Даниель дефо робинзон крузо



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата19.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
мен құрғақшылық кезеңдер еді. Жылдың жаңбырлы уақыттары құрғақшылық 
кезеңдерімен алмасып тұрады екен, сондықтан мұның қай-қайсынан да күні 
бұрын  қамдануға  болады  ғой  деген  ойға  келдім.  Бірақ  бұл  тәжірибем  ӛзіме 
оңай  соқпады;  менің  қазір  айтқалы  отырғаным  —  осының  бір  қайғылы 
кӛрінісі.  Менің  үйімнің  қасына  шыққан  күріш  пен  арпаны  кӛріп,  ӛзінен-ӛзі 
ӛскен  ғой  деп  таңырқағанымды  жоғарыда  біраз  әңгімеледім.  Ұмытпасам, 
отыз  сабаққа  жақын  күріш  және  жиырма  шақты  бас  арпа  еді.  Жаңбырдың 

65 
Sauap.org
 
соңынан күн оңтүстікке ауған кезде, енді нағыз егін айдайтын мезгіл шығар 
деп білдім. 
Ағаш күрекпен тепкілеп бір бӛлек жердің топырағын босаттым да, екіге 
бӛліп  бір  жағына  арпа,  екінші  жағына  күріш  отырғыздым.  Дәнді  себердің 
алдында  бір  ойлағаным,  тұқымымның  бәрін  сеппейін,  себебі  бұл  жерлерде 
егінді қай уақыттан бастап егетінін білмеймін ғой дедім. Сӛйттім де үштің екі 
бӛлімін сеуіп басқасын қорға сақтап қалдым. 
Сақтағаным  теріс  болған  жоқ,  еккен  дәнімнің  біреуі  де  кӛктемей,  сол 
күйінше  қалды.  Себебі  мен  жаңбырлы  уақыт  ӛткен  соң,  құрғақшылық 
басталып,  жердің  дымқылы  кеуіп  кеткен  соң  еккен  екенмін,  шықпай 
қалуының мәнісі осы екен. 
Ал енді жаңбыр жауа бастаған кезде, тап жаңа сеуіп тастағандай болып 
кӛктеді, мұны кейін барып білдім. 
Әуелгі еккенім құрғақшылықтың салдарынан кӛктемей қалған соң, енді 
дымқылы  кеппеген  жаңа  жер  іздедім.  Қостың  жанынан  бӛлшек  жерді 
аудардым  да,  дәннің  қалдығын  тағы  септім.  Бұл  ақпан  айының  іші  еді. 
Наурыз  бен  сәуірдің  қалың  жауыны  жердің  ындынын  қандырды.  Сепкен 
тұқымым далада қалған жоқ, қаулап ӛсе бастады, ӛте бітік болды. Біріншіден, 
қолдағы  бар  тұқымның  ӛзі  аз,  оның  үстіне  аз  тұқымның  жартысы  себілген 
соң  не  болсын  түсімі  жарытымсыз  болды  не  бәрі  жинаған  дәнім  жарты 
пектен

асқан  жоқ.  Бірақ  мен  енді  тәжірибесі  мол  диқаншы  болдым.  Себебі 
енді егін егуге қай уақыттың қолайлы екенін білем және жылына бір емес, екі 
рет егін салуға болатындығы тағы мәлім болды. 
Астық пісіп жеткенше,  пайдалы  бір  заттың  тағы бетін аштым.  Жаңбыр 
ашылып  күн  түзелген  соң  —  бұл  қараша  айының  іші  еді  —  барып 
қайтайыншы  деп  ағаштағы  саяжайыма  кеттім.  Келсем,  бәрі  түп  түгел,  ап-
аман,  әрқайсысы  ӛзінің  орнында,  осы  кезге  дейін  саяжайға  бармағаныма 
бірнеше  айдың  жүзі  толып,  кӛп  уақыт  ӛткен  еді.  Ӛзімнің  жерге  кӛміп  қос 
жасаған  қос  қабат  шыбықтарымның  бұтақтары  кӛктеп,  жапырақ  жайыпты; 
егер  үш  жағын  кесіп  тегістесе,  кәдімгі  тал  сықылды  болып  ӛсер  еді.  Тал 
осылай  кӛктеп  жапырақ  жаятын.  Мұның  нендей  ағаш  екенін  білмедім, 
қорғанымның гүлденіп мұндай әдемі түр бергеніне қуанып бойым бір жасап 
қалды. Бәрі бірдей болып ӛссін деп ағаштардың бас жағын қиып тегістедім. 
Үш  жылдың  ішінде  ойдағыдай  болып-ақ  ӛсті,  кӛрмеген  кісіге  айтып 
нандыруға болмайды. 
  Қоршаған  орнымның  айналасы  жиырма  бес  метрге  жақын  болса  да, 
ағаштар  бұтақ  жайып,  әлгі  жерді  тегіс  жапты  және  ыссы  кездерде  күннен 
сақтанып отырарлықтай қалың кӛлеңке болды. 
Осыны  кӛрген  соң,  сондай  ағаштарды  кесіп  апарып  ескі  мекенімнің 
айналасына  отырғызсам  қайтер  еді  деген  ой  туды.  Солай  етіп  істедім  де. 
Қорғаннан  сегіз  метрдей  аулағырақ  екі  қатар  етіп  айналдыра  кӛмдім.  Кӛп 
ұзамай-ақ,  тамыр  жайып  кӛгерді,  әп-әдемі  шарбақ  болды,  бұл  шарбақ  әуелі 
маған күннің кӛзін түсірмейтін кӛлеңке болды, соңынан барып ӛзіме қорған 
болды, бұл туралы ӛзінің тиісті жерінде айтармын. 

66 
Sauap.org
 
Менің  байқауымша,  жыл  бұл  аралда  Еуропадағыдай  жылыға,  суыққа 
бӛлінбейді,  тек  мына  тӛменде  кӛрсетілгендей  жаңбырлы,  жаңбырсыз 
мезгілдерге бӛлінеді: 
 
Қаңтардың  жартысынан  сәуірдің 
жартысына дейін 
Жаңбыр,  күн  тӛбесінде  немесе  тас 
тӛбеде дерлік тұрады. 
Сәуірдің  жартысынан  тамыздың 
жартысына шейін 
Құрғақшылық:  күн  солтүстікке  қарай 
ауады. 
Тамыздың  жартысынан  қазанның 
жартысына шейін 
Жаңбыр: күн тағы тӛбеде болады. 
Қазанның  жартысынан  ақпанның 
жартысына шейін 
Құрғақшылық:  күн  оңтүстікке  қарай 
ауады. 
 
Жаңбырлы  уақыттың  ұзаққа  созылуы  немесе  қысқа  болуы  желге 
байланысты,  бірақ  жалпы  алғанда  жоғарыда  кӛрсетілген  дұрыс.  Жауын 
жауып тұрған кезде далада жүрудің зиян екенін  — тәжірибе жүзінде білген 
соң,  жаңбыр  жауардың  алдында  күні  бұрын  азық-түлікті  молайтып  алудың 
қамын  істейтін  болдым,  жаңбырлы  айларда  тіпті  үйден  шықпай  отырған 
уақыттарым да болды. 
Бұл уақыттарда мен жұмысты үй ішінде істедім. Менің шаруашылығыма 
керекті  заттардың  кӛбі  әлі  болса  жоқ.  Оны  табу  үшін  жатпай-тұрмай  еңбек 
сіңіру  керек.  Мысалы,  себет  тоқиын  деп  біраз  әурелендім,  бірақ  тапқан 
шыбықтарым  сынғақ  болып,  еш  нәрсе  шығара  алмадым.  Бала  күнімде 
жанымызда  себет  тоқитын  бір  кӛршіміз  бар  еді,  соның  тоқығанын  қызық 
кӛріп  қасына  барып  қарап  отырып,  қалай  тоқитынын  байқаушы  ем,  мұным 
ӛзіме  пайда  болды.  Балалардың  қайсысы  болса  да  кӛргенін  кӛп  ұмыта 
бермейді,  мен  де  солай  едім.  Әлгі  кӛршімізге  себетін  тоқысып,  кей-кейде 
ӛзіне  кӛмектесіп  те  қоятынмын.  Себет  тоқу  маған  онша  қиын  емес,  бірақ 
жұмысқа  кірісуге  керекті  материал  жоқ.  Бір  күні  сӛйтіп  жүргенімде,  кесіп 
қазық жасаған ағаштардың бұтағынан себет тоқуға болмас па екен деген ой 
түсті.  Себебі  менің  байқауыма  қарағанда  ол  ағаштардың  бұтағы  солқылдақ, 
игенде  бірден  сынып  кетпейтін  майысқақ  болу  керек,  сондықтан  болатын, 
болмайтынын байқап кӛргім келді. 
Келесі  күні  алаптағы  саяжайыма  бардым,  келген  бойдан  әлгі  ағаштың 
бірнеше  жіңішке  бұтақтарын  кесіп  алып  иіп  ем,  ойлағанымдай  болды  да 
шықты.  Екінші  келгенімде  беліме  балта  қыстыра  келіп,  керегімше  кестім, 
себебі  іздеп  азаптанатын  емес,  ондай  ағаштар  алапта  ӛте  кӛп  еді. 
Кескендерімді  қорғанның  қасына  арқалап  әкелдім  де,  кепсін  деп  таратып 
тастадым, кепкеннен кейін тасып үңгірге кіргіздім. Жақын арада басталатын 
жаңбырлы  мезгілдің  ішінде,  үйде  отырып  алып  жұмысқа  кірістім,  құм 
таситын,  және  де  басқа  заттар  салып  қоятын  толып  жатқан  себеттер  тоқып 
шығардым.  Базардағыдай  әдемі  болмағанмен,  ӛз  қажетімді  ӛтеуге  толық 
жарайтын  еді.  Содан  бастап-ақ  тоқылған  себеттерімнің  саны  кеміген  жоқ, 

67 
Sauap.org
 
тозғанын  тастап,  жаңасын  шығара  бердім.  Тоқыған  себетімнің  кӛбісі  дән 
салатын қапшық орнына пайдаланылды. 
Кӛп еңбек сіңіріп, бірталай уақыт ӛткізіп бұл қиыншылықты да жеңдім, 
енді  жетпей  тұрған  аса  қажетті  екі  нәрсе  бар,  осының  орнын  немен 
толтырарымды  білмеймін.  Ром  құйған  кішкене  екі  бӛшке  болмаса,  және  су 
мен спирт құйып қойған бірнеше шиша шынылардан басқа сұйық зат құйып 
сақтайтын менде ыдыс жоқ. Ыссы тамақ пісіріп ішуге ең болмаса күрешке де 
жоқ.  Кемеден  алған  бір  үлкен  тай  қазаным  бар,  оған  сорпа  істеп  немесе  ет 
қуырып жейін десем тым үлкен, ӛте ебедейсіз. 
Маған екінші қажет нәрсе — қалиян еді, бірақ мен оны істей алмадым, 
ақыры оның орнын басқа бір затпен толтырдым-ау. 
Жаз  бойы  істеген  жұмысым  қорғанымның  айналасына  ағаш  отырғызу 
және  себет  тоқу  болды.  Енді  тағы  да  бір  жаңа  іске  тап  болдым  бұл  ӛзім 
ойлағандай емес, кӛп уақытымды алды. 
Осы  аралды  тегіс  аралап  шықсам  деген  ойым  бар  еді  деп  жоғарыда 
айтып ӛткенмін, бұған дейін қаншама жүрсем де ӛзім қос тіккен алаптан әрі 
асқаным жоқты, ол жерге барғанда теңіз аралдың екінші жағынан кӛрінетін. 
Сонымен  не  керек,  аралды  тегіс  аралап,  ӛзіме  қарсы  жақ  жиегіне  шейін 
барып  қайтпақшы  болдым.  Мылтықты  қолыма  алдым,  бір  кішкене  балғаны 
беліме қыстырдым, алған оқ-дәрім жеткілікті еді, бытырадан басқа мылтыққа 
салатын  жалғыз  оғым  бар,  алған  азығым  екі  кепкен  нан,  біраз  жүзім, 
қамданып болған соң соңыма итімді ертіп жолға шықтым. Қос тіккен алаптан 
әрі қарай шыққан соң, теңіздің батыс жақ шеті кӛрінді, ал оның ар жағында 
қарайып  қылбуыт  бір  жер  кӛрінді.  Күн  ашық  еді,  қарайғанның  жер  екенін 
анықтап  айырдым,  бірақ  кӛрінгеннің  жер  шеті  екенін  немесе  теңіздегі  арал 
екенін  біле  алмадым.  Кӛрінген  жер  тау  сықылды  биік,  бір  шеті  батыс  пен 
оңтүстіктің  орталығына  қарай  созылып  жатыр,  мен  тұрған  аралдан  қашық, 
арасы елу-алпыс мильдей бар-ау деп шамаладым. 
Мұның  нендей  жер  екеніне  кӛп  ойлансам  да  кӛзім  жетпеді,  тек  ойыма 
бір  келгені  Испания  уәлаятына  шектес  Американың  бір  бӛлімі  болар  деп 
шамаладым. Ол жерлерде жабайылардың кӛп болуы мүмкін, егер бұл аралға 
соқпай  сол  жерде  қалған  болсам,  менің  күнім  мұнан  да  нашар  болар  еді-ау 
дедім.  Осыны  ойлаған  соң  пәлен  болар  еді,  түген  болар  еді  деген 
сарыуайымды  қойып,  құдайдың  алдына  бас  иіп,  тәубе  қылдым,  мен 
бұрынғыдай емес, құдайдың құдіретін тани бастағанмын. 
Тағы да біраз  талқылап ойға салыстырып  қарап,  егер  бұл  кӛрінген жер 
Испанияның  жері болса,  ерте  ме,  кеш пе,  әйтеуір  бір  күні  солай  қарай бара 
жатқан немесе сол жақтан бері келе жатқан кемеге кездесуім анық қой дедім. 
Егер бұл кӛрінген Испания уәлаятына қарамайтын болса, онда бұл Испания 
мен  Бразилияның  арасындағы  жаға  болу  керек,  ал  егер  солай  болса,  онда 
тұратындардың  бәрі  қанішер,  адам  етін  жейтін  және  қолға  түскеннің  бәрін 
ӛлтіретін жабайылар болу керек. 
Осыны ойлаумен асықпай ілгері қарай жүре бердім. Аралдың бұл жағы 
мен тұрған жағымен салыстырғанда ӛте кӛңілді әрі қызғылықты: қай жағыма 

68 
Sauap.org
 
қарасам да алуан түрлі гүлге бӛленіп тұрған тоғайлық, шоқ-шоқ ағаш. Қаптап 
жүрген тотықұс, біреуін ұстап алғым келді: ойым асырап ӛзіммен сӛйлесуге 
үйретсем  деймін.  Кӛп  әуреленіп  бір  балапанын  таяқпен  ұрып  азар  ұстап 
алдым.  Үйге  алып  келдім.  Оны  сӛйлету  үшін  бірнеше  жыл  уақыт  керек 
болды, дегенмен, ақыры менің атымды атайтын болды, оның бір қызығы бар, 
тиісті жерінде айтармын 
Саяхатыма  ӛзім  риза  болып  үйге  қайттым.  Тоғайдың  тӛменгі  жағында 
топтанып  жүрген  қояндарды  кӛрдім  (немесе  қоянға  ұқсас  аң  болу  керек) 
және толып жатқан түжілерді кӛрдім; бірақ мен кӛріп жүрген түлкіге бұлар 
кӛп ұқсаңқырамайды. Еті сүйкімсіз болады екен, сонда да бірнешеуін аттым. 
Ашыққаннан  атқаным  жоқ:  тамаққа  тарығып  кӛрген  емеспін;  тамағым  тоқ, 
әрі сыйлы болды деп те айта алам. Қай уақытта болса да үш түрлі ет менің 
қолымда  болды:  ешкінің,  кӛгершіннің,  тостаған  бақаның  еті;  оның  үстіне 
жүзім  тағы  бар,  бәрін  қосқанда  тӛрелердің  тамағынан  кем  емес  және  ондай 
тамақтарды  Лиденголь  базарына  да  әкеліп  сатпайтын  шығар.  Халім  қандай 
ауыр  болғанмен,  құдайға  алғыс  айтатын  жағдайым  бар:  ашығып  кӛргенім 
жоқ, тамақты тілегенімше жедім және жеген тамағым дәмсіз де болған жоқ. 
Мен осы сапар күніне екі мильден артық жүргенім жоқ; себебі пайдалы 
бір зат кездесе ме деп жан-жағымды қалдырмай қарап кӛп айналып, түнейтін 
жерге  шаршап  келуші  ем.  Қонған  жерде  кӛбінесе  ағаштың  басына  шығып 
жатып  жүрдім,  кейде  қолайлы  жер  кездессе  айналасын  қазықпен  қоршап 
жерге түнейтін едім, сондықтан қандай жыртқыш болса да, мен оянбай тұрып 
қасыма жолай алмас еді. 
Теңіздің  жағасына  келген  соң  аралдың  ең  нашар  жағынан  орын 
тепкеніме  кӛзім  жетіп,  кӛңілім  сенді.  Жыл  жарымның  ішінде  аралдың  мен 
тұрған жағынан ұстағаным небәрі үш тасбақа, ал енді бұл жерде тасбақа кӛп, 
қанша  алсаң  да  жеткілікті.  Және  құстың  да  неше  түрлі  сорттары  табылады, 
кӛпшілігі мен кӛрген құс емес, еті жеуге бір түрлі сүйкімді. 
Ата  берсем  құсты  қынадай  қыратын  жайым  бар,  бірақ  кӛп  атуға  оқ-
дәріні  қимадым.  Құстың  орнына  ешкі  атсам  ол  маған  пайдалы,  себебі  бір 
жағынан  ешкінің  еті  кӛп,  әрі  дәмді  болса,  екінші  жағынан  оқ-дәрі  кӛп 
кетпейді. Бұл жерде мен тұрған жаққа қарағанда ешкі де кӛп, бірақ жақындау 
ӛте қиын, себебі жер тегіс, алыстан кӛреді. 
Аралдың  бұл  жақ  жиегі  мен  тұрған  жағынан  кӛп  жақсы,  әрі  кӛңілді, 
бірақ  солай  бола  тұрса  да  тұрған  жерімнен  басқа  жерге  қоныс  аударып 
кӛшкім  келмейді.  Ӛзімнің  ескі  ұямда  жыл  жарым  тұрып,  оған  бауыр  басып 
үйреніп  қалдым;  ал  енді  бұл  жер  жат  ел  сықылды  кӛрініп,  үйге  қайтуға 
асықтым.  Он  екі  мильдей  ӛрлеп  шығысқа  таман  жүрген  соң,  енді  үйге 
қайтқым  келді.  Келіп  тоқтаған  жеріме  екінші  қайтып  келгенімде  белгілі 
болсын деп, сырықтай бір ұзын ағашты жерге кӛмдім, ӛйткені екінші рет бұл 
жерге  басқа  жақтан  келмекші  болдым,  сӛйтіп,  аралымды  зерттеу  жұмысын 
толық аяқтамақшымын. 
Қалай жүрсем де адаспаймын ғой деген оймен, келген жолымды тастап 
басқа жақпен оралып қайтқым келді. Бірақ мұным қате болды. Жағадан екі-

69 
Sauap.org
 
үш мильдей жер шыққан соң үлкен бір аңғарға келіп киліктім, аңғардың жан-
жағын қоршаған биік шыңның үсті қаптаған қалың ағаш, сондықтан маңдай 
алдымды бағдарлап тура жүруге мүмкін болмады. Күнді бағдарлап жүрейін 
десем, күннің тап осы уақыттағы жағдайын тағы білмедім. 
Адасуға  тағы  бір  себеп  болғаны  күннің  тұман  болуы,  үш  күн  ұдайы 
күннің  кӛзі  кӛрінбеді,  жол  іздеймін  деп  адасып  бет  алдына  қаңғырдым. 
Ақырында  амалсыздан  теңіздің  жағасына  шығып,  сырық  шаншып  кеткен 
жеріме  қайта  келдім,  сол  жерден  бұрынғы  жолыма  түсіп,  үйге  қайттым. 
Асығып  қатты  жүргенім  жоқ,  әр  жерге  бір  тоқтап,  дем  алумен  келдім,  күн 
ыссы,  қатты  жүруге  болмайды  және  мылтық,  балта,  оқ-дәрі  сықылды 
кӛтерген бірталай жүгім бар. 
Ӛстіп келе жатқанымда, алдымнан ешкінің бір лағы қашты, итке «айт» 
деп  ем,  «әу»  деген  жерге  апармай-ақ  лақты  алды,  мен  де  жүгірумен  келіп 
лақты  иттің  аузынан  тірідей  айырып  алдым.  Лақты  үйге  алып  кеткім  келді, 
ӛйткені  ешкі  асырап  тұқымын  кӛбейтуді  кӛптен  бері  ойлаушы  едім,  бұлай 
етудегі  мақсатым  —  оқ  дәрі  біткен  кезде  ӛзімді  азық-түлікпен  қамтамасыз 
ету еді. 
Лақтың мойнына арқан тағып жетелеп әрең саябақтағы қосыма әкелдім. 
Қосқа келген соң лақты керменің ішіне кіргізіп сонда тастап кеттім, ӛйткені 
үйге қайтуға асықтым, себебі үйді кӛрмегелі айдан астам уақыт ӛтті. 
Сапарыма  ӛте  риза  болып,  ӛзімнің  ескі  мекеніме  тез  жетуге 
ынтыққанымды,  ентелей  басып  үйге  кіріп  даяр  тұрған  кереуетке  созылып 
тұрып  жатқанда  жаным  жай  тауып,  рақаттанғанымды  суреттеп  жеткізе 
алмаймын.  Баспанасыз,  ӛне  бойы  айдалада  қонып-түстеніп  шаршағанның 
салдары болу керек, менің «үйім» нағыз қолайлы мекен-жай болып кӛрінді; 
керегімнің бәрі бар, тап-тұйнақтай, кӛңілді, сондықтан ендігәрі осы аралдан 
кеткенше үйден ұзап шықпасқа ұйғардым. 
Жолаушылап  қайтқаннан  кейін  бір  жетіге  дейін  үйден  шыққаным  жоқ, 
дем алып жаттым да қойдым, дем алғанда тек құрдан-құр қол қусырып қарап 
отырғаным  жоқ,  тотыма  тор  жасап  уақыт  оздырдым;  тотым  қолға  үйреніп 
қасымнан  кетпейтін  болды.  Бір  кезде  кермеге  қалдырып  кеткен  лақ  есіме 
түсіп, соны барып кӛргім келді. Келсем, сол қалдырған жерімде жатыр екен, 
ӛйткені шарбақтан шыға алмайды, бірақ аштан бұралып ӛлім халіне жетіпті. 
Қолыма  түскен  жапырақты,  ағаштың  бұтағын  лақтырып  алдына  тастадым. 
Жеп  болған  соң  әуелгідей  арқанмен  жетектейін  деп  едім,  жоқ  бұрынғыдай 
емес,  аштықтан  әбден  жуасыған,  жетектемей-ақ  артымнан  итше  ере  берді. 
Оған  әр  уақытта  тамақты  ӛзім  бердім.  Ақырында  ол  асырауға  кӛніп,  менен 
еш  уақытта  қашпайтын  болды,  сӛйтіп,  ол  да  менің  отбасымның  бір  мүшесі 
болды. 
Күзгі  жаңбыр  тағы  басталды,  қыркүйектің  30-ы  күні  менің  аралға 
келгеніме  екі  жыл  толды,  ӛзімнің  екі  жылдық  тойымды  бүгін  салтанатты 
түрде тағы тойладым. Құтылып жарық дүниеге шығармын-ау деген ой менде 
аралға келген күні қандай шамалы болса, қазірде де нақ сондай. Қыркүйектің 
30-ы  күні  үйден  бір  қадам  аттап  шыққаным  жоқ,  күні  бойы  үйде  отырып, 

70 
Sauap.org
 
құдайға  ғибадат  қылдым,  барса  келместің  аралында  жалғыз  қалып,  жапа 
шеккен  кезімде  кӛз  жасымды  кӛріп,  мені  есіркегені  үшін  құдайға  алғыс 
айттым,  егер  құдай  тағала  маған  рақым  етпегенде,  мен  үнемі  қайғы-
қасіретпен ӛтетін едім. 
Қазіргі  тұрмысым  қаншалықты  жаман  болса  да,  осы  тұрмысқа  душар 
болып,  зәбір-жапа,  ауыр  бейнеттің  талайын  басымнан  кешірсем  де,  күнәға 
белшемнен  батып  есерсоқтық  қалыппен  ӛткізген  бұрынғы  ескі  ӛмірден 
мұның  артықшылығын  енді  анық  сездім.  Мендегі  мінез-құлықтың  бәрі  де 
ӛзгерді: шаттықты да, қайғыны да мен енді басқаша түсіне бастадым; менің 
тілегім  де,  бір  нәрсеге  қызығып  ұмтылуым  да  бұрынғыдай  емес,  ӛзінің 
ӛткірлігін  жоғалтып  бірте-бірте  бәсеңдей  берді,  рақаттың  да,  бейнеттің  де 
әсері болмады. 
Қамауда  жүргеніме  екі  жыл  толып,  үшінші  жылға  аяқ  басқан  кезде, 
менің  рухымның  күй  жағдайы  осындай  еді.  Ұсақ-түйек  әңгіменің  бәрін 
қалдырмай  айтып,  оқушыны  жалықтырғым  келмейді,  сондықтан  екінші 
жылғы  тұрмысымды  толық  бірінші  жылғыдай  етіп  суреттегенім  жоқ. 
Дегенмен,  бұл  жылы  да  түк  істемей  тектен-тек  қарап  отыруым  ӛте  сирек 
болды. Барлық уақытымды күнделікті жұмыстарға сәйкестеп бӛлдім: бірінші 
істейтін  жұмысым  —  құдайға  құлшылық  етіп,  дін  кітаптарын  оқу,  бұған 
күніге үш рет уақыт бӛлдім. Екінші істейтін жұмысым  — аң аулау, жаңбыр 
жаумаған  күні  азаннан  аңға  шығып,  үш  сағаттай  жүріп  қайтам.  Үшінші 
істейтін  жұмысым  —  атып  алған  аңдардың  немесе  құстардың  терісін 
сыпырып,  жүнін  жұлып,  етін  кептіру,  тамақ  пісіру,  уақытымның  кӛбі 
осыларға жұмсалды. Бұл жерде бір айта кетейін дегенім, күн кӛтеріліп тӛбеге 
келгенде қимылдауға халім келмейді, себебі түс кезінде күннің ыссылығынан 
аспан  қызып,  кісінің  миы  қайнағандай  болады,  туф  деген  түкірік  жерге 
түскенде  желім  болып  жабыса  қалады,  күн  ауып  кӛлеңке  ұзарған  соң  ғана 
барып  үйден  шығып  жұмыс  істеуге  болады.  Осының  салдарынан  кешкілік 
аңға  шығып,  ертеңгісін  жұмыс  қылған  кездерім  де  болды.  Уақыттың 
аздығынан  істеген  ісім  ӛнбеді,  және  ауыр  болып  күшке  тиді.  Керекті 
құралдың, кӛмек берер кісінің жоқтығынан және ептіліктің жеткіліксіздігінен 
кӛп  уақытым  босқа  ӛтті.  Мысалы,  базыма  керекті  ұзын  тақтай  істеймін  деп 
қырық  екі  күн  азаптандым.  Егер  тиісті  құралдары  болса  екі  шебер  жарты 
күннің ішінде бір ағаштан  алты  тақта жасап  шығарады,  ал  менің  қырық  екі 
күн азаптанғанда жонып шығарғаным — жалғыз-ақ тақта. 
Бір  тақтаны  қырық  екі  күн  жондым  дегенге  кейбіреулер  нана  қоймас, 
сондықтан  оның  қалайша  істелгенін  айтып  ӛтейін:  жуан  бір  ағашты  таңдап 
алдым,  себебі  маған  керегі  әрі  ұзын,  әрі  жалпақ  тақтай  еді.  Осы  ағашты 
балталап үш күн кестім, бӛрене етіп шығару үшін екі күн бұтағын шаптым. 
Неше  күн  жонғаным  есімде  жоқ,  тегістеліп  шыққанша  және  салмағы 
орнынан қозғаларлықтай болып жеңілейгенше әурелей бердім. Бӛрененің бір 
жағын  әбден  тегістеп  шыққан  соң,  аударып  екінші  жағына  түстім,  ол 
жағында  солай  етіп  жонып  шығардым.  Қалыңдығы  үш  дюм,  теп-тегіс  тақта 
болып  шыққанша,  бұл  жұмысты  тоқтатқаным  жоқ.  Осы  тақтаның  қаншама 

71 
Sauap.org
 
қиыншылықпен  істеліп  шыққандығы  оқушыларға  түсінікті  болар  деп 
ойлаймын.  Табандылық,  еңбек  осы  жұмысты  және  бұдан  басқа  да  толып 
жатқан  жұмысты  аяқтап  шығуыма  кӛмектесті.  Тақтайдың  тарихын  толық 
суреттегендегі мақсатым — аз жұмысқа не үшін зор еңбек сіңіріп, кӛп уақыт 
оздырғанымды  кӛрсету  еді,  әрине,  қасыңда  кӛмекшің,  қолыңда  тиісті 
құралың  болса  ғана  бұл  аз  жұмыс,  егер  серігің  жоқ,  жалғыз  болсаң  және 
оның  үстіне  құралсыз  құр  қол  болсаң,  мұны  оп-оңай  орындап  шыға 
алмайсың,  сондықтан  зор  еңбек  сіңіріп,  кӛп  уақыт  оздыруды  тілейді. 
Осылардың  бәріне  қарамастан,  шыдамдылық  пен  енбектің  арқасында  қолға 
алған  жұмысымның  бәрін  орындап  шықтым,  осылай  еңбек  сіңіруге  менің 
қиыншылық жағдайым ӛзімді мәжбүр етті. 
Қараша  мен  желтоқсанның  ішінде  ӛзімнің  арпам  мен  күрішімді  оруға 
әзірлендім.  Егін  еккен  жерімнің  кӛлемі  үлкен  емес,  әуелгі  еккенім 
құрғақшылықтың  салдарынан  қурап  шықпай  қалды,  бұл  туралы  жоғарыда 
айтып  ӛткенмін.  Бұл  жолғы  еккенімнің  шығымы  жақсы,  бітік  болатын  түрі 
бар,  бірақ  байқап  қарасам,  бұдан  да  қол  үзіп  құр  қалатындығым  байқалды, 
себебі  жеріме  шегіртке  түсті,  шегіртке  емес-ау,  тӛрт  аяқты  айуандар  келіп 
түсті,  олардан  аман  сақтап  қалу  ӛте  қиынға  соқты.  Егінге  зиянын  тигізіп 
жүрген  жәндіктер  қайсы  десеңіз,  біріншіден  —  ешкі,  екіншіден  —  қоян 
сықылды кішкене аңдар. Күріш пен арпаның дәмі таңдайынан кетпеген болу 
керек, күні-түні үймелеп егінімнен шықпайды, кӛгеріп қылтиып келе жатқан 
сабақтарын  жеп,  әрі  аяғымен  таптап  бой  салып  бас  тартуына  мүмкіншілік 
бермеді. 
Бұған  қарсы  қолданылатын  шара  біреу-ақ,  егіннің  айналасын  ағашпен 
қоршап,  аузын  тас  қылып  бекіту,  солай  етіп  істедім  де.  Бірақ  бұл  жұмыс 
маған  оңай  соққан  жоқ,  кӛп  еңбек  сіңіруге  тура  келді,  себебі  дымын 
қалдырмай  жеп  кетеді  ғой  деп  қорқып  күні-түні  дамыл  таппай  мұрнымнан 
шаншылдым,  жанталасып  жүріп  үш  жетіде  әрең  бітірдім.  Егінге  күндіз 
келгенін  мылтықпен  атып  үркітемін  де,  түнге  қарай  керменің  ішіне  итті 
байлап  қоям;  иісін  біле  ме  немесе  сыбдырын  есіте  ме  үріп  жолатпайды. 
Осылай етуімнің арқасында аңдар ол арадан безіп, қайтып келмейтін болды 
және егінім де бас тартып тез пice бастады. 
Егін  жаңа  кӛктеп  келе  жатқан  мезгілде  тӛрт  аяқты  хайуанаттан  бәлеге 
қалсам,  енді  бас  тартып  піce  бастаған  кезде  құстар  дамыл  бермеді.  Бір  күні 
егінді  аралап  келе  жатсам  бір  топ  құс  менің  кеткенімді  күткен  сықылды 
ерсілі-қарсылы ұйлығып, жорғалап жүр. Мылтықты алдым да басып салдым, 
сол  кезде  егіннің  ішінен  ду  кӛтеріліп  бір  тобы  тағы  ұшты,  әуелі  мен  мұны 
байқамай қалдым. 
Осыны  кӛргенде  ызаланып,  қатты  толқыдым.  Егер  мұнан  былай  да 
осынша құс бірнеше күн егінге жабылса бір түйір дән ұстап қалмайтынымды 
біліп, аштықтың әсері кӛз алдыма елестеді, бұған қарсы не шара қолдануды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет