Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет139/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   407
Байланысты:
udt

№12. Ашида таңбасы -  .

Бұдан бұрын едиз және тат-ашида руларының таңбалары туралы айтылған 

кезде Ашида таңбасы туралы да атап өтілген еді. Бұл дәуірде ашида әулетінің 

рәмізі  «айдаһарға»  ұқсайтыны  байқалады.  Дегенмен,  Көктүрк  қағандығының 

алдыңғы  қатарлы  мемлекеттік  қайраткері  Тұнұқұқ  құрметіне  көтерілген 

бітіктастың  ең  жоғарысында  орын  алған 

  секілді  таңба  бұл  таңбамен 

салыстырғанда мүлдем басқа сияқты көрінеді. Сондықтан «Тан хуэй яо» атты 

туындыда  ашида  әулетінің  таңбасының 

  осы  бетте  ұсынылуы

282

  мәселе 



болып  табылады,  бірақ  көне  түрк  таңбашылық  дәстүрін  басшылыққа  алсақ, 

(мысалы,Чойр таңбалы тасында ашида таңбасы   осылай белгіленген

283

), бұл 


таңбалардың бойларының ұқсас екені көрінеді. 

Жоғарыда  айтылғандай,  Көктүрк  қағандығының  билігіне  одақтас  болып 

қосылған  ашида  әулетінің  әулет  көсемі  ашина  түрктерімен  некелесу  арқылы 

280


 Бичурин, 1950, Т. 1. – C. 342; Taşağıl, 2003, S. 38; Еженханұлы, 2013, 140-142 б.

281


 Зуев, 1960, С. 119-120; Golden, 1992, P. 270-275

282


 Зуе, 1960, С. 98, 100, 132

283


 Кляшторный, 1971, С. 250-253


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

165 


жақындасты.Бас  ханшайым  –  Хатунның  мүшесі  болып  табылатын  бұл  рудың 

көрнекті қайраткерлері қағандықтың әкімшілік және әскери салаларында үлкен 

ықпалдары  болған.  Көктүрктердің  мемлекеттік  бітіктастардың  көбінде  , 



  пішініндегі  таңбалар  көрінген.  Бір  топ  зерттеушілердің  пікірі 

бойынша,  бұлардың  барлығы  тотемдік  «үлкен  жылан»  (айдаһар)  болатын 

ашида әулетіне тән (VII, 1-5, XVIII, 3 сурет). Сонымен бұл таңбалардың сыртқы 

бейнесі де айдаһарға немесе оның мүшелерінің біріне ұқсайды (бас, тәж және 

т.б.). Осылайша, 

 түріндегі таңбаларды да ашида әулеті таңбаларының 

басқа бір пішіні ретінде қабылдауымыз керек.

Бұл таңбалардың бөліктерінің (мысалы  

) бітіктастарында, әсіресе 

тас  жазбаның  тұғыры  болып  табылатын  тастан  жасалған  тасбақалардың 

арқасындағы көктүрктердің «Хандық таңбасы» 

 

пішініндегі таңбаның қасында 



болуы, «айдаһар» түріндегі таңбалардың ашида әулетіне тән екенін анықтайды. 

(XVIII, 2-3 сурет).

Шивээт-улаан  кешенінде  ашида  әулеті 

 

пішіндегі  таңбасы,  қытай 

дереккөздерінде 

  түрінде  болғаны,  көне  түрк-моңғол  таңбалар  жүйесіне 

сәйкес келіп отыр. Яғни жоғарыда аталғандай, дәстүрге сәйкес, қандай болса 

да  рудың  таңбасының  тік  немесе  көлденең,  тура  немесе  теріс  бейнеленуі, 

немесе негізгі таңбаға бір-бірлеп жалғамалардың қосылуы (бір жағынан сызық 

және  т.б.)  рудың  бөлігін  көрсете  отырып,  иерархияны  және  дәрежені  немесе 

орнын анықтайды

284


. Демек, Шивээт-улаан және Тұнықұқ тас жазбаларындағы 

бұл екі таңба осындай дәстүрмен байланысты және «айдаһар» таңбасының бас 

жағын көрсетеді: 

 -   -   -   -   - 

.



Ашидалар  Көктүрк  дәуірінде  әкімшілік  орталығы  Өтүкеннің  оңтүстігінде, 

Қытайдың солтүстігіндегі Ин-шан тауларының етектерінде өмір сүріп, бірнеше 

руға бөлінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет