Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет134/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   191
(«Қазақ  әдебиеті»,  29.10.2004),

  «Алғашқы  қазақ 

романдарындағы модернистік назар» 

(«Қазақ әдебиеті», 25.12.2008)

 ма-


қалаларында бұл ағымның қазақ әдебиетіндегі көріністері хақында сөз 

қозғайды. Оның ойынша, постмодернизм қазақ әдебиетіне де жат емес. 

Ол М.Әуезовтің, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфулиннің, 

С.Ерубаевтың,  Р.Тоқтаровтың,  С.Мұратбековтің,  М.Мағауинның, 

Ә.Кекілбаевтың,  Т.Әбдіковтың,  Ә.Таразидың,  Қ.Ысқақовтың,  А.Нұр-

мановтың, Д.Досжановтың, т.б. жазушылардың шығармашылықтары-

нан  постмодернизмнің  іздерін  көреді.  Қазіргі  әдебиетте  бұл  бағытқа 

Д.Амантайдың романдары мейлінше жақын деген пікір айтады.

Мәдениеттанушы Ә.Қодар мен Ә.Бөпежанова сұхбатының 

(«Қазақ 

әдебиеті», 14.07.2000)

 негізгі сарыны ендігі жерде қазақ әдебиеті өзінің 

ұлттық дәстүрінен қол үзіп, батыл түрде батыстық жолға түсу керек, 

бұл осы жаңа заманның талабы дегенге сайған. Т.Шапай бұл пікірге 

қосылмағанымен де «Әлем кешкен ағымдарға ерте ме, кеш пе, біз де 

түсеміз» (сонда) – депті. Ә.Меңдеке «Мұндай тексіз, тамырсыз, топы-

рақсыз, баянсыз, космополиттік дүниетанымды кім қабылдай қойсын. 

...әлдекімдердің қаңсығын қазақ мәдениеті, қазақ әдебиеті, қазақ өнері 

неге таңсық көруі керек?» – деп, постмодернизм атаулыға мүлдем қар-

сы шықты.

Сыншы Ә.Бөпежанова "әлемдік контекст дегеніміз – бүгінгі таңда 

негізінен  постмодернизм  мәдениеті....  Постмодернистік  ой  бойын-

ша, біздің шындық деп жүргеніміздің бәрі іс жүзінде шындық тура-

лы  түсінік- танымымыз ғана, оның өзінде де таным иесінің таңдаған 

көзқарасына тәуелді және ол көзқарас өзгергенде, әлігі түсінік-таным-

ның өзін түбегейлі өрзгететін таным. Сондықтан да әдебиет, мысалы, 

өмірдің көркем бейнесі емес,өмірді әрқилы тану арқылы екінші, «жа-



357

санды шындықты жасаудың жолы» («Алтын орда», 17- 23.01.2003)

«Постмодернизм  туралы  анықтама  әтүрлі.  Бір  сөзбен  түйгенде,  ол-

жаңа  заман  философиясы,  өмір  салты:  постиндустриялды  әлемнің  

ахуалы.Оның  кезеңі  аяқталып,келеді  деген  пікірлер  бар.Постмодер-

низм  несімен  тартымды?  Әдебиеттегі  авториталық  позицияларды 

«шайқауымен», мәтінге фетис жасауымен және көп нұсқалығымен...

Қазіргі қазақ әдебиетінде нағыз постмодернистік текст жоқ.Мүмкін, 

мүлде келмеуі. Мүмкін, бірер жылда бір қызғылықты роман шығар » 

(«Қазақ әдебиеті», 9.05.2003) – дейді. 

Ал ақын Аманхан Әлімовтің постмодернизм туралы пікірі өзгеше-

леу.  Ол  «Постмодернизм  –  белгілі  бір  уақытқа  иек  артып,  дәстүрлі 

тек –  тұрақ тауып,топыраққа негізделмеген тенденция.Оның уақыт-

ша «модада» жүретіні де сондықтан ... Постмодернизм мәдениеттің 

емес, өркениеттің көрінісі.Сондықтан онда күйретуші күш басым. Ол 

– түп- тұқияны урбанизациядан өрген, төр төркінсіз бағыт бағдардағы 

қозғалыс.Өнер өткенінің дәстүрі мен этикасын жоққа шығарып, әде-

биет пен мәдениеттегі, жалпы өнердегі эксперимент пен стиль шарт-

тылығын насихаттайтын, нақтылықтан қол үзген  модернизм. Постмо-

дернизмді таланты, бойындағы интелектуалды шығармашылық қуаты 

сарқылғындар ғана құрайды. Құрастырады(конструкциялайды). Яғни, 

олар сөзбен ойнайды. Образды адам сезіміне қатқыл, санасына ауыр 

тиетін  метафоралар  арқылы  жеткізеді.Және  оған  модернистер  де 

постмодернистер де мен солай «көремін», әрі солай «сезінемін» де-

ген принципке қарай, сол арқылы өз «көзқарасын» қалыптастырады. 

Сосын оны өзгелерге таңып, соны мойындатқызып және теория ретін-

де бойға да,ойға да сіңіргісі келеді.Ал, қансіңді емес,менталитетіңде, 

туа бітті табиғатыңда жоқ нәрсені қалай қабылдайсың?» («Қазақ әде-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет