Маусымның 28-і күні. — Таңертең тәуір болып басымды кӛтердім;
безгегім мүлде кетіп сауыққан тәріздендім: түсте кӛрген қорқыныш аурудың
зардабы әлі күшті, келесі күні безгек тағы ұстай ма қайтеді деген қауіп тағы
58
Sauap.org
кірді, сондықтан әлімнің барында азық-түлік және де басқа керекті заттарды
күні бұрын жақындатып жаныма қойғым келді. Ең алдымен тӛрт бұрышты
сауытқа су толтырып үстелдің үстіне қойдым, үстелді тӛсекке таман тартып,
тұрмай-ақ қол созып алатындай етіп жақындаттым; судың суық тигізетін
немесе безгек шақыратын зәрін сындырайын деп, ішіне ширек пинт
3
ром
құйып, шайқап араластырдым. Бұдан кейін ешкінің бір кесек етін кесіп алып,
кӛмірдің шоғына қақтап пісірдім, бір кесіп аузыма салдым да қалғанын алып
қасыма қойдым, одан кӛп жеуге тәбетім тартпады. Далаға шығып жүргім
келіп еді, бірақ буындарым дірілдеп, аяғымды баса алмадым, және мұның
үстіне ӛзімнің апатқа ұшыраған халімді ойлау және безгек тағы ұстайды ғой
деген қорқыныш тағы басқалары ӛзімді әбден қалжыратты. Кешкілікте қозға
кӛміп, тасбақаның үш жұмыртқасын пісіріп жедім.
Кешкі тамақтың алдында намаз оқыдым: жаңылмасам, ӛмірімде
шоқынғаным осы болу керек, бұл менің ӛмірімде дұға оқып, «пісімілдә»
келтіріп жеген тамағым еді.
Тамақ жеп болғаннан кейін далаға шығып жүрейінші деп ойлап ем, бірақ
қолым дірілдеп, мылтықты кӛтеруге шамам келіңкіремеді (мен қай уақытта
болса да мылтықсыз далаға шықпайтынмын). Кӛп ұзағаным жоқ, шамалы
жер жүріп бардым да, отырып теңіз жаққа қарадым, толқын жоқ, теңіз беті
тыныш, жап-жалтыр, теп-тегіс. Отырған кезде ойыма мынадай нәрселер
түсті: нендей бақытсыздыққа ұшырасам да бәрі де құдайдың әмірімен болған
іс екен ғой, ол тек маған емес, барлық дүние жүзінің қожасы ғой. Осының
артынан мынадай сұраулар пайда болды: «Құдай мені не үшін қарғайды? Не
істедім? Қарғағандай мен құдайға не жаздым? Несіне ортақ болдым?» Осы
сұрау туған кезде бір жағымнан ожданымның үні пайда болып, былай деді:
«Ей, малғұн! Не істедім деп ұялмай не бетіңмен сұрап отырсың? Ӛткен
ӛміріңді ойлап, артыңа бұрылып қарашы, сен не істемедің? Қайта сен не үшін
әлдеқашан ӛліп қалмадың, не үшін сен Ярмут рейдісінде суға кетпедің?
Баяғыда маврлар кемелеріңді талап, ӛздеріңді тұтқынға алғанда не қылып
ӛлмедің? Африка жағасында жүргеніңде жыртқыш андар сені не үшін жарып
кетпеді? Ақырында сен басқалармен бірдей осы арада не үшін суға кетіп
ӛлмедің? Осылардың бәрін біле тұра не істедім деп сұрайсың!»
Осылар есіме түскенде, не қыларымды білмей жаман састым, сенікі
теріс деп бір ауыз жауап қайтарып айта алмадым. Еңсем түсіп сол ойға
батқан күйіммен орнымнан тұрдым да, ақырындап үйге келдім. Тӛсекке
жатайыншы десем де, жанымды түршіктірген қайғылы халдерім ұйқыны
қашырды. Қас қарайып, ымырт жабылды, шамды жылтыратып жақтым да,
үстелдің жанындағы орындыққа отырдым. Безгектің қорқынышы әлі кеткен
жоқ, тағы ұстай ма деп қауіпсіне берем, сӛйтіп қорқып отырғанымда
Бразилия елінің адамдары ауру-сырқаудың кӛбін темекімен емдейтіні есіме
түсті; бір сандығымның түбінде бірнеше бӛлек темекі жататын, бір үлкен
бӛлегі үгіліп, тартуға даярланып қойылған еді де, қалғаны жапырақ күйінде
жататын.
59
Sauap.org
Темекі іздеп сарайға бардым. Осылай ет деп мені жетектеуші құдайдың
ӛзі ғой деп ойламаймын, себебі сандықты ашып, дене түгіл жанға керекті
дәріні де таптым: біріншісі — ӛзім іздеген темекі, екіншісі — інжіл. Аңдап
қарасам, кемеден алынған кітаптардың бәрін осы сандыққа салған екенмін.
Оларды қарауға осы уақытқа дейін қолым тимеді немесе қарағым да
келмегені ғой. Темекімен бірге әкелдім де үстелдің үстіне тастай бердім.
Әкелуін әкелсем де, темекімен безгекті қалай емдеуді біле алмадым.
Темекі безгекке ем бола ма, жоқ па оған тағы кӛзім жетпеді. Әуелі бірнеше
рет тәжірибе ретінде емделіп кӛрдім, себебі дәру болса белгі береді ғой деген
ой түсті. Ең әуелі бір түп жапырақ темекіні алдым да, аузыма салып
шайнадым. Темекі әрі жас, әрі ащы, ал оның үстіне мен темекі
тартпайтынмын, темекінің иісінен басым айналып, кӛзім қарауытып елтіп
қалдым. Жатар алдында бір қысым темекіні ромға салдым да былғап-былғап
сіміріп салдым. Бұдан кейін темекіні табаға қуырып, қақалып тұншыққанша
иіскей бердім. Міне, осылай етіп бірсыпыра ем істедім.
Емнің ара-арасында інжіл оқиыншы деп қарап ем, темекінің иісінен
басым айналып еңсемді кӛтеруге шамам келмеді, содан оқуды қойдым. Бір
есімде қалғаны, інжілдің бетінашқанымда мына бір сӛздер кӛзіме түсті:
«Басыңа қиыншылық іс түскенде мені шақыр, мен сені құтқарам, ал сен
менің даңқымды шығарасың». Темекінің зардабынан басым айналып, кӛзім
қарауытты, ұйқым келді. Түнде бірер нәрсе керек болып қала ма деп, шамды
сӛндірместен келдім де тӛсекке жаттым. Тӛсекке жатар алдында ӛмірімде
істемеген бір істі істедім: қысылған жерде шақыр, құтқарармын деген уәдесін
орындар ма екен дедім де, тізелеп отырып құдайға құлшылық еттім.
Келістіріп айта алмасам да, аузыма түскен дұғаны оқып, темекі салған арақты
іштім, сӛйттім де жаттым. Дәмі жаман, әрі ащы, жүрегім айнып лоқси-лоқси
әрең жұттым. Ішкен бойдан басымды айналдырды және кӛп ұзамай ұйқтап
кеттім. Келесі күні оянып қарасам, түс ауып кеткен, сағат үштің шамасы,
есептеп қарағанда бір емес, екі түн ұйықтап, үшінші күні оянған тәріздімін;
неліктен екенін білмеймін, әйтеуір бір күнді жаңылдым, жаңылғанымды
бірнеше жыл ӛткеннен кейін барып білдім; егер мен әлденеше рет экваторды
кесіп ӛтсем, бір күн емес тӛрт күнді жоғалтқан болар ем: ол жаңылғаным тек
бір-ақ күн, әрі ойлап, бері ойлап себебін аша алмай-ақ қойдым.
Дегенмен, осы ұйқы ӛзіме жақты. Түрегелсем бойым жеңілейген,
кӛңілім кӛтеріңкі, бір шаттық пайда болған тәрізді. Бұрынғыдай емес,
әлденіп, күш-қуат та кіре бастаған, ішкі сарайым да түзу, қарным ашып,
тамақ жегім келеді. Ол күні безгек ұстаған жоқ, сол күннен бастап тәуір
болуға айналдым. Бұл — маусымның 29-ы күні еді.
Айдың 30-ы мен үшін бақытты күн болу керек. Қолыма мылтық алып
аңға шықтым, бірақ үйден кӛп ұзап кеткенім жоқ.Үйрек тәрізді теңізде
жүретін бір-екі құс атып алдым да, аяңдап үйге қарай қайттым. Әкелгенмен
ол күні құстың етін жегенім жоқ, себебі бәрінен гӛрі тостаған тасбақаның
жұмыртқасын тәуір кӛруші едім. Кешкілік жасаған дәрімді іштім (айтып
отырғаным ромға салған темекі жапырағының суы; жапырағын аузыма салып
60
Sauap.org
шайнағаным жоқ және темекінің түтінін де иіскемедім.) Келесі күні,
шілденің 1-і күні ойда жоқ жерде безгегім ұстады, бірақ онша қатты болған
жоқ, тоңазытып денемді қалтыратты да қойды.
Шілденің 2-і күні. — Темекіні тағы іштім, тек ішіп қана қойғаным жоқ,
әрі иіскеп, әрі аузыма салып шайнадым.
Шілденің 4-і күні. — Ертеңгісін қолыма інжілді алып, оның жаңа
ӛсиеттеріне тоқтап, аса зейін бӛліп, ықыласты түрде оқи бастадым. Сол
күннен бастап ертеңгісін, кешкісін белгілі тарауын емес, кез-келген жерін,
жеткен жеріме шейін әбден шаршағанша үзбей оқи беретін болдым.
«Басыңа қиыншылық іс түскенде мені шақыр, мен сені құтқарамын»
деген сӛзді енді бұрынғыша емес, мүлде басқаша түсіндім: әуелгі кезде мен
оны осылай деп жалынсам құтыламын ғой деп ойлаушы едім, себебі тек
басымның бостандықта жүргені болмаса, тұрған аралым нағыз барып тұрған
абақты еді. Енді бұл сӛздерді мүлде басқа мағынада ұғындым: енді ӛзімнің
ӛткен дәуірім есіме түскенде жүрегім мұздап, үрейім ұшып, ӛзімнен-ӛзім
қарап отырып қорқатын болдым, сондықтан құдайдан сол істеген ауыр
күнәларымды кеш деп сұрайтын болдым. Ӛзімнің жасаған күнәммен
салыстырғанда, менің жалғыздық халім неге тұрарлық нәрсе? Әрине, түкке
тұрмайтын нәрсе, құтқару былай тұрсын, қайта жығылған үстіне жұдырық
беретін нәрсе. Мені жалғыздықтан құтқарар деп құдайға құлшылық етуді
қойдым, құтыламын деп ойлағаным да жоқ; құтылу деген маған түкке
тұрғысыз нәрсе сықылды болып кӛрінді. Мұны айтқандағы мақсатым —
апатқа ұшыраған адамға басындағы бәлелерінен құтылудан бұрын, ескі
күнәсынан тазару анағұрлым артық дегенді оқушыларыма кӛрсету еді.
Бірақ бұл мәселені талқылауды қойып, күнделік туралы сӛйлейін.
Сол уақыттан бастап менің халім былайынша сол бұрынғы қалпында
қалғанмен, ӛзіме бұрынғыдан едәуір тәуір болған сықылды кӛрінді. Інжілді
үнемі оқу және құдайға құлшылық ету менің пікірлерімді терең мәселелерге
қарай аударды, сондықтан мен сол кезге дейін ӛзіме жат болып келген жан
қуаныштарын танып білдім. Денсаулығым түзеліп, күш-қуатым кірген соң
жетіспеген керек-жарақтарды жиыстыра бердім, ӛзімнің тұрмысыма,
анағұрлым қолайлы жағдай туғызу шарасын кӛздедім.
Шілденің 4-інен 14-іне шейін. Кӛбінесе қолыма мылтық алып, тоғай
аралап жүрдім, бірақ әбден әл кіріп болғанша үйден кӛп ұзап кеткенім жоқ.
Ауру ӛзімді әбден жүдетті, жілігімнің майы шағылып, құр сүлдем қалды.
Менің темекімен емдеуім осы кезге дейін еш жерде, еш уақытта безгекке
қарсы қолданылмаған шығар; ӛзім істеп байқағанмен безгекті осы әдіспен
емдеңдер деп, ешкімге ұсыныс жасағым келмейді; шынын айтқанда безгекті
жеңуге темекінің себепші болғаны рас, бірақ темекі пайдасын тигізгенмен
зиянын да тигізбей қалған жоқ, қол-аяғым жиырылып, денем дірілдеп кӛп
уақытқа дейін келеге келе алмай жүрдім.
Бұл айтылғандардан басқа, менің ауруым, найзағай жалтылдаған дауыл
жаңбырларда баспанасыз далада отыруға болмайтындығын да үйретті,
сондықтан маусымды уақытта, яғни қыркүйек пен қазан айларының ішінде
61
Sauap.org
жауатын нӛсер жаңбырлардың ондайлық зияны шамалы, ал дауылдатып,
құйындатып күн күркіреп, найзағай жалтылдап жауатын жаңбырлар, кейде,
тіпті қуаңшылық кездерде де болып тұрады.
Жексұрын аралға келіп тұра бастағаныма он айдан астам уақыт ӛтті.
Менен бұрын бұл жерге адам баласының ізі түспегеніне кӛзім әбден жетті,
сондықтан құтылармын деген ойдан мүлде бездім. Үйімнің еш нәрседен
қауіпсіз екеніне әбден сенгеннен кейін аралды кеңірек зерттеп, осы кезге
дейін кӛзге түспеген мақлұқтар мен ӛсімдіктердің бар-жоғын білгім келді.
Зерттеу жұмысын шілденің 15-і күні бастадым. Ең әуелі ӛзімнің салым
тоқтаған кішкене шығанаққа қарай бет алдым. Сол жерден ағысты қуалап екі
мильдей жер жоғары жүрген соң, теңіз суының тасқыны сол арадан әрі қарай
бармайтынын білдім. Барған жерімдегі бұлақтың суы тап-таза, мӛп-мӛлдір,
күмісше жылтырайды. Құрғақшылықтың салдарынан бұлақтың кей жерлері
құрғап кебуге жақындаған, тек жылап ағып жатыр.
Екі жақ жиегі әдемі тоғайлық, бұдырмағы жоқ, теп-тегіс, шӛбі қалың,
жап-жасыл, ар жағы шамалы жер ойпаттау болып барады да, бірте-бірте
биіктеңкіреп кетеді, сондықтан судың тасқыны ол жерге жетпейді; сабақтары
жұп-жуан темекілер ӛсіп тұр, мұнан басқа да бұрын-соңды мен кӛрмеген
түрлі ӛсімдіктер толып жатыр; егер бұл ӛсімдіктердің нендей қасиетінің
барын білсем, мүмкін, пайдама жаратуға болар еді.
Үндістер кассавы дейтін ӛсімдіктің тамырынан үн жасаушы еді, сол
ӛсімдік табылар ма екен деп іздеп едім, табылмады.
Алоэ
4
және қант жасайтын құрақ сықылды үлкен ӛсімдіктер кӛрдім,
бірақ алоэдан қандай зат істеуге болатынын білмедім. Ал құраққа келетін
болсақ, ол мүлде жабайы, сондықтан сапасы нашар. Осы тапқандарыма ӛзім
қуанып үйге қайттым. Қайтып келе жатып табылған ӛсімдіктердің қасиетін
қалай танып және олардың сапасының жақсы-жаманын қалай етсем білер
екенмін деген ойға шомдым. Бірақ ойлағанмен жарытымды еш нәрсе шығара
алмадым. Бразилияда жүрген кезімде ол жерлердегі ӛсімдіктерге де кӛңіл
бӛлген жоқ едім.
Келесі күні, 16-ы күні, сол кешегі жүрген жолыма түсіп тағы кеттім,
бірақ кешегіден шамалы жер бойлаңқырап ілгерірек бардым. Аралдың бұл
бӛлігінде түрлі жемістер шығатын ӛсімдіктерге кездестім, мысалы, қауын,
жүзім, тағы басқалар. Жүзімдер ағашқа оралып мәуелеп тұр. Кӛрініске таң-
тамаша қалып біраз тұрдым, әрі қуандым, бірақ жүзімді сақтықпен абайлап
жедім, ӛйткені Бразилияда болған кезімде, тұтқында жүрген бірнеше
ағылшындардың жүзімді кӛп жеп, дизентериядан және безгектен ӛліп
қалғанын кӛргенім бар еді. Бірақ мен жүзімді қалай жеудің әдісін таптым,
әуелі күннің кӛзіне іліп кептіріп мейіз жасағым келді; себебі осылай етсем
жүзім әбден пісіп анық кепкен кезде кептіріп алғаным ӛзіме жақсы керек
болады ғой деген қорытындыға келдім.
Ол күні үйге қайтқаным жоқ; бұл — аралға келгеннен бері үйді тастап
далаға бірінші рет қонуым. Бұлда кеме апатқа ұшыраған күні ағаштың
басына шығып ұйықтап, келесі күні қызметке кіріскенім сықылды болды.
62
Sauap.org
Бұрынғы маңдай алдым мен солтүстікке қарай бойлап тағы да тӛрт мильдей
жер жүрдім.
Бұл жолдың барып құлаған жері ойпаттанып батысқа таман барады екен
де, алды жазық, ашық болып кетеді екен. Жоғарыдан шыққан бұлақтар
күншығысқа қарай ағып жатыр. Айналасы жап-жасыл кілемнің түгіндей.
Масатыдай құлпырып жайқалып тұр, қолмен егіп шығарған ағаш бақшасы
тәрізді. Осы таңғажайып алқаптың ішіне келіп кірдім, қайғыдан мүлде
арылып кетпегеніммен, мұны кӛргенде ішімнен қуанып, бұл байлыққа мен
ӛзім ғана қожамын, менен басқа кімнің қақы бар, бұған патша да, қожа да
ӛзім ғой деп ойладым. Тіпті осыны дүниенің бір бұрышына кӛшіріп апарып
отырғызсам да, ағылшын лордтарының арнаулы мүлкі сықылды сӛзсіз менің
мүлкім болып табылар еді — ешкім қол сұға алмас еді. Абайлап қарасам,
толып жатқан, ӛмір-бақи жапырағы солмай сол кӛгерген күйінде тұратын,
адамға ӛте пайдалы ағаштар кӛп екен, мысалы, пальма, апельсин, лимон
ағаштары, бірақ бәрі де жабайы, шамалысында болмаса сол уақытта кӛбінде
жеміс жоқ. Пісіп жетпеген болса да лимонды үзіп аузыма салдым, тәттілігі
былай тұрсын, мұндай жерде бұл маған ӛте пайдалы ғой. Лимонның сӛлін
сығып суға араластырып ішіп ем, денем салқындап, ішім мұздап, бір рақат
тыныс пайда болды.
Жемісті жинау және оны үйге тасып жеткізу маған біраз жұмыс болғалы
тұр, дегенмен, күзгі жаңбырға шейін қалай болса да жүзім мен лимонды
жинап алуым керек.
Осыны ойладым да, жүзімді үзіп әр жерге тӛбе-тӛбе етіп үйдім; лимонды
да осылай етіп ӛз алдына бӛлек жинадым. Мұнан соң екеуінен де шамалап
алдым да, арқалап үйге қайттым, қалғандарын қапшық әкеліп алып кетпекші
болдым.
Сонымен үш күн жүріп үйге қайттым (енді үңгірім мен шатырымды үй
деп атаймын), бірақ үйге жеткенше жүзім бүлініп қалды, себебі сӛлі ағып
тұрған жас жүзім бірін-бірі басқан соң езіліп, тіпті жеуге жарамайтын болып
қалды. Лимон ондай болған жоқ, ӛйткені алғаным да тым кӛп емес еді.
Келесі күні, 19-ы күні қарыма екі қапшық іліп, терген жемістерімді алып
келуге тағы кеттім. Келсем, жинап кеткен жемістерімді жан-жаққа шашып,
таратыпты, бірсыпырасын жеген, бірсыпырасын таптап, езіп жанышқанын
кӛрдім де аң-таң қалдым. Бұл жемістерге иелік етіп жүрген бір хайуанат болу
керек, бірақ оның нендей мақлұқ екенін біле алмадым.
Жемісті жинап бір жерге үйіп және оны қапшыққа салып тасуға
болмайтынын білген соң, енді басқа түрлі әдіс қолдануға тура келді. Біраз
жүзімді үзіп алдым да, күннің кӛзіне кепсін деп ағашқа ілдім. Ал лимонды
олай еткенім жоқ, кӛтергенімше үйге алып қайттым.
Үйге келіп ойлағаным, әлгі ӛзім тапқан жемісті жерлер болды.
Әдемілігіне қызығам, тапқаныма қуанам. Ӛзінің жаратылысы сұлу, жел-
құздан қағыс, айналасын қоршаған ағаш және сарқырап ағып жатқан
бұлақтың мӛлдірдей суы — осылар кӛз алдыма елестегенде, нағыз жаман
жерге орналасыппын-ау деген қорытындыға келдім. Енді солай қарай кӛшіп,
63
Sauap.org
қоныс аударғым келеді. Сол арадан бір қолайлы орын іздеп, оны да осы
сықылды нығайтып, қауіпсіз болу үшін жан-жағын бекітсем деймін.
Отырсам да, тұрсам да ойлағаным осы болды: әлгі алқаптың әдемілігі
мені еліктетті, кӛп уақытқа дейін кӛшіп барғым келді де тұрды. Бірақ әрі
ойлап, бері ойлап орын аударуды қойдым, себебі қазіргі тұрған жерім —
теңіздің жаны, кірсем де, шықсам да теңіз кӛз алдымда тұрады, кім біледі,
«үмітсіз шайтан болсын» деген, кемеге кездесермін, мүмкін жауыз тағдыр
күндердің күнінде менен басқа да біреуді осы араға әкелер, егер теңізден
алыстап кетіп, тау-тас пен ағаштың тасасында қалсам, ӛмірден мәңгі-бақи
қол үзіп, ӛзімнің босануыма ӛзім бӛгеу болармын деген қорытындыға келдім.
Алаптың әдемілігіне қызығып, барсам шыққым келмей, шілде айының
қалған уақытын түгелімен сол арада ӛткіздім. Ол жерге кӛшуді қойсам да,
жауын-шашыннан, шілденің ыссы тамызынан сақтану үшін баспана керек
болды, сондықтан ағаштың ішіне қос тіктім, қасындағы жуан ағаштардың іші
сыртына екі қабаттап шыбық ӛріп, кісі бойынан сәл биіктеу етіп қос
жасадым. Ӛрілген екі шыбықтың арасына ұйысқан қалың шӛптерді салдым,
кіргенде, шыққанда бұрынғы үйім секілді, сүйемелі басқышпен тӛбесінен
түсіп, тӛбесінен шығатын болдым. Сонымен бұл жерде де қауіпсізбін. Осы
тіккен қосымда ұдайынан екі үш күн қонып жүрген уақыттарым да болды.
Менің теңіз жағасында үйім болса, енді орман ішінде саяжайым бар ғой
дедім ӛзіме-ӛзім. Тамыз айы туғанша істеген жұмысым осы болды.
Қорғанды жаңа ғана бітіріп, ӛз еңбегімнің жемісіне рақаттанып
жатқанымда, қатты жаңбыр жауып, шарасыздан ескі ұяға қайтуға тура келді.
Желкеннің кенебімен жауып істеген бұл жерде де шатырым бар, бірақ оның
қасында жел жібермейтін тауы жоқ және нӛсер жаңбырларда барып
паналайтын үңгір тағы жоқ.
Тамыз айының басында қосты бітіріп, екі үш күн демалдым.
Тамыздың үші күні байқап қарасам, ағашқа ілген жүзімдерім кеуіп,
нағыз мейіз болуға айналыпты. Сол күннен бастап кепкен жүзімнің бірін
қалдырмай жинап алдым да, біртіндеп үйге таси бастадым, жинағаным
жақсы болды, әйтпесе жаңбырға тиіп шіріп кеткендей жайы бар екен, егер
шіріп кетсе, қысқы азықтан айрылатын едім. Жаңылмасам, кептірген жүзімім
екі жүз шоқтан астамырақ еді. Жинап болған бойда үңгірге тасыдым.
Жаңбыр жауа бастады, тамыздың 14-інен бастап жауған жайбыр қазанның
жартысына дейін созылды, күні-түні құйды да тұрды. Жаңбырдың
қаттылығынан бірнеше күн үңгірден басымды шығара алмай отырған
уақыттарым да болды.
Қалың жаңбырдың кезінде, ойда жоқ жерде үй ішім кӛбейіп қызық
болды. Бір мысығымның жоғалып кеткеніне кӛп уақыт болған; оның қашып
кеткенін, я бір жерде ӛліп қалғанын білмей, бұған не болды екен деп ойлап
жүретінмін, бір күні, жаңылмасам, тамыз айының аяқ кезі шығар деймін,
соңына ерткен үш баласы бар жетіп келді, кӛрдім де таң қалдым.
Мысығымның екеуі де ұрғашы болатын. Бірақ аралда жабайы мысықтарды
кӛретінмін, біреуін атып та ӛлтіргенмін, Еуропадағы мысықтардай емес,
64
Sauap.org
тұқымы басқа сықылды кӛрінген, ал енді соған ұйығып болды ма дейін
десем, балалары енесінен айнымайды. Үшеуі кезек балалап мысық кӛбейіп
кетті, улап-шулап, мияулап мазамды алған соң ӛлтіргенін ӛлтіріп,
ӛлтірмегенімді жолатпай үйдің маңынан қуып жіберетін болдым.
Тамыздың 14-нен 26-на шейін. —Жаңбыр басылмай тоқтаусыз тӛкті де
тұрды, үйден шыққаным жоқ, шығайын десем салқын тиіп тағы безгегім
ұстай ма деп қорықтым. Жаңбырдың ашылуын күтіп отыра берген соң, азық-
түлік азаюға айналды. Амалсыздан екі рет аңға шығып қайттым. Әуелгі
шыққан күні бір ешкі атып алдым, келесі күні, 26-сы күні, бір үлкен тостаған
бақа таптым, азығым тағы молайды, бір сапарға той жасасам да жететін. Ол
кезде тамақ жеу реті менде мынадай еді: таңертең жейтінім — бір шоқ жүзім,
түсте — ешкінің немесе тостаған бақаның қуырған еті, менің сорыма сорпа
істейтін немесе жеміс пісіретін ыдыс болмады, кешке жейтінім — тостаған
бақаның жұмыртқасы.
Жаңбырдан жасырынып үңгірде он екі күн отырдым. Қол қусырып
босқа қарап отырғаным жоқ, қазғылап үңгірді кеңейттім. Қаза-қаза
қорғанның сыртына шықтым. Басқышсыз да кіріп шығатындай етіп есік
жасадым. Есікті шығаруын шығарсам да қайдан тестімге қалдым, себебі
бұрын үйімнің жан жағы бітеу болса, енді тӛбеден түспей-ақ сырттан келуге
жол аштым. Бірақ менің аралымда қорқатын еш нәрсе жоқ. Себебі әлі күнге
дейін ешкіден ірі бір хайуанатты да кӛрген емеспін.
Қыркүйектің 30-ы күні. — «Жүре берсең кӛре бересің» деген — бүгін
менің аралға келгеніме жыл толды. Бағандағы кертпешті санасам, осы аралда
тұрғаным үш жүз алпыс бес күн болған екен. Бұл күнді тек ораза ұстап,
құдайға құлшылық етуге арнадым.
Жыл бойы жексенбінің қай күні болатынын зер салып қарамағанмын.
Себебі бұрын менде діншілдік сезім болмайтын, әуелгі кезде жексенбіні ұзын
кертпешпен бағанаға белгілеп жүрсем де, артынан тастап кеткенмін, сӛйтіп,
мен есептен жаңылып, жексенбінің қай күні болатыны, жетінің қашан ӛткені
есімнен шығып кеткен. Кертпеш бойынша ӛткен күндерді және аралға
келгеніме аттай бір жыл толғанын білгеннен кейін, жылды жеті-жетіге
бӛлдім, әрбір жетінші күнді жексенбіге айналдырдым. Бірақ артынан
байқастырып қарасам, бір-екі күнді бағанаға кертпей, ӛткізіп алыппын.
Осы уақыттарда қолдағы сия азайып таусылуға жақындады, енді оны
үнемдеп ұстауға тура келді, сондықтан күнде жазуды қойып, тек анда-санда,
тұрмысымдағы кӛрнекті оқиғаларды ғана жазатын болдым.
Сол кездегі менің зейін аударып байқаған нәрсем — жаңбырлы уақыттар
Достарыңызбен бөлісу: |