Арыстан мүсіндері. Шивээт-улаан ғұрыптық кешеніндегі арыстан
мүсіндеріне зер салып қарайтын болсақ, ауыздарын арандай ашып, тістерін
ақсита айбат шегіп, қандай да бір дүниені (затты) қорғап тұрғандай әсер береді.
Арыстан мүсіні мен олардың әртүрлі заттардағы бейнелері түрктерден бұрын
сақ-скиф дәуірлерінен белгілі болып келеді. Көптеген ежелгі халықтарда
арыстан – патшалардың жаулап алушы және қорғаушы серігі болып саналған.
Сондықтан да қуатты биліктің көрінісі ретінде арыстан бейнесі әртүрлі билеуші
патшалардың тақтарында, елтаңбалары мен қару-жарақтарында суреттелген
193
.
Байырғы түрктердің діни-мифологиялық сенімінде арыстанды тотем тұту кең
көрініс тапқан. Орта ғасырлардағы түрк қағандары өздерінің мұрагерлеріне «Алп
Арслан», «Арслан бек», «Арслан тегін» секілді есімдер қойып отырған. Ал қазақ
фольклоры мен сөз өнерінде «арыстандай айбатты», «арыстан жүректі» және т.б.
ер жігіттің күш-қуаты мен ержүректілігін сипаттайтын бейнелі сөздер де жетерлік.
Бір қызығы, Орхон ескерткіштерінде арыстан атауы мүлдем кездеспейді, тек
Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» кітабы мен Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білік» еңбегінде «арслан» түрінде кездеседі. Түрктер кезеңінде қуатты
билік пен күш-құдірет рәміздерінің бірі ретінде белгілі болған арыстан мүсіндері
мен бейнелері басқа тас жәдігерлерде де кездеседі. Əсіресе Сырдария өзені
алқаптарынан Оңтүстік Сібірге және Қиыр Шығысқа дейін созылған ұлан-
байтақ аймақтағы түрк дәуірінің тас ескерткіштерінде, билік сарайларында,
қабырға суреттерінде, металл және қыштан жасалған бұйымдарда, мөрлер мен
монеталарда бейнеленген. Мысалы, Византия елшілерінің жазбаларында Түрк
қағандығын құрушылардың бірі Естемі Ябғудың (552-576 жж.) арыстан бейнелі
алтын тақта отырғандығы туралы мәліметтердің болуы, сондай-ақ Византия
тарихшысы Менандрдың «Тарих» шығармасында «Түрктер жоғары билеушісін
Арсила (Арслан / Арыстан) деп атайды» деген мағлұматтың кездесуінен
192
Акишев А. Искуство и мифология саков. – Алма-Ата, «Наука». 1984, 37 б.
193
Кызласов, 1995.
|