Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет136/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   407
Байланысты:
udt

№9. Ұлығ-оқ таңбасы - 

.

Бұл  белгіні  шартты  түрде  *Ұлығ  оқ  (қытай  деректерінде  Хо-лу-ву  немесе 



Хо-лу)  атты  Батыс  түрк  қағандығының  одақтас  тайпаларының  бірімен 

байланыстырамыз.  «Тан  хуэй  яо»  еңбегінде  Хе-лу  деп  келген  тайпаның 

таңбасы 

 түрінде ұсынылып

270

, бұл таңба Шивээт-улаан ескерткішіндегі ең 



үстіңгі  жақта  орналасқан  таңбалар  арасындағы 

  түріндегі  таңбаға  аздап 

ұқсайды: 



  / 



  - 

.  Аталмыш  қытай  дерегінде  батыста  болған  түрк 

тайпалары деп түсіндірілген бұл тайпа атауы басқа қытай деректерінде Хо-лу 

немесе Хо-лу-ву түрінде кездеседі, зерттеушілер тайпа атауының көне түркше 

пішінін  Ұлығ  оқ  деп  жаңғыртты 

271


.  Бұл  тайпа  әрбірі  5  тайпадан  тұратын  Ту-

лу мен Ну-ши-пи сынды екі одақтас қанаттан құралған Батыс түрк қағандығы 

(қытай деректеріндегі аты «он тайпа», көктүрк бітіктастарындағы аты он оқ «он 

тайпа») құрамындағы ықпалды тайпалардың бірі болған.

Батыс түрктердің шығыс қанаты Ту-лу тайпа одағына кірген Хо-лу-ву (Ұлығ-оқ) 

тайпа аталмыш қанатқа жататын басқа тайпалармен бірге Текес, Күнес, Сайрам, 

Манас сынды Тәңір тауларының солтүстік жерлері, яғни Шығыс Түркістандағы 

өзен алқаптарында өмір сүрген

272


267


 Golden 1987-1991, P. 63

268


 Лурье, 2010, С. 280-281

269


 Кармышева, 1963, С. 185 188

270


 Зуев, 1960, С. 101, 132; Esin, 1982, Р. 196.

271


 Зуев Ю, 2002, С. 165; Бичурин, 1950, Т. 1. – C. 289; Chavannes, 2007, S. 55‚ 91‚ 112‚ 114; Малявкин, 

1989, С. 168; Taşağı, 1999, S. 71.

272

 Бичурин, 1950, Т. 1. – C. 289.




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

163 


Бұл  тайпа  атымен  байланысты  даулы  пікір  пайда  болып,  «Тан  хуэй  яо» 

еңбегінде келген Хе-лу этнонимін Ю.А.Зуев халлух / қарлұқ деп қарастырды. 

Бірақ,  дәл  сол  еңбекте  қарлұқ  атауының  葛逻禄  Ге-луо-лу  түрінде  келуі, 

таңбасының белгісіз болуы

273

 бұл пікірді жоққа шығарады.



Басқа жағынан Шивээт-улаан ескерткішінде 

 

түріндегі көрінетін таңбаның 



«Тан хуэй яо» еңбегінде берілген Хе-лу тайпа таңбасымен жақын болуын да 

ескермеуге болмайды: салыстырыңыз:   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет