(Әділ ДҮЙСЕНБЕК)
Б
ір кемпір жанындағы екіншісіне "Мен бұл кемпірді қыз кзінен
білемін" деген екен. Сол сияқты мен де Әділді 25-26 жастағы
қылшылдаған жігіт кезінен білемін. ҚазМУ-дің үшінші курсында
оқып жүрген кезіміз болатын. Әділ бізге сол кезде қосылды. Ол уа-
қытта жоғары оқу орнында оқып жүрген студентті әскер қатарына
шақыра беретін. Университеттің үшінші курсында оқып жүрген жас
жігітті Отан алдындағы борышын өтеуге шақырып, содан үш жыл әс-
кери міндетін өтеп, оқуын қайта жалғастыруға келген беті екен.
Үстіне әскери десанттың киім формасы жарасқан, ұзын бойлы, сым-
батты жігіт студенттер назарын бірден өзіне аударған-тұғын. Әскер қа-
тарынан жаңа оралып жатқан, оқуға дейін қызметін атқарып келген
Амантай (Сәтбеков қазір Алматыда мектеп директоры), Әбіш (Аязбе-
ков Мойынқұмда мектеп директоры), Төрехан (Тасболатов қазақ ра-
диосында жетекші журналист) сияқты сақа жігіттер бірден курстың
ұйтқысы болып кетті. Мектепті бітіре салысымен оқуға түскен біздер-
ге қарағанда өмірді көріп, әскери жағдайдың қиындықтарында әбден
ысылған бұл жігіттер қоғамдық жұмыстарға белсендірек қатысты:
бірі – курс старостасы, енді бірі – партбюро, комсомол бюросының
мүшесі болды.
Соңғы курстарда әдебиетке "икемі бар жігіттер жазумен айналысып,
газет-журналдарды, радио- теледидарды жағалай бастады. Студент
кездің езінде-ақ хабар-ошар түріндегі материалдарын газет беттерінде
жариялап кезге түсіп жүретін Әділ университеттің соңғы курсында-ақ
(1969) "Социалистік Қазақстанға" қызметке шақырылды. Міне, содан
бері табаны күректей 35 жыл бойы Әділ тапжылмай осы газетте бір
жерде қызмет етіп келеді. Оның еңбек кітапшасында 1969 жылдың
4-ші сәуіріндегі №26-шы бұйрықпен 27- наурыздан бастап, "Социа-
листік Қазақстан" газетінің редакциясына "кіші әдеби қызметкер бо-
лып қабылданды" деген жазу бар да жүмыстан шыққандығы жайлы
жазу жоқ. Журналистік жолын жай әдеби қызметкерліктен бастаған
Әділ әр жылдарда жауапты хатшының орынбасары болды, ғылым,
партия тұрмысы, ауыл шаруашылығы бөлімдерін басқарды, редколле-
гия мүшесі ретінде еңбек етті.
Әділ, алдымен – профессионал журналист. Оның өмірі қазіргі қазақ
журналистикасымен біте қайнасып келеді. Соңғы отыз жыл ішіндегі
"Егемен Қазақстан" газетінің әр санында Ә.Дүйсенбектің де журна-
листік қолтаңбасының іздері сайрап жатыр. Ол жазған, қорытқан,
ұйымдастырған материалдар бас газеттің шырайын кіргізіп, мазмұ-
211
нын байытып, тақырып аясын кеңейте түсуге айтарлықтай үлес болып
қосылды. Кез- келген тақырыпта қалам тарта алатын Әділді әсіресе,
Қазақстанның халық шаруашылығы, мәдениеті, ғылымы мәселелерін
көтеріп жазған материалдары қалың оқырманға кеңінен танымап етті.
Егеменді еліміздің дамуында кездескен кейбір экономикалық, мәдени
проблемалар журналист назарына жиі ілігіп, газет бетінде көтеріліп,
мамандар талқысына ұсынылды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы тақы-
рыбына жазған мақалалары өзектілігімен, дер кезінде көтерілуімен,
мәселені терең түсініп, нақтылы талдауларымен кезге түседі.
Қазіргі қазақ баспасөзінің қара шаңырағы "Егемен Қазақстан" га-
зетінің, бүгінгі биік сатыға көтерілуіне Ә.Дүйсенбектің қосқан үлесі
де қомақты. Журналистің жұмысы тек мәселені көтеріп жазу ғана
емес, сол жазған материалына оқырман назарын аударып, соқырға
таяқ ұстатқандай ұсына білудің де маңызы зор. Бұл ретте материал-
дардың газет бетінде орналасуы, түрлі айдарлармен берілуі, мазмұн-
ды ашатын, өзіне тартатын тақырыптың қойылуы, түрлі шрифтермен
терілуі сияқты факторлардың маңызы айтарлықтай. Баспасөз мате-
риалдарының тиімділігін арттыруға тікелей көмектесетін қыр-сыры
мол осындай газетті "киіндіру", безендіру мәселелеріне келгенде де
Әділ шығармашылық ізденіспен көріне білді. Мысалы, ол кезінде
"Егемен Қазақстанның" "Спорт жұлдыздары", "Өнер өлкесінің саң-
лақтары", "Жас қалаға саяхат", "Мұғалім беделі", "Орыс тілі – ортақ
тіл", "Мелиорация молшылық көзі , "Бағыт – интенсивті технология"
сияқты айдарларының жарық көруіне тікелей себепші болды. Өзі осы
рубрикаларды жүйелі түрде жүргізіп отырды.
Ә.Дүйсенбек көркем әдебиет саласында да қалам тербеп, қарымын
байқап келеді; журналистік қызмет әдеби шығармашылыкқа ұласуда.
Әңгімелері мен повестері түрлі ұжымдық жинақтарға кірген. Оның
"Ақ күмбез" ("Жалын", 1977), "Кекжиек" ("Жалын", 1979), "Жүрек
жылуы" ("Қазақстан", 1984), "Тергеу әлі біткен жоқ" ("Жеті жарғы",
1997) атты кітаптары шыққан. Үстіміздегі жылы "Менің Шерағам"
("Өлке"), "Ескерткіш" атты көркем проза жинақтары жарық кергелі
жатыр. Сондай-ақ, оның көркем очерктері "Жазушы", "Жалын", "Қа-
зақстан", "Қайнар", "Мектеп", тағы басқа баспалардан шыққан оннан
астам публицистикалық жинақтарға кірген. Өзі де "Арман асулары"
("Қазақстан", 1980), "Жетекші жүгі" ("Жалын", 1989), тағы басқа бір-
неше очерктер жинағын құрастырған. "Қара шаңырак," атты әңгімесі
кезінде конкурста бәйге алған.
Адам еңбегімен ғана бағаланбайды, сонымен бірге өз ортасын-
да адам ретінде түрлі қатынастардағы болмысының да маңызы зор.
"Ақын болу міндет емес, азамат болу парызың". Бұл жағынан келген-
де, Әдекең ─ нағыз азамат. Алдындағы ағаларына ізетті іні, артынан
ерген інілеріне ардақты аға бола білген ақжүрек абзал жан. Үлкенге
құрмет, жастарға өнеге көрсетері бар Әдекең жолдастыққа да адал.
Жаны жайсаң, жүрегі жомарт Әдекең ылғи да айналасындағыларға
әдемі қалжыңымен, парасатты пайымдарымен шапағат шуағын ша-
212
шып жүреді. Сонымен бірге оның азаматтығы, табандылығы, ңені
болса да тура айта алатын әділдігі жолдасымыздың қадір-қасиетін
арттырып, мерейін биіктете түседі.
Ә.Дүйсенбек – жұбайы Дариғамен бірге үл өсіріп, қыз өсіріп, ұлын
ұяға, қызын қияға қондырып отырған үлгілі отбасының иесі. Жұбайы
Дариғамен сонау студенттік алпысыншы жылдардың соңына қарай
Жамбыл қаласына педагогикалық тәжірибеге барғанда қалай танысып,
кейіннен үйленгені күні бүгінгідей есіміздө. Міне, содан бері де талай
жыл өтіп кетіпті: өкі жас кетерген жас шаңырақ бұл күндері биіктеп,
үлкен әулеттің үлкен үйіне айналған. Түңғыштары Айдар ─ Қазақстан
Республикасы Президентінің күзет қызметінде офицер. Келін түсір-
ген. Әділ мен Дариға немере сүйіп, ата-әже болғалы қашан! Елігай
–медицина қызметкері, кенжесі Жазира Англияда оқып жатыр. Екеуі
де тұрмысқа шыққан. Әдекең мен Дариға өздері білетін діттеген жері-
мен қазақы дәстүрмен құда түсіп, той жасап, келін алып, қыз ұзатты.
Сондықтан да құда-құдағиларымен тату-тәтті қарым-қатынастарда,
жастар да бақытты. Қазақтың салт-дәстүріне сай өмір сүріп жатқан
үлкен шаңырақтың өзгеге өнеге боларлық бір сипаты осындай.
Тағы бір айта кететін жәйт: Әдекең қатарлы көп азаматтардың ба-
лаларының қазақтың тіліне, мәдениетіне шорқақ болып өскендігі.
Кепшілі кінәні отаршылдықтың орыстандыру саясатына жабады:
заман соны талап етті, қалада қазақ мектептері аз болды, сондықтан
да орысша оқыттық деген сияқтыларды алға тартады. Ал Әдекең мен
Дариға балаларының болашағын ойлап, ұлтының келешегіне сеніп,
ұл-қыздарын қазақ мектептерінде оқытты. Мектеп алыс болса, сол
жерге ертіп барып, алып келіп оқытты. Еткен еңбек пен төккен тер
зая кеткен жоқ, қазір жемісін көріп отыр. Айдар да, Елігай да, Жази-
ра да қазақтың тілін, мәдениетін, ата дәстүрін жақсы білетін, үлкенді
қүрметтей, кішіге қадірлі бола алатын нағыз қазіргі заманның ұлтын
сүйген жастары болып өсті.
Бүгінгі күні аға жасы алпысқа келіп отырған "Егемен Қазақстан"
газетінің байырғы қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының
және Жазушылар одағының мүшесі, абзал азамат Әділ Дүйсенбек ту-
ралы ойларымыздың бір парасы осындай. Алпыс жасқа келген тойын
дуылдатып өткізген бір азамат: "Өй, жұрттың бәрі алпыс, алпыс деп
шуылдап кеткенге қалай болар екен деп жүрсем, елу тоғызың мен ал-
пысыңның арасында еш айырма жоқ қой" – деген екен. Сол сияқты,
алпыс дегеніңіз -қарттықтың алды емес, ағалықтың алды. Алпыстың
биігінде тұрып, өткенге ой жіберіп, болашақка көз тастап, өзіңе-өзің
жұрт алдында есеп берер табиғи бір меже ғана. Сіз қазір нағыз шығар-
машылық кемел шағыңыздасыз. Әлі жетпістің жотасына, сексеннің
сеңгіріне шыққанша, талай жұмыстарды бітіруге тиіссіз. Құдайым со-
ларды көруге жазсын.
(“Арқа ажары ”, 23.V.2002).
213
АЗАМАТТЫҢ АЖАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |