ҰЛЫ ДАЛА тарихы
156
Осы себепті олардың арасында одақтастық тайпааралық «құдалық жүйесі»
арқылы қалыптасты
233
. Бұл тәртіп Көктүрктер қағандығында қағанның ашина
тайпасынан болуымен, ал Хатунның ашида тайпасынан болуымен айқындала
түседі. Бұл дәстүрдің Көктүрк қағандығынан кейінгі түрк әулеттерінен басқа
моңғолдарда да қолданылғандығы белгілі. Мысалы, Ұйғыр қағандығы (744-
840 жж.) кезеңінде қағандар яғлақар тайпасынан, хатундар едіз тайпасынан
болған, Шыңғысхан империясында болса түрк-моңғол текті қият пен қоңырат
тайпалары арасында «күреген» (құдалық) жүйесі орнаған
234
.
Осылайша, Шивээт-улаан ескерткішінде бейнеленген
түріндегі таңбаның
, ,
түріндегі таңбалармен бірдей болуы және оның «Ұйғыр тайпалары
одағына» кіруі, ұйғырлардың бас тайпасы яғлақардың «құдалығы» едіз
тайпасына тиесілі рәміздік белгі болуы өз дәлелін табады. Шынымен, қытайша
жазылған «Тан хуэй яо» еңбегінде 阿跌а-дие (едіз) түрінде келген тайпаның
таңбасы
пішінінде болуы да бұл пікірді қуаттайды:
- . Бұл таңбалар
аталмыш тайпаның тотемі, яғни қасиетті жануары болған «айдаһарды» білдіруі
әбден мүмкін. Көне түрк мифологиясында кеңінен таралған бұл аңыздық
жаратылыс негізінен ерте кезеңдерде берекет, молшылық, күш пен қуат рәмізі
ретінде қабылданған, кейін Алдыңғы Азия мәдениетімен араласып мағыналары
әлсіреп, зұлымдық рәмізіне айналған.
Едіз таңбасының
түрінде келген Тариат бітіктасының тас тасбақа тұғырында
көне түркше бітіктаста бұны йаратығма бөке тұтам «бұны жаратқан Бөке
тұтамын» сөйлемі жазылған
235
. Зерттеушілер бұл жерде бір адам атын (лақабын)
түсініп Бөкені көне түркше «айдаһар, үлкен жылан» сөзімен
236
байланыстырады.
Осыған орай аталмыш жазуды жазған Бөке, яғни «айдаһар» тайпасынан болуын
оның аты (лақабы) да, жазу тұғырындағы көктүркше мәтіннің тура астында
жазылған «айдаһар» бейнесіндегі таңбасын белгілеуі де айғақтайды.
Едіз таңбасының «айдаһарды» білдіретіндігі туралы жорамалды көне түрк
жазуларында кездескен таңбаның
,
түріндегі нұсқаларының да, қытай
дерегіндегі
түріндегі нұсқаларының да сыртқы көрінісі нақтылайды. Дәл сол
тайпа таңбасының бұл мәнерде бір-бірінен өзгеше көрінуі көне түрк таңбашылық
дәстүріне сай келеді. Төменде қарастырылғандай, бұл жерде ашида (айдаһар)
тайпа таңбасының жазуларда
, , , ,
түрінде, қытай дерегінде
түрінде келуі зерделеуді қажет етеді. Көне түрктерде әртүрлі тайпаның
рәміздік «белгісі» болған таңбаның кейде толығымен бейнеленуі (едіз:
Достарыңызбен бөлісу: |