Ер адам неге жыламайды?
Бір проблеманы қабылдауда ер мен әйел бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Ер адам ақылға көп
жүгінсе, әйел кісі сезіммен қабылдауға бейім. Сезімге көбірек берілетін болғаны себепті
әйелдің көз жасына ерік беруі ер адамға
қарағанда оңай. Жаратылысы әйел болған соң, жылағанда, өзін ыңғайсыз сезінбейді. Ал ер
адам сезімнен гөрі ақылға көбірек жүгінгендіктен, әрі жаратылысы ер болған соң, бойында
жігіттік намысы бар, сол себепті жылауды әлсіздік көреді, әрі жылауға ыңғайсызданып тұрады.
«Жыласаң, еркек емессің» деген психология қалыптасқан. Қысқасы, ер кісі адамдардың немесе
әйелінің алдында жылауды әлсіздік санайды.
Әйел кісінің іштегі шерін тарқатып жылауы, жылау арқылы өзінің әлсіздігін білдіруі оның
әйелге тән сипатының күшеюін қамтамасыз етеді. Ер адамға көз жасына тез ерік беретін
әйелдер көбірек ұнайды. Себебі әйел жылаған кезде, ер адам өзін қамқоршы сезінеді. Әйелдің
өзінің қамқорлығына мұқтаж екенін сезіну ер адамның «Мендік» сезімін қозғайды. Бірақ бұл
– орынсыз жылай беру керек деген сөз емес.
Феминизмнің ықпалындағы әйел жылаған кезде, өзін қатты жазғырады. «Мен қалай ғана көз
жасыма ерік беріп, еркек алдында өзімді әлсіз қылып көрсетемін» – дейді. Солай десе де
жылаудан бас тарта алмайды. Себебі ол әйел табиғатына, жалпы адам табиғатына тән нәрсе.
Осындай ойдан сақ болыңыз. Сіз әйелге тән табиғатыңызды сақтай білумен сұлусыз!
Есте сақтаңыз:
– Ер адамға адамдардың алдында емес, Алланың алдында жылауға бейімделу қажет және соған
өзін үйретуі керек.
– Сіз әйелсіз! Сол себепті өзіңізге тән Алла берген табиғатыңызды жоғалтпаңыз. «Қыз
қылығымен» – дейді дана халқымыз. Сіз қылығыңызбен, нәзіктігіңізбен, әйелге тән
табиғатыңызды сақтай білумен сұлусыз.
– Отбасыда бір проблема туындаған кезде, күйеуіңіздің бетінен алып дауыс көтермеңіз, себебі
ер адам ашуға мініп күшке салып жіберуі мүмкін. Осыдан абай болыңыз. Керісінше, еркелей
түсіңіз. Халқымыз: «Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді», – дейді. Еркелесеңіз,
күйеуіңіздің ашуы тез басылады. Арасында жылап алыңыз, бірақ еріңізді кінәлап жыламаңыз.
«Кешіріңіз, сізді ашуландырып немесе ренжітіп алдым-ау» – деп жылаңыз, сол кезде еріңізде
аяушылық сезімін оятасыз. Сізден өзі келіп кешірім сұрайды, тіпті қателігін де мойындауы
33
мүмкін. Еріңіздің осындай әлсіз тұстарын ұтымды пайдалана біліңіз. Ұмытпаңыз, еркелеу мен
жылауда шектен шығып кетіп жүрмеңіз. Әрқайсысын өз орнымен қолдануды үйреніңіз.
Күйеуіңіздің ашуын келтіретін не?
Адамның кейде ашуға берілетін кездері болады, ол – табиғи нәрсе. Бұл жерде маңыздысы –
ашуды асқындырып алмау және ашуды тарқату үшін түрлі тәсілдерді қолдана білу
110
.
Мысалы, адамға атылғалы тұрған қабаған ит қожайынының «тоқта» деген бұйрығын естіген
кезде, бар ашуын ішіне бүгіп райынан қайтады. Сол секілді іштегі ашу да адамның өзінен, яғни
қожайынынан қорқу керек. Адам ашудың алдын алуды немесе іште бүгіп тұншықтырып
тастауды үйренгені жөн. Бұл әрине бірден бола қоятын іс емес. Бірақ адамның оған шамасы
жетеді
111
.
110
«Алла елшісі: «Нағыз мықты – күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда, өз-
өзін ұстай (жеңе) білген адам», – дейді. (Бұхари, Әдәб 102; Мүслим, Бирр 106).
111
«Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді» («Бақара» сүресі, 286-аят)
Ашуды шектен шығармауда жауапкершілік адамның өзіне жүктеледі. Өрт сөндіруші жанып
жатқан отты өшіруге қалай асықса, ашуды басуға біз де солай асыққанымыз жөн. Бұл – бір!
Екіншіден, жанымыздағы адамның ашуын не тудырады, оны да білгеніміз жөн! Әсіресе әйел
кісі өзіне мына сұрақты қойғаны абзал: «Қай уақытта және не істегенімде күйеуімнің ашуы
келеді?»
Осы сұрақты әркім өзіне қоятын болса, көптеген проблеманың алдын алар еді. Жауабын дұрыс
таба білген әйел күйеуін орынсыз ашуландырмаудың жолын үйренеді. Мысалы, қаламды
«мінеки алыңыз» деп беру мен «мә!» деп лақтыра салудың арасында үлкен айырмашылық бар.
Ендеше, ерлі-зайыптылар бір-бірінің артық және кемшін тұстарын жақсы білуі тиіс. Бірақ, «сен
мынадайсың» – деп айтудың да қажеті жоқ. Іштей біліңіз және соған қарай әрекет етіңіз.
Күйеуіңіздің кемшін тұстарын
толықтыруға жәрдемдесіңіз. Үнемі демеп отырыңыз. Кемшіліксіз адам болмайтынын естен
шығармаңыз. Үйдегі мәселе сыртқа шықпасын, үйде шешімін тапсын, соны қадағалаңыз. Ер
мен әйел бір-біріне киім іспеттес, кемшілігін жасырып, жақсылығын асырып отырады.
Есте сақтаңыз:
– Ерлі-зайыптылар бір-бірінің артық және кем тұстарын, нені ұнатып, нені ұнатпайтынын
білуге тырысқаны жөн. Қасындағы адамның ашуын не тудыратынын және нені ұнатпайтынын
білген адам қарым-қатынаста қателікке аз ұрынады.
– Алдындағы адамның ашуын не тудыратынын білген адам өзінің де қай жерде қателік
жібергенін аңғара алады. Ал адамның өз қателігін көре алуы басқаға кешіріммен қарауға
көмектеседі.
– Отыз жыл отау құрса да, бір-бірінің артықшылығы мен кемшілігін әлі де білмейтін адамдар
бар. Сіз олардың қатарына қосылмаңыз! Ең болмағанда күйеуіңіздің нені және кімді
жақтырмайтынын, қандай сыйлық ұнататынын, қандай тағамды жақсы көретінін, қандай іс
оған ауыр келетінін білгеніңіз жөн.
– Мына нәрсені естен шығармаңыз: күйеуіңіздің кемшін тұстарын білу – екеуара жақсы қарым-
қатынас түзеп, отбасыда орын алатын проблеманың алдын алу үшін қажет. Әйтпесе, оның
кемшілігін бетіне басып, намысына тиіп, ар-ұжданын таптау үшін емес.
– Мына төрт нәрсені де естен шығармаңыз:
Бірінші, күйеуіңіздің кемшілігін өзі сұраса ғана насихат қылып айтсаңыз болады, сұрамаса,
білмеген адам секілді болыңыз.
Екінші, күйеуіңіздің кемшілігін білу сіздің оған деген жақсы көзқарасыңызды өзгертпесін.
Үшінші, күйеуіңізге жақсы жаққа қарай түзелуіне жәрдем беріңіз, үнемі демеп отырыңыз.
Төртінші, кемшілігін біліңіз, бірақ көрмеуге тырысыңыз, әрдайым жақсы жағын көруге күш
жұмсаңыз
112
. Адамның артықшылығын көре білу – үлкен ерлік.
34
112
Иса пайғамбар бір күні қасындағы серіктерімен жолда кетіп бара жатып өлген итті көреді.
Қасындағы серіктері мұрындарын қолымен басып: «Исі неткен жаман еді!» – деп айта
бастайды. Сонда Иса пайғамбар: «Мына иттің тістері қандай аппақ еді!» – дейді. (Сасып, шіри
бастаған өлі дененің жақсы жағын көре білу арқылы қасындағы серіктеріне ғибрат аларлық ой
тастаған еді)
Достарыңызбен бөлісу: |