ҰЛЫ ДАЛА тарихы
118
оның тек билеуші әулетке тиесілі болғанын көреміз. Осылайша, бетінде «Тұн
Ябғу-қаған» деген жазу бар Естемінің немересі Тұн Ябғу-қаған (618-630 жж.)
бастырып шығарған Батыс Түрк қағандығы тиындарында билеушінің арыстан
пішінді тақ үстінде бейнеленуі аталған тұжырымымызды қуаттай түседі. Əрі
қарай, Батыс түрктерге байланысты Отырар тұтықтары (VII - VIII ғғ.) мен
Шаш (Ташкент) тұдұндары (640-750 жж.) соқтырған тиындардың біріншісінде
«Алп-Қаған Тұтұғы», екіншісінде «Тұдұн» сияқты түрктерге тән титулдардың
болуымен бірге, тиындарда Шивээт-улаан кешеніндегі арыстан мүсіндеріне
ұқсас мәнердегі арыстан суретінің бейнеленуі қызығушылық тудырады
194
.
Бұған қоса, Түрк кезеңінде Батыс Түркістан (Мәуреннаһр) аймағында билік
жүргізген Ферғана, Бұқара, Кумед (Оңтүстік Тәжікстан) секілді бірқатар кіші
оазис патшалықтарының түрк текті билеушілері Арслан немесе Арслан-тархан
титулдарын иемденуі бұл жануарға байланысты түсініктердің қағандықтың
басқару жүйесінде де маңызды орын алғандығын куәландырады.
Арыстандар Өтүкен (Моңғолия) даласында, Орталық Азия сахарасында
мекендегені туралы деректер кездеспейді. Жиһангез түрктер осы айбатты аңмен
сапарларда таныс болған. Арыстан бейнелі тас мүсіндер мен тас плиталар
Моңғолиядан тысқары Тыва мен Хакасиядан да табылған. Түрк дәуіріндегі Сібір
далаларында сирек кездесетін мұндай жануарлар бейнесі Орхон ақсүйектерінің
аталмыш өңірді өз құрамына алған кезден қалдырған белгісі болса керек
195
.
Ұлы даладағы мүсіндеу өнерін оның ішінде «аң стилін», тас мүсіндер, жартас
суреттері Еуразиядағы көшпелілер мәдениетінің биік шыңы деп бағалауға
болады. Шивээт-улаан ғұрыптық кешеніндегі тас мүсіндер ерте ортағасырлық
түрктердің діни-идеологиясы мен этномәдени болмысынан мәліметтер береді.
Мәселен, схематикалық таутеке бейнесі және арыстан мен қой мүсіндері тек
Шығыс Түрк қағандығының ақсүйек әулеттерінің ғұрыптық кешендерінде ғана
кездеседі. Сондықтан да ғалымдардың басым бөлігі арыстан мен қой мүсіндері
бар ғұрыптық кешендерді бір ауыздан Екінші Шығыс Түрк қағандығының
ақсүйектеріне тиесілі ерекшілік деп тұжырымдап келеді.
194
Смирнова, 2012. – С. 295-303
195
Кубарев, Баяр, 2002. – С. 80.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
119
Билік иесінің бас мүсіні.
Моңғолия Ғылым академиясының
Тарих, археология институтында
сақтаулы
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
120
I, II тас мүсін.
Сегіз қырлы құрылыстың шығыс
тұсындағы екі тас мүсін.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
121
III тас мүсін
|