– Жаңа «әзірбайжандар өздерін түркі әлеміндегі ірі халық-
тардың бірі санайды» деп қалдыңыз. Сол туралы кеңірек тоқ-
тала кетсеңіз?
– Біздің ғалымдардың тұжырымы бойынша, «түркі халықтары
бұрын Алтайда өмір сүріп, кейін Еуразияға кеңінен тараған. Кав-
казға, Атлант мұқитына дейін барған» дейміз ғой. Ал әзірбайжан-
дық тарихшы ғалымдар: «Жоқ біз атамзаманнан бері Кавказда тұ-
рамыз» дейді. Керісінше, әрмендер басқа жақтан, Ирақтан келген,
олардың тұрып жатқан жері – түркілердің жері. Біздің бабалары-
мыздың туып-өскен жері». Бұл көзқарастар біздің ғалымдардың
пікіріне қарағанда – өзгешелеу. Міне, осындай нәрселерді ашық
айтып отыр.
Біз азаматтық тарихымызды, әдеби тарихымызды енді-енді те-
реңдеп зерттей бастадық қой. Ал олар біздің жыл санауымыздан
бұрынғы үш мың жылдық азаматтық тарихы мен әдебиет тарихын
біліп отыр. Үш мың жыл деген оңай нәрсе емес. Археологиялық
зерттеулер мен жазба деректері бойынша, біз атам заманннан Кав-
каздың тұрғылықты халқымыз деген мазмұндағы зерттеулер жа-
зып, том-том кітаптар шығарған.
Парсы әдебиетінің классикалық шығармасы аталып келген
«Авеста» жыры бар ғой. Сол «Авестаны» қазақ әдебиеті мен түркі
халықтарының, соның ішінде қазақ әдебиетіне қатысы жәйлы 1990
жылдары Тоқболат Еңсегенов деген жігіт зерттеп докторлық дис-
сертатция қорғаған болатын. Сонда біздің ғалымдар: «Бұл пікір дұ-
рыс емес, бұл бүкіл әлем таныған парсы әдебиетінің классикалық
шығармасы, соны бізге тартқанымыз, түркі халықтарына қатысы
бар дегеніміз, сыпайлап айтқанда, ол – білместік, ғылыми негізі
375
жоқ» деп жаңағы диссертацияны бекітпей тастатқан болатын.
Т.Еңсегеновтың пікірі бойынша, «Авестадағы» негізгі оқиғалар
қазіргі Амудария мен Сырдарияның маңында өтеді. Жер-су аттары
мен түркілік атаулар бар. Бірақ енді, шығарма парсы тілінде сақ-
талған. Ал әзербайжан ғалымдардың айтуынша, «Авеста» кезінде
түркі тілінде жазылған, кейін парсы тіліне аударылған. Түп нұсқа
жоғалып кетіп, парсылардың қолындағы аудармасы сақталып қал-
ған» деген пікірлер айтады. Енді біздің ғалымдар күні бүгінге дейін
осы даумен келеді. Ал Әзірбайжан ғалымдары «ол біздікі» деп әде-
биетінің тарихына әлдеқашан кіргізіп қойған.
Достарыңызбен бөлісу: |