№7. Қай таңбасы – .
Бұл таңбаны қай тайпасымен байланыстыру келесідей дәлелдерге
негізделеді:
«Тан хуэй яо» еңбегінде
түрдегі таңба кездесіп, ол 奚 си тайпасына тиесілі
деп көрсетілген
261
. Көне қытайша гией (қай/гай) деп оқылып, тайпаның тотемі
жылан болғандығы сүрияни деректерінен аңғарылады және де аталмыш таңба
тұрпаты жағынан жыланды еске түсіреді. Қытайдың Сиань қаласында табылған
си (қай) тайпасына тиесілі бір тегінің аты қытайша иероглифпен берілуімен
қатар қасында үнемі
түріндегі белгі жазылады. Қытай ғалымдары бұл белгінің
қытайша иероглиф емес екендігін айтып, оны «Тан хуэй яо» еңбегінде си (қай)
тайпасының таңбасы ретінде ұсынылған
түріндегі таңбамен ұқсатады
262
.
Əбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» еңбегінде қай тайпасының
таңбасы
түрде сызылып, нақ жыланды елестетеді
263
. П. Голденнің мәліметі
бойынша қай тайпа атауының моңғолша могай (жылан) мен байланыстырылуы,
сондай-ақ бұл тайпаға қатысты деректерде жылан мотиві көшбасшылықты
білдіргені де анықталады
264
.
Көне түркше татаби деп аталған
265
қайлар Орхон бітіктастары мен қытай
деректерінен анықталғандай, көктүрктер кезеңінде Моңғолияның шығыс жерлері
мен Манчжурияның оңтүстік-батыс шекарасында өмір сүрген саны жағынан көп
халық болған. Көптеген зерттеушілер бойынша тегі моңғолдарға жатқызылатын
қайларды Махмұд Қашқари түркше сөйлейтін, бірақ өз араларында өзгеше
сөйлесу тілі болған қоғам деп көрсеткен
266
. Бұл өз ретінде олардың кейіннен
түрктенгендігін білдірсе керек.
259
Golden, 2002, S. 116
260
Бартольд, 1968. – С. 44; Абдураҳмонов, Рустамов, 1982, Б. 106‚ 127; Tekin T, 2003, S. 53‚ 67‚ 71
261
Зуев, 1960, С. 101-102, 132, 129.
262
.
263
Зуев, 1960, С. 132.
264
Golden, 2002, S. 228; Golden, 1987-1991,P. 63.
265
Bacot 1956,P. 141, 145.
266
Махмуд ал-Кāшгари, 2005,69-70
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
162
Қайлар қытай жылнамаларында кумоси (库莫奚) деп те жазылған және дунху
(东胡) тайпаларының бірі болып есептелінген
267
.
Достарыңызбен бөлісу: |