Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Бай және кедей отбасы 

Қоғамда бай және кедей отбасылардың құда болуы жиі кездеседі. Кедей отбасынан шыққан 

қыз  бай  жігітке  тұрмысқа  шыққан  жағдайда  отағасына  бағынышты  келеді.  Себебі  күйеудің 

отбасындағы  орнымен  қоса  байлығы  да  бар. Ал  кедей  отбасының  жігіті  бай  отбасынан қыз 

алған  жағдайда  өзін  ыңғайсыз  сезінуі  мүмкін.  Бұл  жерде  әрине  қыз  баланың  ақылдылығы 



38 

 

қажет. Күйеуіне бағыну арқылы және тапқан нәпақасына риза болуымен мұндайға жол бермеуі 



тиіс. 

Бай отбасында таршылық көрмей өскен және өзін ешкімнен кем санамаған қыз баласы кедей 

отбасына  келін  болып  түскен  соң,  ерінің  кедейлігін  бетіне  басатын  болса,  психологиялық 

тұрғыдан  ерін  қиын  жағдайға  душар  етеді.  Кең  әлемін  тарылтып,  өзіне  деген  сенімсіздігін 

тудырады.  Бұл  –  ер  адамға  ауыр  тиетін  және  одан  қашатын  мәселесі.  Мұндай  әйелдің  ері 

алдында қадірі төмендейді. Көптеген шаңырақтың шайқалуына осы нәрсе себеп болуда. 



Әр іске орынсыз араласу 

Кейбір  еркектер  әйелінің  әр  ісіне  араласқысы  келеді.  Үй  тазалығынан  бастап  ыдыс-аяқтың, 

тіпті дастарханның сүртіліп-сүртілмегеніне дейін сөз етіп, кез келген мәселеде соңғы нүктені 

өзі қойғанды ұнатады. Әйел кісілерден де күйеуіне балаға қарағандай қарайтындар бар. Яғни, 

күйеуіне анасының рөлінде қарым-қатынас жасайды. «Тісіңді ыстың ба?», «Әмияныңды алдың 

ба?»,  «Күн  тайғақ,  байқа  құлап  қалма?»  т.б.  секілді  істердің  бәріне  араласқанды  ұнатады. 

Мұның бәрі жақсы ниеттен туындағанмен адамның мазасын алады. Отбасылық өмірде үйдегі 

және түздегі жасалатын істе әркім өзіне тиесілі амалдарды жақсы білгені жөн. 



Сауда-саттық 

Отбасылық өмір бейне бір сауда-саттық іспетті екенін ұмытпаңыз! Сауда-саттық дегенде ең 

әуелі ойымызға материалдық дүниелер келетіні анық. Алайда адам арасында рухани, мінез-

құлық тұрғысынан да болатын сауда-саттық бар. Көбіне біз осы жағдайды ұмыт қалдырамыз. 

Мысалы, сізге жылы қабақ танытқан адамға сіз де жылы қабақ танытуға тырысасыз.  

Отбасында да ерлі-зайыптылар арасында сәт сайын сауда жүреді. Әркім өзіне қажет тауарға 

қол жеткізу үшін қарсы тараптың ұнатқан нәрсесін ұсынуы керек. Сонда қалаған тауарына қол 

жеткізе  алады.  Мысалы,  әйел  кісі  ерінің  өзіне  көбірек  көңіл  бөлгенін  қаласа,  оған  деген 

құрметін арттыруы тиіс. Сол секілді ер кісі де құрметке лайық болуды қаласа, әйелінің сөзіне 

құлақ асуды үйренуі қажет. 



Қоңыр күз немесе көңілді көктем 

Әйел  кісінің  табиғатында  сезім  басымырақ  болған  себепті  көптеген  толқулар  орын  алып 

тұрады. Ер адам көп жағдайда мұны түсіне алмай жатады. Сол түсінбестік салдарынан өздерін 

кінәлі санап, әйелін өзгертуге әрекет жасайды. Көктемнің жайма шуақ кездері болғаны секілді 

бұлтты, жаңбырлы уақыттары да бар. Сол секілді әйел кісінің жан дүниесінде де өзгерістер 

болады. Кейде қуанса, енді бірде мұңаяды. Себепсіз, болмашы бір нәрсеге бола да көңілі-күйі 

түсуі мүмкін. Бір мәселені немесе күйеуі тарапынан қаттырақ айтылған бір сөзді қатарынан 

бірнеше күн ойынан шығара алмауы ғажап емес. Себебі бұл – әйел табиғаты.  

Әйелі осындай күйге түскен уақытта, ері ақыл айта бастаса, әйелді түсінбегені. Әйелге дәл сол 

кездегі  қажет  нәрсе біреудің ақыл айтқаны емес  – қасында қамқоршы бола алатын, мұңына 

ортақтасып түсінуге тырысатын адам қажет. «Мені сүй, маған көңіл бөл, менімен бөліс» деген 

сезімде болады.  

Бұл жағдайда не істеу керек? 

Ақылды әйел ерінің өзіне деген сенімін ұялата білсе, ақылды ер де әйелінің сөзіне құлақ асып, 

тіпті оның жылап алуына да мүмкіндік жасайды. Себебі көп жағдайда әйелдер қауымы іштегі 

шерді тарқатқанда барып көңілі орнына түседі. Әйел кісі бар мұңын ішіне бүгер болса, түрлі 

дертке  шалдығу  қауіпі  бар.  «Бөгелген  арнаның  арыны  қатты  болады»  демекші,  іштегі  шер 

жинала келе орны толмас өкінішке де ұрындыруы мүмкін. Әйел табиғатының сезімге жақын 

екені ескеріліп, түсінілген жағдайда өзін амандықта сезінеді. 

Есте сақтаңыз: 

– Жабырқау немесе бір-біріне ренжіген кезде ер мен әйелдің әрекеті екі түрлі болады. Ер адам 

көбіне  үнсіз  қалып,  ойға  шомғанды  артық  санайды.  Көңілі  орнына  түсіп  немесе  мәселе 

шешімін тауып жатса, үнсіздігі жоғалып, қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Мұны ер кісінің 



39 

 

өз әлеміне тығылуы десек те болады. Бұл газет-журнал оқу, теледидар қарау арқылы да жүзеге 



асуы  мүмкін.  Осы  жағдайда  әйел  кісі  өзін  ескерусіз,  сөзі  тыңдаусыз  қалған  адамдай  сезіне 

бастайды. 

Әйел көңілсіз күйде болса немесе ренжіген уақытта проблемаларды тілге тиек ету арқылы өзін 

жұбатады.  Ішкі  жағдайын  басқаға  білдіріп  бөлісуді  және  өзінің  тыңдалғанын  қалайды.  Осы 

кезде  күйеуі  әйелінің  көп  сөйлейтінін  бетіне  басатын  болса,  әйел  өзін  керексіз  зат  ретінде 

сезінеді. «Менің сөзіме мүлде құлақ аспайды, ауаға сөйлеп жатқан секілдімін» дегенде 

тарапынан қаттырақ айтылған бір сөзді қатарынан бірнеше күн ойынан шығара алмауы ғажап 

емес. Себебі бұл – әйел табиғаты.  

Әйелі осындай күйге түскен уақытта, ері ақыл айта бастаса, әйелді түсінбегені. Әйелге дәл сол 

кездегі  қажет  нәрсе біреудің ақыл айтқаны емес  – қасында қамқоршы бола алатын, мұңына 

ортақтасып түсінуге тырысатын адам қажет. «Мені сүй, маған көңіл бөл, менімен бөліс» деген 

сезімде болады.  

Бұл жағдайда не істеу керек? 

Ақылды әйел ерінің өзіне деген сенімін ұялата білсе, ақылды ер де әйелінің сөзіне құлақ асып, 

тіпті оның жылап алуына да мүмкіндік жасайды. Себебі көп жағдайда әйелдер қауымы іштегі 

шерді тарқатқанда барып көңілі орнына түседі. Әйел кісі бар мұңын ішіне бүгер болса, түрлі 

дертке  шалдығу  қауіпі  бар.  «Бөгелген  арнаның  арыны  қатты  болады»  демекші,  іштегі  шер 

жинала келе орны толмас өкінішке де ұрындыруы мүмкін. Әйел табиғатының сезімге жақын 

екені ескеріліп, түсінілген жағдайда өзін амандықта сезінеді. 

Есте сақтаңыз: 

– Жабырқау немесе бір-біріне ренжіген кезде ер мен әйелдің әрекеті екі түрлі болады. Ер адам 

көбіне  үнсіз  қалып,  ойға  шомғанды  артық  санайды.  Көңілі  орнына  түсіп  немесе  мәселе 

шешімін тауып жатса, үнсіздігі жоғалып, қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Мұны ер кісінің 

өз әлеміне тығылуы десек те болады. Бұл газет-журнал оқу, теледидар қарау арқылы да жүзеге 

асуы  мүмкін.  Осы  жағдайда  әйел  кісі  өзін  ескерусіз,  сөзі  тыңдаусыз  қалған  адамдай  сезіне 

бастайды. 

Әйел көңілсіз күйде болса немесе ренжіген уақытта проблемаларды тілге тиек ету арқылы өзін 

жұбатады.  Ішкі  жағдайын  басқаға  білдіріп  бөлісуді  және  өзінің  тыңдалғанын  қалайды.  Осы 

кезде  күйеуі  әйелінің  көп  сөйлейтінін  бетіне  басатын  болса,  әйел  өзін  керексіз  зат  ретінде 

сезінеді. «Менің сөзіме мүлде құлақ аспайды, ауаға сөйлеп жатқан секілдімін» дегендей. 

–  Ер  адам  көңілсіз  күйде  болған  кезде,  әйелі  оған  орынсыз  ақыл  айта  бастаса,  ер  адам  оны 

тыңдамайды.  Негізі,  бұл  уақытта  ер  адамға  керегі  –  ақыл  емес,  өзінің  қабылданғаны.  Сол 

себепті еріңіздің көңіл-күйі жоқ екенін байқасаңыз, насихат айтудың керегі шамалы. Мұндай 

жағдайда  сіз  де  күлкіні  сап  тыйып,  күйеуіңізге  оның  көңілсіз  болғаны  үйдегі  атмосфераға 

қаншалықты  әсері  бар  екенін  көрсете  біліңіз.  Бұл  ер  адамға:  «Үйде  менің  қас-қабағыма 

қаралады  екен,  менен  имену,  маған  деген  құрмет  бар  екен»  деген  ой  тудырады.  Отбасында 

өзінің қадірі бар екенін аңғарар болса, әйеліне деген құрметі арта түседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет