ ұрпақты ұлттық
негізде тәрбиелеудің аса маңызды екендігін аңғартса керек. Кеңес өкі-
меті жылдарында ұлттық мектептердің көптеп жабылып, орыс мек-
тептерінің оріс алуы қазақ халқының ұлттық тұрғыдан дамуына орны
толмас олқылықтар туғызды. Соның зардабын әлі күнге дейін жоя ал-
май жатырмыз.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, қазір қолға алынып жатқан «үш
тұғырлы тіл» бағдарламасы төңірегінде де ойларлық жәйттер баршы-
лық. Мәселенің жалпы қойылысы – дұрыс. Бірақ та қазақ тілін әлі
толық үйрете алмай, орыс тілінің өктемдігінен құтыла алмай жатқан
қазаққа, үшінші ағылшын тілін оқытуға келгенде, ортаға салып, ше-
шетін мәселелер бар. Ана тілін әлі жөнді меңгермеген балаға орыс
тілін, оған қоса ағылшын тілін оқытатын болсақ, ойлау жүйесі әлі қа-
лыптаспаған жастың басы қатып, миы ашып, мипалау болып кетпей
ме?! Осыдан барып, не ана тіліне жетік емес, не шет тілдерін онша
білмейтін, ұлттық, руханият бұлағынан сусындамаған дүбәра ұрпақ
болып шықпай ма? Біздің ойымызша, бастауыш сыныптарда бала тек
қана ана тілінде білім алып, тәрбиеленіп, содан кейін барып, шет тіл-
дерді үйренуді қолға алса, бірден-бір жемісті жол осы болар еді.
Мемлекетіміз Қазақстанның болашақ құрылысшыларын тәрбие-
леуге ерекше мән беріп отыр. Жан жақты білімді де маман жастарды
тәрбиелеу еліміздің ертеңін бүгңн ойлағандық. Мектепті білім мен
имандылықтың, ұлттық тәрбиенің алтын ұясына айналдыруда қы-
рауар істер күтіп тұр. Осы бір аса маңызды істе біз бір нәрсені онша
ескере бермей жүрген сияқтымыз. Халықаралық қалыптарға сай ма-
мандар даярлау керек дегенде, мектептерде, жоғарғы оқу орындарын-
да оқу-тәрбие жұмыстарын түгелдей батыстық үлгіде жүргізу қажет
пе? Біздіңше, жоқ. Алдымен айтарымыз: оқу, тәрбие жұмыстары-егіз.
Демек, білім беру ісінің де ұлттық сипаты бар. Өйткені тәрбие ұлттық
негізде жүргізіледі. Ұлттың білімді де парасатты ұрпақтарын тәрбие-
леу – мектептің басты парызы. Әл- Фарабидің «адамға білімнен бұрын
тәрбие берілуі керек» дегенінде көп мән жатыр.
Тағы бір ескерерлік нәрсе, біздегі бұрыңғы оқу жүйесі қазір айтып
жүргеніміздей онша жаман емес- тұғын.Кезінде батыстың өзі мо-
йындаған, жан-жақты білім, тәрбие беруімен ерекшеленген жүйе бо-
латын.Соның бәрін жоққа шығарып, Батыстағының бәрі жақсы деп,
елеп екшемей, оның оқу жүйесін тұтастай көшіріп әкеле салу- сыпа-
йылап айтқанда, көзсіз еліктеушілік. Сосын біз шет елдер үшін емес,
299
Қазақстан үшін мамандар дайындаймыз. Сондықтан да оқу орында-
рында, әсіресе орта мектептердегі сабақ қазақ тілінде жүріп, бір шет
тілін оқыса жетеді. Қазақ тілімен қоса екі шет тілін үйренуге барлық
оқушының шамасы келе бермейді, оның үстіне қажеті де шамалы. Ал
қабілеті бар дарынды балаларды іріктеп алып, арнаулы мектептерде
бірнеше шет тілдерін оқытса, оның жөні бөлек. Не болмаса, мек-
тептің ішінен арнаулы сыныптар ашып, соларда белгілі бір шет тілін
тереңдетіп оқытқан дұрыс. Сонда ғана барып, ана тілін жақсы білетін,
оның үстіне бірнеше шет тілдерін де белгілі бір дәрежеде меңгерген
жастар тәрбиеленіп шығады. Оның үстіне Қазақстандық маманға шет
елде қызмет атқару қажеттігі туса, шет тілін екі-үш айдың ішінде-ақ
игеріп алуына мүмкіндік тағы да бар.
Осы жерде елімізде жүзеге асып жатқан «Болашақ» бағдарламасы
жайлы да айта кеткен жөн. Негізінде, идея- өте дұрыс. Ал жүзеге асы-
руда ескерілмей жатқан нәрсе көп. Солардың ең бастысы – шет ел-
дерге оқуға ана тілін білмейтіндердің кетіп, олардың оқу барысында
«батыстық құндылықтармен» суғарылып қайтуы, немесе сол жақта
қалып қоюы, өз ішімізден шыққан мәңгүрттерден құтыла алмай жат-
қанда, шетелдерде соңғы үлгімен «модный», «импортный» мәңгүрт-
терді жасай бастауымыз. Мұның өзі қазақ қауымында сырты қазақ,
іші «батыстардың» көбейіп, ішкі бірліктің нығаюына нұқсан келтіріп,
жіктелуді күшейте түспес пе екен деген ойлар келеді. «Болашақ» бағ-
дарламасы бойынша оқып жатқандардың үштен бірінің қазақ тілін
білмейтіндігі, оннан бірінің ғана ауылдан шыққандағы көңілге кірбең
ұялатады. Қазақ тілін білмейтін оның үстіне жат жұрттық пиғылда
тәрбиелегендердің қазаққа қызмет етуі екіталай. Олардың алғашқы
толқынының кейбір өкілдері Қазақстанда қазақ тілінің мемлекеттік
тіл ретінде қолданылуына қарсылық білдіріп, елге оралудан бас тар-
тып жатыр. Сондықтан да шет елдерге оқуға жастарды жаппай емес,
ана тілін білетін, сана-сезімі қалыптасып, оң-солын танитындарды,
тіпті жоғарғы оқу орнын бітірген соң азамат ретінде қалыптасқан
үздіктерді ғана мамандануға, немесе белгілі бір сала бойынша тәжі-
рибеден өтуге жіберсе, қыруар қаржы еліміздің білім беру жүйесін
нығайтуға жұмсалар еді. Біз алдағы уақыттарда мамандарымызды,
ғалымдарымызды шет елдерде емес, өзімізде дайындау жағын көбірек
ойластырып, оған қажетті бар жағдайларды жасауымыз керек.
Қазір әлемдік деңгейде жаһандану үдерісі жүріп жатқан кезде дүние
жүзінің халықтары өздерінің тілін, мәдениетін қорғауға шұғыл кірісіп
жатыр. Өйтпесе, ұлт ретінде жойылып кетеді. Қам жасау, ол үшін тілін
қорғау ұлт ертеңін ойлағандықтан. Тіпті Еуропаның Франция, Гера-
мания сияқты азулы мемлекеттерінің өздері халықаралық деңгейде
кеңінен қолданылып жүрген тілдерін сақтауға көшті. Жиырмасыншы
ғасырдағы ең үлкен империяны құрған Ресейдің өзі орыс тілін қор-
ғау ұйымын құрып, оны ел президентінің жұбайы басқарады. Отар-
шылдық саясатты жүргізу мақсатымен басқа елдерге шашырап кеткен
орыстарды жаңа жағдайда жергілікті жерінде ассимилияцияға түсіп
300
кетпесін деп, Ресей өкіметі арнайы бағдарлама жасап, оларды тарихи
отанына шақырып, қоныстануға барлық жағдайын туғызып жатыр.
Жаһанданудың негізгі қозғаушы күші болып отырған Америка
әлемді бір оқ шығармай, ағылшын тілімен жаулап алуға бел шеше
кірісіп кетті. Америка мен Англия бұл мақсатына ағылшын тілін
күшейту арқылы қол жеткізбек. Сондықтан да бұл елдердің бар
мүмкіндіктері – экономикалық, гуманитарлық қуаттары осы іске
жұмылдырған. Оларда ағылшын тілін әлем халықтарына таратуды
көздеген мемлекеттік, түрлі қоғамдық ұйымдардың бағдарламалары
жұмыс істейді. Ағылшын тілін тегін үйрететін мұғалімдерді жер ша-
рының кез келген түкпірінен табасыз. Ал Батыстық үлкен фирмалар,
миллионерлер ағылшын тілі дегенде еш нәрсесін аямайды, қанша қа-
ражат сұрасаңыз, сонша береді. Шын мәнінде, сыртқы атауы әдемі,
ішкі мақсаты тіл арқылы рухани жағынан аздырып, әлсіреген елге
өктемдігін орнатуды көздейтін жаһандану аса қауіп төндіріп тұрған
кезде біздің де қамымызды жасаудың орнына есік-тереземізді ашық-
шашық тастауымыз ұлтжанды әрбір азаматты ойлантуы тиіс.
Қазір әлемдік көлемде жаһандануға қарсылық күшейіп келе жатыр.
Нәтижесінде ағылшын тілінің тарауы сәл салбырсып, ұлт тілдерінің
қолдану аясы кеңи түскен. Солай десек те ағылшын тілінде сөй-
леушілердің саны әлем халқының бір пайызына жақындаған. Ағыл-
шын тілінде сөйлейтіндер – негізінен билік басындағылар, ғалымдар.
Ағылшын тілі ел билеу, ғылым тіліне айналуда. Сөйтіп ағылшын тілін
халықты өрге сүйреуге тиіс билік басындағы ықпалды аз ғана топ зия-
лылардың тіліне айналдыру арқылы ұлтсыздандыру саясаты әлемдік
ауқымда қарқынды жүріп жатыр...
Тіл туралы заңның жүзеге аспай, соның салдарынан рухани
өміріміздің жүдеу тартып, ұлттық мүддеміздің ойсырап жатуының
басты себебі- мемлекеттік тұрғыдан жүргізілуге тиісті ұлттық идело-
гияның жоқтығы. Осы бір ұлт үшін аса маңызды мәселе төңірегінде
демократиялық қоғамда идеология қажет пе, бір идеологияны ұстан-
сақ, Қазақстан халықтарының еркіндігіне нұқсан келмей ме деген
сияқты дау туғызып жүргендер де бар. Дәлел ретінде кеңес өкіметі
кезінде коммунистік иделогияның өктемдік құрғанын, ой, ұлт бос-
тандығына тұсау салғанын алға тартады. Кеңес өкіметі коммунистік
иделогияны отаршылдық саясатын бүркемелеуге, басқа елдерді ба-
ғынышты ұстауға ғылыми негіз ретінде пайдаланды. Ал бізге тәуелсіз
Қазақстанға енді ешкімге бодан болмау үшін, егемендігіміздің іргесін
нығайта беру үшін ұлттық иделогия қажет.
Сонда Қазақстанға қажетті иделогия дегеніміз не нәрсе? Идея де-
геніміз, белгілі бір мәселенің шешімі туралы ой, пікір, көзқарас болса,
идеология- бір жүйеге келтірілген идеялардың жиынтығы. Идеология
әртүрлі. Социалистік, коммунистік идеологияның негізі әлеуметтік
теңдік орнайтын қоғам құру болса, буржуазиялық идеология байлар-
дың, билеуші топтардың мүддесін қорғайтын идеялардан тұрады. Әр
адамның, белгілі бір топтың (партияның) мүддесі болатыны сияқты
301
ұлттық дамудың да нақтылы жолдары айқындалуы керек. Ұлттың то-
лық қанды өмір сүруін қамтамасыз етуге тиісті идеялардың бірлігін
ұлттық идеология дейміз. Мысалы, сионизм – еврейлердің ұлттық
идеологиясы. Ұлттық идеология негізінен қоғамның ұлттық даму жо-
лындағы бағдар шамы ретінде өзгермейді. Түрлі тарихи жағдайларға
байланысты оны жүзеге асыру тәсілдерінде ғана (тактика) азын- ау-
лақ өзгерістер болғанымен де басты қағидалары ұрпақтан-ұрпаққа
ұласып, ұлтты өрге қарай сүйрейді. Қазақ халқының ғасырлар бойы
армандаған ұлттық мемлекет құру идеясы ХХ ғасырда жүзеге асты.
Отаршылдықтың ойранынан ұлттық рухы әбден әлсіреген қазақ хал-
қы тәуелсіздігін алғанымен, алдағы болашақ даму жолдарын көрсетіп
беретін ұлттық идеологиясын жасау күн тәртібінен түспей келеді.
Ұлттық идеологияның негізі – тіл. Тіл – ұлт болып ұйысудың негізі.
Әрбір ұлт өзінің болашақ дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мем-
лекеттігін құрады. Қазақстан – қазақ ұлтының мемлекеті. Сондықтан
да Қазақстан көлемінде қазақ ұлтының өркендеп дамуы үшін барлық
жағдайлар жасалуы, кез келген мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан
шешілуі керек.
Бізде ұлттық идеологияның жоқтығын қазақ тілінің қазіргі бейшара
халінен көруге болады. Өз елінде, өз жерінде, тәуелсіз мемлекетінде
мүсәпір күй кешкен қазақ тілінің жағдайын ешбір елден кездесті-
ре алмаймыз. Ертеңін ойлаған тілінің өсіп өркендеуі үшін барлық
жағдайларды жасайды. Сонда ғана барып шешілмей жатқан ұлттық
проблемалардың барлығы дерлік орын орнына келеді. Өйткені ұлттық
тіл – ұлттықтың басты көрсеткіші, ұлттық руханияттың қайнар көзі,
ұлттың асыл қасиеті. Адам белгілі бір әлеуметтік ортада өмір сүретін
болса, сол ортаның негізін құрайтын рухани, мәдени құндылықтар
түптеп келгенде, ұлттық тілден бастау алатындығы әрдайым есте бо-
луы керек.
«Ораза, намаз – тоқтықта» дегендей, адамға жанды организм ретін-
де өмір сүруі үшін алдымен тамақ, киім, үй-жай керек. Сосын Адам
болып ғұмыр кешуіне рухани азық керек. Адамға адамзат қоғамында
адам сияқты тіршілік жасауын осы екі түрлі азық қамтамасыз етеді.
Осының біріншісі басым болып, екіншісі жетіспей жатса, адамдар ру-
хани жағынан азғындап, қоғам іріп-шіриді. Сөйтіп халықтың қауым
ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіне қауіп төндіреді. Сондықтан да екі
жағын да тең ұстап отыру- қоғамдық дамудың басты талабы. Рухани
жағынан әлсіз халық кез келген күштінің қанжығасында кетуі мүмкін
екендігін тарих талай рет көрсеткен. Рухы күшті адам халық-барлық
уақытта да күшті. Басына әлеуметтік, экономикалық жағынан қанша-
ма қиындықтар төнсе де ол бұған мойымайды, жеңілмейді, керісінше
ол рухтанып, сол рухы арқылы күшейе түсіп, уақытынша жеңілгені-
мен де, түбінде бір жеңіп шығады.
Рухы күшті халық жасампаз келеді, өлмейді. Ата-бабалармыздың
толарсақтан саз кеше жүріп, бала-шағасын асырауы, халық қамын жа-
сауы, елге шапқан жауға қайтпай қарсы шығып, қорғап қалуы, ақын
302
Жұбан айтқандай, «Мың өліп, мың тірілгеніне» қарамастан осынша-
ма жерді ұрпақтарына – бүгінгі бізге көзіңнің қарашығындай сақта
деп, мұра етіп қалдыруы осы рухтың күштілігінен. Ата-бабалар рухын
шақырып, атқа мінгенде, рухтанбайтын қазақ жоқ, Әттең, сол жаудан
да қайтпаған қайсар ұлттық рухымыз бодандық кезінде барынша әлсі-
реген, бірақ өлген жоқ. Енді Алланың шапағаты тиіп, тәуелсіздіктің
көк байрағы төбемізде желбіреген мына бақытты заманда ұлттық
рухымызды асқақтата алмаса, қазаққа – серт; ол – бүгінгі ұрпақтың
алдында тұрған асыл парызы. Ол үшін қазір елімізде барлық жағдай
бар. Қазақстанның қазіргі экономикалық қуатының мүмкіндіктері то-
лық жеткілікті.
Қазақстанның негізгі байлығы – оның адамдары. Халық неғұрлым
саналы болса, мемлекеттігіміздің іргесі де соғұрлым берік. Ал сана-
лылықты қалыптастыру оңай шаруа емес. Адамдардың көпшілігі
тіршіліктің тауқыметімен тұрмыстық санадан аса алмай, тіпті қарақан
басын, бала – шағасын асырай алмай жүргендері де бар. Демек, олар-
ға материалдық жағдай жасау керек. Ал енді біреулері дүниенің со-
ңына түсіп кеткен: бұларда бәрі бар, бірақ ұлттық сана, ұлттық рух
жоқ. Бұларда бәрі өзімде болсын,басқалар не болса, со болсын деген
өзімшілдік психология басым. Олар ана тілін де білмейді, сондықтан да
ұлттық асыл қасиеттер уызында жарымағандықтан бойына дарымаған.
Ұлттық сана – сезімді қалыптастыру рухани дамудың басты бір
шарты десек, оны ана тілін үйретуден бастап, сол тілде жазылған әде-
биетті, тарихты, ғылымды оқытып, сүйтіп ұлтық рухани құндылық-
тарынан сусындауға барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Ұлттық сана
– адамның рухани дамуының ең жоғарғы сатысы. Адам көп оқып көп
білгенімен де тіпті ғылым, немесе мемлекет қайраткері болғанымен
де ол ана тілінен сусындамаған болса, ұлттық санасы кемшін соғып
жатады. Онда ғылыми сана бар да ұлттық сана жетіспейді. Мұндай
жағдайдың басты себебі – олардың ұлттық руханияттан суғарылмауы,
ана тілінде жазылған мәдени, ғылыми мұралардағы асыл қазыналар-
дан ауызданбауы, өзгелердің отын оттап, гөйін гөйлеп кетуі дер едік.
Мұндай жағдай өз ұлтын сйламаушылыққа, мақтан тұтпаушылыққа,
тіпті сатқындықа алып барады.
Ұлттық сананың қайнар бастауы – тіл, сол тілде жазылған әдебиет,
тарих екендігі әрдәйым есте болған жоқ. Өз халқының тілін, әдебиетін
білмейтін адамды қазіргі заманда, М. Әуезов айтпақшы, мәдениетті
адам деу қиын. Ұлттық сана мен ұлттық рух – адам бойындағы асыл
қазына, адамдықтың асыл бөлігі. Ұлтының асыл қасиеттерін бойына
сіңіре алмаған адамның мен қазақпын деуге, қазақтың атынан сөй-
леуге моральдық құқы жоқ. Сөйлесе де ол қазақтың қазақи жанын,
жағдайын түсініп, сөзін шынайы жеткізе алмайды; солай болғанның
өзінде де бірде болмаса бірде бүлдіріп, немесе қиғаш тартып, зиянын
тигізеді. Сондықтан да мәңгүрттер мен көзқамандарды билік қазаны-
ның құлағына жақындатпау керек.
303
Тәуелсіз Қазақстан қазір өркениетті даму жолына түсті. Отаршыл-
дықтың салдарынан саяси, экономикалық, рухани жағынан көп артта
қалған қазақ халқы өткен жолдарын саралап, өркениетті қоғам жасау-
ға кірісіп те кетті. Өркениетті қоғам дегеніміз – материалдық жағы-
нан да, рухани жағынан да адамдардың бақытты өмір сүруіне барлық
жағдайлар жаслаған қоғам. Өркениеттің басты көрсеткіші мыңғырған
байлық пен сән-салтанатқа бөленген сәулетті сарайлар ғана емес, ұлт-
тық негізде жан жақты білім алып, тәрбиеленген парасатты адамдары,
сол адамдардың арасында гуманистік қарым-қатынастардың орнауы.
Сондықтан да өркениетті қоғам орнатудың құрамдас бір бөлігі болып
табылатын рухани жағынан жетілген адамдарды, яғни ана тілін жетік
білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, елін, жерін, халқын сүйетін рухы
күшті ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті.
Түркі халықтарынан шыққан Ысмайыл Ғаспарлы түркі бірлігінің
негізін, «тілде, ойда, істе – бірлік» санаған. Бірінші дүниежүзілік
соғыстан әбден қалжырап шығып, ыдырауға бет алған түрік халқын
М.Ататүрік осы үш бірлік арқылы басын қосып, өркениетті даму жо-
лына салған. Байқасақ, тіл бірлігі – барлық бірліктің негізі, ұлт тұтас-
тығының темірқазығы. Тіл бір болса, сол тілде ойланған ой да, сөй-
ленген сөз де, істелінген іс те – бір. Түрікше пікірлер айтылғанымен де
олардың көздеген мақсаты, құяр арнасы бір, ол- ұлттық мүдде.
Басқа тілде ойлап, сөйлеген адам сол ұлттың кейпіне түсіп, ролін
ойнағанын, сөзін сөйлеп, мүддесін көздегенін өзі де білмей қалады.
Өйткені тілде адамды қай тілде сөйлесең, ойласаң сол ұлттың өкіліне
айналдырып жіберетін код, құдірет бар. Ең бастысы тіл бірлігі болса,
ой басқа, сөз басқа, іс басқа, яғни ой мен сөздің, сөзбен істің арасын-
да қайшылықтар болмайды. Тіл бірлігі, дін бірлігі (өз алдына үлкен
проблема), діл бірлігі сияқты ел бірлігінің құрамдас бөліктерін негізгі
шарттарын ұдайы сақтап отыру – мемлекеттік тұтастықтың, оның бо-
лашағының басты кепілі.
Жарқын болашаққа нық қадам басқан қазақ халқы өсіп- өркендеуі
үшін Қазақстан атты мемлекеттігін құрды. Еліміздің бірлігі артып,
ынтымағы жараса беруі жолында ұлттың ұйытқысы, басын бірікті-
рушісі қазақ тілін күшейтіп, халықтың қозғаушы жасампаз күш-қуаты
ұлттық рухымызды асқақтата беру – әрбір азаматтың абыройлы ісі.
Қазақстанның тұғыш президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның бо-
лашағы — қазақ тілінде» деген қанатты сөзі әрдәйім есте жүргей.
Сонымен, тіл- ұлттың қаны, жаны, рухы. Жансыз нәрсе — өлі нәр-
се. Қансыз — қасиетсіз, рухсыз — тіл өлік. Адамның бойындағы бар
асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналған. Рухы күшті
адам, халық еш уақытта жеңілмейді. Әлсірген рухымызды күшейтіп,
қоғамымыздың қозғаушы күшіне айналдыру — бүгінгі әрбір ұлтжан-
ды азаматтың ұлт алдындағы азаматтық парызы.
304
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҚАЗЫНАСЫ
А
дамзат қоғамы – жер бетіндегі тіршілік дамуының ең жоғары
сатысы. Адамды мұндай биікке шығарған – оның тілі мен ой-
лау қабілеті. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы ретінде
пайда болған тіл даму барысында сөйлеу тілінен саяси-әлеуметтік,
ғылыми, көркемдік сипат алып, тұтас бір ойлау жүйесінің қалыпта-
суына алып келді. Қоғамның дамуымен бірге адам да жетіліп, тұр-
мыстық сана ғылыми-көркемдік санаға ұласты. Әр халықтың әр түрлі
жағдайда әркелкі дамуына байланысты олардың сана-сезімі де өзгеше
қалыптасып, тұтас бір идеологияға ұласты. Ал ұлттық идеология де-
геніміз, белгілі бір этностың қазір де, болашақта да өмір сүріп, өркен-
дей беруін қамтамасыз етуді көздейтін пікірлердің жиынтығы. Әрбір
халықтың өзінің жеке бір ұлт ретінде өмір сүруінде басшылыққа алып
отыратын ұстанымдары ұлттық идеологияның негізін құрайды. Осы
жерде бір нәрсенің басын ашып алу керек. Әдетте, ұлттық идеология
“бұл бір ғана ұлтқа қызмет етіп, басқаларға қарсы бағытталады” де-
ген сияқты ұшқары пікір де туындап жатады. Ал шын мәніндегі ұлт-
тық идеология бір ұлтқа қызмет еткенімен басқа этностарға да жат
емес. Өйткені, онда бір ұлттың қамы өңге ұлттардың мүдделерімен
орайластыра отырып шешілуі керек. Өйткені, өз ұлтын шын сүйген
адам ғана басқа ұлттардың да өзі сияқты өмір сүргісі келетінін түсініп,
оларға құрметпен қарайды. Ал егер басқа ұлттардың да этнос ретінде
өмір сүруін мойындамай, тек менің ұлтым ғана болсын дейтін пиғыл-
дың үстемдігі нәсілшілдік, фашистік идеологияға ұласып, мұның өзі
сол ұлттың өзіне де, басқа халықтарға да аса қауіпті жағдайға әкеп
соқтырады. Мұндай идеологияның соңы ешуақытта да жақсылыққа
апарған емес. Рас, алғашқы кездерінде сол халықтың ұлттық намы-
сын оятып, ұлттық деңгейдегі ауқымды істерді жүзеге асыруда белгілі
бір жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін. Ұлттың, немесе мемлекеттің
томаға-тұйық өмір сүруі мүмкін емес, қоғамдық дамудың халықара-
лық қарым-қатынастарға тікелей байланыста болып отырған қазіргі
жағдайда мұндай саясаттың ақыры апатқа соқтырмай қоймайды.
Мысалға: екінші дүниежүзілік соғыстың тууына негізгі себеп болған
Гитлердің фашистік, Еуропа отаршылдарының Африканы, Азияны
отарлауға негізделген нәсілшілдік, Израильдің араб жерін басып алу-
ды көздейтін сионистік идеологиялары. Еуропаны Шығыстан жоғары
қоятын еуроцентризм де осындай идеологияға жатады.
Қоғамдағы, әлемдегі тынышсыздықтардың барлығы дерлік өзін, өз
ұлтын өзгелерден жоғары қойып, менікі болсын, өйткені мен олардан
артықпын, өзгелердікі тоқтай тұрсын деген өзімшіл, менмен пиғыл-
дардан туындап жатады. Демек, өз ұлтын сүюді, оның мүддесіне адал
305
қызмет етуді көздейтін ұлтшылдық сол ұлтқа да, қоғамға да пайдасын
тигізіп, өрге сүйресе, тек маған, менің ұлтыма ғана болсын, басқалар
не болса, ол болсын деп, жағдайын өзге ұлттардың есебінен жақсар-
туды көздейтін әсіре ұлтшылдық қоғам үшін аса қауіпті. Сондықтан
да, тәуелсіздік даңғылына енді түсіп отырған Қазақстанның болашақ
даму бағыттарын айқындайтын ұлттық идеология жасау қажеттілігі
алда тұрған қазіргі жағдайда әлеуметтік өмірдің осы сияқты көптеген
факторларын барынша ескеріп отыру – жемісті жол.
Ұлттық идеологияның негізгі тірегі – тіл. Өйткені, ұлт дегеніміз
– тіл. Тіл жойылса, ұлт та жойылады. Тіл мен ұлт біртұтас. Этнос-
тың пайда болуымен бірге оның тілі де өмірге келеді. Ал, этностың
туындауы белгілі бір аймақта өтетіндіктен де оның тілі де осы жермен
тікелей байланыста дамиды. Сондықтан да ұлт өмірінде сол этнос ту-
ған, қалыптасқан, өсіп-өнген жерді қорғау – ең басты мәселе. Өйткені,
өмір сүретін, өсіп-өнетін белгілі бір мекені жоқ ұлт та жоқ. Жерінен
айрылған ұлттың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да жер бетіндегі
тіршіліктің барлығы да осы өмір сүру, өмір сүруге қажетті, қолайлы
жерді иелену үшін күреске құрылған. Адамзаттың өткен жолдарына
көз жіберсек, тарихтың өзі күшейген бір халықтың одан да жақсы өмір
сүруі үшін екінші бір халықтың жерін, байлығын басып алу, немесе өз
териториясын басқыншылардан қорғау үшін жүргізген соғыстарынан
тұратындығына көзіңіз жетеді. Демек, адамзат тарихы әрбір этностың
өзі өмір сүретін ортасын қорғау жолындағы күрестерінің шежіресі
екен. Ұлттық идеологияның басты мақсаты ұлт мүддесіне қызмет ету
болса, ондағы ең бір өзекті мәселе – Отан қорғаудан артық мәселе жоқ.
Әрбір адам өзі топырағынан жаралған, сол жерде өсіп-өнген ризықты
теріп жеп, өмір сүріп отырған Отан атты үлкен үйін қорғауға міндетті.
Отанын, елін қорғай білу – сол халықтың өміршеңдігінің белгісі.
Ұлт өмірінің күнделікті тіршілік барысында шешімін тауып отыруға
тиісті сандаған мәселелері баршылық. Кейбіреулерін шешу барысын-
да әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты кей кездерде белгілі бір
уақытқа дейін күте тұруға, не болмаса шегіне тұруға болар. Ал ешуа-
қытта да шегінуге болмайтын бір ғана мәселе бар. Ол – атамекенде
жатжұрттықтардың ойран салуына жол бермеу. “Ойран салу” дегенді
әдейі қолданып отырмыз. Өйткені, басқалар үшін біреудің жері – тек
пайда табу көзі ғана. Ол жер ертең де керек-ау деп ойламайды. Осы
сәттік қана пайданы ойлаған олар осы мүмкіндікті барынша пайдала-
нып қалғысы келіп, табиғат атты жер-ананың ойранын шығарады. Ал
сол жерде өмір сүріп жатқан адам ертеңін, болашағын ойлайды. Олар
үшін ата-бабалары ғұмыр кешкен жердің әрбір тасына дейін киелі;
даласында алдыңғылардың ыстық табанының ізі жатыр; бұлағынан
келіп, әкесі атын суарған, анасы келіп су алған; осы жерді көркейтемін
деп төккен тер, қорғаймын деп аққан қан іздері жатыр. Бір сөзбен айт-
қанда, жалпақ бет қара қазақ үшін Алтайдан Ақтауға дейін созылып
жатқан таулы-тасты, орманды-шөлді көсіліп жатқан кең даладан қа-
сиетті жер жоқ. Ит байласа тұрғысыз айдалада қысы-жазы малдың
306
соңында жүрген қазақ үшін сол жер “жұмақ”. Сырт қарағанда қысы
қатал, жазы ыстық, өмір сүруге қолайсыздау көрінетін аймақта туып,
өсіп, өмір сүріп жатқан адамның сол жердің жақсы қадір-қасиеттері,
киелі ттарихы жайлы не бір әңгімелерін тыңдағанда шынымен-ақ осы
жерден мықты жер жоқ екендігіне иланып қалғандай да боласыз.
Қазақ халқының тарихы да елімізді қорғап қалған не бір ерлік шежі-
релерінен тұрады. Әрбір адамның өмірдегі ең жақыны ата-анасы бол-
са, халқымыз туған жерді “атамекенге”, “жер-анаға” теңеп, оны көздің
қарашығындай қорғау әрбір азаматтың басты парызы санаған. Ата қа-
зақ Отанын қорғаудың небір асқан үлгілерін көрсетіп, оны тарихтың
көнерген парақтарына қанымен жазып кетті; көркем тілмен көмкеріп,
әспеттеп, кейінгі ұрпаққа ата-баба өсиеті ретінде мирас етіп қалдыр-
ды. Қазақтың азаматтық тарихынан да, әдеби мұрасынан да қазақтың
кең даласын кейінгі ұрпақтардың бақытты өмір сүруі, өсіп-өнуі үшін
жан беріп-жан алысып, майдандасып қорғап қалған ата-бабаларымыз-
дың небір асқан ерліктерін, барлығынан айрылсаң да жерден айрылу-
ға болмайды деген ұлы өсиетін көреміз. Бір ғана мысал. Біздің жыл са-
науымыздан екі жүз жылдай бұрын өмір сүрген ғұндардың билеушісі
Мөденің тарихи, әдеби бейнесі бізге жеткен. Кең далада еркін өмір
сүріп жатқан ғұндар еліне көрші Хань (Қытай) патшасы көз алартып,
арам ойларын жүзеге асыруға кіріседі. Қалай тиісерге сылтау іздеген
көрші елдің патшасы Мөденің сол өңірде бәйгенің алдын бермей жүр-
ген атақты сәйгүлігін сұратып, елші жібереді. Мөде уәзірлерін жинап
алып, мән-жайды түсіндіріп, ертең таңертең не істейтінімізді ойланып
келіңдер дейді. Ертеңгісін жиналған уәзірлердің барлығы да бірауыз-
дан “Хан ием, тұлпарды дұшпанға беруге болмайды. Тұлпар – ер қана-
ты. Тұлпардан айрылу – қанаттан айрылу деген сөз. Оның үстіне бұл
тұлпар бәйгенің алдын бермей, сіздің мәртебеңізді биіктеген үстіне
биіктетіп, атақ-даңқыңызды шартарапқа жайып жатыр” – дейді. Бі-
раз ойланып отырған Мөде орнынан тұрып, бір ауыз сөзге келместен
“тұлпарды беріп жіберіңдер” дейді. Аң-таң қалған уәзірлер бір-біріне
үнсіз қарасып, тарайды.
Тағы біраз уақыт өткен соң, хан билеушісі тағы да елші жіберіп,
енді Мөденің әрі жас, әрі сұлу тоқалын сұрайды. Хан уәзірлерін ша-
қырып, мән-жайды айтып, тағы да ойланып келіңдер деп тапсырады.
Ертеңгісін хан алдында уәзірлер тағы да бірауыздан “Хан ием, тоқа-
лыңызды көршілердің ханына беруге болмайды; оның сіздің қойны-
ңыздағы қатыныңызды сұрағаны – сізді қорлағаны, басынғаны; одан
да ар-намысты қорғап, жолында өлейік” дейді. Ойланып отырған
Мөде хан бір кезде: “сұрағанын беріңдер” дейді де, ләм-мим деместен
орнынан тұрып, кетіп қалады.
Көп уақыт өтпей-ақ, Қытай елінен тағы да елші келеді. Ендігі сұ-
рағаны “екі ел арасында бос жатқан жерді маған берсін; қазақта жер
жеткілікті, ал маған жер жетпей жатыр, бекерге бос жатқанша, ол
жерді мен пайдаланайын” болыпты. Мөде уәзірлерін тағы да шақы-
рып алып, ертеңге дейін ойланып келулерін сұрайды. “Өткен жолдары
307
Қытай ханының сұрағандарына қарсы болғанымызда хан өзінің на-
мысына тиіп отырғанына қарамастан көрші ел билеушісінің тілегін
қанағаттандырып, күтпеген мінез көрсетті. Ол енді бос жатқан жерді
сұрапты. Бізде жер жеткілікті, оларда жетпейді; ол жер бекерге бос
жатқанша, олар пайдалансын” деген ортақ тұжырымға келген уәзір-
лер осы ойларын ханға жеткізеді. Сонда Мөде орнынан атып тұрып:
“Жоқ, жер берілмейді. Өткені, Жер – Ана, Жер – алтын бесік. Жер
– алтын ұямыз. Жерден айрылсақ, бәрінен айрыламыз. Тұлпарды сұ-
рағанда бергенім – бізде жылқы көп, тұлпар тумай қоймайды; сұлу
тоқалымды бергенім – бізде әйел көп, сұлу тумай қоймайды. Ал, ту-
ған жер – біреу-ақ. Өсіп-өнетін жерімізден айрылғанымыз – өлгеніміз.
Көршінің ойы бұзылған екен. Жерді бергенше, жолында өлеміз” –
деп, атқа қонған екен дейді. Сол “Мөденің билік жүргізген кезеңі –
ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады” (Н.Келімбетов. Ежелгі
Достарыңызбен бөлісу: |