ҰЛЫ ДАЛА тарихы
145
бұл нышандардың қайнарының бірдей болуы, таңбаның және
пішіндері
«айдаһардың» тәжді бас бөлігін, пішіні болса мейлінше толық бітімді білдіруі
ойға жетелейді (VII, XI, XVIII суреттер).
Таңбаларға байланысты басқа бір мәселе көптеген жағдайларда бір таңбаның
түрлі пішіндерде бедерленуімен байланысты. Кейде негізгі таңбаға бір немесе
бірнеше тура сызық және дөңгелек пішіндегі жалғама бөліктердің қосылуы,
кейде таңбалардың тік немесе көлденең, енді бірде теріс пішінде бейнеленуі
де бір мәселе. Негізінде, бұл жағдай таңбашылық дәстүріне қайшы келмейді,
таңба иелерінің сол кезеңде қоғамда немесе саяси өмірде атқарған қызметімен
байланысты болуы тиіс. Мысалы, соңғы кездері моңғол таңбашылығын зерттеген
ғалым Ж.Хумпхрейдің анықтағанындай, моңғолдарда бір таңбаның бірнеше
орында бедерленуін таңба иесі тайпалардың немесе тайпа адамының бір
мезгілде әлеуметтік немесе тайпааралық қызметіне меңзейді
204
. Басқа жағынан
қарағанда, Алтай түрктерінде осы уақытқа дейін сақталған дәстүр бойынша
таңбалар өзгермейтін негізгі бөлік –yürek «жүрек» және оған жалғанатын түрлі
бөлшектер –kedege «өрім, кекіл», quyruq, qanat және but «аяқ» бөліктерінен
құралған
205
.
Көне түрк таңбашылық дәстүрін айқынырақ ұғынуда Моңғолия, Оңтүстік
Сібір және Орталық Азияның далалық аймақтарында орналасқан жазба тас
ескерткіштері көмекке келеді. Мұндай бітіктастардағы таңбалардың көпшілік
жағдайда мәтіндердің үстінде болуы, кейде мәтін арасында немесе мәтіннің
астында орналасуы көрініс береді. Мысалы, Көктүрк қағандығына тиесілі
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк бітіктастарында және Ұйғыр қағандығына
тиесілі Мойын-Чұр, Ел Етміш қаған бітіктасы және солар сияқты мемлекет
бітіктастарында «Хандық» таңбаларының ең жоғарыда, мәтіндер үстінде
орналасуы, бұларға керісінше Қырғыз қағандығы аумағына тиесілі Оңтүстік
Сібір бітіктастарында бұл секілді таңбалардың бітіктастың ең төмен бөлігінде,
мәтін астында бедерленуі байқалады (VI сурет). Таңбалардың мәтін арасында
немесе бітіктастың бүйір және орта бөлігінде орналастырылу жағдайлары
Тайхар, Чойр, Суджи бітіктастарында көрінеді (IX сурет).
Таңба басылған бітіктастардың барлығында таңба бейнелерінің көктүркше
жазулы мәтіндерден біршама үлкен диаметрде бедерленгені көзге айрықша
шалынады, шамасы көне түрктердің саналы түрде таңбаларын әлеуметтік
өмірде маңыз тұтқандығы себепті осындай бір әдіс таңдаған. Осылайша,
шамасы, бітіктас орнатқан кезде өз «елтаңбасы»-ның тайпаластары тарапынан
оңай ажыратылуын қамтамасыз ету мақсаты қойылған.
«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені орналасқан таудың солтүстік-шығысынан
шамамен 3 шақырымдық жерде жартас беттерінде әртүрлі жануар суреттері мен
204
Humphrey, 2010, Р. 294, 300-302
205
Ямаева, 2004, С. 5; Yatsenko, 2013, P. 10-11
|