Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет133/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

нағы.Төртінші том.Алматы,1998, 10 бет) депті.Сондықтан да адам 

өмірінде  осы  екі  жағын  қатар  алып,  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз 

етіп отырудың маңызы зор.Ал осы екуінің арасындағы  үйлесімділік  

бұзылса, ол адамның, одан кейін қоғамның да дамуына да әсер етіп, 

соңы түрлі келеңсіз жағдайларға апарып соқтыруы мүмкін. Жер бетін-

дегі адамдардың, ұлттардың,мемлекеттердің арасында болып жатқан 

түрлі түсінбестіктердің, қақтығыстардың, соғыстардың түп төркінін 

осы жақтан іздеу керек сияқты.

Тән  азығын  алғашында  тұрмыстық  сана  реттеп  отырады.Әр  нәр-

сенің шегі бар. Сол сияқты адамға да көп нәрсе керек емес.Кей адам-

дардың нәпсіге беріліп, дүние қуып,дүниеқоңыздыққа, нашақорлық-

қа, бұзақылыққа,жезөкшелікке т.б.  жаман жолдарға түсіп жатады. Бұл 

турасында ұлы Абай «Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, 



351

құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алдан-

бастық  –  бұл  нәрселердің  де  өлшеуі  бар.  Өлшеуінен  асырса,  богы 

шығады»   ( Абай. Қара сөз. А., 1993,117-бет) – депті.  Мұның бар-

лығы олардың бойында рухани азықтың жетіспеушілігінен, нәпсілік, 

тұрмыстық сана деңгейінде қалып қойып,қоғамдық ғылыми, ұлттық 

рухани сана биігіне көтерілмегендігінен.Адам неғұрлы білімді болса, 

саналы келсе, оның атқарған істері өзі үшін де, өзге үшін де пайдалы 

болмақ; ал жаман істер көбіне нәпсі қуушылықтың, рухани тәрбиенің 

жетіспеушілігінің  көрінісі.

Сонда  қандай  адам,  қандай  ұлт  жақсы  болмақ?  Біздіңше,  ұлттық 

рухта, одан қалды бүкіладамзаттық жақсы үрдістерді  үйрене отырып 

тәрбиеленген адамның, өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап, әлемдік 

өркениеттің озық үлгілернен үйрене отырып, дамыған елдің болаша-

ғы зор.  Ал бұған барар жол ұлтттық тіл, ұлттық тәрбие арқылы жү-

реді.Жалпы ұлттық тіл, ұлттық тәрбие,ұлттық мәдениет ұлттық руха-

ни құндылықтардың қайнар көзі екендігі әрдайым есте болғаны жөн.

Адамның өсіп жетілуінде тәрбиенің маңызы аса зор.Адамды шын 

мәнінде, адам қылатын да – осы тәрбие.Адам қандай тәбие көрсе, со-

лай кетеді.Адамның адамдығы да, азаматтығы да осы тәрбиеден. Әл 

Фарабидің  анықтауынша,  тәрбиенің  мақсаты  –    білімге  негізделген 

этикалық, эстетикалық құндылықтады адамның бойында дарыту. Ал 

М. Жұмабаев «Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір 

жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көр-

сету деген сөз.Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын 

кәміл жасқа толып, өзіне өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру 

деген  мағынада  жүгізіледі»  (М.Жұмабаев.  Үш  томдық  шығамала-

ры,2, 3-том,Алматы,1996, 223- бет) дейді. Ұлтының қамын көбірек 

ойлаған  Мағжан «Тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адмның ұлтын, 

асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу, ұлт мүшесі әрбір адам 

бақытты  болса,  ұлт  бақытты,Адамзат  дүниесінің    мүшесі  әрбір  ұлт 

бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты»(сонда,224-бет)- деген екен.

Демек,  халықтың  болашағы  үшін  тәрие  ісінің  дұыс  жолға  қойылуы 

аса маңызды.

Әрбір ұлттың басты ерекшелігі оның осы рухани құндылықтарын-

да,  рухани  жанында  жатыр.Қазақтың  рухани  жаны--  қазақтығында. 

Қазақты қазақ қып тұрған оның тілі,сол тілде жасалынған рухани құн-

дылықтар, сосын мәдениеті, әдет – ғұрпы, салт дәстүрі. Ұлтымыздың 

өзіне ғана тән, яғни қазақты қазақ қып тұрған осы қасиеттер жоғалса, 

жер бетінен қазақ та өшеді. Өшпес үшін әрбір  ұлт  өзінің ұлттық бол-

мысын сақтап қалу үшін оның қорғаны болатын мемлекеттігін құра-

ды. Қазақстан да – қазақтардың қазақ болып өмір сүруін саяси, эконо-

микалық,  идеологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  етіп  отыратын  заңды 

саяси құрылымы.Сол себепті де Қазақстанда барлық мәселе мейлі ол 

саяси, экономикалық, рухани болсын, қазақ ұлтының мүддесі тұрғы-

сынан шешілуі тиіс.Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі оның 

ұлттық мүдделерінің  қаншалықты дәрежеде қорғалғандығына байла-




352

нысты. Бұның бәрі, әрине, басқа ұлттардың есебінен емесі;басқаларға 

пайдамыз болмаса, зиянымыз тимеуі керек.

Сонымен  адам  өмірінде  рухани  құндылықтардың  маңызы  зор.Ал 

рухани  құндылықтар    белгілі  бір  халықтың  ұлттық  дамуымен  тіке-

лей байланысты болса, екінші жағынан оның кемелденуінің де көр-

сеткіші.  Рухани  құндылықтарын  сақтап,  дамыта  алған  ұлттар  ғана 

қалыпты өмір сүре алады.Сондықтан да әрбір мемлекеттің бүкіл сая-

саты ұлттық құндылықтарға, халықтық асқақ армандарға негізделген 

мемлекеттік идеологияны ұстанады.Сонда ғана халықтың дамуы үшін 

барлық мүмкіндіктнр ашылып, ұлттық рухани құндылықтар салтанат 

құрады.Әрбір адам белгілі бір рухани құндылықтардың аясында өмір 

сүріп, ол өмірінің мәні мен сәніне, азаматтық ұстанымына, өмір сүру 

салтына айналады.

Адамның бойындағы рухани құндылықтар ұлт өмірінің де негізін 

құрап, қоғамдық қатынастарды ретке келтіріп отырады.Қоғам өз да-

муында  негізінен  ұлтттық,  сонымен  бірге  бүкіл  адамзаттық  мәде-

ниеттің озық үлгілеріне сүйенгенде ғана кемелдене түседі.Сондықтан 

да  өнер,  білім  –  ғылым,  саясатта  ұлттық  құндылықтарға  басымдық 

беріп отыру аса маңызды.

Рухани  құндылықтар    адамның  саналы    өмірінің  барлық  жағын 

қамтиды.Оларды шартты түрде ұлттық, тарихи, саяси, этикалық, эс-

тетикалық, т.б. деп жіктеуге болады.Әдетте бұлардың жиынтығын мә-

дениет деп атайды. Мәдениетті болу – кемелдіктің белгісі. Абай айт-

қан «толық адам» –  осы кемелдіктің белгісі.Ол – өмірдегі жан жақты 

білімді, парасатты, иманды адам. Заманға лайықты мәдениетті адам 

тәрбиелеу, сол адамдар бақытты өмір сүретін  ұлттық, адамзаттық ру-

хани құндылықтарға негізделген өркениетті қоғам орнату – арман.Бұл 

жерде қазақтың әлемдік өркениетке ұлттық болмысымен ғана шыға 

алатындығы есте болғаны жөн.

Мәдени мұраның ішінде аса маңыздысы – әдебиет. Әдебиет ұлттық 

сананың  бастауы,  ұлтық  рухани  құндылықтардың  қазынасы,    ұлт-

тық өмірдің айнасы.Адамзат қоғамынан әдебиеттті алып тастасаңыз, 

оны  көзге  елестету  қиын.Ұлы  жазушылардың  шығармалары  халық-

тың  ұлттық  өмірінің  энциклопедиясы,  үлгісі  іспеттес.  Шын  мәнін-

дегі үлкен жазушылар замана қысымына көнбей, туындыларында өз 

дәуірінің  ұлттық,  халықтық  құндылықтармен  суғарылған  шынайы 

көркем  бейнелерін  жасайды;  сонымен  бірге  бір  күндік  ,  немесе  бір 

дәуірдің  ғана  шындығымен  шектеліп  қалмай,  ұлт  өмірінің  мәңгілік 

мұратын да жырлайды.Сондықтан да ұлы шығармалар сол ұлтпен бір-

ге жасасады.Абайдың ұлылығыы да осында. «Манас» жыры қырғыз-

дардың ұлттық идеологиясы деп жарияланды.

Десек те, өмірдегінің бәрі ойлағандай бола бермейді. Әр дәуірдің өз 

проблемасы бар. Өткен ғасырдың соңында кеңес империясының күй-

реуінен кейінгі Батыста бастау алған жаһандану қазір әлемді жалмап 

келеді.  Мұның  басты  ерекшелігі  аз  ұлттардың  мәдениеті  жұтылып, 

ұлттық  рухани,  материалдық  құндылықтар  талан-  таражға  түсуде. 



353

«Өркениеттер  қақтығысы»  аталған  ғаламдасудың  күшейіп,  шарық-

тау шыңына шыққандығы соншалық, қазір американдық өмір салты-

нан басқа ұлттардың тілдік және мәдени құндылықтары экспанцияға 

ұшырап,  қалу  не  қалмау  мәселесі  күн  тәртібіне  шықты.  Теориялық 

тұрғыдан қоғамдық дамуда болмай қоймайтын құбылыс ретінде негіз-

деліп,  насихатталып,  материалдық  жағынан  барынша  қамтамасыз 

етіліп отырған жаһанданудың мұндай барысы әлем халықтарын ой-

ландыра бастады. Аз ұлттар түгілі Қытай, Франция, Германия сияқты 

үлкен мемлекеттер ұлттық тілін, құндылықтарын сақтап қалудың қа-

мына кірісті. Қытайда ағылшын тілді жазулардың көшеде бей- бере-

кет көрінуіне тиым салынды. Президент Саркази Францияға келген 

кез келген шетелдік өзін француз ұлтының бір бөлігі ретінде сезінуі 

тиіс, француздардың өз еліне келушілердің салт- дәстүрлерін құрме-

тейміз деп жүріп, өздерінің ұлттық мәдениеті мен дәстүрінен айры-

лып бара жатыр деді.Ол, «Егер сен Францияда өмір сүруді қалайтын 

болсаң, сен сол жердің мәдениетін игеруге, сол жердің  мәдениетіне 

біржола сіңіп кетуге, біртекті қоғамның ажырамас бөлшегіне айналуға  

дайын болуың керек. Ал бұған көнбейді екенсің, Францияға қонақтау-

ға құқың жоқ... Біз осы уақытқа дейін жатжерліктердің қамын ойлап, 

оларға, олардың мәднеиетіне жағдай жасаумен болдық, ал өзімізді көп 

жағдайда назардан тыс қалдырып отырыппыз. Енді олай болмайды» 

дегенді кесіп айтты.              

Бір  елде  көпұлтты,  көпмәдениетті  мемлекеттен  бас  тартқысы  ке-

летінін Германия канцлері Ангела Маркель (барлығымыз бір қоғамдық 

ортада бір-бірімізді құрметтей отырып, тең қатынаста өмір сүре ала-

мыз деген мультмәдениеттік көзқарас қате болып шықты), Ұлыбри-

танияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон (жатжерліктер жергілікті 

ағылшын мәдениетін ерекше құрметтеуі керек), Испанияның  бұрын-

ғы  басшысы  Хосе-Мария  Аснар,  Австралияның  экс-премьері  Джон 

Ховард  (Австралияда  жүрген  жатжерліктер  жергілікті  мәдениетке 

бейімделу  керек.  Әркім  өз  мәдениетін,  өз  ұстанымын,  көзқарасын 

енгізгісі  келеді.  Жоқ,  олай  болмайды,әр  мәдениеттің  өз  Отаны  бар.  

Австралияның мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.) т. б. мәлімдеді.     

Түріктер  Батыстық  мәдениетке  қарсы  өздерінің  көне  эпостарын, 

мәдени  мұрасын  көбірек  зерттеп,  бүгінгі  ұрпаққа  ұсыну  міндетін 

алға қойып отыр. Түріктің Ризе қаласының тұрғындары ұлттық, ада-

ми болмысын, қарым-қатынастарын сақтап қалу үшін теледидардан, 

электр жарығынан бас тартқан. Мұндай мысалдарды  көптеп келтіре 

беруге болады. Мысалдарды келтіргендегі мақсат – әлем халықтары 

өздерінің ұлттық рухани құндылықтарынжаңа ғаламдасу жағдайын-

да сақтап қалуға  кірісіп жатқандығына назар аудару.Нарыққа бейім-

делеміз  деп  жүріп,  ұлттық  болмысымызды  жоғалтып  бара  жатқан 

бізге  де  бұл  мәселелер  төңірегінде  ойланарлық  мәселелер  баршы-

лық.                                                                                                                                                             

Сонымен Батыс бізге не ұсынады? Үйреніп қалған өзіміздікі тұр-

ғанда,  өзгенікін  не  қыламыз  деп,  қарадай  үркіп  жүрген  жоқпыз  ба? 



354

Батыстың бізге ұсынатыны –  американдық өмір салты; бұл дегеніміз, 

шын мәнінде, адам  құқығы, еркіндік, демократия сияқты сырт қара-

ғанда әдемі ұстанымдарды жамылып шын мәнінде, түпкі мақсаты дәс-

түрлі мәдениетті жоққа шығарып, ойдан – қырдан құралған, ұлттық 

тамыры  жоқ  американдықтардың  өмір  сүру  құндылықтарын  басқа 

халықтарға     таңу; нәтижесінде адамзат баласын ұлттық сана-сезімі-

нен  айырып ағылшын тілді американдық өмір салты қалпына түсіру ; 

сөйтіп, бір оқ шығармай, әлем халқын мәңгүрттендіру арқылы жаулап 

алу. Жаһанданудың астарында әлемді билеу сияқты империялық пи-

ғылдың  жатқандығына қазір әлемде жүріп  жатқан шекарасыз саясат 

көз жеткізеді.Батыс ұсынып отырған еркін нарықтық экономиканың 

да, "жаппай мәдениеттің" де басты мақсаты мемлекеттік шекаралар-

ды бұзып, олардың  материалдық байлықтарын иемдену; ұлттықбол-

мысынан  айыру  арқылы  мәңгүрттендіріп,  американдық  мәдениетке 

көшіру. Өмір сүру үшін қажетті материалдық байлықтарынан, рухани 

құндылықтарынан айрылған халықты бағындыру оңай.

Қоғам дамиды, өмір өзгеріп отырады. Сонымен бірге ғылым-білім 

өсіп, мәдениеттер толысып, жаңа құндылықтар өмірге келіп, адамның 

сана- сезімінде, рухани тіршілігінде де жаңарулар туындап жатады. 

Батыс жаһандануды, сол арқылы әлемге таңылып жатқан американдық 

өмір салтын қоғамдық дамудың заңдылығынан, заман қажеттілігінен     

туындаған заңды құбылыс санайды. Жаһанданудың қаншалықты өр-

кениетке  апарар  қоғамдық,экономикалық  мәдени          дамудың  тура 

жолы  емес  екендігіне  оның  мәдениет,әдебиет    саласындағы  негізгі   

ұстанымдарына зер салғанда, көзіңіз жетеді.                                                                                                                 

 Ұлт дегеніміз – тіл. Ұлттың болмысы сол тілде жасалынған рухани 

құндылықтардан тамыр тартады. Сондықтан да әрбір ұлт өзінің бо-

лашағына қажетті пайдалы дүниелерді  тірнектеп жинап, көзінің қа-

рашығындай сақтап, заманға лайықты жетілдіріп, ұрпақтан ұрпаққа 

мәдени  мирас  ретінде  қалдырып  отырады.  Мұның  бәрі,  әрине,  ұлт-

тық  тіл  арқылы  жүреді.  Ұлт  тілінде  жасалынған  рухани  құндылық-

тар, өмір сүру амалдарын айқындайтын дін негізінде халықтың ұлт-

тық ділі (менталитеті) қалыптасады. Ұлттық ділі мықты ел әлемдік 

өркениетке ілесе алады; ал әлсіз ел артта қалып, түптің түбінде ұлт 

ретінде жойылып, өмір сүруін тоқтатады. Сондықтан да әрбір халық 

өзінің тілін, дінін күшейту арқылы тамырын тарихтың тереңіне жі-

беру арқылы ұлттық болмысын сақтауға алдымен, қам жасайды. Ұлт 

өміріндегі осы бір аса маңызды мәселенің дұрыс шешілуіне ғаламдасу 

концепциясы мүлдем қарсы. Ол «жаппай мәдениет» дегенді ұсыну ар-

қылы ұлттық атаулының тамырына  балта шапқысы келеді.                                                                                        

Әдебиет – сөз өнері. Өнердің ұлттық сипаты анық. Жаһандану әде-

биеттің  басты  қасиеті  ұлттық  сипатын  жоққа  шығару,  жою  арқылы 

ұлттық әдебиет атаулыны тарихтың тастандысына айналдырмақ.Мұ-

ның өзі кім-кімді болса да ойландырмай қоймайды. Сондағы Батыс-

тың бізге ұсынып отырғаны  қандай әдебиет дейсіз ғой?  Ол –постмо-

дернизм. Енді посмодернизмнің "әдеби ерекшеліктеріне" көз салалық.



355

Постмодернизм  әдеби  бағыт  ретінде  өткен  ғасырдың  алпысын-

шы жылдарында Батыста пайда болды. Оның негізінде жаңа заман-

ға  лайық  жаңа  гуманизмге,  бұрынғы  классикалық  антропологиялық 

гуманизмнен енді жаңа дәуірде адамзат баласын ғана емес, тіршілік 

иесі  атаулы,  табиғат,  ғарыш,  әлем  атаулының  барлығын  қамтитын 

жан-жақты гуманизмге көшу керек деген ұран алынды. Жаңа заман 

жаңа сана-сезім, жаңа философия пайда болып, өткен тарихқа бүгінге 

өмірге жаңаша көзқарастар туындады. Бұрын өмірді танып білуде бір 

ғана көзқарас, бір ғана бағыт үстемдік етіп келсе   постмодерн филосо-

фиясы осы уақытқа дейінгі бізді қоршаған орта туралы  қалыптасқан 

көзқарастарымыздың  барлығына  күмәнмен  қарайды.Постмодернизм 

бойынша, әлем қаншалықты шексіз болса,оны танып білу де шексіз, 

сондықтан  да  осы  уақытқа  дейін  өмір  шындығы  деп  айтып  келген-

деріміз, білім-ғылым деп үйреніп жүргендеріміздің барлығы да -шын-

дық емес, шындыққа жету жолындағы әрекеттер.

Абсолютті  шындық  туралы  әр  дәуірдің  ,әр  адамның  өз  түсінігі, 

өз  шындығы  бар.  Біздің  осы  уақытқа  дейінгі  жасағандарымыздың, 

қол жеткізгендеріміздің бәрі – шындық емес, шындыққа жетелейтін 

ізденістер.Өмір  сан  қырлы  болғандықтан  да  оны  адам  да  әр  түрлі 

қырынан  көреді,  өйткені  оны  тұтастай  көру  мүмкін  емес.  Бәр  жа-

ғын көрген адам  өз көргенін, екінші біреу басқа қырын көріп, ол да 

өзінің шындығын айтады, тағысын тағылар.Сан қырлы шындықтың 

көріністері  де  көп  болғандықтан  ол  туралы  түсініктердің  де  түр-

леше  болуы  заңдылық  деп  білетін  философия  өмірді  бейнелеудің, 

түсіндірудің  де  көп  түрлілігін  талап  етеді.  Демек,  постмодернистік 

философия  адамзат  баласының  осы  уақытқа  дейін  жинақтаған                                                                                                                                       

білім-ғылымын,  рухани  құндылықтарын  мойындамайды;заманы  өт-

кен ескі дәуір мұраларын қиратып, жаңа мәдениет жасауды көксейді.   

Постмодернизм біздің әдебиет туралы түсініктеріміздің барлығын 

да  төңкеріп  тастайды.Әдебиеттану  ғылымын,  көркемдіктің  катего-

рияларын  жоққа  шығарады.Әдебиет  тарихындағы  үлкен  ақын-жа-

зушылардың шығармаларын бүгінгі күнге қажетсіз санайды.Сөйтіп, 

қоғамдық мәдени дамудағы дәстүр жалғастығын үзіп жібергісі келеді. 

Постмодернизм адамзат баласының ғасырлар бойы тірнектеп жина-

ған білім – ғылымын, жасаған өнер туындыларын рухани құндылық 

ретінде мойындамаумен бірге осы уақытқа дейін көркем әдебиеттің 

басты сипаты саналап келген өмір шындығының көркем бейнесін жа-

сау міндетін де жоққа шығарады. Олардың ойынша, шындық өмірді 

бейнелеу мүмкін емес, біз өзіміздің ойымыздағы шындықтың моделін 

ғана ұсынамыз. 

Постмодернизм  философиямен  тығыз  байланысты.  Суреткер  өз 

шындығын  философиялық  тұрғыдан  ұсынады.  Постмодерннің  фи-

лософиялық  тамыры  өткеннің  құндылықтарына  сын  көзімен  қарай 

білушілікте,  кез  келген  нәрсенің  мәні  мен  маңызын,  парқын  айыра 

білушілікте жатыр.  




356

Батыс  ұсынып  отырған  қазіргі  заман  мәдениеті  өткен  дәуірлерде 

жасалынған құндылықтардың барлығын жойып жіберуді емес, олар-

ды тұтастырып тұрған негізгі «тіреулерді» бұзып, демонтаж жасауды, 

олардың ішінен бүгінгі күннің кәдесіне жарарлық нәрселерді тауып 

алып,  өміршеңдеріне  жол  ашуды,  сөйтіп  мәдениеттің  құрылымын 

жаңаша құруды қолдайды. Бір сөзбен айтқанда, бұрындары жарыққа 

шыға алмай келген жаңашыл өркендерге жағдай туғызып, плюрализм 

ұстанымын іске қосуға көп мән береді.

Қазіргі  әдебиеттегі  постмодернизм  жайлы  шетелдерде  бірсыпыра 

еңбектер жарық көрген. Мысалы, И.К.Сушилинаның «Современный 

литературный процесс в Россий» (Мәскеу, 2010) атты еңбегінің бір та-

рауы түгелдей орыс әдебиетіндегі постмодеернизмге арналған. Онда 

постмодернизмнің  теориялық  проблемаларымен  бірге  оның  қазіргі 

әдебиеттегі шығармашылық тәжірибелері де сөз болады. Оның үлгісі 

ретінде  прозада  А.Битовтың  «Пушкин  үйі»  романына,  поэзияда  В. 

Ерофеевтің  «Москва-Петушки»  поэмасына  тоқталады.  Тоқсаныншы 

жылдардағы орыс әдебиетіндегі постмодернистік  стетикалық ізденіс-

терге көз жібереді. 

Б. Майтанов «Қазіргі қазақ прозасындағы модернистік және пост-

модернистік  ағымдар» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет