Даниель дефо робинзон крузо



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата19.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 
Жауыздық 
 
Тағдыр  мені  кӛз  кӛріп,  құлақ  естімеген,  адам  баласының  ізі  түспеген 
түкпірдегі бір аралдарға әкеліп тастады, құтыламын деген ешбір сенімім жоқ. 
Мен дүниеден қол үзіп айдалада қалдым, арылмас қайғыға ұшырадым. 
Мен  бүкіл  адам  баласынан  алыс  қалдым,  мен  қоғамнан  аласталып 
қуылған жәндікпін. 
Менің киім-кешегім аз, біраз уақыт ӛткеннен кейін денемді жабатын да 
еш нәрсе қалмайды. 
Мен  шабуыл  жасаған  аңнан,  адамнан  қалай  аман  сақтанбақшымын  — 
сақтарлық ешкім жоқ. 
Тіл  қатысып  сӛйлесерліктей  және  маған  ақыл  айтып  жұбатарлықтай 
ешкім де жоқ. 
 
Ізгілік 
 

42 
Sauap.org
 
Бірақ барлық жолдастарым түгел суға кетіп апат болғанда, мен аман-сау 
тірі қалдым. 
Тек мен ғана кемедегі бүкіл қара-құрадан бӛлініп жалғыз қалдым: ажал 
тек  мені  есіркеді,  мені  ажалдан  құтқарған  нәрсе,  мүмкін,  бұл  халден  де 
құтқарар. 
Бірақ мен аштан ӛлгенім жоқ, адам баласы тамақ таба алмайтын, ел жоқ, 
күн жоқ жапан далада ӛмір сүріп отырмын. 
Бірақ мен киімсіз де күнелтетін ыссы жерде тұрмын. 
Мен  тұрған  аралда  Африканың  аралдарындағыдай  адам  жоқ,  әлі  күнге 
дейін жыртқыш аңдар кездескен жоқ. Егер Африканың аралдарының бірінде 
қалсам қайтер ем? 
Бірақ құдайдың құдіреті шӛккен кемені жақындатып жиекке айдап келді, 
ӛзімнің  күнделікті  тұтынуыма  керекті  заттарды  алып  үлгіргенім  былай 
тұрсын,ӛле-ӛлгенше тамақ тауып ішуіме де болатындай мүмкіншілік берді. 
Дүние жүзінде адам баласының мұнан артық ауыр жағдайға тап болуы 
екіталай  екенін  осы  жазудың  ӛзі-ақ  анық  кӛрсетіп  тұрған  жоқ  па,  рас,  бір 
шүкіршілік қылатын жері — мұнда тұрмыстың тек жаманшылық жағы ғана 
емес, жақсылық жағы да бар еді. 
Ақыры,  не  керек,  қабырғаммен  кеңесіп,  ӛзімнің  тұрмысыммен  келісе 
бастадым. Бұрын мен бір кеме кӛрінбес пе екен деген үмітпен минӛт сайын 
теңізге  қарайтын  едім:  енді  ол  үміттен  күдер  үзіп,  ол  ойдың  бәрін  тастап, 
ӛзімнің тіршілік етуімді жеңілдетуге жағдай туғызу әрекетін істей бердім. 
Салған  үйімнің  қандай  екенін  жоғарыда  айтқанмын.  Менің  үйім 
айналасын  қазық  қағып  қорғандаған,  таудың  түсе  беріс  етегіндегі  шатыр. 
Менің  қазықтан  жасаған  дуалымды  нағыз  қорған  деп  айтуға  болады,  себебі 
сырт  жағына  қалыңдығы  аршын  жарымдай  топырақ  үйдім.  Бірнеше  уақыт 
ӛткеннен  кейін  (жаңылмасам  жыл  жарымнан  соң)  үйген  балшықтың  үстіне 
сырғауыл  ағаштарды  әкеліп  бірінің  бастарын  біріне  түйістіріп  итарқа  етіп 
отырғыздым,  үстін  бұтақпен  және  үлкен  жапырақтармен  қалың  қылып 
жаптым. Сонымен үйімнің тӛбесі де болды, енді жаңбырдан да қорықпайтын 
болдым, себебі ментұрған аралда кей жылдың кейбір уақыттарында жаңбыр 
деген ӛте кӛп болып, үздіксізжауып тұрады. 
Барлық мүлкімді шатыр мен үңгірге жинадым деп айтқан болатынмын. 
Бірақ  бір  айтайын  дегенім,  әуелгі  кезде  заттардың  бәрін  бір  жерге  қалай 
болса солай жинай салып, үйдің ішін тарылтып жіберді, айналуға тіпті қиын 
болды.  Сондықтан  үңгірді  кеңіту  қиын  болған  жоқ,  таудың  топырағы 
жұмсақ,  қазуға  оңай  еді.  Жыртқыш  аңдардан  қауіптің  жоқтығына  кӛзім 
жеткен  соң  үңгірді  кеңейтуге  кірістім.  Оңға  қарай  кеулеп  қаздым  да, 
бүйірлеп  апарып,  сыртқа  шығатын  тағы  бір  есік  шығардым,  қанша 
кеңейтетінімді қазбас бұрын есептеген болатынмын. 
Қазған  үңгірлеріме  кіріп-шығуға  даңғыл  жол  және  кең  сарай  болуға 
айналды.  Сол  есіктен  уақытында  кетіп,  уақытында  қайтып  келіп  жүрдім, 
сонымен қатар зат қоятын жерім де едәуір кеңейді. 

43 
Sauap.org
 
Бұл жұмысты бітірген соң, үй ішіне ең керекті заттар істеуге кірістім, ең 
алдымен орындық және үстел істеу: бұларсыз жайласып отырып тамақ та іше 
алмадым, жазу да жаза алмадым. 
Міне, сонымен ағаш шабуға кірістім. Бұл жерде бір ескеріп ӛтетін нәрсе, 
ақыл — есеп-қисаптың негізгі және шығатын кезі, сондықтан ақылға салып 
бір затты кесіп пішіп, ӛлшеп байқап кім де болса белгілі бір уақыттың ішінде 
қандай  ӛнерді  болса  да  үйреніп  кетуіне  болады.  Мен  ӛмірімде  шебердің 
құралын  қолыма  ұстап  кӛрген  адам  емеспін,  бірақ  аяусыз  еңбек  сіңіріп  ӛте 
ықыласпен  зейін  аударғанымның  арқасында  аз-аздап  үйрене  бастадым, 
үйрене бастағаным ӛз  алдына,  егер  тиісті  құралдарым болғанда не болса  да 
істеп  шығаратын  едім.  Бірақ  қолымда  шеберлердің  құралы  болмаса  да, 
жалғыз  балтаның  ӛзімен  қаншама  заттар  істедім,  мен  сықылды  ешкім  де 
ондай  әдіспен,  ондай  заттарды  істеп,  сонша  кӛп  еңбек  сіңірмеген  болар. 
Мысалы:  маған  тақтай  керек  болған  уақытта  ағашты  кестім  де,  бұтағын 
шауып,  қабығын  аршып,  балтамен  екі  жағын  жона  бердім,  «Ой,  мынау 
болмады ғой», — деп тастап кеткенім жоқ, содан кейін жонғымен сүргіледім. 
Әрине,  ондай  құралмен  қандай  жуан  ағаш  болса  да одан  тек  жалғыз  тақтай 
ғана істеп шығарасың, сол бір тақтайды істеп шығарудың ӛзі менің қаншама 
уақытымды  алды.  Бұған  қарсы  жұмсайтын  менің  жалғыз-ақ  құралым  — 
еңбегім қымбатқа түскен жоқ, қайда кетсе де бәрібір емес пе? 
Сонымен  ең  әуелі  істегенім  орындық,  үстел  болды.  Орындық  істеуге 
кемеден  әкелген  қысқа  тақтайларды  пайдаландым.  Жоғарыда  айтып  ӛткен 
әдіспен  бірнеше  ұзын  тақтай  жонып,  үңгірдің  қабырғасына  бірінің  үстіне 
бірін қағып текшелер жасап, құрал-саймандарымды, шеге, темір-терсек, тағы 
басқа  ұсақ-түйек  заттарымды  жинадым.  Үңгірдің  қабырғасына  ағаштан 
жіңішке қазықтар қағып, киім-кешек, мылтық тағы да басқа нәрселерді ілдім. 
Менің  үңгірімді  осыдан  кейін  кӛрген  адам  нағыз  керекті  заттарды 
жинайтын қойма деп ойлар еді, іші қандай тәртіпті, жайнап тұр, қарауға ӛте 
кӛңілді,  және  ішіндегінің  бәрі  де  игілікке  тұтынатын  заттар.  Осы 
жұмыстарды  әбден  аяқтап  болғаннан  кейін  ғана  күнделік  дәптер  жазуға 
кірістім. Күнделікті істеген қызметімнің бәрін де қалдырмай жазып отырдым. 
Әуелгі  кезде  жұмыстан  қолым  босамады.  Және  оның  үстіне  басым  қаралы, 
кӛңілім  жаралы  болып  еңсем  түсіп  жүрген  уақытым,  күнделікті  дәптеріме 
әсер  етпей  қалған  жоқ.  Мысалы,  қыркүйектің  30-ы  күні  жазғаным:  «Мен 
жиекке  шығып  ӛлімнен  құтылдым,  теңізден  жұтқан  ащы  су  жүрегімді 
айнытып  лоқсытты.  Аздап  есім  кіре  бастады,  бірақ  ажалдан  құтқарған 
жаратушыға  рақмет  айтып  жалбарынудың  орнына,  аузыма  не  түссе  соны 
айтып, теңізді жағалап жүре бердім. Ӛз басымды ӛзім ұрып, ӛз бетімді ӛзім 
жырттым және әлім бітіп жерге құлағанша «құрыдым, біттім» деп айқайлай 
бердім,  себебі  жыртқыш  аңдар  кездесіп  жарып  кетеме  деп  қорықтым». 
Мұнан  соң  да  кӛп  уақытқа  дейін  (кемеге  барып  нәрсе-қараның  бәрін  тасып 
әкелген соң) күнде тӛбенің басына шығып, кеме кӛрінер ме екен деп теңізге 
қарадым. Әлденеше рет алыстан ағарып желкен кӛрінгендей болады, қуанып 
күтем де отырам. Қарай-қарай кӛзім талған соң, ойбай салып жер бауырлап 

44 
Sauap.org
 
жата қаламын да, балаша бақырып жылаймын, тек ақымақтығыммен ӛзімді-
ӛзім жасытқаным болмаса, құр жылаудан не шықсын. 
Бірақ  бұрынғыдай  құр  жылай  беруді  қойып,  кӛп  ойлардан  шамалы 
серпіліп, бойымды кішкене билегеннен кейін, үстіме баспана салып, үй ішіне 
керекті  үстел,  орындық,  тағы  басқалары  сықылды  нәрселерді  жасағаннан 
кейін, қысқартып айтқанда, қолдан келгенше ӛзіме тиісті жағдай туғызғаннан 
кейін,  күнделікті  дәптер  жазуға  кірістім.  Күнделіктегі  оқиғалар  кітаптың 
ӛткен  тарауында  айтылса  да,  жазылғанын  түгел  келтіріп  ӛтейін.  Күнделікті 
сия таусылғанша үзбей жаза бердім, сия біткен соң о да тоқтады. 
 
КҮНДЕЛІК ДӘПТЕР 
 
1659 жыл, қыркүйектің 30-ы күні. — Мен бақытсыз Робинзон Крузоны 
сұрапыл  қатты  дауылдың  кезінде  кеме  апатқа  ұшырап,  осы  зұлым  аралға 
әкеліп  толқын  лақтырып  тастады. Жолдастарымның бәрі  де  суға  кетті  және 
менің ӛзім де ӛлім халінде қалдым. 
Сол  күні  кешке  дейін  ӛзімнің  жауыз  тағдырыма  ӛкпелеп  жылаумен 
болдым: менің ішерге тамағым, киерге киімім, қолға ұстар құралым болмады, 
жасырынуға жер таба алмадым; кӛзіме қан толып ӛлімнен басқа еш нәрсені 
кӛрмедім.  Мені  жыртқыш  андар  жаралайды,  немесе  жабайылар  ӛлтіреді, 
немесе  аштан  ӛлемін.  Түнге  қарай  жыртқыш  андардан  қорқып  ағаштың 
басына шықтым. Түнімен жаңбыр жауса да рақаттанып тұрып ұйықтадым. 
Қазанның 1 күні. — Таңертең ояна қарасам қайырлап шӛккен кемені су 
кӛтеріп жиекке жақындатып тастапты. Біріншіден бұл маған үлкен жұбаныш 
болды  (кеме  бүтін,  тӛңкерілмеген,  жел  басылса  кемеге  барып  азық-түлік, 
тағы  да  басқа  керекті  нәрсе-қаралар  аламын  ғой  деген  үмітім  зор);  бірақ 
екінші жағынан, қаза тапқан жолдастарым есіме түсіп, үстімді қаптап қайғы 
басты.  Кемеде  кішкене  кідіргенімізде  аман  қалатын  жайымыз  бар  екен-ау, 
немесе  бәрі  бірдей  батпаған  болар  еді,  олар  болса  кеменің  тақтайларынан 
қайық жасап  әйтеуір бір  қара  кӛрер едік-ау.  Осы  пікір  күні бойы  соңымнан 
қалмай  әбден  мазамды  кетірді.  Дегенмен  жел  басылысымен-ақ  кідірместен 
кемеге кеттім; кемеге жақындағанша бойлап бардым да, аяқ жетпеген жеріне 
жүздім. Күні бойы жаңбыр жауып тоқтамады, бір жақсы жері жел болмады. 
Қазанның  1-нен  24-не  шейін.—  Кемеден  жүк  тасумен  болдым.  Су 
кӛтеріліп  тереңдеген  сайын  жүкті  салға  тиеп  жиекке  шығара  бердім.  Анда-
санда болмаса ашық күн болған жоқ, үздіксіз жаңбыр болды да тұрды, соған 
қарағанда осы уақыттарда аралға жауынның кӛп жауатын мезгілі болу керек. 
Қазанның  20-ы  күні.—  Салым  аударылып  барлық  жүгім  суға  батты; 
бірақ  аударылған  жері  теңіздің  жағасы  тайыз,  су  кейін  теуіп  серпілген  соң 
заттың кӛбін аман-сау алып қалдым. 
Қазанның  25-і  күні.—  Күні-түні  жаңбыр  жауды,  ызғырық  жел  соқты. 
Түнде кемені тұрған жерінен быт-шытын шығарып алып кеткен, тек орнында 
бӛлек-салақ бірдемелері қалыпты, қалдықтары су кейін тепкен уақытта ғана 

45 
Sauap.org
 
қылтиып  кӛрінді.  Сол  күні  суға  тисе  тез  бұзылатын  заттарымды  қымтап 
жабумен болдым. 
Қазанның  26-ы  күні.— Мекендеуге  қолайлы  жер  қарадым.  Кӛбінесе 
ойлағаным  түнге  қарағанда  жыртқыш  аңдардан  және  адамдардан  қауіпсіз 
болу  еді.  Кеш  жақындағанда  тік  жардың  етегінен бір ұнамды  орын  таптым. 
Осы  тапқан  орнымды  екі  қағар  қазық  қағып  сыртына  шым  үйгім  келді; 
қазықтың ара-арасын кеме арқандарымен керіп қосқым келді. 
Қазанның 31-і күні.— Қолыма мылтық алып құс атуға шықтым және жер 
кӛргім  келді,  бір  лақты  ешкі  атып  алдым.  Атқан  ешкімнің  лағы  еріп  үйге 
дейін  келді,  лақты  сойып  жеуге  тура  келді,  себебі  асырауға  кӛнбеді,  әлі 
отығып жетпеген екен. 
Қарашаның  1  күні.—  Жартастың  түбіне  шатыр  тіктім,  шатырымды 
мүмкін  қадарынша  кеңейткім  келді,  кендірден  тоқыған  аспа  керуеттің  екі 
жағын байладым да, үстіне жаттым, бұл керуетте бірінші рет жатуым. 
Қарашаның  2  күні.— Барлық  жәшіктерді,  тақтайды  және  салдағы 
бӛренелерді жинап алып шатырды айналдыра керме жасадым. 
Қарашаның 3 күні.— Қолыма мылтық алып қыдырдым, үйрек сықылды 
екі  құс  атып  алдым.  Еті  ӛте  дәмді  екен,  тамақ  ішіп  болғаннан  кейін  үстел 
жасауға кірістім. 
Қарашаның  4 күні.— Ӛзімнің күнделікті  уақытымды: қара  жұмысқа,  аң 
аулауға және кӛңіл кӛтеру сағаттарына бӛлдім. Менің күн тәртібім мынадай 
болды:  егер  жаңбыр  жаумаса  ертеңгісін  қолыма  мылтығымды  алып  екі-үш 
сағат  аралды  аралап  қайттым,  мұнан  соң  сағат  он  бірге  шейін  жұмыс 
істеймін, сағат он екіден екіге дейін жатам (себебі бұл нағыз күннің ыситын 
уақыты),  кешке  қарай  тағы  жұмысқа  кірісем.  Соңғы  екі  күннің  жұмыс 
сағатының  бәрі  де  үстел  жасауға  жұмсалды.  Ол  кезде  менің  шеберлігім  де 
шамалы  еді.  Бірақ  тұрмыс  мені  он  саусағынан  ӛнері  тӛгілген  шебер  етіп 
шығарды. Егер менің орнымда болса басқалар да солай болып шығар еді. 
Қарашаның  5-і  күні.— Бүгін  соңыма  ит  ертіп,  қолыма  мылтық  алып 
жүрдім. Бір жабайы мысықты ӛлтірдім. Терісі жақсы жұмсақ, бірақ еті түкке 
тұрмайды. Атқан аңдарымның барлығының терісін сойып алып, қоймаға сала 
бердім. Қайтып келе жатып неше түрлі құстарды кӛрдім. Екі-үш итбалықты 
кӛрдім. Әуелі кӛргенде нендей хайуанат екенін танымай қорқып кеттім. Мен 
таңырқап қарай қалған кезде олар суға сүңгіп жоқ болды. 
Қарашаның  6-ы  күні. —  Ертеңгісін  саяхатқа  шығып  келдім  де,  үстел 
жасауға  кірістім,  сол  күні  үстелді  жасап  бітірдім,  бірақ  істеп  шығарған 
үстелім ӛзіме ұнамады. Ұнамаған жерлерін бұзып қайта жӛндедім. 
Қарашаның 7-і күні.— Күн ашық болды. Бірнеше күн орындық істеумен 
болдым.  Орындықты  әдемі  етіп  істеймін  деп  кӛп  еңбек  сіңірдім.  Әлденеше 
рет бұзып қайтадан істедім. Сонда да кӛңіліме ұнаңқырамады. 
Ескерту.  Кӛп  ұзамай  жексенбі  күні  де  жұмыс  істейтін  болдым,  себебі 
бағанға күнде барып кертіп тұрмаған соң жайылып қалдым. 

46 
Sauap.org
 
Қарашаның  13-сі  күні.—  Бүгін  жаңбыр  жауды,  ауа  жаңарып  бойым 
салқындады,  бірақ  күн  жиі  күркіреп,  найзағай  жарқылдады,  жай  түсіп  оқ-
дәрім  ӛртене  ме  деп  қатты  қорықтым.  Жасын  бәсеңдеп,  күннің  күркірегені 
тоқталысымен  бәрі  бірден  жанып  кетпес  үшін,  дәріні  бӛлшектеп  әр  жерге 
кӛму әрекетіне кірістім. 
14, 15,  16 қараша  күні.—  Осы  күндерде  жәшіктердің  әрқайсысына бір-
екі қадақтан дәрі салып, арасын бір-біріне қашықтатып жартастың бауырына 
апарып кӛмдім. Кеше бір үлкен құс атып алдым, еті ӛте тәтті. Бірақ нендей 
құс екенін білмеймін. 
Қарашаның  17-і  күні.—  Бүгін  заттарымды  жайластырып  жинау  үшін 
шатырдың сыртындағы үңгірді кеңейте бастадым. 
Ескерту.  Бұл  жұмысқа  үш  нәрсе  керек:  қайла,  күрек  және  құмын 
шығаратын жалғыз аяқ қол арба немесе себет, бірақ бұлардың менде бірі де 
жоқ.  Сондықтан  жұмысты  мүлдем  доғаруға  тура  келді.  Бұлардың  орнына 
басқа қандай құралдарды пайдалануға болады немесе қайтіп істеуге болады 
— осы туралы кӛп ойладым. Қайланың орнына темір сүйменді жұмсап едім 
— жарайтын секілді, бірақ ӛте ауыр. Ендігісі күрек, онсыз болмайды. Бірақ 
оны қалай істерімді білмеймін. 
Қарашаның  18-і  күні.— Орманнан  ӛзіме  керекті  материалдар  іздеп 
жүріп, Бразилияда ӛсетін темір ағаш дейтін ағашты таптым (темір ағаш деп 
қатты болғандықтан айтылған). Кӛп азаппен, балтамды мұқатып, ӛліп-талып 
кестім де, әрең дегенде сүйреп үйге әкелдім, енді осыдан күрек істемекшімін. 
Ағаштың  қаттылығынан  кӛп  уақытым  кетті,  басқа  амал  жоқ.  Балтамен 
шапқылай-шапқылай  әйтеуір  күрек  формасына  келтірдім,  сап  жағы  ӛте 
келісті болды, ағылшында істелетін күректердің сабынан бір де кем емес, үш 
жағында темір болмаған соң кӛп ұзаққа шыдамады. Дегенмен оны жер қазу 
жұмысына  едәуір-ақ  пайдаландым  және  ол  кӛп  қажетіме  жарады,  дүние 
жүзінде  ондай  әдіспен  және  ұзақ  уақыт  бір  күрек  те  істелмеген  болар  деп 
ойлаймын. 
Маған енді керегі — жәшік арба немесе себет. Себет туралы ойлап бас 
қатырудың да керегі жоқ, себебі оны тоқитын менде шыбық жоқ, ал шыбық 
бар жер әлі маған кездескен де жоқ. Ал енді жәшік арбаны істеуге болады ғой 
деп  ойлаймын.  Ең  қиыны  доңғалағы:  доңғалақты  қалай  істеуін  мен  тіпті 
білмеймін, бел ағашына темір керек, ол менде атымен жоқ. Сондықтан арба 
жасауды  қойдым  да,  тасшылардың  әк  салатын  астауы  сықылды  бірдеме 
жасадым.  Астау  жасау  күректен  гӛрі  оңайлау  болды,  дегенмен,  бұл  да  тӛрт 
күн уақытымды алды. Аңға шықпай қалған күнім ӛте сирек, шыққан сайын 
құр қайтпаймын, әйтеуір түскі тамағыма бірдеңе ала келем. 
Қарашаның  23-і  күні.— Әлгі  айтылғандарды  істеп  болғанша  басқа 
жұмыстарым  қарап  тұрды.  Біткеннен  кейін  үңгір  қазуға  кірістім.  Күшім 
жеткенше  күні  бойы  қаздым,  маған  керегі  заттарымды  оңтайлы  әрі  жайлы 
етіп орналастыру. Осыған 18 күн уақытым ӛтті. 
Ескерту.  Осы  18  күннің  ішінде  істеген  жұмысым  үңгірді  кеңейту, 
кеңейтудегі мақсат: үңгірім әрі жүк жиятын қойма әрі тамақ пісіретін ас үй, 

47 
Sauap.org
 
әрі тамақ ішетін асхана және азық қоятын база болса екен деймін; жататын, 
отыратын  орным  шатыр,  қалың  жаңбыр  жауып  тамшы  аққанда  болмаса, 
үңгірде  кӛп  отырмаймын.  Ең  соңында  келіп  үйіме  шошайтып  тӛбе  істедім, 
сабан тӛбелі үйдің үсті тәрізді болды, үстін жапырақпен жаптым. 
Желтоқсанның 10-ы күні.— Үңгір бітті, енді істейтін еш нәрсесі қалған 
жоқ деп ойлағанмын. Тап бүгін ішіне кіріп қарасам бір жақ бүйірінің тӛбесі 
құлап  едәуір  жерін  басып  қалыпты  (тым  кеңітіп  жіберген  болуым  керек). 
Кӛрдім де қорқып кеттім; әрине қорқуға да реті бар еді: сол минӛтте үңгірде 
болсам ӛзімді басып қалар ма еді, егер баса қойса кӛмушінің де керегі болмас 
еді.  Тағы  үлкен  жұмыс  болды:  құлаған  құмды  тасып  шығару  керек,  және 
тіреу, қоюға тура келді, әйтпесе тағы құламасына кім сенген. 
Желтоқсанның  11-і  күні.—  Амалым  бар  ма,  бүгіннен  бастап  осыған 
кірістім. Тӛбесіне айқыш-ұйқыш екі тақтай қағып, әзірінше екі тақтай қағып 
әзірінше екі тіреу қойдым. 
Желтоқсанның  17-і  күні.  —  Он  жетісінен  жиырмасына  дейін  үңгірге 
айнала  зат  жинайтын  тақтайлар  салдым,  бағандарға  шеге  қағып  тиісті 
нәрселерді ілдім, үңгірдің іші енді ӛте жақсы тәртіпке түсті. 
Желтоқсанның  20-ы  күні. —  Барлық  заттарды  тасып  әкеліп,  тиісті 
жеріне  орналастырдым.  Бірнеше  кішкене  тақтайды  бірінің  үстіне  бірін 
қатарлап,  азық-түлік  қоятын  сӛре  жасап  алдым,  мұның  ӛзі  құдды  буфет 
сықылды  болды  да  шықты.  Тақтай  азайып  бара  жатқан  соң,  ӛзіме  тағы  бір 
үстел істеп алдым. 
Желтоқсанның  24-і  күні.— Күні-түні  жаңбыр  жауып,  үйден  шыққаным 
жоқ. 
Желтоқсанның 25-і күні.— Үздіксіз жаңбыр жауды да тұрды. 
Желтоқсанның  26-ы  күні.— Күн  ашылды.  Едәуір  салқын,  ауа  тазарып, 
ӛте кӛңілді болды. 
Желтоқсанның  27-і  күні.—  Ешкінің  екі  лағын  атып  алдым;  біреуін 
ӛлтірдім, екіншісінің аяғынан тиіп қаша алмаған соң тірілей ұстап алып үйге 
әкелдім. Үйге келген соң аяғын қарасам, сынған екен, мықтап тұрып таңып 
тастадым. 
Ескерту. Кейін лақ аяғының сынған жері бітіп, секіріп ойнайтын болды. 
Лақты  мәпелеп  кӛп  уақыт  бақтым,  ӛзіме  әбден  үйренді,  тіпті  қасымнан 
кетпейтін  болды.  Күндіз  шатырдың  алдында  жайылып  жүреді.  Сол  кезде 
асыранды ешкіні кӛбейтудің қажет екендігі есіме келді, оқ-дәрі таусылғанша 
осыны жүзеге асыруым керек екен. 
28, 29, ЗО және 31 желтоқсан күні. —Жел тып-тынық, адам айтқысыз 
ыссы,  жанып  тұр.  Аң  аулауға  тек  кешке  қарай  шығам.  Бұл  күндері  де 
шаруашылығымды реттеумен болдым. 
Қаңтардың  1-і  күні.—  Ыстық  басылмады.  Сонда  да  бүгін  екі  рет  аңға 
шығып  келдім:  таңертеңгілік  және  кешкілік.  Түсте  жатып  дем  алдым. 
Кешкілік аралды аралап, едәуір жерге барып қайттым; барған жерімде ешкі 
тым кӛп екен, атайын деп ем жақындатпады. Енді ит қосқым келеді. 

48 
Sauap.org
 
Қаңтардың 2-і күні.— Бүгін ит ертіп шығып ешкіге қостым; бірақ бұдан 
да  еш  нәрсе  шықпады,  ешкілер  үркіп  ӛзіне  қарсы  жүгіріп  еді,  қорықты  ма 
білмеймін маңайына жуымады. 
Қаңтардың 3-і күні.— Қорғанымды нығайттым, себебі әлі де бірдемеге 
тап боламын ба деп қорқам. Бұрынғыдан да гӛрі сыртын қалыңдатқым келе 
береді. 
Ескерту.  Қорғанымның  қандай  болып  салынғанын  бұдан  бұрын  да 
айтып  суреттегенмін,  соның  үшін  күнделік  дәптерде  бұл  туралы 
жазылғандарды енді айтпасам да болады. Бірақ соның тӛбесін жӛндеудің ӛзі 
мені  қаңтардың  3-і  мен  сәуірдің  14-не  дейін  айналдырды,  ұзындығы  24 
метрден артық болмаса да, осыншама уақыт керек болды. 
Қорғанымның  бір  шеті  иіліп  барып  тауға  тіреледі.  Орта  жерінен 
есептегенде тауға сегіз метрден артық емес, және сол арадан далаға шықпай, 
тіке үңгірге іштен қатынайтын есік бар. 
Осы күндердің бәрінде де қарап отырғаным жоқ, ылғи жұмыс істеумен 
болдым.  Кей-кейде  жаңбырдың  әлегінен  аптаға  жақын  үйден  шықпай 
отырған  уақыттарым  да  болды,  бірақ  қорғанның  сыртын  ойдағыдай  етіп 
нығайтқанымша  қауіпсізбін  деп  ойлағаным  жоқ.  Сондай  еңбек  сіңірдім 
дегеніме  нана  қою  қиын.  Бәрінен  қиыны—орманға  барып  ағаш  кесу,  оны 
тасу және жерге қағу, оның үстіне қазық қандай ауыр, әрқайсысын бір адам 
зорға кӛтереді. Қорған бітіп, сырт жағы нығайғаннан кейін, жүрегім орнына 
түсіп,  жаным  тыныш  тапты.  Аралда  адам  бола  қойғанда  да  менің  үйімнің 
барын сезетін емес, және кӛргенмен үй деп ойлауы да екіталай, себебі адам 
тұратын орынға ұқсас та емес. Әрине, осылай етіп менің істей білуімде ғой, 
бұл туралы бір қызық әңгіме бар, оны кейінірек айтармын. 
Жауын-шашын  болмаған  күні  құс  аулап  қайттым,  жүргенім  ӛзіме  зиян 
болмады,  толып  жатқан  пайдалы  заттарды  аштым.  Мысалы,  тұқымы  басқа 
бір  түрлі  кӛгершіндерді  кӛрдім,  олар  біз  білетін  кӛгершіндердей  ұяларын 
ағаштың басына салмайды, олардың ұясы жартастың қуысында болады. Бір 
күні  әлгі  кӛгершіндердің  ұясынан  бірнеше  балапанын  ұстап  алып,  асырап 
ӛсірейін  деп  үйге  алып  келдім.  Асырауға  кӛнгіш  болады  екен,  ӛсіп  есейді, 
бірақ  қанаты  шыққан  соң  ұшып  жӛніне  кетті,  мүмкін,  қолайлы  жемнің 
жоқтығынан  болу  керек.  Бұдан  соң  асырап  әуре  болғаным  жоқ,  қолыма 
түскенін қорек еттім. 
Шаруашылығымды бір ыңғайлап алғаннан кейін, есептеп қарасам, әлі де 
толып жатқан керекті заттар жетіспейді екен, мысалы, кемеден алған екі-үш 
кішкене  бӛшкем  болатын,  осыларды  құрастырып  бір  нәрсе  істейін  деп,  бір 
жеті  әурелендім,  әуреленгенмен  бӛшкеге  түп  те  сала  алмадым.  Су 
ақпайтындай етіп қабыстыра да алмадым, ақыры түк шықпайтын болған соң 
қойдым. 
Маған  май  шам  ӛте  қажет  болды.  (Бұл  жерлерде  сағат  жетінің 
шамасында-ақ  қараңғы  түседі.)  Балауыз  болса  деймін,  бірақ  ол  менде  жоқ. 
Тек  жалғыз-ақ,  ешкінің  майы  болмаса,  жарық  істеуге  басқа  амал  да  жоқ. 
Саздан кішкене ыдыс жасап, ешкінің майынан шам істедім. Саздан жасаған 

49 
Sauap.org
 
ыдысымды  күннің  кӛзіне  қойып  күйдірдім.  Ескі  арқанның  түтеленген 
кендірінен білте жасадым. Шам ӛте күңгірт жанды. 
Жұмыс  басты  болып  жатқан  кезім,  қапшық  керек  болып  заттарымның 
арасын  ақтардым,  қарап  жүріп  ішінде  жемнің  қалдығы  бар  кішілеу  бір 
қапшық тауып алдым, дән дейтін дән де кӛзіме түскен жоқ. Қапшық кӛптен 
бері кемеде жатқан болу керек, тіпті бұдан бұрын Лиссабоннан шыққан кезде 
салынған  болу  керек.  Жасыннан  қорқып  дәріні  бӛлшектеуге  және  соған 
керекті  ыдыс  таба  алмай  сасып  жатқан  уақытым,  қапшықты  тастың  түбіне 
апардым да, сілкіп-сілкіп алып келдім. 
Бұл  айтылғандар  қалың  жаңбыр  басталардың  алдында  ғана  болған. 
Ұмытып  қалғандықтан  қапшықты қай жерге  сіліккенім  де  есімде  жоқ.  Айға 
жуық уақыт ӛткен соң алаңның түбінде бойлап жаңа ӛсіп келе жатқан шӛптің 
бірнеше  кӛк  сабақтарын  кӛрдім.  Әуелі  оның  не  екенін  де  білгенім  жоқ, 
әшейін  бір  шӛп  шығар  дедім  де  қойдым.  Бірнеше  жеті  ӛткеннен  кейін  әлгі 
жапырақтар  бас  жарыпты,  нағыз  арпа,  Еуропа  мен  Англияда  ӛсетін 
арпалардан бір де кем емес. 
Кӛргенде  есім  кетіп  таң  қалдым.  Айдалаға  арпа  қалай  шығады,  бұл 
қандай  ғажап?  Неше  түрлі  ойға  қалдым.  Мен  не  нәрсені  болса  да  дінге 
сүйеніп  істемейтінмін  және  дін  туралы  түсінігім  де  шамалы  болатын, 
тұрмыстағы  ірілі-уақты  оқиғаларды  кездейсоқ  нәрсе  ғой,  немесе  тек 
құдайдан  болғандағы  дейтінмін  де  қоятынмын.  Құдай  тағала  осы  дүниедегі 
оқиғаның  бәрін  билеп-тӛстегенде  қандай  мақсатты  кӛздейтінін  еш  уақытта 
ойламаушы  едім.  Бірақ  шығып  тұрған  арпаны  кӛргенде  тұла  бойым 
шымырлап  қатты  қобалжыдым,  ауа  райы  нашар  жерге  арпа  шыға  ма,  және 
шыға  қойса  қайдан  келіп  түскен?  Белгісіз.  Содан  кейін  мен  бұл  құдайдың 
құдіретімен  болған  екен,  құдай  тағала  мені  есіркеген  екен,  кӛз  жасымды 
кӛріп  рақымы  түскен  екен,  ашық  ауыз  пендесін  аштан  ӛлтірмейін  деп, 
жабайы аралға арпа ӛсірген екен деп ойладым. 
Осылар ойыма түскенде буыным босап елжіредім, кӛзімнен жас шықты; 
бұл керемет мен үшін болып отыр ғой деп қуандым. Бірақ менің таңырқауым 
тек мұнымен ғана біткен жоқ; абайлап қарасам, арпа сабақтарының арасында 
жаңа ӛсіп келе жатқан тағы да бір жас ӛсімдіктерді кӛрдім, ол күріш болып 
шықты, күріш екенін бірден-ақ таныдым. Себебі Африкада жүргенімде күріш 
еккен жерлерде кӛп болғанмын. 
Күріш  пен  арпа  маған  құдайдың  құдіретімен  жіберілген  екен  ғой  деп 
ойлап  қана  қойғаным  жоқ,  бұдан  басқа  жерде  де  ӛсіп  тұрғандары  болуы 
керек  деп  білдім  және  басқа  жерде  жоқ  шығар  деп  шүбәланғаным  жоқ. 
Маңайымның  бәрін  кезіп  шарладым,  түкпір-түкпірді  қалдырмай  бәрін 
қарадым,  бірақ  еш  жерден  күріш  те,  арпа  да  таба  алмадым.  Сол  кезде 
қапшықты үйдің жанында сіліккенім есіме түсті. Мұның құдіреті жоқ болды; 
бұл  кәдімгі  табиғи  нәрсе  болып  шықты.  Мойныма  алуым  керек:  осыны 
білгеннен  кейін  құдай  тағалаға  енді  онша  кӛп  алғыс  айта  қойғаным  жоқ. 
Бірақ  маған  кездескен  нәрсенің  бәрі  де  құдайдың  құдіретімен  болған 
сықылды,  шынында  да  ойлап  қарайықшы:  құдайдың  жарылқағаны  емес  пе. 

50 
Sauap.org
 
Абырой  болғанда  қапшықты  күннің  түспейтін  кӛлеңке  жеріне  сіліккенімді 
қарашы, кішкене аулағырақ түскенде, ыстыққа күйіп қурап қалар еді. 
Піскеннен  кейін  күріш  пен  арпаны  қалай  етіп  жинап  алғанымды 
оқушылар ӛздері-ақ білер (осы уақыт маусым айының аяқ кезі еді). Бір дәнін 
қалдырмай  уқалап  үгіп  алдым  да,  ӛзімнің  ішіп-жеуіме  жетерліктей  етіп  дән 
жинап алу үшін егін салуға талаптандым. Жинаған дәнім тӛрт жылдан кейін 
барып тамақ етуге жете бастады, бұл туралы ӛзінің кезінде айтармын. Әуелгі 
айдағаным  қолайсыз  егіліп  шықпай  қалды:  ӛйткені  уақытты  білмей  нағыз 
қуаңшылық  басталған  кезде  сеуіппін,  сондықтан  ойдағыдай  дән  жинап  ала 
алмадым, бұл туралы кейін айтармын. 
Арпадан  басқа  жиырма-отыз  сабақтай  күріш  ӛсті,  оны  да  қалдырмай 
жинап алып тұқымға сақтадым. Бұған да кейінірек оралармыз. Енді күнделік 
дәптер туралы сӛйлейік. 
Тӛрт немесе үш жарым ай қорған салумен болдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет