ҰЛЫ ДАЛА тарихы
172
Атап айтқанда, қағандықтардың әкімшілік орталығы Орхон алқабының және
оған іргелес аймақтарда табылған таңбалар бар жәдігерлер мен әшекейлер өте
сәйкес келеді. Мысалы, Шивээт-улаан ескерткішіндегі ,
,
, , , ,
пішініндегі таңбалардың ұқсастықтары Бөмбөгөр, Их-Бичигт, Дел-ұұл, Бичигт
(Бичигт Ұлан хад), Өнгүт, Дарви іспеттес бітіктас және жазулы тау-тастарда
кездеседі
330
. Маңыздысы, аталған белгілер көктүрктердің «Хандық таңбасы» -
тауешкі түрінде таңбаның жанында орналасқан. Бұл дегеніңіз, таңбалары бар
тайпалар хандықтың саяси өмірінде белгілі бір функцияны атқарғанын көрсетіп
отыр. Пайымға сәйкес, олардың кейбіреуі Ашиналармен одақтас, мүдделес
болған немесе саяси өмірде сөзі өтетін тайпаларға тиесілі болған (мысалы
,
). Екінші жағынан,
,
пішініндегі екі таңбаның Оңтүстік Сібір
бітіктастарында түріндегі немесе оның басқа нұсқаларымен (мысалы )
ұқсас болуына
331
көңіл аудару керек.
Шивээт-улаан ескерткішінде анықталмаған кейбір таңбалар көп жағдайда
Оңтүстік Сібір бітіктастары мен тауларында кездесетін көне түрк таңбаларымен
ұқсас келуі қызығушылық тудыртады. Мысалы
пішініндегі таңбаның
ұқсастықтары Минусин өңіріндегі Ұлазы тау
,
пішіндері
332
ретінде
кездеседі (XIII сурет). Сонымен қатар Шивээт-улаанның қазіргі уақытта белгісіз
таңбасының ұқсастығы Оңтүстік Сібірдегі Тепсей тастарындағы
сурет
түрінде көрінеді
333
(
-
). Маңыздысы, Тепсей тастарынан табылған бірнеше
көктүрк cөздері -
(яғлақар), (қырғыз), (тоңра/бұғы) - сол кезеңдегі саны
көп түрк тайпаларына жатады
334
, ал Шивээт-улаандағы таңбалар олармен ұқсас
келеді.
Түптеп келгенде, Орхон бітіктастары мен қытай деректерінен белгілі
болғандай, Көктүрк қағандығы кезеңінде, осы өңірлерде қырғыз, аз, чік, құрықан
тәрізді түрк тайпалары өмір сүрген. Аты айтылған таңбалар осы тайпалардың
кез келген біріне қатысты болуы өте ықтимал.
Бір сөзбен айтқанда, Шивээт-улаандағы таңбаларды түгелімен анықтау
болашақта түбегейлі зерделеуді талап етеді.
Таңбаларды тасымалдаған тайпалардың географиясы
Көктүрк (Орхон) бітіктастары мен қытай жылнамаларында көрсетілгендей,
Шығыс Көктүрк қағандығының жерлерінде (Моңғолия, Оңтүстік Сібір, Қиыр
Шығыс және Солтүстік Қытай) негізінен келесі тайпалар орналасқан:
1) аз, 2) чік, 3) қырғыз, 4) қарлұқ, 5) ұйғыр 6), басмыл, 7) байырқу, 8) тоңра,
9) құрықан, 10) татар, 11) татабы (қай), 12) қытан, 13) eдіз, 14) оғыз, 15) сір
330
Mert, 2008, S. 281-305; User, 2009, S. 62-73; Самашев, Базылхан, Самашев, 2010, С. 30-34;
Сартқожаұлы, 2012, C. 248-251
331
Васильев, 1983, C. 97, 117
332
Мухарева А, 2014, С. 237-247, рис. 3-7.
333
Васильев, 1983, C. 122
334
Васильев, 1983, C. 122-123
|