Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет153/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

– Әңгімеңізге рахмет!

                Әңгімелескен – Жолдасбек ДУАНАБАЙ,   



 Баян СҮГІРБЕКОВА.                        

                                                               «Айқын»,27.05.2006ж.


373

«ҰЛТТЫҚ ТОПЫРАҚТАН НӘР 

АЛМАҒАН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ 

БОЛАШАҒЫ ЖОҚ» 



– Дандай Ысқақұлы, әңгімеңізді биылғы шетелдерде болған 

сапарларыңыздан бастасаңыз? 

– Мен үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында ғылыми жұ-

мыстарға  байланысты  Әзірбайжанда  және  Қытай  елінде  болып 

қайттым.  Әзірбайжанда  болғанда,  олардың  көптеген  ғалымдары 

мен ақын-жазушыларымен кездесіп, әзірбайжан халқының ұлттық 

тұрмыс-тіршілігі, тілінің жағдайымен және ғылымы, мәдениеті, та-

рихымен таныстым. Әзірбайжан Ғылым академиясының Тіл білімі, 

Әдебиет  және  Тарих  институтарында  болып,  ғалымдармен  пікір-

лесіп, біраз мәлелелерге қаныққандай болдық. Олар, ұлттың тари-

хын, әдебиетін, мәдениетін, тілін зерттеуде біраз жетістіктерге қол 

жеткізген.  Ғылыми  еңбектерінің  жалпы  деңгейінде,  зерттеу  әдіс-

терінде ілгерлеушілік байқалды. Ғалымдарының көпшілігі  ағыл-

шын тілін игеріпті, кейінгі жастардың бәрі ағылшын тіліне жүйрік. 

Біздің  Қазақстанда  орыс  тілінсіз  күн  көре  алмаймыз  ғой.  Ал  ол 

жақтағы жастар орыс тілін онша біле бермейді екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет