Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет131/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   191
(“Айқап”, 1913, №13) 

– деп жар салған екен. Дәл қазіргі жағдай 

осыдан жүз жыл бұрынғысынан ушыға түспесе, жақсара қоймағаны 

әркімді ойландыруы керек.




323

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ ҚАЖЕТ

Б

ізде ұлттық идеология бар, бірақ деңгейі өте төмен десе бол-



ғандай. Қазір бұл жайында түрлі пікірлер айтылуда. Шын-

дығына  келгенде,  «ұлттық  идеология»  деп  аты  атап  тұрғандай, 

бұл идеологиямыз тек ұлттық болмысқа қызмет етуі қажет. Қазақ 

ұлтына қызмет етпейтін, ұлттық болмысына, мәдениетіне, дініне, 

тіліне зиянын тигізетін идеологияның бізге бес тиынға керегі жоқ. 

Мемлекеттің әрбір мәселесі : сыртқы, ішкі саясатта болсын, эконо-

мика мен мәдениетте болсын, қазақтың мүддесі тұрғысынан ғана    

шешілуі керек. Қазір бұлай болып жатыр деп айта алмаймын. Біз 

себебі  өзімізден  гөрі,  өзгені  көп  ойлаймыз.  Неге  екені  белгісіз, 

өзіміздің  ұлттық  болмысымыздан  гөрі,  басқалардыкін  шамадан 

тыс жоғары қоямыз. 

Соңғы  кездері  «қазақ»  деген  атауды  қойып,  «қазақстандық» 

деген  атауға  бет  бұрайық  дейтіндер  де  кездесіп  жүр.  Бұл  ─  ға-

ламдастырудың, болмаса, американдық үлгінің әсері. Америкалық 

үлгінің бізге сәйкестенбейтіндігін жете түсіне алмай келеміз. Қазір 

Германияда бүкіл проблема неміс ұлтының болмысы тұрғысынан 

шешіліп жатыр. Біз де бірте-бірте осыған келуіміз керек. Бұл жер-

де мен «басқа ұлттардың мүддесі қорғалмасын» деп отырған жоқ-

пын. Бірақ басқа ұлт өкілдері мен өзіміздің шала қазақтар көтеріп 

отырған «қазақстандық» атауды ұсынудың өзі, біздің ұлттық идео-

логиямыздан  шегіну  болып  есептеледі.  Әрине,  біздің  ешкімнің 

маңдайынан  шертуге  құқығымыз  жоқ.  Сөйте  тұра,  өз  елімізде 

тұрып,  өз мандайымыздан шерткізбеуіміз де керек. Бұл мәселені 

бүгінгілер ғана емес, кешегі Алашорданың көсемдері де көтерген. 

Ахмет  Байтұрсынұлы,  Әлихан  Бөкейханұлы,  анық  ұлттық  идео-

логияның  көсемдері  еді.  Міржақып  Дулатов,  Ілияс  Жансүгіров, 

Мағжан Жұмабаев, т.б секілді ақын-жазушылар−осы  көсемдердің  

идеясын кең көлемде насихаттаушылар. Кеңес өкіметі салдарынан 

Ахаңдар көтерген ұлттық идеология қуғынға ұшырады.

 Міне, енді ғана ел болып, бұл мәселені қолға алып жатырмыз. 

Енді  ұлттық  идеологияның  көсемі  жастардан  шығады.  Себебі 

қазіргі  биліктегілердің  барлығы  дерлік  кеңестік  идеологиямен 

уланғандар. Олардың идеология көсемі бола алмасы анық. Бір кез-

дері кеңестік идеологияға қарсы шыққандар да болған еді. Аны-

ғырақ  айтқанда,  Олжас  Сүлейменов.  Аты  шулы  «Азия»  кітабын 

жазды.  Семей  полигоны  кезінде  анық  ұлтжанды  жан  болып,  ел 




324

алдында жүрді. Ал қазір осы Олжекең адасып жүр.. Бұл жайында 

біраз шу болды.

  Ұлттық  идеологияның  тілмен  тұтасып  жатқандығы  шыңдық. 

Конституцияда  «мемлекеттік  тіл-қазақ  тілі,  ресми  тіл-орыс  тілі» 

делінген. Қуып келгенде, орыс тілі заңға сайкес ресми орындарда 

«ресмилігін» атқарып жатыр. Сол себепті де ата-заңымызға түзе-

тулер енгізген жөн. 

Конституция дегенде, тағы  бір мәселе қол бұлғайды. Біздің Ата-

заңымыз  қазақ  тілінде  жазылмаған.  Қазақшаға  аударма  жасаған. 

Оны қазақша жақсы білетін адамның өзі оңай оқып түсіне алмай-

ды. Ал орысшасын қиналмай түсінуге болады. 

Тағы да тіл мәселесіне қатысты бір жәйтті айта кетсем деймін. 

Президент  болу  үшін  үміткерлер  емтихан  тапсырды.  Дәл  осы 

сияқты барлық мемлекеттік қызметкерлер де қазақ тілінен емтихан 

тапсыруы керек. Тілді білмеген жағдайда бірте-біртені қойып, екі 

айда үйреніп шығуларына міндеттесе де болады. Себебі бұрында 

екі ай шет тілін үйретіп, оқытушыларды басқа елге лекция оқуға 

жіберетін. Демек, тілді қолданысқа  енгізуге екі ай да жеткілікті. 

Қысқасы, ұлтты сақтап қалу үшін, ұлттық идеологияны кемел-

дендіру үшін тіл, діл, дін үшеуі бұзылмауы керек. Ал қалғандары 

біртіндеп келеді. Сол сәтте ғана біздің ұлттық идеологиямыз жар-

қырап көрінері ақиқат.     

                     




325

РУХАНИЯТТЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕГІ 

ОРНЫ

А

дамзат баласы тарихтың не бір «тар жол, тайғақ кешулерінен» 



өтіп, атқан оқтай зуылдаған зымыран заманға ілесіп, ХХІ ға-

сырға да аяқ басты.  Әсіресе ХХ ғасыр бұрқ-сарқ еткен түрлі әлеу-

меттік оқиғаларға толы болды. Өткен жүз жылдықтың басты оқиғасы 

1917 жылы Ресейде пролетарлық революцияның жеңіп, оның екінші 

дүниежүзілік соғыстан соң әлемнің үштен бірін қамтыған социалистік 

системаға айналғанымен де 1991 жылы күйреп қалуы еді. Бұл екі қо-

ғамдық жүйенің, яғни капитализм мен социализмнің идеологиялық, 

экономикалық  текетіресінің  нәтижесінде  жүзеге  асты.  Жер  бетінде 

коммунизм орнатпақ болған Ресей империясының шаңырағы шайқа-

лып, өртене түскен соң басталған ыдыраудың барысында Қазақстан-

ның да тәуелсіздікке қолы жетті.

Азат  ел  болып,  жеке  дара  даму  жолына  түскен  Қазақстанның  ал-

дында қай жолға түсу таңдауы тұрды. Ресейлік социализмнің салта-

натты сарайының күмбезі құлап жатқанына қарамастан Қытай, Куба 

сияқты кейбір елдер бұл бағыттан тайған жоқ. Тек Қазақстан сияқты 

тәуелсіздікке қолы жаңа ғана жеткен мемлекеттерді капиталистік қо-

ғамның алыстан көз арбап, жалт – жұлт еткен жарқылы арбап, өзіне 

тартты.  Ата  –  бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  аңсап,  сол  үшін  кү-

ресіп,  қаны  қанша  төгілсе  де,  тоқтамаған  асыл  арманы  бүгінгі  күні 

құдайдың құдыретімен жүзеге асқанда, азат елдің қазіргі ұрпақтары 

халқының заманалар бойы жинақтаған ұлттық асыл қазыналарын тү-

гелдеуге кірісті. Сөйтсек, отаршылдықтың салдарынан жоғалтқаны-

мыз көп екен. Соның ең бастысы халқымызды ұлт қылып ұйыстырып 

отырған рухани қазынамыздан айырылып қала жаздаппыз. 

Сырты жылтырап тұрғанға бар жақсылық осы жақта екен ғой деп, 

қойып кетсек, капитализмнің де қызықтарымен бірге  «шыжықтары» 

да жеткілікті екен. Капитализмнің «ну ормандарының» ішінде адасып 

жүріп, енді-енді есімізді жия бергенде, «экономикалық дағдарыс» де-

ген тағы бір бәлеге жолықтық. Қазір бүкіл әлемде қоғамдық-эконо-

микалық даму тоқырап, одан шығудың жолын шарқ ұра іздеуде. Әри-

не, алға жүрер жолды айқындау үшін өткенге көз жіберіп, қай жерде, 

қалай адасқанын анықтау маңызды. Бүгінгі таңда бүкіл әлем болып 

қоғамдық дамудың АҚШ ұсынған «нарықтық экономикалық» қарым-

қатынастарының плюстері мен минустарын сараптауда. Әлемдік ли-

дерлер,  мемлекет,  қоғам,  ғылым,  бизнес  қайраткерлері  дағдарыстан 

шығу  жолдарын  іздеп,  болашақ  қоғамдық  –экономикалық  қарым-

қатынастар  жайлы  өз  пікірлерін  білдіруде.  Солардың  барлығында 

дерлік,  қоғамдық  қарым-қатынастардың  экономикаға  негізделіп, 




326

жеке адамға, немесе топқа қызмет еткенін оның басты кемшілігі са-

науда. Осы орайда Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың мына 

бір  пікірі  назар  аударады:  «...мәселенің  мәнісіне  үңілсек,  онда  бұл 

дағдарыс  экономикалық  емес,  моральдық,  рухани  құндылықтардың 

ысырылуынан  туындады.  Адамгершілік,  ізгілік,  рухани  құндылық 

соңғы  қатарда  қалып,  алдау  мен  арбау,  зорлық  пен  зомбылық  иесі 

алға  шықты.  Сондықтан  мен  бұл  дағдарысты  адамды  материалдық 

байлығымен  есептейтін  ұстанымның  дағдарысы  санаймын.  Бізден 

одан  шығу  үшін  бұған  дейінгіден  өзгеше  көзқарас,  өзгеше  идея  қа-

жет. Ол алдымен, әлемнің рухани құндылықтарды, адамгершілік пен 

имандылықты  құрметтейтін  идеясы  болған  жөн.  Әлем  елдері  үлкен 

жауапкершіліктің алдында тұр. ... адамзат үшін ізгілікке ұмтылған қо-

ғам жасауға тиіспіз» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет