Ақмешіт қаласына алып келді.
жасау игілік істерін кенже қалдырмақпыз...
157
Аты аталып жүрген Ақмешіт қаласы түстігі Қарақалпақ облысы мен
Сырдария гүбернасы, күншығысы Жетісу, теріс түстігі Ақмола мен
Торғай, күнбатысы Ақтөбе мен Орал болып, үлкен жолдың үстінде
тұрған ыңғайлы қала»
(«Ақ жол», 28.01.1925)
– деп, Ақмешіт қаласын
Қазақстанның астанасы қылуға, оның атының Қызылорда болып өзге-
руіне мұрындық болды.
Қазақ елі жеке мемлекет болып құрылған соң, оның патша өкі-
метінің кемсітуімен «киргиз» аталып келгенін өзгертіп, халықтың та-
рихи «қазақ» атауының қайта қалпына келуін жүзеге асырды.
Қазақстанның басшылығында бір жылдай ғана қызмет атқарған
С. Қожанов азаматтықтың, халыққа қызмет етудің асқан үлгісін көр-
сетіп, елінің есінде қаларлық талай-талай тарихи жұмыстардың басы-
қасында жүрді. Жаңадан құрылған мемлекеттің шегарасын межелеп,
ел экономикасын өркендету, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын
сақтап, ұлттық дәстүрлерін, әдебиеті мен мәдениетін дамыта түсу
жолында қыруар жұмыстар атқарылды. Сол кезде жүргізілген пролет-
культшілдік саясаттың зардабынан ұлттық мәдениеттердің көп зардап
шеккені белгілі. Осындай қауіп төнген Наурыз мейрамына Сұлтанбек
сол кездің өзінде-ақ араша түсті:
«22-нші март – Наурыз мейрамы. Күншығыс халқына тегіс мей-
рам қылып өткізу салт болған күн. Мұны көп білгіштер дін мейрамы
деп жиреніп, лажы болса, құртып жіберу керек деп сопышылсынып,
аңқау елге арамза молдалық соғатын қазақ коммунист жолдастардан
бар екен. Наурызға арналған намаз жоқ. Наурызда құрбан шалынып,
құран оқылмайды. Наурыз – жыл басы. Наурыз – күн мен түннің те-
ңеліп,күннің асып кетіп бара жатқан уағына дәл келетін мейрам. Нау-
рыз – иұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз – ел шаруа-
сымен күн көріп,табиғат шарттарына тұрмысы көбірек байланысқан
елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қысымшылық-
тан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, аман қалған малы балалап,
қорасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті
жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғаттың иіп тұрған кезін-
де қолынан келгенше көп өндіріп қалудың шарасын істеп, абыр-сабыр
болып жатқан ел шаруаларының талабы қозған ең көңілді уақыты –
көктем. Сол көктемнің басы – Наурыз»
Достарыңызбен бөлісу: