Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет108/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

117 


Байырғы түрктерде қой мүсінін бейнелеудің екі түрлі мағынасы болса керек. 

Біріншісі,  қойдың  тоқшылық,  молшылық,  құнарлылық  символы  болуымен 

байланысты. Осыған байланысты «мал өсірсең қой өсір, болады оның көл-көсір», 

«малды бақсаң қойды бақ, майы кетпес шарадан», «құтты қонақ келсе, қой егіз 

табады» деген тәмсілдерден халқымыздың төрт түліктің қадір-қасиетін жақсы 

біліп,  ерекше  құрметтегені  байқалады.  Ежелгі  ирандықтарда  да  қой  образы 

құнарлылық  пен  молшылықтың  символы  болған

192


.  Қой  бейнесін  мүсіндеудің 

немесе  суреттеудің  екінші  мағынасы  көне  дәстүрге  негізделген  –  құрбандық 

шалу ғұрпымен байланысты. Тәңірге және ата-баба аруағына құрбандық шалу 

сонау  сақ,  ғұн  түрк  замандарынан  үзілмей  келе  жатқан  игі  дәстүрлердің  бірі. 

Жалпы, ежелгі халықтардың көпшілігінде Тәңірге арнап құрбандыққа қой шалу 

ғұрыптық дәстүр болғаны даусыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет