Алла Елшісінің қызы Фатимаға айтқан өсиеті
«Сен күйеуіңе жер бол, ол да саған көк болсын!»
Жаңа өмір бастаған жас отбасы. Алла елшісінің қызы мұсылман үмбетінің ең ғалымы, ең көп
құлшылық ететіні, ең батыры аталған сегіз қырлы, бір сырлы жігітке тұрмысқа шықты.
79
Әзірет Фатиманың тұлғалық қасиетінен Алла елшісінің тәрбиесінде болғандығын, ал әзірет
Алидің бойынан ілімі мен батылдығы, жомарттығы мен дархандығы, мәрттігі мен
кішіпейілділігі – барша жақсы қасиетті бойына сіңірген ерекше тұлғаны, Пайғамбардың күйеу
баласын көруге болады.
Әзірет Али мен Фатиманың ақ отауы нағыз үлгілі отбасы еді.
Алла елшісі әзірет Алиге ұзатылып бара жатқан қызы Фатимаға былай деп өсиет айтады:
«Қызым, үйімізден кетіп, өзің үйренбеген басқа шаңыраққа бара жатырсың. Сен күйеуіңе жер
бол, ол саған көк болсын! Сен оған қызметші бола біл, сонда ол да саған қызметші бола білсін!
Күйеуіңе жылы қара. Ашулы кезінде үнсіз ғана қасынан кетіп қал. Ашуы басылғанша оған
көрінбе!
Тілің мен құлағыңа ие бол! Күйеуің саған ауыр сөз айтса, айтқандарын елеме, жауап
қайтарушы болма! Оған қарсы келме! Әрдайым сенен тек жақсы сөз естісін, жылы жүзіңді
көрсін! Осылайша саған жақсы көзбен қарасын!»
174
.
174
М.Жумадиллаева, Ж.Теңлібаева, «Пайғамбарымыздың аяулы қызы – Фатима (р. анһа)»,
108-109-беттер, «Көкжиек» баспасы, Алматы 2017 ж.
Ананың қызына айтқан өсиеті
Араб елінде өмір сүрген Үмама деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен
үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін
болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам
қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара
жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда
ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын, ол да сені
жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң, күйеуіңмен
ара-қатынасыңда мін болмайды:
1. Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де, оны шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол.
2. Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
3. Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
4. Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын
болсын.
5. Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын
болса, сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен
ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
6. Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
7. Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
8. Оған қарсы шығушы болма.
9. Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын
елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
10. Күйеуің қайғырып отырғанда – сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде – сен
қайғырма»
175
.
175
Құдайберді Бағашар «Тағылым тамшылары-1», 183-184-беттер, «Көкжиек» баспасы,
Алматы 2015 ж.
Құрбының өсиеті
Арайлап атқан әрбір таңда мен күйеуімнен ертерек оянып, оның ас-суын қамдаймын. Өйткені
дайын тұрған дастархан оның көңілін көтеретінін білемін.
80
Әр күн сайын жұмысына күннің көзіндей күлімдеп шығарып саламын. Өйткені жұмысынан
соң мені көру үшін үйге қарай асығады.
Келгенде, үйдің айнадай таза, ал дәмді тағамның дайын болуына бар күшімді саламын. Өзім
де барынша көрікті киімдерімді киіп, жағымды жұпар себініп алуға тырысам. Өйткені күйеуім
өзімен екі дүниеде бірге болатын адал жарын көргенде, көзі тойып, көңілі байыз тапқанын жан
жүрегіммен қалаймын.
Үй шаруасының бітпейтін күйбеңдерін үйіп-төгіп, оның еңсесін түсіргенді қаламаймын.
Өйткені оның менсіз де жұмысынан шаршап келгенін жақсы түсінемін. Отбасымыздың
қажеттіліктерін оның көңілі көтеріңкі, уақыты кең кезде ғана айтып жеткіземін.
Ата-анасын шын ынтаммен құрметтеймін, қолымнан келген бар жақсылықты жасаймын.
Өйткені Алла Тағала менің асыл жарымды дүниеге жіберу үшін өзгені емес, дәл сол кісілерді
таңдаған.
Туған-туыс, ағайындарын да шын пейілмен, күліп қарсы алуға тырысам. Өйткені олар мені
көріп адамдық қасиетіме баға беретінін сеземін.
Бөтен еркектермен еш уақытта әңгіме сапырып тұрмаймын. Өйткені күйеуім ондай қылықты
ұнатпайтынын жақсы білем.
Ауырып-сырқаттанғанымды да еш білдірмеуге тырысам. Өйткені оның өз отбасын қатты
уайымдайтыны маған мәлім.
Ал мазасы қашып, ауыра қалса, әрдайым жанынан табылуға тырысам. Себебі мен оған өте
керекпін.
Иә, кейде ашуға булығып, ренжитін кездері де болады. Бірақ ондай кездерде ә десе, мә деп, әр
сөзіне жауап беріп отырғым келмейді. Себебі оның реніші де, ашуы да шәйі орамал кепкенше.
Рас, кейде қым-қуыт жұмыстарының арасында маған көңіл бөле алмай да қалады. Бірақ бұған
ренжімеймін. Өйткені ол не істесе де, отбасының бақыты үшін шаршап жүр.
Біз бәрібір ет пен сүйектен жаралған пендеміз. Сондықтан кей кейде ыдыс-аяқ та
білемін.
Әр күн сайын жұмысына күннің көзіндей күлімдеп шығарып саламын. Өйткені жұмысынан
соң мені көру үшін үйге қарай асығады.
Келгенде, үйдің айнадай таза, ал дәмді тағамның дайын болуына бар күшімді саламын. Өзім
де барынша көрікті киімдерімді киіп, жағымды жұпар себініп алуға тырысам. Өйткені күйеуім
өзімен екі дүниеде бірге болатын адал жарын көргенде, көзі тойып, көңілі байыз тапқанын жан
жүрегіммен қалаймын.
Үй шаруасының бітпейтін күйбеңдерін үйіп-төгіп, оның еңсесін түсіргенді қаламаймын.
Өйткені оның менсіз де жұмысынан шаршап келгенін жақсы түсінемін. Отбасымыздың
қажеттіліктерін оның көңілі көтеріңкі, уақыты кең кезде ғана айтып жеткіземін.
Ата-анасын шын ынтаммен құрметтеймін, қолымнан келген бар жақсылықты жасаймын.
Өйткені Алла Тағала менің асыл жарымды дүниеге жіберу үшін өзгені емес, дәл сол кісілерді
таңдаған.
Туған-туыс, ағайындарын да шын пейілмен, күліп қарсы алуға тырысам. Өйткені олар мені
көріп адамдық қасиетіме баға беретінін сеземін.
Бөтен еркектермен еш уақытта әңгіме сапырып тұрмаймын. Өйткені күйеуім ондай қылықты
ұнатпайтынын жақсы білем.
Ауырып-сырқаттанғанымды да еш білдірмеуге тырысам. Өйткені оның өз отбасын қатты
уайымдайтыны маған мәлім.
Ал мазасы қашып, ауыра қалса, әрдайым жанынан табылуға тырысам. Себебі мен оған өте
керекпін.
Иә, кейде ашуға булығып, ренжитін кездері де болады. Бірақ ондай кездерде ә десе, мә деп, әр
сөзіне жауап беріп отырғым келмейді. Себебі оның реніші де, ашуы да шәйі орамал кепкенше.
81
Рас, кейде қым-қуыт жұмыстарының арасында маған көңіл бөле алмай да қалады. Бірақ бұған
ренжімеймін. Өйткені ол не істесе де, отбасының бақыты үшін шаршап жүр.
Біз бәрібір ет пен сүйектен жаралған пендеміз. Сондықтан кей кейде ыдыс-аяқ та сықырлап
қалады. Ондай кездерде көбінесе оны үндемей жеңуге тырысам. Өйкені қазір болмашы себепке
бола талай үйде Алланың алдында қиылған ақ некенің бұзылып жатқаны мәлім.
Айтпай келген кейбір кикілжіңнен кейін бірінші болып кешірім сұрайтын да менмін. Өйткені
ақиретте бірінші кешірім сұрағандар мол сауапқа кенелетінін анық білемін.
Ол менің қасымнан қашан да жақсы көңіл-күймен кеткенін қалаймын. Өйткені үйден ұрыс-
керіспен шықса, содан соң біреуіміз күтпеген жерден өмірмен қош айтыссақ, ең соңғы
ұрысымыз үшін мәңгі қиналатынымызды білемін.
Үй шаруасына жұмса деп берген қаражатын тек қажет нәрселерге ғана үнемдеп жұмсаймын.
Өйткені Алла менен оның да есебін міндетті түрде сұрайды.
Үйіміздің қашан да тыныш, берекелі, көңілге жағымды болуына жағдай жасаймын. Өйткені
әрбір мұсылман үйленер кезде сондай шаңырақты армандайды.
Әрбір түнде оның менен разы болып ұйқыға жатқанын қалаймын. Өйткені күйеуі разы болмай
ұйқыға кеткен әйелге таң атқанға дейін лағынет, қарғыс жауып тұратынын жақсы білемін.
Иә, мен бәрін де дәл осылай жасаймын. Өйткені мен білемін:
КҮЙЕУІМ – МЕНІҢ ЖҰМАҒЫМ НЕМЕСЕ ТОЗАҒЫМ!
176
176
А.Әуезханұлы «Ізгілік қалсын әр ізде», 136-бет, «Көкжиек» баспасы, Алматы 2015 ж.
Әйел жайында айтылған мақал-мәтелдер
Адамгершілік – әйелдің ең әдемі әшекейі.
Әйелдің ақылы ізеттілігімен белгілі.
Ерін сыйлаған әйел есікте қалмайды.
Әйелдің көркі – қылығында.
Әйел – үйдің мәні, бала – әні.
Әйел – үйдің көркі, еркек – түздің көркі.
Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді.
Ерге жаққан әйел елге де жағады.
Әйел қырық шырақты.
Ерін баққан әйел елін де бағады.
Әдемі әйел – көзге ұнайды, жақсы әйел – жүрекке ұнайды.
Ақылды әйел айтқызбай ұғады, тұспалдай таниды.
Әйел қылығымен сүйдіре де біледі, күйдіре де біледі.
Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз.
Жақсы – бір әйелден туады, жаман – әр әйелден туады.
Жақсы әйелдің белгісі – былғары қылар теріні.
Елді қорғайтын – ерлер, ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Заман бұзыларда әуелі әйел бұзылады.
Әйелдің күші жоқ, айласы көп.
Ер айласы – бір, әйел айласы – мың.
Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын сауықшыл.
Басқа келген бақытты, кесірлі келін кетіреді.
Әдепті әйел – арлы әйел, әдепсіз әйел – сорлы әйел.
Салақ қатынның үйінен сабақты ине таптырмас.
Бір қатынның қырсығы, қырық есекке жүк болыпты.
Әйел жайында айтылған аталы сөздер
Асыл болса алған жар – ханым емей немене,
82
Жайлы болса мінезі – жаның емей немене.
Би-шешендер
Жаман әйел ер қадірін білмес.
Майқы би
Жетесіз жігіт – ел қадірін білмес, некесіз әйел – ер қадірін білмес.
Майқы би
Жақсы әйел ұл туса – патшадан болмас кемдігі.
Бұхар Қалқаманұлы
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.
Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)
Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел – алғанның тойы үйінде.
Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)
Пайдасы жоққа жалынсаң –
Семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы әйел алсаңыз –
Алладан жауған нұрмен тең.
Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)
Адамның жан жолдасы – сүйген жары.
Жанақ Сағындықұлы
Жақсы әйел – жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіндей.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман әйел – жігіттің
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын;
Жақсы әйел – жігіттің
Жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
Абай Құнанбаев
Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы
үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ғабит Мүсірепов
Әйел асқақтаса – жылайды, еркек асқақтаса – құлайды.
Ғабит Мүсірепов
Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі.
Ер адам да отбасылық өмірде бақытты болғысы келеді.
Ал сол бақытқа жетуінің бірден-бір себебі өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Олай болса:
• Күйеуіңізге деген махаббатыңызды көрсете біліңіз, себебі ер адам үйінде өзін жақсы көретін
әйелдің күтіп отырғанын көргісі келеді.
• Мақтап тұруды ұмытпаңыз. Ер кісі мақтағанды ұнатады. Бұл оның табиғатына тән.
• Сыйлық жасап тұруды естен шығармаңыз.
83
• Тамақты дәмді әрі уақытылы дайындаңыз, себебі қарны аш адам ашуланшақ келеді.
Мәселелеріңізді ол тойып, тынығып болған соң айтыңыз.
• Өз-өзіңізге көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүріңіз. Күйеуіңіз бен балаларыңыздың жағдайын
жасаймын деп жүріп, өзіңізді «ұмытып» кетпеңіз.
• Күйеуіңізді тәрбиелеуге тырыспаңыз. Ер адамдар өзіне бұйыра сөйлеп, жөнді-жөнсіз ақыл
айта бергенді жек көреді.
• Оған еркіндік беріңіз. Әрбір басқан қадамын аңдып, минут сайын қоңырау шалып, оның
мазасын ала бермеңіз. Орынсыз қызғанышқа жол бермеңіз.
• Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе, оны ешқашан, еш уақытта ешкіммен салыстыра
көрмеңіз
177
.
177
аsylsoz.kz
• Күйеуіңіздің ертіп келген қонағын тиісінше құрметтеңіз.
• Тапқан ақшаңызды күйеуіңіздің алдында міндетсінбеңіз.
• Күйеуіңізге ұнайтын нәрсені өзіңізге де ұнамды қылуға тырысыңыз.
• Әйел кісі күйеуі өзінің жаннаты екенін әрдайым жадында ұстағаны жөн.
Еркек және әйел жайында әзілдер
Достарыңызбен бөлісу: |