-
.
№10. Сір (Қыпшақ) таңбасы -
.
Бұл белгіні Көктүрк бітіктастарында Түрк-Сір бұдұн «Түрктердің Сір халқы»,
қытай жылнамаларында сюе «сір», сюе-яньто «Сір-Тардұш» (?) түрлерінде
кездесіп, басқа бір атауы қыпшақ болған түрк тайпасының таңбасы қылып
танығанымыз келесі дәлелдерге негізделген:
1) Орта ғасырлардың соңына тиесілі бірқатар жазба деректерде қыпшақ-
тардың таңбасы ретінде кездесетін түрдегі таңбамен
274
Шивээт-улаандағы
таңба түрі жағынан ұқсайды. Тіпті, орта ғасырлардағы түрк халықтары арасында
тараған аңыз бойынша «қыпшақ» атауы өзі иеленген таңбаның «екі пышаққа»
ұқсас болуы себепті пайда болған;
2) Дегенмен, «Тан хуэй яо» еңбегінде Сиели (сары / шари / сір?) тайпасының
таңбасы ретінде берілген
түріндегі таңбамен
275
Шивээт-улаандағы
түріндегі таңба бір-біріне ұқсамайтындығы байқалады (
-
). Бұл таңбалар
арасындағы айырмашылық олардың қандай жағдайда бейнеленгендігіне
байланысты болуы мүмкін;
3) Кейбір Орхон мен Енисей бітіктастарында басқа көне түрк таңбаларымен,
әсіресе Көктүрк пен Ұйғыр қағандықтарының «хандық» таңбаларымен
,
түрдегі таңбалардың бірге кездесуі бұл таңбаның көктүрктер кезеңінде ықпалды
әрі ашиналармен туыс, яғни одақтас бір тайпасына тиесілі болғанын көрсетеді.
Оңтүстік Сібір бітіктастарында ықпалды қырғыз тайпа таңбасы табылған жазулар
тобында аталмыш таңбаның
түрінде келуі
276
де қызығушылық тудырады.
Сір мен қыпшақ тайпа атауларының бірдей түрк тайпасын білдіруі көптеген
дәлелдермен айғақталады
277
. Əсіресе, Күлтегін мен Білге қаған бітіктастарында
Көктүрк қағандығының негізгі тайпаларының бірі немесе көктүрктерге туыс
тайпа есебінде түрк-сыр бұдұн сөзінің келуі
278
, Ұйғыр қағандығына тиесілі
Ел Етміш Білге қаған (Шинэ-Ус) бітіктасында түрк-[қыб]чақ елиг олурмыш
«түрктердің қыпшақ тайпасы елу жыл билік етті» деген сөйлемнің кездесуі
279
,
273
Зуев, 1960, С. 97
274
Aksoy, 2015, S. 428; Аманжолов, 1959, C. 17
275
Зуев Зуев, 1960,С. 100-101, 132
276
Васильев, 1983, C. 88; Tezcan, 2010, P. 386
277
Еженханұлы, 2013, 140-142 б.
278
User, 2009, S. 161
279
Mert, 2009, S. 215-216
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
164
қытай жылнамаларында сэ-яньто (сір) түрктерінің VII ғасырда қағандық
құрғанына қатысты мәліметтердің табылуы
280
сірлердің (қыпшақ) бұл кезеңде
қандай ықпалға ие болғандығын растайды. Сір атауына байланысты «бүркіт»,
«бүктемелі орын тақ» деген семантикалы сөздері қазіргі тыва, моңғол тілдерінде
сақталғандығын кейбір ғалымдар алға тартады.
Бұл кезеңде сір түрктерінің үлкен бір бөлігі Алтай тауларының оңтүстік-
батысында, Тұрпан өлкесінің солтүстік-шығысында өмір сүрсе, бір бөлігі
Моңғолияда, Өтүкен жазығының солтүстігінде қоныстанған
281
.
Достарыңызбен бөлісу: |