Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет37/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Күйеуіңіздің жасаған жақсылығын ұмытпаңыз  

Адамның жасаған жақсылығын ұмытпау адамнан кеткен болмашы қателіктерді елемеуге зор 

әсерін  тигізеді.  Бір-біріне  жасаған  жақсылықтың  қадірін  біліп  ескеру  арқылы  ерлі-зайыпты 

жандар  ара-қатынастарын  қайта  жаңғыртып  тұруға  мүмкіндік  алады

165

.  Ендеше,  сіз  де 



күйеуіңіздің жасаған жақсылығын ұмытпаңыз және орайы келгенде алғыс білдіруде де аянып 

қалмаңыз. 

165

  «Уа,  ер  адамдар!  Бұл  мәселеде  мәрттік  танытқандарың  тақуалыққа  әлдеқайда  жақын. 



Ендеше,  бір-біріңе  мәрттік  танытып,  жақсылық  жасауды  ұмытпаңдар.  Расында,  Алла 

сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде» («Бақара» сүресі, 237-аят) 



Тиісінше көңіл аударыңыз 

Әрбір адам өзгелердің өзіне жылы қабақ танытып көңіл бөлгенін қалайды, әсіресе, әйел кісі, 

яғни  сіз.  Күйеуіңіздің  өзіңізге  қалай  көңіл  бөлгенін  қалаған  болсаңыз,  сіз  де  дәл  солай 

күйеуіңізге  көңіл  бөліңіз.  Қабағына  қараңыз.  Хал-жағдайын  сұрап  тұрыңыз.  Ерлі-

зайыптылардың арасында салқындықтың тууына бір-біріне тиісінше көңіл аудармау да себеп 

болатынын естен шығармаңыз. Жұмыстан кешігіңкіреп келген күні «Уайымдай бастадым ғой, 

бәрі  жақсы  ма?»  –  деп  жанашырлықпен  айтылған  бір  ғана  сөзіңіз  күйеуіңіздің  көңіліне 

жылулық сыйлайды.  



Күйеуіңіздің қадірін біліңіз 

Күйеуіне бағынып қолғабыс ете білмеген әйел күйеуін төрге сүйреудің орнына көрге апарып 

тығады. 

Д. Милль 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, кейде қасымыздағы адамның қадірін жете түсіне 

алмай жататынымыз бар. Ал айырылып қалған күні сан соғып, бармақ тістейміз келіп. Бірақ 

бәрі кеш! 

Ендеше, сіз де күйеуіңіздің қадірін ұмыта бастасаңыз: 

Күйеуіңіз қайтыс болып одан айырылып қалған күні өзіңіз жесір, балаңыз жетім қалатынын 

ұмытпаңыз.  Сол  себепті  көзі  тірісінде  күйеуіңіздің  қадірін  біліңіз.  Бұл  ауыр  болса  да  ащы 

шындық. 



74 

 

Қанағатшыл болыңыз 

Қанағат  –  қолда  бардың  қадірін  біліп,  Аллаға  шүкір  ете  білу.  Қанағатшыл  адам  ешқашан 

«менде мына нәрселер болғанда бақытты боламын» демейді, керісінше, «менде мына нәрселер 

бар, Алла тағала маған осындай нығметтерді берді, сол үшін мен бақыттымын» дейді.  

Өмірде бәрі бірден бола бермейді. Өмір сынақ алаңы болғандықтан, табандылық пен қажырлы 

еңбекті қажет етеді. Осы жолда қанағаттың да алатын орны үлкен. Әсіресе отбасылық өмірде 

ерлі-зайыпты жандардың арасында қанағаттың болуы өте  маңызды. Әйел кісі ерінің тапқан 

нәпақасына  қанағат  етсе,  ері  де  қажырлы  еңбек  ету  арқылы  жақсы  табыс  табуға  ұмтылып 

жатса,  мұндай  отбасыда  тыныштық  орнайды.  Қанағатсыз  әйел  күйеуінің  тапқан  табысын 

азсынып «анау жетпейді, мынау жетпейді» деп шағымданғыш келеді. Осы нәрсе отбасының 

тыныштығын бұзып, ердің еңсесін түсіреді.  

Сабыр мен қанағат және қажырлы еңбек болса, бәрі де бірте-бірте түзеледі

166


166


 «Тақуа бол, сонда адамдардың ең ғибадатшылы боласың. Қанағатшыл бол, адамдардың  

«Уайымдай бастадым ғой, бәрі жақсы ма?» – деп жанашырлықпен айтылған бір ғана сөзіңіз 

күйеуіңіздің көңіліне жылулық сыйлайды.  

Күйеуіңіздің қадірін біліңіз 

Күйеуіне бағынып қолғабыс ете білмеген әйел күйеуін төрге сүйреудің орнына көрге апарып 

тығады. 

Д. Милль 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, кейде қасымыздағы адамның қадірін жете түсіне 

алмай жататынымыз бар. Ал айырылып қалған күні сан соғып, бармақ тістейміз келіп. Бірақ 

бәрі кеш! 

Ендеше, сіз де күйеуіңіздің қадірін ұмыта бастасаңыз: 

Күйеуіңіз қайтыс болып одан айырылып қалған күні өзіңіз жесір, балаңыз жетім қалатынын 

ұмытпаңыз.  Сол  себепті  көзі  тірісінде  күйеуіңіздің  қадірін  біліңіз.  Бұл  ауыр  болса  да  ащы 

шындық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет