Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Күйеуім ашуланса не істеуім керек? 

Отбасы болған соң, жұбайлар арасындағы түсінбестік пен келіспеушілік міндетті түрде орын 

алып  тұрады.  Бір  өкініштісі,  осындай  түсінбестіктер  кішкентай,  болмашы  бір  нәрседен 

туындайды. Мұның ақыры әйел кісінің төркініне кетіп қалуымен немесе ажырасумен аяқталып 

жатады.  

Мұның алдын алудың ең тиімді жолы – бір жақ ашуланған кезде, екінші жақтың үнсіз қалуы. 

Адам ашуланған кезде, ақылы толық жұмыс жасамайды. Ақылы толық жұмыс жасамау себепті 

шешімді де дұрыс қабылдай алмайды. Ашу адамның санасын тұмшалаумен қатар көзіне перде 

қойып, құлағын да бекітіп тастайды. Ашумен шешім қабылдап қойған адам артынша сол ісіне 

өкініш  білдіреді.  Адамның  үлкен  бір  қасіретке  ұшыраған  жағдайда  қатты  өкінетінін 

байқаймыз.  Ал  шаңырағың  шайқалып,  бала-шағаң  әкесіз  немесе  шешесіз  қалса,  одан  үлкен 

қасірет бар ма?  

Ендеше, болмашы нәрсеге бола бір сәттік ашуға берілемін деп, бар бақытыңыздан айырылып 

қалмаңыз!  

Егер  күйеуім  жұмыстан  шаршап  келген  болса,  мен  де  жұмыстан  немесе  үй  шаруасынан 

шаршаймын. Неменеге ашуланады? 




71 

 

Осыдан  барып  отбасыда  ұрыс-керіс,  айғай-шу  басталады.  Ері  де  ашулы,  әйелі  де  ашулы. 



Негізінде, мұндай проблема көптеген отбасыда бар. Бұл жағдай кез келген отбасыда кездеседі. 

Сондай-ақ  ашуға  ерік  бермейтін  ер  де,  әйел  де  жоқ.  Алайда  ақылды  әйел  күйеуінің  ашуын 

басып, бұл жағдайдан қалай оп-оңай шығып кетудің жолын жақсы біледі.  

Ақылды әйел – күйеуі ашулы кезде үнсіз қалуды таңдайтын әйел. Егер әйел де күйеуімен бірге 

ашуға салынатын болса, отқа май құйғанмен тең. Отқа май құю оттың одан сайын лапылдап 

жануына түрткі болады. 

Ақылды әйел – күйеуі ашуланған кезде, «күйеуім мені жақсы көрмейді, маған деген махаббаты 

азайып бара жатқандай»  деген сынды жаман ойға берілмейтін әйел. Есіңізде болсын, ашуға 

берілу арадағы махаббаттың азайғанын білдірмейді. Ал махаббатты одан әрі нығайта түсудің 

жолы – ашуға берілмей, бір-біріне құрмет көрсете отырып, өзара түсінісуге тырысу.  



Күйеуім ашуланса не істеуім керек? 

Отбасы болған соң, жұбайлар арасындағы түсінбестік пен келіспеушілік міндетті түрде орын 

алып  тұрады.  Бір  өкініштісі,  осындай  түсінбестіктер  кішкентай,  болмашы  бір  нәрседен 

туындайды. Мұның ақыры әйел кісінің төркініне кетіп қалуымен немесе ажырасумен аяқталып 

жатады.  

Мұның алдын алудың ең тиімді жолы – бір жақ ашуланған кезде, екінші жақтың үнсіз қалуы. 

Адам ашуланған кезде, ақылы толық жұмыс жасамайды. Ақылы толық жұмыс жасамау себепті 

шешімді де дұрыс қабылдай алмайды. Ашу адамның санасын тұмшалаумен қатар көзіне перде 

қойып, құлағын да бекітіп тастайды. Ашумен шешім қабылдап қойған адам артынша сол ісіне 

өкініш  білдіреді.  Адамның  үлкен  бір  қасіретке  ұшыраған  жағдайда  қатты  өкінетінін 

байқаймыз.  Ал  шаңырағың  шайқалып,  бала-шағаң  әкесіз  немесе  шешесіз  қалса,  одан  үлкен 

қасірет бар ма?  

Ендеше, болмашы нәрсеге бола бір сәттік ашуға берілемін деп, бар бақытыңыздан айырылып 

қалмаңыз!  

Күйеуіңіз айғайға басып ашуланған кезде, сіз де қосылып айғайға басып жүрмеңіз, керісінше, 

үндемеңіз, үндемеңіз, үндемеңіз!.. Мейлі ашудан булығып, ішіңіз қыж-қыж қайнап жатса да, 

үндемеңіз!  Ашуыңызды  жеңе  біліңіз.  Ашуға  берілмеңіз,  керісінше,  ашуыңызды  өзіңізге 

бағындырыңыз

161

. Іштей Аллаға жалбарынып жәрдем тілеңіз!  



161

  «Нағыз тақуалар –  кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында садақа бергендер, (ашу 

қысқанда  өзін  ашуландырған  адамның  сазайын  беруге  шамасы  жете  тұрып)  ашуын  жеңе 

білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. Расында, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды 

жақсы көреді» («Әли Имран», сүресі 134-аят) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет