(Мағжан Жұма-
баев. Шығармалар. Үш томдық. 2-3 том. А., “Білім”, 1996, 290-бет)
– деп,
ұлт өміріндегі тілдің аса маңызды орнына назар аудара отырып, қазақ
халқының болашағы – тілі туралы ойлануды әрбір азаматқа ескерткен
сияқты.
Ұлттық тілге қырын қараған кеңестік кезеңде жасаған Ғ.Мүсірепов
те тіл туралы ақжарма ойларын қорықпай-ақ жайып салыпты: “Қай ха-
лықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі
мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да
ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салалармен тармақтана,
молыға келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді.
Ана тілі қорлана береді, ажарлана береді. Қай халықтың болса да ба-
сынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай
өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала береді. Тіл диалекти-
касы – жасаған сайын жасара беруінде. Ана тілі дегеніміз – сол тілді
жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, бо-
лашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяқ-
қа басады”
(Ғ.Мүсірепов. Күнделік. А., 1997, 248-249 беттер)
. Тілдің ұлт
өміріндегі аса маңызы, құдіреті жайлы толғанбаған қаламгер, қоғам
қайраткері жоқ шығар, сірә. Өйткені, қоғамдық өмірдегі аса маңызды
әлеуметтік проблемаларды жүзеге асыру ұлт мәселесін, яғни оның тілі
жайын шешуден басталады. Тіл мәселесі дұрыс шешілмеген жерде
тыныштық болмайды.
Тіл мәселесіне тек қазақ зиялылары ғана емес, басқа ұлттардың
оқығандары да ұдайы көңіл бөліп отырған. Бұл ретте қазақ ұлтшыл-
дары айтқандарының басқа ұлт өкілдері айтқан пікірлермен үндес
шығып жататындығын аңғару қиын емес. Демек, тіл мәселесі – тек
қазақтың ғана емес, әлемдік проблема. Орыстың педагог жазушысы
К.Д.Ушинскийдің пікіріне құлақ тосайық:
“Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын
бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік
біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымыз-
ды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да
314
сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін,
оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, со-
ларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткі-
земіз”
(Қараңыз: “Ана тілі”, 18.01.2007).
Бұл пікірді басқа ұлттың өкілі
емес, қазақ айтып отырғандай әсер етеді. Демек, ұлы ойлар, ұлы мақ-
саттар бір ғана халыққа қызмет етіп қоймай, басқалардың да кәдесіне
жарап отыруы өміршең заңдылық сияқты. Бұдан барлық ұлттардың
да алдына қойған мақсаттарының бірдейлігі, бұл мақсаттарына жетуі
үшін халықаралық, ұлтаралық келісімдерге барудың аса қажеттілігі
көрінеді. Олай болмаған жағдайларда ұлтаралық қақтығыстар туын-
дап, халықтардың өсіп-өркендеуіне айтарлықтай кедергілер келті-
ретіні тағы да анық.
Тіл туралы барлық халықтар мойындаған, халықаралық жағдай-
да жүзеге асып жатқан осы бір ортақ қағидалардың Қазақстандағы
жай-күйі көңіл көншітпейді. Ары бармай-ақ еліміздің “Қазақстан
Республикасы” деген атауының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады. Бодан
кезіміздің өзінде де “Қазақ ССР” атанып, “қазақ” сөзі атойлап тұр-
са, енді тәуелсіз ел болғанда оны жеке жазуға елімізде тұрып жатқан
басқа халықтардың көңіліне қарап, “ел”, “мемлекет” деген мағынаны
білдіретін “стан” сөзімен қосақтай жазатын болдық. Мына сауатсыз-
дықты қараңыз: сонда “Қазақстан Республикасы” дегеніміз, “Қазақ
республикасының республикасы” болып шығады. “Астанамыз – Аста-
на” деген сияқты ғой баяғы. Мұның өзі тіліміздің ілгерілеуі ме, немесе
кері кетуі ме – айтпаса да түсінікті. Дұрысы – Қазақ Республикасы, ал
республиканы айтпай, қысқа қайырсақ “Қазақстан” емес пе?
Сол ұлттың атымен аталған елде сол ұлттың тілі үстемдік құруы
керек. Өйткені, мемлекет белгілі бір територияда өмір сүріп жатқан
ұлттың өзін өзі қорғау құралы, саяси құрылымы. Мемлекеттігін құ-
рып, өзін өзі қорғай алмаған ұлттың болашағы жоқ, біртіндеп барып
ұлт жоғалады. Белгілі бір ұлт құрған мемлекетте сол халықтың ұлт-
тық құндылықтары құрметтеліп, мүддесі алға шығады; ұлттық басты
белгісі болып табылатын оның тілі қоғамдық-саяси өмірдің барлық
салаларында қолданылатын негізгі мемлекеттік тіл болып үстемдік
құрады. Яғни, мемлекетті қай ұлт құрса, сол ұлттың тілі мемлекеттік
тіл болады. Мысалы, Иранда ирандықтар жергілікті тұрғынның отыз-
ақ пайызы екендігіне қарамастан мемлекеттің иесі болғандықтан да
мемлекеттік тіл – иран тілі. Басқа ұлттар Иранға келіп, күнін көріп
жатқандар саналады. Олардың ұлттық жағдайларын жасау Иран мем-
лекетінің міндеті емес. Әрбір ұлт өкілі өзінің ұлттық жағдайын жа-
саймын десе, өзінің ұлттық мемлекетіне барсын. Иранда тұратын 20
миллиондай әзербайжанның бала оқытатын бірде-бір ұлттық мектебі,
баспасөзі, т.б. жоқ. Қажет болса, тарихи отаны Азербайжанға барсын.
Осындай саясатты әлемнің көптеген мемлекеттері жүргізіп жатыр. Ал
бізде ше? Бізде бүған мүлдем керісінше.
Жалпы қазақ тілінің қазақ жерінде мемлекеттік тіл болуы үшін күрес
өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ автономиялы респуб-
315
ликасы құрылғаннан бері жүріп келеді. Ол кезде де қазақ тілі мемле-
кеттік тіл-тұғын. Бірақ, Кеңестер Одағында мемлекеттік тіл орыс тілі
болғандықтан да оған бағынатын Қазақстанда қазақ тілі ресми түрде
мемлекеттік тіл деп саналғанымен де орыстандыру саясатының салда-
рынан орыс тілінің табанында тапталып жатты. “Түрі ұлттық, мазмұ-
ны социалистік мәдениет” жасау жолында қазақ тілі шалажансар күй
кешті. Сол қарқынмен кете бергенде енді бір отыз-қырық жылдың о
жақ, бұ жағында қазақ тілі қолданылудан шығып, өлі тілдердің біріне
айналу қаупі де бар еді. Алла-тағала жар болып, тәуелсіздік алғалы
бері де тіліміздің қарыштап кеткені шамалы болып тұр. “Баяғы жар-
тас, бір жартас” сол күйінде. Саяси тұрғыдан тәуелсіздік алғанымыз-
бен де тіліміз әлі бұғаудан босана алмай жатыр. Мұның басты себебі
неде? Басты себеп, біздің әлі де ұлт ретінде ұлттық сана-сезіміміздің
төмендігінде, билік басындағылардың ұлт тағдыры үшін аса маңызды
осы бір мәселеге лайықты мән бермегендігінде жатыр. Еліміздің Ата
Заңы – Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жарияланғаны-
мен де оған қоса орыс тілі ресми тіл, ол мемлекеттік тілмен бірдей
қолданыста болады деген бір ғана анықтаманың берілуі қаншама істі
бүлдіріп тұр. Қазіргі қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанымен де оның
мемлекеттік істерде қолданылмауы сын көтермейді. Оның үстіне мем-
лекеттік лауазымдарда отырғандардың көпшілігі орыстілді болып ке-
луі де жағдайды ушықтыра түсуде. Олардың сыртқы түрі, аты-жөні
қазақ болғанымен де ішкі жан-дүниесі, сана-сезімі, ойлау жүйесі,
таным-түсінігі қазақ емес. Тілдің өзгеруі ол адамның алдымен мі-
нез-құлқы, ойлау жүйесіне, таным-түйсігіне әсер етіп, соңынан оның
бүкіл физиологиялық болмысына әсер ететінін ғалымдар айтып жүр
(мысалы, қазақ тілінде жоқ дыбыстар бар сөздерді көбірек қолдану
барысында адамның сөйлеу мүшелерінде айтарлықтай өзгерістер бо-
лады), олар халқына қызмет етеді. Жаны ашиды дегенге сену қиын.
Өйткені, олар – басқа тілде басқа ұлттың тәрбиесін көргендер. Мәң-
гүрттер мен көзқамандар мәселесі қазіргі қазақ қоғамының елеулі мә-
селесінің біріне айналып отыр.
Тілдің адам өміріндегі аса маңыздылығы жайлы жапон ғалымдары
анықтаған мына бір жағдай назар аудармай қоймайды. Ананың құрса-
ғында пайда болған бала үш айдан кейін-ақ сырттан келген дыбыстар-
ды қабылдап, әсерлене бастайды екен. Анасының қай тілде сөйлеп,
қандай музыка тыңдағанына дейін жаңадан пайда бола бастаған сезім
мүшелеріне әсер етіп, оның қалыптаса бастауында шешуші роль ат-
қаратындығын дәлелдеген. Егер анасы ана тілінде сөйлеп, ән салатын
болса, іштегі нәресте оны жақсы қабылдаған, ал басқа тілдегі дыбыс-
тарды алғашында жақтырмай тітіркенген, соңынан бірте-бірте бойы
үйреніп, дұрыс қабылдап, ішкі жан дүниесі соған бейімделіп өсе бас-
таған. АҚШ-тың Иракты басып алып жатқанда, болашақ президент
Д.Буштың анасының соғыс туралы киноларды көп көргендігін әлемдік
баспасөз жазды. Демек, өмірге келген әрбір адамның ана құрсағында
жатқанда басталып, жас кезінде жалғасқан адам ретінде қалыптасуы
316
тұқым қуалаушылық арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілетін ата-баба дәс-
түрі рухында жүрудің маңызы аса зор екен.
Кеңес өкіметі жылдарында оқу, тәрбие жұмыстарын орыс тілінде
жүргізудің тиімділігін ғылыми жағынан дәлелдеген қаншама еңбек-
тер жазылып, диссертациялар қорғалды. Шындығында солай ма еді?
Жоқ. Соңғы зерттеулер, өмір тәжірибесі басқаша сөйлейді. Ана тілін-
де тәрбиеленген баланың басқа тілде тәрбиеленгенге қарағанда тез
жетілетінін қазір ғылым дәлелдеп отыр. Өйткені, баланы ана тілінде
оқытқанда ол оны сол ұлттың ғасырлар бойғы дамуында қалыптасып,
жетілген, тұқым қуалаушылық арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілген да-
йын ойлау жүйесі арқылы қабылдап, оңай игеріп кетеді де, ары қа-
рай да сол негізгі салынып қойылған жолмен жалғастырса жеңілге
түседі. Ал, басқа тілде оқытқанда, ол баланың қабылдауына мүлдем
бейтаныс жүйеде болғандықтан да тыңға түрен түскендей барлығын
да жаңадан бастауға тура келеді. Адамның қабылдау қабілеті шексіз.
Әсіресе, басы тың жас бала мұны да тез үйреніп кетеді. Бірақ та бұл
процестің баланың ойлау қабілетінің дами түсуіне айтарлықтай ке-
дергі келтіретіндігі, нақтылап айтқанда, баланың басында бұрыннан
бар ойлау жүйесіне басқа бір ойлау жүйесі келіп қосылғанда екі түрлі
ойлау жүйесінің бір-біріне кедергі жасап, тежелу болатындығы анық-
талды. Сондықтан да баланы бастауыш кластарда тек қана ана тілінде
оқытып, шет тілдерін үйретуді кейін барып қолға алу керек. Ғалым-
дардың анықтауынша баланың ойлау жүйесі 12-13 жастарда қалыпта-
сады. Өзіндік ұлттық ойлау жүйесі орныққан соң шет тілдерін оқытса,
баланың ойлау қабілеті тез дамиды екен. Шындығында да бір тілді
адамның сол тілде жақсы таза сайрайтындығы, ал екі тілді адамның
жай, мүдіріңкіреп сөйлеп, арасына жат сөздерді араластырып отыра-
тындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Рас, орысша оқыған балалар тез жетіліп, ширақ болатын сияқты.
Бірақ бұл тұрмыстық деңгейде ғана. Ал келелі мәселелерді шешуге
келгенде, ғылыми жұмыстарда, үлкен саясатта ұлттық мектепте тәр-
биеленіп шыққандар басым. Мемлекет басшыларының, қоғам, өнер
қайраткерлерінің көпшілігі – ұлттық тәрбие алғандар. Ал ғылымға
келсек, ден і- ұлттық мектепті бітіргендер. Қазақ мектебін бітіріп
келіп, орыс тілінде оқытатын жоғары оқу орнына түскендер алғашқы
курсты әрең үлгеріп, келесі жылы оқи алатын дәрежеге жетіп, үшінші
курста орыс мектебін бітіріп келгендермен теңеліп, төртінші курста
олардан алға шыға бастап, соңғы курста ғылыми жұмыстармен айна-
лысып, оқуды үздік бітіріп, аспирантураға қалып жатқандығы да өмір
шындығы. Математика саласынан ғылым докторларының 90 пайыз-
дан астамы қазақ мектебінің түлектері екен. Бір ғана Баянауылдан
шыққан Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының 10 академигінің
9-ы қазақ мектебін бітіріпті. Мұндай деректерді көптеп келтіре беруге
болады. Осы фактілердің өзі-ақ бала тәрбиесінде, болашақ азаматтар-
ды қалыптастыруда ұлттық мектептің, ұлттық тәрбиенің аса маңызды-
лығын көрсетіп отыр.
317
Мұндай келеңсіз жағдай қайта түзеледі. Балабақшадан бастап, мек-
теп, жоғары оқу орындарында оқу, тірбие істері қазақ тілінде жүруі ке-
рек. “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелге оқуға баратындардың
қазақ тілін білуі шарт. Кез келген мемлекеттік қызметке қазақ тілін
білетін адам ғана жіберілуі қажет. Қазақстанның ақпарат құралдары
материалдарының кем дегенде 70-80 пайызы мемлекеттік тілде болға-
ны жөн. Мемлекеттік тіл еліміздің ішкі және сыртқы өмірінің барлық
саласында дерлік қолданылып, оған деген қажеттілік тууы керек.
Рас, соңғы жылдары қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі өзінің
биік мәртебесіне жетуі үшін өкімет тарапынан бірсыпыра шаралар-
дың қолға алынып жатуы көңілді жұбатып, үміт отын жағады; мемле-
кетіміздің атын иеленіп, еліміздегі халықтың 70 пайызынан астамын
құрап отырған ұлттық тілі – қазақ тілінің қоғамдық өміріміздегі өзіне
лайықты орнын алатындығына сенгіміз келеді. Өйткені, тіл тағдыры
– ұлт тағдыры. Біздің болашағымыз – жарқын. Демек, қазақ ұлтымен
бірге оның тілі де салтанат құратын болады.
Ұлттың рухани таянышында тарих ерекше орын алады. Тарихы жоқ
ұлт та –жоқ. Отаршылдар бодан елдің алдымен тілін, сол тілде жазыл-
ған тарихын жоюға, сөйтіп ұлтты тарихи жадынан айыруға ұмтылады.
Қанша мықты болғанымен төл тарихынан, сол арқылы ұлттық мәде-
ниетінен көз жазып қалған халық өзінің тарих көшін тоқтатады. Бұған
ертедегі майялар тағдыры көз жеткізеді. Испандықтар Латын Амери-
касында тұрып жатқан жергілікті майяларды бағындыру туралы зұ-
лым ойларын олардың дамыған мәдениетін, тарихын жаппай жою ар-
қылы жүзеге асырды. Майялардың халық ретіндегі тарихи жадын жою
үшін олардың өткені мен бүгінгісіне қатысты тарихи жәдігерліктердің
барлығын қиратқан, кітаптарды өртеп жойған. Сөйтіп, тарихынан,
мәдениетінен айрылған халық рухынан да айрылып қалды. Америка-
лық үндістер қазір басына қауырсын байлаған “жабайы” халық ретін-
де кинода ғана көрінеді. Кеңестік кезеңде марксизм-ленинизм ілімі
қазақтар бұрын ұлт ретінде жетілмеген тайпалық, рулық деңгейдегі
ғана халық болды, оның ұлт болып қалыптасуына социализм құрып
жатқан орыс халқы көмектесті, яғни қазақтар социализмнің жемісі,
жаңадан пайда болған социалистік ұлт деп санамызға құйып келді.
Сөйтіп, 1917 жылғы төңкеріске дейінгі қазақтың мыңдаған жылдық
тарихын сызып тастап, тұтас бір халықты тарихи жадынан айырды.
Осы теорияны дәлелдеген орыс тілінде қаншама “ғылыми еңбектер”
жазылды. Ұлттық тарихымыз туралы зиялы азаматтар жазған еңбек-
тері қуғынға ұшырады. Отаршылдық кезеңде ұлттық тіліміз бен ұлт-
тық тарихымызға жасалынған майдансыз шабуылдың басты мақсаты
халқымызды рухани тірегінен, тарихи тамырынан тайдырып, мәңгүрт
қылу, содан соң “совет халқына” яғни, орысқа айналдыру болатын.
Біреудің жұмысын біреу тектен-текке істеп бермейтіні сияқты біздің
тарихымызды біреу осыларды жарылқай салайыншы деп жазып бере
салған жоқ. Жазған күнде де өзіне пайдалы жағын көздеп, өз көзқара-
сымен өзіне бұрып жазады. Әр халықтың шын тарихын сол халықтың
318
өзі ғана жаза алады. Тарих алдымен, сол халықтың өзіне өткеннен са-
бақ алу үшін керек. Өз тарихынан сабақ ала алмаған ел әлі ұлт ретінде
өсіп жетілмеген, қалыптаспаған, бағдарсыз мұхитта адасып жүрген
кеме сияқты. Тарихынан сабақ алған ұлт қайдан шыққанын, қайда тұр-
ғанын, қайда барарын ата-бабаларының қанымен, жанымен жазылған
шежіреден көретін, өзінің кім екенін бағалай алатын болады. Тарихын
білмеген өзінің кім екенін білмейтін – мәңгүрт. Әрбір азамат, әрбір ұлт
алдағы уақыттардағы түрлі жағдайларда не істеу керек, қалай қарай
жүру керек деген сияқты сауалдарға жауапты тек қана тарихтың сар-
ғайған беттерінен таба алады. Ол үшін тарихты білу керек. Сондықтан
да ана тілінде жасалған толыққанды тарих ұлт кемелдігінің бірден-бір
көрсеткіші бола алады.
Тарих – ұлттың бүлкілдеп соғар тамыры. Тарихи тамыры тереңде
жатқан ұлт әлеуметтік дауылдардың қандайына болса да төтеп бере
алады. Мәселе сол – тарихи тамырдың бойынан халықтың өмір сүруі
үшін аса қажетті ұлттық нәрдің үздіксіз жүріп, рухани азықтанудың
тоқтамауында жатыр. Тарихтың тереңінен сусындаған халықтың рухы
да күшті болады. Рухы күшті халықты ешкім де жеңе алмайды; уақыт-
ша жеңілуі мүмкін, бірақ күшті рух ол халықты барлық уақыттарда да
биіктерге сүйрейді. Қазіргі әлемдік өркениетте халықтың көптігі емес,
рухани фактор шешуші факторға айналып отыр. Осы тұрғыдан кел-
генде, үш ғасырдай бодандықты бастан кешіріп, әбден әлсіреген, ая-
қасты болған ұлттық рухымызды, сана-сезімімізді қалпына келтіріп,
қоғамның қозғаушы күшіне айналдыру, тарихи жадты қалпына келті-
ру алда тұрған аса маңызды мәселе.
Қазіргі қазақ – сөз тарихын білмей өскен ұрпақ. Біздің қауым-
ның рухани жағынан ақсап жатуының бір себебі осында жатыр. Өз
тарихымыздан гөрі батысты көбірек білетіндігімізден де өзгенікі
зор, өзіміздікі қор көрінеді, батысқа көбірек еліктейміз. Еуропаның
атақты елбасшылары, қолбасшылары, батырлары, ғалымдары, өнер
қайраткерлері бүгінгі жастарымыздың үлгі алар тұлғаларына айнал-
ды. Өзіміздің не бір ел бастаған көсемдерімізді, сөз бастаған ше-
шендерімізді, қол бастаған батырларымызды, ажалдан қаймықпаған
жасындарымызды, адамгершіліктің асқан үлгілерін көрсеткен абыз-
дарымызды, өнердің өрінде жүзген өнерпаздарымызды, абзал азамат-
тарымызды, махаббатқа берік аруларымызды білмей, білсек те олар
ескішіл деп менсінбей келдік. Қазақстан жеке республика болып құ-
рылған жиырмасыншы жылдары “қазақ халқы өзінен өзі үлгі алатын
дәрежеге жеткен жоқ, ел боламын, халық боламын десеңдер батыс-
қа бетті бұрыңдар” деген сөздер ашық айтылған болатын. Әлі күнге
дейін Батыс Шығысқа шекесінен қарап, осы пікірін көп өзгерте қой-
ған жоқ. Өз тарихын білетін халық өзінен өзі жерсінбейді, керісінше
өзінің тарихындағы елі үшін еңбек етудің асқан үлгілерін көрсеткен
ер-азаматтарын үлгі тұтып өседі; солардың ұлы істерін алға жалғас-
тырады.
319
Сонымен халықтың азаматтық тарихын білудің ұлт үшін аса маңыз-
дылығын бейнелі түрде айтатын болсақ, төмендегідей: халықты қияға
самғап бара жатқан қыранға теңейтін болсақ, оның бір қанаты тіл де,
екінші қанаты – тарих. Бірінсіз бірі жоқ. Осы екі қанаттың бірі әлсіз
болса, көкте самғау түгілі, жай ұшудың өзі де қиын. Сондықтан да
бұрынғыдай қос тіл (қазақ және орыс тілдері) қос қанатың деп жал-
ған ұрандата бермей, ана тілің мен туған тарихың – болашағың екенін
түсінетін кез жетті. Өйткені, бізге алдағы күндерге жетуіміз үшін ма-
териалдық игіліктермен қатар рухани азық та қажет. Ал ұлттың руха-
ни қазынаның тек ана тілінде ғана тарихтың тереңдерінде сақталаты-
нын, ал одан ана тілін білетіндер ғана сусындай алатынын әрдайым
есте сақтайық.
Туған жердің төсінде өсіп-өнген халықтың тұрмыс-тіршілігінің ың-
ғайына қарай пайда болған тілі, сол тілде жасалынған құндылықтары,
ішіп-жейтін тағамы, тұратын киіз үйі, бала өсіретін бесігі, оны тәрбие-
леу әдіс-тәсілдері, спорт ойындары, өнері, ата-салты, салт-санасы, т.б.
бәрі-бәрі жиналып келіп, сол ұлттың өзіндік мәдениетін, рухани қа-
зынасын құрайды. Белгілі бір мәдени ортада өскен адамдарда ұлттық
ерекшеліктер, яғни ұлттық діл (менталитет) пайда болады. Ұлттық діл
дегеніміз – белгілі бір ұлтқа ғана тән ортақ ерекшеліктердің жиынты-
ғы. Әрбір ұлттың өзіне ғана тән ұлттық болмысы, ұлттық мінезі бар.
Қазақ пен өзбекті, немесе орысты бір-бірінен айырып тұрған да осы –
ұлттық ділі. Демек, ұлттың өмір сүруінде ұлттық мәдениеттің алатын
орны айрықша. Басқа бір ұлттық мәдени ортада өскен адамның ұлт-
тық ділі де басқаша қалыптасады. Сондықтан да әрбір адамның жас
кезінен бастап, өзінің ұлттық мәдени ортасында тәрбиеленіп өсуінің
маңызы зор. Алматының апортын Арқаға апарып өсірсең, өсуін өскен-
мен жақсы өнім бере алмайтыны сияқты әрбір адам да өзі туып-өскен
ұлттық мәдени ортада ғана жан-жақты жетіліп, биік шыңдарға шыға
алады.
Ұлттық діл адамның өмір сүру тәсілдерінен бастап, сана-сезіміне
дейінгі барлық жақтарын түгел қамтиды. Мұндағы тіл – ең басты-
сы. Тілі өзгерген адамның мінезінен наным-сеніміне, сана-сезіміне
дейін, өмір туралы түсініктерінен өмір сүру тәсілдеріне дейін түгел
өзгереді. Яғни, бір мәдени ортадан екінші бір мәдени ортаға көшкен
кезде оның ұлттық болмысында да өзгерістер болып, екінші бір ұлт-
тық қалыпқа ауысады. Ол ең алдымен, мінез-құлқында өмір туралы
түсінігінде, тұрмыс-салтында айқын көрінеді. Мысалы, қазақ және
орыс мектебінде тәрбиеленген қазақ балаларының мінезін салысты-
рып көрсеңіз, арасы жер мен көктей. Қазақша тәрбиеленгеннің мінезі
қазақылау, яғни, биязы, кішіпейілді, ізетті келсе, ал орысша оқыған-
ның мінезі орысшалау, яғни, тіктеу, көңілге қарамайтын болатыны
жасырын емес. Сондықтан да, баланы жас кезінен отбасында ата-ана
мәпелеуінен өткізіп, ана тіліндегі мектепте оқытып, ұлттық мәдени
ортада тәрбиелеу – аса маңызды.
320
Ұлттық мәдениет дегенде біз әдетте ұлттық өнерді түсінеміз. Шын-
дығында да, ұлттық мәдениеттің негізі – ұлттық өнер. Өмірді танып
білу әдетте білім, ғылым жолымен талдап түсіну арқылы жүрсе ұнау,
ұнатпау принципімен әсерлену түрінде жүреді. Адамның бойындағы
ерекше бір қасиет жақсы мен жаманды, көрікті мен көріксізді ажырата
білу. Өмірдегі әдемілікті сезіне біліп, содан рахат алу – адамның бо-
йындағы асыл қасиеттердің бірі. Әр ұлттың сұлулық туралы ұғымы да
түрліше. Ол да әр халықтың өскен ортасына, кәсібіне, тұрмыс-салты-
на орай әртүрлі қалыптасқан. Талғамға таласуға болмайды дегендей,
әр адамның, әр ұлттың әдемілікті танып білуі әртүрлі. Біреудің сұлу
деп табынғаны екінші біреуге жәй әншейін ғана нәрсе болып көрінуі
мүмкін. Қазақтың сұлулық туралы түсінігі кең даланың төсінде ғасыр-
лар бойы көшпелі тұрмыс құрып, сайран салған кездерінде қалыптас-
қандықтан да отырықшы елдермен салыстырғанда көп айырмашы-
лықтар бар. Мысалы, қазақтарда сұлулық атаулының барлығы да төрт
түлікпен байланыстырылады. Мысалы, қазақтың “ботагөзіне” еуропа
халықтары таң қалып, адамды хайуанға теңегені несі деп, басын шай-
қауы да мүмкін. Сол сияқты басқа халықтардың сұлуын көргенде, біз
де осындай да сұлу болады екен-ау деп таң қалуымыз мүмкін.
Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды – өнердің таза ұлттық
сыпатта болатындығы, бір-біріне ұқсамай, өзінше ерекшеленіп, мен
қазақпын, мен өзбекпін, мен орыспын дегендей, өзінен-өзі атойлап
тұратындығы. Сонымен бірге халықтардың туыстығына, аралас-құ-
раластығына, басқа да түрлі байланыстарына орай туындаған, жалпы
адамзаттық ортақ құндылықтарға негізделген ұқсастықтарды да жоқ-
қа шығаруға болмайды.
Сонымен, қазақ дегеніміз – домбыра, қазақ дегеніміз – қобыз, қазақ
дегеніміз – қазақтың әндері. Қос ішекті домбыра күмбірлегенде кең
даланың әрбір тасына дейін күбірлеп, қазақы күй кешесіз; қара қобыз
аңырағанда мың өліп, мың тірілген қазақтың мұң-зары құйқаңызды
шымырлатады; Біржан салдар ән салғанда, қазақтың кең даласы түгел
қосылып, шырқап тұрғандай әсер етеді. Әрине, мұндай сезімге бөле-
ну үшін қазақ болып туылып, қазақтың құлағымен тыңдап, қазақтың
көзімен көріп, қазақша таныммен сезінуің керек. Сонда ғана сен бо-
йыңды ерекше бір сезім билеп, рахаттанасың. Жаның жай жайбара-
қаттанып, қуаттана түскендей.
Ұлттық өнер туындылары адамның бойында табиғатқа, туған жер-
ге, адамдарға деген сүйіспеншілігін арттырып, ізгілікті қасиеттер құя
түседі. Ал сүйіспеншілік пен ізгілік адамды адам қалпында сақтай-
тын негізгі қасиеттер, адамзат қоғамын ұстап тұрған алтын таяныш-
тар. Сондықтан да ұлт өмірінде өнердің алатын орны зор. Біріншіден,
ол өмірді танып-білудің бір жолы болса, екіншіден, адамның бойына
ізгіліктің дәнін себер ұлттық тәрбие құралы да. Жүрегі нәзік, жаны
жайсаң, ізгі ниетті, парасатты өнер адамы ешуақытта өзгеге қол кө-
теріп, жамандыққа бармайды. Баланы жас кезінен өнерге баулу оның
321
адамгершілігі жоғары, мейірман азамат болып өсуімен бірге ұлттық
рухпен суарып, ұлтжандылық қасиеттерін де арттыра түседі.
Қазақстан жағдайында ұлттық өнерге деген көзқарас бұрынғы ке-
ңестік кездегіден әлі де көп өзгере қойған жоқ. Халықтың сағын сын-
дыру үшін оған рух беретін өнерін тұншықтыру отаршылдар жүргіз-
ген саясаттың басты бағыттарының бірі болды. Бодандық кезінде
қазақтың домбырасының, қобызының күні өткен, бұлар артта қалған
феодализм заманынікі, жаңа социалистік құрылысқа лайық емес, сон-
дықтан да тарихтың тастандысы деген сияқты тоңтеріс пікірлер де бо-
лып, ұлттық өнерге деген жол табылып, батыстық мәдениетке табыну
басталған. Осы бір келеңсіз құбылыстан тәуелсіздігімізді алсақ та, әлі
күнге дейін арыла алмай келеміз. Ұлттық өнерімізді дамытудың орны-
на, батыстың даңғаза өнерін насихаттайтын түрлі халықаралық кон-
курстар өткізіп, мектептерде, арнайы оқу орындарында солардың кө-
сегесін көгертіп, музыкалық құралдарында ойнауды үйретіп келеміз.
Оларды білме демейміз, білу қажет. Бірақ, өзіміздің ұлттық өнерімізді
дамыту алдыңғы кезекте тұру керек.
Тәуелсіздік алғалы бері егеменді ел ретінде әлемге танылу мәселесі
күн тәртібіне қойылды. Осы салада бірсыпыра игілікті шаралар да
атқарылып жатыр. Осы жерде ескерерлік бір мәселе – біз өзгелерге
танылғымыз келсе, олар бізді жеке ұлт ретінде танығысы келеді. Ұлт-
тығымызды танытатын – өнер. Соның бірі ұлттық саз өнерін халықа-
ралық ауқымда насихаттау – күн тәртібінде тұрған мәселе. Қазақтың
ұлттық өнері басқа халықтардікінен бір де бір кем емес. Біз әсіресе
ұлттық музыкамызды әлемдік аренаға шығару жолдарын мықтап ой-
ластыруымыз керек. Осындайда елуінші жылдарда Қытайда өнер көр-
сеткен Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрінің кон-
цертінде “Сарыарқа” күйін тыңдаған көрермендердің саз сарынына
берілгені соншалық, атойлап орындарынан тұрып кеткені еске түседі.
Соңғы жылдарда халықаралық түрлі конкурстарда қазақ музы-
канттары пианинода, фортепианода т.б. ойнаудан тамаша табыстар-
ға жетіп, жүлделі орындармен оралып жүр. Бұған қуанамыз. Десек
те, қазақтың музыкалық аспаптары халықаралық конкурстарда неге
көрінбейді деген ойдың көңілге келіп қалатынын да жасырмаймыз.
Өйткені, бізде ұлттық өнерімізге деген қамқорлық көңіл көншітпейді.
Ұлттық өнеріміздің дамуы насихатталуы, одан қалды әлемдік ауқым-
да танылуы жұмыстарында оны оқыту-үйретуден бастап, әртүрлі дең-
гейдегі түрлі шаралар ұйымдастыруға дейін ұлттық мүддеге қызмет
ету тұрғысынан келу жағы жетіспейтін сияқты.
Ұлттық өнеріміздің өркен жаюына кедергі жасап отырған басты
себеп – отаршылдық кезінде басталып, тәуелсіздік алғанымызбен де
күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан батысқа, оның құндылықта-
рына табынушылық. Бұрын бас еркіміз болмағандықтан да бізді осы
жолға мәжбүрледі. Енді егеменді ел болғанда да бұл келеңсіз құбы-
лыстың жалғаса түсуі ұлттық сана-сезіміміздің әлі де жетілмеуі сал-
дарынан демеске лаж жоқ. Мәдениет саласында халқына қалтқысыз
322
қызмет етіп жүрген ұлтжанды азаматтар жеткілікті. Мәселе сол – осы
саланың басы-қасында жүрген кейбіреулердің парықсыздығында бо-
лып отыр. Әйтпесе, Қазақстанның атын шығарамыз деп аты шулы
боевиктерімен танымал болған Голливудтың туындысындай “Көш-
пенділерді” қыруар қаржы жұмсап, шығарар ма еді. Қазақ тарихының
ең бір ұрымтал тұсын бейнелеуге арналған деген фильмде ұлттық
өмірімізден бір тал тарихи шындық болсайшы. Керісінше, тарихты
бұрмалап, оқиғаларды батыстық таным-түсінікке қарай бұрып, халық
қамын жеген тарихи тұлғаларды әншейін бір боевик қылып көрсеткен.
Тау-тасты даланың экзотикалық көріністері, соғысқұмарлардың со-
ғыстары операторлық шеберлікпен тамаша түсірілген кинода қазаққа
қатысты ұлттық нышан атаулыдан бір мысқал да жоқ. Өнердің басты
мақсаты адамдарды адамгершілікке, ізгілікке, туған жерге, адамдар-
ға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болса, “Көшпенділерде” бәрі де
керісінше. Қазақты әлемге осылай танытқанша, тыныш отырғанның
өзі дұрыс. Мұндай туындылар қазақты ұлт ретінде танытпақ түгілі, ол
туралы теріс пікірлер туғызуы мүмкін. Ұлтқа қызмет етпеген, ұлттық
мәдениетіміздің дамуына қосары жоқ өнер туындысын халық қабыл-
дамақ емес.
Күні бүгінге дейін батыстың өнері мен мәдениетін “калссика” деп,
оларды үлгі тұтатындығымыз да – батысқа табынушылықтың салда-
ры. Батыстың мәдени дамуда да биік жетістіктерге жеткені рас. Бірақ
та ол басқа ұлттардікі ғой. Олардікін сол күйінде көшіріп әкеле сал-
май, біздің ұлттық болмысымызға, мәдениетімізге сай келетін жалпы
адамзаттық құндылық жақтарын ғана екшеп алу керек. Біздің ұлттық
мәдениетіміздің деңгейі қазақтар көп бара бермейтін, көрермендерге
батыстық туындыларды сол күйінде қойып жатқан опера және балет
театрымен өлшенбеуі тиіс. Өнердің басты мақсаты – халыққа қыз-
мет ету. Сондықтан да батыстың опералары мен балеттері қазақтың
сахнасына шыққанда, ұлттық өнеріміздің өзіндік ерекшеліктерін ес-
кере отырып, қалың көрерменінің көңілінен шығуы үшін қазақтың
тұрмыс-тіршілігіне жақындауы керек. Сонда ғана барып, ол ұлттық
өнеріміздің бір саласына жатады. “Біржан-сара”, “Қыз-Жібек” опера-
ларын ұлттық өнеріміздің классикалық үлгілеріне жеткізген де осы –
онда ұлт өмірінің өнер тілімен шынайы көрініс табуында.
Жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ алаш азаматтары ұлт үшін
аса маңызды осы бір мәселеге жұрт назарын аударып, дабыл қаққан.
Аш-жалаңаш жүрсе де қаршадай болып ұлтының қамын жеген Сұл-
танмахмұт Торайғыров “Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, әдебиеті
жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді. Қазақты жансыз
ағаш қылып, отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылың-
дар”
Достарыңызбен бөлісу: |