істеуін істерсің, істегенмен оны суға қайтіп әкелмекшісің деген ойлар
басымда болды, бірақ мен ол ойды еркіне жібергенім жоқ: «Әуелі істеліп
шықсыншы, түсірудің де бір амалы болар», — дедім.
Бұлай деуім, әрине, сорақылық, бірақ басымдағы құрғақ қиялдар маған
тыныштық бермеді, сондықтан жұмысқа кірістім. Орасан жуан бір қарағайды
кесіп құлаттым. Ондай ағаш Иерусалим шіркеуін салған кезде Сүлеймен
пайғамбарда да болмаған шығар деп ойлаймын. Кесіп құлатқан ағашымның
жуандығы бес фут, он дюйм, ұзындығы жиырма екі футқа жақын, бас жағы
жіңішке, тарамданып ӛскен бұтақтары бар. Бұл ағашты құлату үшін кӛп
79
Sauap.org
еңбек сіңіруге тура келді. Түбін жиырма күнде, бұтағын және бас жағын 14
күнде әрең кесіп түсірдім. Қайық формасына келтіремін дей-дей, сыртының
ӛзін айға жақын жондым. Ішін қашап ойып шығарудың ӛзіне үш ай уақыт
кетті. Қайықтың ішін от жағып қуыстағаным жоқ, қашаумен қашап үңгідім.
Аяусыз еңбек сіңіруімнің арқасында, қайығым ойдағыдайболып істеліп
шықты, ішіне жиырма бес кісі мол сияды, солай болса, менің барлық жүгімді
де кӛтереді.
Мен ӛзімнің ісіме ӛзім таң қалдым: тұтас бір ағаштан мұндай үлкен
қайықтың істеліп шыққанын ӛмірде кӛрген емеспін. Соның үшін де оңай
жұмыс болған жоқ. Қайық бітті, енді оны сүйреп суға түсіру ғана қалды. Егер
қайықты суға түсірген болсам, беталды құла түз, барса келмес, нағыз
есуастық сапарға сӛзсіз кеткен болар едім-ау деп ойлаймын, мұндай сапарға
кім де болса бұрын-соңды шығып кӛрді ме екен?
Суға әкеліп салам деп қаншама еңбектенсем де, еш нәрсе шығара
алмадым. Қайық тұрған жерден теңіздің жағасы жүз метрден қашық емес.
Бұл жерде бірінші кездескен қиыншылық — алдым не тегіс, не ылди емес,
ӛр; бірақ бұдан қорқып аңырғаным жоқ, алдымдағы ӛрдің топырағын күреп,
түйетайлы ылди жасауға кірістім. Қаншама еңбек сіңіріп жан қинағаным еске
түскенде, денем түршігіп, жүрегім лоблиды (бірақ бостандық алу жолынан
бас тартып кім еңбегін сақтап қалады?). Әлгі айтқандай түйетайлы ылди
жасадым, бірақ іс бір адым алға баспады, қайықты жылжытпақ түгіл,
орнынан да қозғалта алмадым.
Қайықты қозғалтып суға жеткізе алмайтынымды білгесін, теңіздің
жағасы мен қайықтың арасындағы жердің шамасын ӛлшедім. Мұндағы
ойым: арық қазып қайыққа су жеткізу еді. Енді кірісемін ғой деп
отырғанымда, ӛзіме ой түсті: арықтың ені және тереңдігі қандай болу керек,
мұндай арықты бір адам қанша уақытта қазып бітіреді? Бәрін шамалап
есептеп қарасам, бұл жұмысты аяқтап шығу үшін он не он екі жыл уақыт
керек екен. Бұл жердегі жаға ӛте биік, сондықтан каналдың тереңдігін ең
кемі жиырма фут етіп қазу керек. Ойлап-ойлап, бұдан да бас тартуға тура
келді.
Алды-артын ойламай, опасыз іске қол сұққаныма қапы күйіндім, бірақ іс
ӛткесін ӛкіндің не, ӛкінбедің не, одан келер пайда жоқ.
Осы жұмыстың қызу кезінде аралға келіп тұра бастағаныма тӛрт жыл
толды. Бұл күнді де сол бұрынғыша құдайға құлшылық етумен ӛткіздім.
Құдайдың сӛзіне ӛте зейін салып оқығанымның арқасында құдайдың
жәрдемінің арқасында, мен затты тіпті жаңа дүниеде кӛре бастадым. Менің
барлық түсінігім ӛзгерді, дүние дегенің әрі алыс, әрі жат болып кӛрінді. Ол
маған ешбір сенушілік, ешбір тілек туғызған жоқ. Онда мен істейтін еш нәрсе
жоқ, мен одан біржола қол үзіп қалған адаммын. Оған мен ана дүниеде
жүргенде қандай кӛзбен қарасам, мұнда да сол кӛзбен қарадым, ана дүние
деп ӛзімнің бір заманда тұрып, біржола тастап кеткен жерімді айтам. Мен
енді дүниеге Авраамның байға айтқанындай: «Екеуіміздің арамызда асу
бермес үлкен тау бар»,— деп айта алар едім.
80
Sauap.org
Шынында мен дүниенің ірік-шірігінен қол үзіп қоштасқан адаммын;
менде қатын алып, бала сүюдің құмарлығы да жоқ, кӛз қызығарлық та еш
нәрсе жоқ, масаттанатын тұрмыс та жоқ; пәлен болса екен деп тілемеймін де,
себебі рақаттанарлық нәрсенің бәрі ӛз қолымда бар. Аралдың қожасы да,
патшасы да — ӛзім. Менімен бақталас кісі де жоқ, менімен бәсекелесетін де
ешкім жоқ, менің үкіметіме ешкім таласпайды, мен оны ешкімге де бергенім
жоқ. Жинастыра берсем кемені де толтырар едім, бірақ маған оның керегі
жоқ, ӛзіме қанша керек болса, сонша егін ектім. Менің толып жатқан
тасбақаларым болды, бірақ анда-санда біреуін сойып жесем де қанағаттанам.
Ағаш дегенің менде ӛте кӛп, бір елдің мұқтажына қанша кеме керек болса,
сонша кеме жасауға жетеді, жүзім керек болса бұл да жеткілікті.
Мен тек ептеп-септеп пайдалануға болатын заттарға баға бердім.
Тамағым тоқ болды, қалғанының маған қажеті не? Егер мен құсты кӛп атып
қырып тастасам немесе егінді кӛп айдасам, оның бәрін қалай жеп
бітірмекшімін, астығым сарайда жатып шірір еді, құстардың етін лақтырып
далаға тастар едім немесе құрт-құмырсқаға жем болар еді, кесіп тастаған
ағаштарым шірір еді, оны мен отынға пайдаланар едім, отын маған тек тамақ
пісіру үшін ғана керек.
Бәрін қорытып келгенде, табиғат, тәжірибе және ой — пікір мені
мынаған үйретті: дүние байлығының біз үшін бағалы болуы — біздің
керегімізді қанағаттандыру, байлықтың қорын қанша кӛп жинағанмен,
ӛзімізге керекті мӛлшерде ғана пайдалана аламыз, одан артық болмайды. Ӛзі
тойса да, кӛзі тоймайтын, кесіп алса қан шықпайтын, нағыз барып тұрған
дүниеқоңыз сараң адамды менің орныма әкеліп қойса, дертінен айығып, о да
мен сықылды, қолда бар байлығын қайда тығуды білмес еді. Тағы да
айтайын, қолымда жоқ кейбір ұсақ-түйек нәрселер болмаса, басқаның маған
қажеті жоқ, басқа нәрсені тілемеймін де, шамалы ақшамның бар екенін
жоғарыда айтып ӛткенмін, күмісі бар, алтыны бар бәрін қосып есептегенде
— отыз фунт стерлингтің шамасы. Олар іске аспайтын шірік зат сықылды
жатыр: оны мен ешқайда жұмсай алғаным жоқ. Мен ол ақшалардың бәрін
жинап-теріп үн тартатын қол диірменге немесе темекі салып тартатын
бірнеше мүштікке қуана-қуана берер ем! Мен бұл ақшаларды, бір шӛкім
шалқанның, бір уыс сәбіздің я бұршақтың тұқымына немесе бір бӛтелке
сияға да бере салар едім. Бұл ақшалардан кӛрген ешбір пайдам жоқ, тек сол
бойы шкафтың ішінде тат басып жатты да қойды. Сол сықылды, бір жәшік
бриллиантым болса да солай жата берер еді, ӛйткені оның маған керегі жоқ.
Менің қазіргі тұрмысым денсаулық жағынан да, адамгершілік жағынан
да бұрынғымнан кӛп жақсы. Ас жеуге отырған кезде, елсіз-күнсіз жапан
даладан тамақ әзірлеп берген құдайдың мырзалығына алғыс айтушы ем. Мен
енді ӛз тұрмысымның жамандық жағынан гӛрі жақсылық жағын кӛбірек
кӛріп ішімнен қуанушы ем. Мен мұны барға мәзір, жоққа шүкір етпейтін,
қолда бар байлығының тыныш отырып рақатын кӛрмейтін, ӛзінде жоққа қол
созғысы келетін кейбір бақытсыз адамдарға арнап айтып отырмын. Біздің
81
Sauap.org
қолымыз жетпейтін нәрсенің бәрі, менің ойымша қолда барға алғыс
айтпағаннан болады-ау деп шамалаймын.
Егер кемедегі заттардан еш нәрсе ала алмай қалсам мен не қылар едім,
күнім не болар еді деп сағат сайын, минӛт сайын айтуға болады. Егер олай
болғанда, менің жейтін тамағым бақа мен балықтың еті болар еді. Ол бақа да
бірден табыла қойған жоқ, дұрысын айтқанда, аштан ӛлген болар ем. Егер
ӛлмей тірі қалған күнде, жабайы адамдарға ұқсап ӛмір сүрер ем. Егер мен бір
заманда ешкі, я құс атып ала қойсам, терісін сыпырып, етін қақтай алмас ем.
Амалсыздан тісіммен тартып, жабайы аңдар сықылды тырнақпен жыртар ем.
Осы пікірлерден кейін құдайдың маған істеген ізгілігін сездім және қазір
ӛз халімнің барлық жаманшылығына кӛніп, құдайға шын ықыласыммен
алғыс айттым. Басына қайғы түсіп, қиыншылық кӛрген заманда: «Менің
қайғымдай қайғы ешкімнің басында болмаған шығар»,— деп оп-оңай айта
қоятындар осыны есіне алсын. Олардан да гӛрі бақытсыз адамдардың жер
жүзінде кӛп екенін олар ойласын!
Тұрмысым қанша қайғылы болғанмен, тірі қалып ӛмір сүріп тұрғаным
үшін құдайға ризашылық білдіруім керек; бұл тұрмысты, қуанышты шаттық
тұрмысқа айналдыруым үшін, құдайдың маған тигізген шапағатын ұмытпай
үздіксіз еске түсіріп отыруым керек. Осының бәрін таразыға тартып
ӛлшегеннен кейін қайғыруды мүлде қойдым.
Мен аралға келіп тұра бастағаныма кӛп заман ӛтті. Кемеден алған
заттарымның кӛбі бұзылып немесе тозды, бітті, кейбіреулері бітуге айналды.
Сия бірте-бірте азайып таусылған сайын суды құя-құя енді қағазға
жұқпайтын болды. Сиям әбден таусылып біткенше тұрмыста кездескен
маңызды оқиғаларды қысқаша жазып отырдым. Бір күні жазғандарымды
қарап отырсам, маған тап болған түрлі оқиғалардың бәрі де бірінің болған
күніне бірінің дӛп келгенін байқадым. Егер мен жоққа сенетін адам болсам
және ӛзімнің бақытты, бақытсыз күндерімді күн ілгері айыра білсем, менің
бұған таңырқауым орынсыз емес.
Бірінші, менің ата-анамнан қашып Гулльге келген күнім, Салех
пиратының қолына түсіп құл болған күніме дӛп келді. Ярмут рейдсында кеме
апатқа ұшырағанда аман қалған күнім, пираттың тұтқынынан қашқан күніме
тура келді. Қыркүйектің 30-да, маған 26 жас толған күн міне, сол
қыркүйектің 30-ы күні теңіз елсіз-күнсіз аралға лақтырып тастап, құдіреттің
күшімен ӛлімнен аман қалдым. Сӛйтіп, менің күнәлі және күнәсіз
ӛмірлерімнің бәрі де бір күнде басталады.
Сиядан кейін менің барлық наным да, нан емес-ау кемеден алған кепкен
наным да таусылды. Ӛте үнемдеп-ақ жесем де жеткізе алмадым. (Соңғы жыл
жарымның ішінде күніне біреуден артық жегенім жоқ), астықты жеткілікті
етіп жинап алғанша жылға жақын бір үзім нансыз отырдым. Бірақ, бұған да
шүкірлік еттім, құдайға алғыс айтуым керек. Шынында мен тіпті азық-
түліксіз қалатын адаммын ғой, менің нанға қолымның жетуі — құдіреттің ісі.
Киім-кешектерім де біте бастады. Теңізшілердің сандығынан тауып
алған үш дюжинаға жақын жолақ кӛйлектер болмаса, басқасының тозып
82
Sauap.org
құрығанына кӛп уақыт ӛткен. Күн ыссы, қалың киім киюге болмайды,
осының себебінен кӛбінесе кӛйлекшең жүруге тура келді, егер осы кӛйлектер
болмаса мен не істер едім? Менің қолымда теңізшілердің бірнеше қалын
шинелі болатын, бұлар сол күйінде сақталып жатты да қойды; ондай
жерлерде тіпті киім киюдің қажеті жоқ; бірақ кӛретін ешкім болмаса да
тырдай жалаңаш жүруге ӛзімнен-ӛзім ұялдым.
Жалаңаш жүре алмағаныма тағы бір себеп: үстімде киім болса ыссыны
тым ауырлай қоймаймын, жалаңаш жүрсең күннің кӛзі бірден теріні
күйдіреді, кӛйлек күннің кӛзінен қорғайды және кӛйлек пен дененің
арасындағы ауаның қозғалысы денеңді салқындатады және мен жалаңаш
түгіл жалан бас жүруге де үйрене алмадым: жалаң бас жүрсем басым ауырып
тынышым кетеді, ал енді қалпақ кисем, басымның ауырғаны жазылады.
Енді маған қолда бар шүберектерді құрастырып қажетке жарату керек
болды. Бірінші керегі — күртке. (Болғандарының бәрі тозып бітті). Күрткені
шинельден және де басқа материалдардан тікпекші болдым. Сонымен, инені
қолға алып, тігіншілік жұмысын атқаруға кірістім, тігінші деп менен не
тігіншілік шықсын, әйтеуір долбарлап сұлбасын келтірсем болғаны да.
Қолбыратып, солбыратып екі-үш күртке тігіп шығардым, менің есебімше бұл
біраз уақытқа тӛзу керек. Шалбар тігемін деп тауарымды бүлдіріп алдым,
шалбар дейтін шалбар болып та шықпады, тіпті айтар ауызға ұят.
Атқан аңдарымның терісін далаға тастамай сақтап қойғаным туралы
мұнан бұрын да бір айтып ӛткенмін. Теріні күннің кӛзіне керіп
кептіргендігімнен кӛбі қаудырлап қатып қалды, дегенмен кейбіреуі жақсы
болып сақталды. Жүнін сыртқа қаратып ең алдымен ӛзіме бӛрік тіктім.
Бӛркім оңды болып шыққан соң, енді шапан, шалбар тігуге кірістім.
Шапанды кең етіп, шалбарды шолақ етіп тіктім, мұны тіккенде бойым жылы
болсын деп емес, күннен қорғану үшін, әйтеуір іші қуыс демесе тігіп
шығарғандарым түкке тұрмайды; ағаш шабуға қандай шорқақ болсам,
тігіншілігім одан да нашар еді. Нашар болып шыққанмен зияны тиген жоқ,
әсіресе жаңбырда жақсы болды, жаңбырдың суы терінің ұзын жүнінен
сорғалап тӛмен қарай ақты да ішіне су ӛтпей денем тіпті құрғақ болып жүрді.
Бӛрік пен шапан, шалбарды тігіп болғаннан кейін кӛп уақытым қол
шатыр тігуге кетті, себебі бұл маған ӛте қажет еді. Қол шатырды қалай
тігетінін Бразилияда жүргенде кӛргенмін. Бразилияда қол шатырсыз жүретін
кісі ӛте сирек кездеседі, себебі күн ыссы, кӛлеңкесіз жүруге мүмкін емес:
менің тұрған жерім онан да гӛрі ыссырақ болу керек, неге десеңіз экваторға
жақын. Маған ыссы күндерде де, жаңбырлы кездерде де далаға шығуға тура
келді, сондықтан қол шатыр маған ӛте пайдалы нәрсе еді. Қол шатыр
істеймін деп кӛп әуреленіп, біраз уақытым ӛтті. Екі-үш рет бүлдіріп алып,
пішкен тауарларымды лақтырып далаға тастадым. Мұнда кездескен ең басты
қиыншылық — қол шатырды ашылып, жабылатын етіп шығару еді. Ӛне
бойы ашылып тұратын қол шатыр істеу онша қиын болған жоқ, бірақ ондай
қол шатырды ылғи басқа кӛтеріп жүруге тура келеді, сондықтан ол маған
қолайсыз болды. Бұл қиыншылықты да жеңдім, қол шатырым ашылып,
83
Sauap.org
жабылатын болды. Жүнін сыртқа қаратып ешкінің терісінен тігіп шығардым:
жаңбырдың суы үйдің түйетайлы тӛбесінен аққандай қол шатырдың
сыртынан тайғанай берді. Күннен дежақсы сақтады, қандай ыссы күндерде
де қол шатыр кӛтеріп шыға беретін болдым және салқын болды, керек емес
уақытта жабамын да қолтығыма қысып алам!
Солай, құдайға сеніп және құдайдың қол астында болып, ӛзімнің
аралымда, ақырын, жай қалыпта тұра бердім. Айналамды қоршаған адам
қоғамында тұрғанымнан гӛрі бұл тұрмысым ӛзіме тәуір сықылды: әттеген-ай,
тілдесетін адам жоқ-ау деп қынжылған кезімде ӛзіме-ӛзім: «Менің ӛзіммен-
ӛзім әңгімелесуім, дауыстап оқыған дұғаларым, құдайға жалбарынып
сӛйлеген сӛздерім адам қоғамындағы кӛңілді күндерден артық емес пе?» —
деуші едім.
Келесі бес жыл, ұмытпасам, ешбір маңызды оқиғасыз ӛте шықты.
Менің ӛмірім сол бұрынғыдай — жай, тыныш қалпында ӛтіп жатыр; тұрған
жерім — сол бұрынғы ескі мекенім, істейтін жұмыстарым да сол бұрынғы аң
аулау, дін кітаптарын оқу, егін егу, оны ору, жүзім жинау,— күн сайын
қолыма мылтық алып саяхатқа шығып қайтуды қоспағанда,— менің істеген
басты жұмысым жаңадан қайық жасау болды. Бұл сапар қайықты істеп
шығарумен қатар, оны сүйреп әкеліп суға да сала алдым; оны суға салудың
реті мынадай болды: жарты мильдей жер канал қазып, суды қайықтың
қасына әкеліп жеткіздім, міне, сол каналдың бойымен жылжытып әкеліп
теңізге түсірдім. Менің бірінші істеген қайығым ӛте зор болып оны суға
түсіре алам ба, әлде түсіре алмаймын ба деп күн ілгері ойламай, ӛзімнің
ақымақтығымның белгісі ретінде, оны сол жерде қалдырып кеткенім
оқушыларға мәлім. Бұл жолы ондай қайық істегенім жоқ. Бұл істеген
жерімнің алыстығы теңіз жағасынан жарты мильдің шамасындай еді, ӛйткені
одан жақын жерден қолайлы ағаш табылмады, бірақ мен оның салмағын
және мӛлшерін ӛзімше ӛлшестіріп жасадым және оны суға әкеліп сала
алатыныма күн ілгері кӛзім жетті. Осы қайыққа екі жылдан артық уақыт
ӛткіздім, аянып қалғаным жоқ, бар күшімді жұмсадым, себебі теңізге түсіп
сапар шегуге ынтызар болдым.
Бұл жерде бір айтып кететін нәрсе, менің бұл жаңа қайығым әуелгі
кӛздеген мақсатты жарыққа шығаруға жарамайтын болды: себебі тым
кішкене, сондықтан ондай қайықпен менің аралымнан қырық мильдей
жердегі құрлыққа жету ешбір мүмкін емес еді. Сонымен бұл талаптан да
түңілдім. Менің ендігі ойым теңізді жағалап, аралды айналып шығу болды.
Мен бір кезде теңіздің ӛзіме қарсы жақ жиегіне барып қайтқанмын (бұл
жӛнінде ӛзінің тиісті жерінде айтып ӛткенмін). Менің бұл саяхатым:
«Шіркін, осы аралдың жағасын тегіс кӛріп шығар ма еді!» — деген ой
қалдырған болатын. Енді қолыма қайық тигесін, жатсам-тұрсам ойлағаным
осы сапарға аттану болды.
Бұл кӛздеген мақсатты дұрыстап орындап шығу үшін, қайыққа кішкене
діңгек, оның үстіне тиісті желкен орнаттым, кемеден алған желкеннің
қалдықтары менде әлі де болса жеткілікті еді.
84
Sauap.org
Бәрін әзірлеп болғаннан кейін қалай болып шығар екен деп қайықты
жүргізіп қарадым, байқап қарасам, желкеннің қайықты қозғауға толық
жарайтындығы сезілді. Жарайтынын білген соң қайықтың алдына да, артына
да азық-түлік, оқ-дәрі, тағы басқа керекті заттар салу үшін бір-бірден жәшік
орнаттым, ішіндегі заттарды суға тимейтіндей етіп үстін мықтап тұрып
жаптым, қайықтың түбін қашап мылтық салатын қуыс жасадым, дымқыл
ӛтпесін деп үстін ашылмалы қақпақпен жауып қойдым.
Бұдан кейін жүргенде үстіме кӛлеңке болсын деп қайықтың арт жағына
керіп тұрып қол шатырды қададым. Сонымен аз-аздап теңізге саяхат
жасадым, бірақ еш уақытта жағадан алыстап, ашық теңізге шыққаным жоқ.
Ақырында ӛзімнің кішкене патшалығымның шекарасымен танысу тілегі
күшейе түсті, сондықтан, енді сапар шегуге бел байладым. Әзірлік жұмысы
біткеннен кейін, ӛзімнің қол астымды аралап қайтуға жүрмекші болдым.
Жолға керекті азық-түлікті, киім-кешек, тағы да басқа заттарды түгел алдым.
Жиырма бӛлектей арпаның ұнынан пісірген нан, бір күршек қуырған күріш,
бір бӛтелке ром және ешкінің жарты еті; оқ-дәрі, киімнен алғаным — екі
шинель, біреуін астыма тӛсеп, біреуін үстіме жамылармын дедім.
Қараша жұлдызының алтысы күні, менің патша болып таққа мінгеніме
немесе тұтқынға түскеніме бес жыл толып алтыншы жылға аяқ басқанда,
сапарға аттандым. Ӛзімнің шамалағанымнан едәуір жер ұзаңқырап кеттім.
Ұзаңқырап кетуіме себеп болған нәрсе: тура тартуға реті келмей, едәуір жер
айналып жүргендігімнен болды; арал онша үлкен арал емес, бірақ оның күн
шығыс жақ жиегіне жақындағанда біріне-бірі жалғасып созылып кеткен кӛп
жартастарға кездестім, бұлардың бірсыпырасы судың астында, бірсыпырасы
шошайып судан шығып тұр; тастардың тұрған жерінен теңіздің жағасы алты
мильдей және тастардың ар жағында бір жарым мильдің шамасында су тайыз
тек жердің бетін жасырып қана жатыр, қайық жүрмейді, барса қайырлап
қалатын, міне, осылардың бәрі тӛтелеп жүруге кедергі болып, кӛп жер
орағытып жүруге тура келді.
Осыларды кӛрдім де сол жерден тіке кейін қайтқым келді, себебі оның
бәрін айналып жүргенде теңіздің ортасына қарай шығып кетуге тура келді;
егер теңіздің ортасына қарай шығып кетсем, қайта оралып жетуімнің ӛзі екі
талай болатын түрі байқалды. Осыны ойладым да, зәкірді суға тастап
қайықты тоқтаттым (кемеден алған діректің сынықтарынан зәкір сықылды
бір нәрсе жасағанмын), содан кейін мылтығымды қолыма алып, жиекке
шықтым. Бір биік тӛбенің басына шығып, әлгі айналыс жердің шамасын
байқадым. Әрі-бері кӛз жіберіп қарадым да, кейін қайтуды қойып ілгері
қарай жылжуға тәуекел еттім.
Әлгі биік тӛбенің басына шығып қарап тұрғанымда, күншығысқа қарай
бет алып және сол айналыс жердің ӛзіне тіреліп жатқан қатты ағысты
байқадым. Осыны кӛргенде мынау ағыс менің жолыма үлкен қауіп
келтірмесе болар еді деген ой түсті. Егер мен бұл ағысқа тап болсам,
ығыстырып теңізге алып кетеді; егер ағызып теңізге алып кетсе, аралға
жетуге шамам келмейді. Осының бәрін күн ілгері зерттеп байқамағанда, сӛз
85
Sauap.org
жоқ солай болатын еді. Аралдың екінші жағынан жағаға келіп тіреліп жатқан
сондай қатты қарсы ағыстың бар екенін де байқағанмын. Сондықтан маған
бірінші ағысты кесіп ӛтіп, екінші ағысқа қарай шығу керек болды. Сӛйтсем,
екінші ағыс мені айдап әкеліп жиектен бір-ақ шығарады екен.
Сол тұрған жерімде зәкірді суға салып екі күн тұрдым, ӛйткені жел
тұрып кетіп, ілгері жүруге мүмкін болмады (жел оңтүстік пен солтүстіктің
аралығынан, яғни жоғарыда кӛрсетілген ағысқа қарсы соқты), таудай
толқындар әлгі жартастарға келіп соғып жатты, сондықтан жиекте тұрудың
ӛзі қорқынышты болды, ал жиекті тастап ашық теңізге қарай жылжысаң, әлгі
айтқан ағысқа тап боласың, оның қаупі мұнан да күшті.
Түнде жел басылып, теңіз беті тынышталды, мен де жүруге
ыңғайландым. Менің душар болып, осы жолғы бастан кешірген оқиғам
тәжірибесі жоқ, сақтықты білмейтін мүсәпірлерге сабақ бола алады. Әлгі
айналыс жерге тіреліп жағаға есік пен тӛрдей жақындап қалған кезімде бір
қатты ағыс кесе соғып, жұлып ала жӛнелді, ағыс иірімінің күштілігі сондай,
диірменнің тасы сықылды айналады. Қарысуға хал келмеді, тек менің
қолымнан келгені, ағыстың ортасына түспей, шет жағына қарай тырыса
бердім. Сол бойыммен бетімді бері қаратқан жоқ, бірте-бірте алыстатып
әкете берді, қарсы ағыс менің сол жағымда қалды. Жел шығып, желдің кӛмегі
де тимеді, ескектің күшімен қайықты бұрып ағысты кесіп ӛтуге менің шамам
келмеді. Ағыс мені алдына салып әлі айдап келеді. Мен енді ӛмірмен
қоштасып, күдерімді үздім: бұл ағыс бірнеше уақыттан кейін екінші бір
ағысқа қосылып ұласа беретінін, солай болса енді қайтып аралды
кӛрмейтінімді, ішім сезіп, жүрегім біліп келеді. Қайықтың беті бұрылар деген
менде ешбір үміт болмады. Ӛлімнің қорқынышы кӛз алдыма елестеді, толқын
соғып суға кетем деп қорыққаным жоқ, ӛйткені жел жоқ, теңіз беті тыныш,
ал егер осы бетіммен кете берсем, бір күні аштан ӛлуім анық. Жағадан бір
үлкен тасбақа тауып алып қайығыма салып алғанмын. Бір құмыра тұщы
суым бар. Бұл азықпен қанша жерге жетпекшімін, қайда бармақшымын, қара
жердің қарасын кӛрмей ұлы мұхитта мыңдаған миль жер жүретін мен
сықылды адасқан сорлыға бұл азық неше күн қорек болмақшы.
Мен сол кезде: егер құдай тағала қолайлы деп тапса, барып тұрған нағыз
Достарыңызбен бөлісу: |