Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет123/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

154 


бірлестігіне  тиесілі  болуы  мүмкін.  Расында,  бұл  пікірді  дәлелдейтін  кейбір 

айғақтар бар.

Ұйғыр  қағандығына  тиесілі  Байбалық  шаһар  қирандысынан  жарты  ай 

түріндегі  таңбалы  бітіктас  табылып  (XIX  сурет),  бітіктаста 

 

пішінінде  орналасқан  бір  жолақ  бітіктас  зерттеушілер  пікірінше  töl(i)s  ş(a)d(ı)



ng t(a)şı «Төлес Шадтың тасы» деп оқылады

227


. Бір айта кететіні, бұл жазбаны 

Ж.Алйылмаз  tür(ü)k  ad(ı)ŋ  t(a)şı–  «Түрк  атының  тасы»  деп  оқыды

228

,  бірақ 



оның  бұл  тәсілін  бірнеше  себепке  байланысты  қисынға  келмейтіндігін  айта 

кетуіміз керек. Біріншіден, көне түрк тілінің морфологиясы бұлайша оқуға жол 

бермейді. Əсіресе, көне түркше «ат, есім» мағынасындағы ат сөзі ол кезеңде 

ат түрінде қолданылмағаны сияқты, басқа бір мәнерде жазылғандығы белгісіз. 

Басқа  жағынан,  көне  түрк  қағандықтары  (Көктүрк,  Ұйғыр  қағандықтары  т.с.с.) 

кезеңінде «мемлекеттік уделі», яғни орталық аймақтардың Төлес пен Тардұш 

сынды  екі  қанаттан  болған  шығыс  және  батыс  бөлікке  бөлініп  басқарылуы 

оларды  басқарған  билеушілер  атына  ескерткіш  орнату  ғұрпы  болғандығы 

көңілге қонымды. Бұл қанаттардың басында жабғy/шад және шад атақтарына 

ие әулет мүшелері – шахзада болды, сол себепті олар «Төлес Шад», «Тардұш 

Шад» деп аталды. Орхон бітіктастарында тардұш, төлес бұдұнқа оғлым Ябғуғ, 



шад атадым «Тардұш пен Төлес (қанат) халқына ұлдарымды ябғу мен шад етіп 

тағайындадым» деген мәліметтің табылуы

229

 мұның айқын мысалы. 



Тағы  бір  тұсы,  мұндай  таңбалар  Көктүрк  қағандығының  да,  Ұйғыр 

қағандығының  да  түрлі  одақтастарына  тиесілі  болуы  мүмкіндігін  де  жоққа 

шығаруға болмайды. 

Бір айта кететіні, Көктүрк қағандығының бас одақтас тайпасы болған Ашида 

таңбасымен байланысты қате бір болжамға қысқаша тоқталайық. Бұл қателік 

С.  Яценконың 

  пішініндегі  таңбалар  бойынша  пікірлерінде  көрінеді. 



Зерттеуші түркиялық ғалым М. Тезжанның ұсынған қате мәліметі салдарынан 

мұндай  таңбаларды  Екінші  Шығыс  Түрк  қағандығына  тәуелді  болған  Түргеш 

қағандығына  тиесілі  тиындарда  болғандығын  жазған

230


.  Негізінде  Түргеш 

қағандығына тиесілі тиындарда әрқашан 

 /

 

түріндегі таңба бейнеленіп, 



Түргеш қағандығы немесе оның тәуелсіздігі алдындағы ешбір әулет тиынында 

/  түріндегі таңба болмаған

231



Қысқасы, ашина тайпа таңбасы үлгісінде осыған дейін жасаған зерттеулеріміз 



дәлел болатындай, көне түрктерде тайпааралық деңгейде болсын, мемлекет 

басқару  жүйесінде  болсын,  жүйелі  таңбашылық  дәстүрі  болған.  Түсінікті 

болғандай,  бір  тайпаға  немесе  саяси  одаққа  тиесілі  таңбаны  басқалары 

227


 Orkun, 1994,S. 190

228


 Mert, 2009, S. 49

229


 User, 2009, S. 163-164

230


 Yatsenko 2013, P. 21

231


 Камышев, 2008; Кошевар, 2010, С. 11-32. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет