Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет159/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

178 


ұғымын  саяси  шек т еу  мақсатында  Түркістан  генерал-губер наторлығы  құрылды. 

Кейіннен  Кеңестік  дәуірде  де  Түркістан  атын  ұмыттыру  және  сол  арқылы 

ұлттың тарихын, ұлттық құндылықтарын жойып, отарлау саясатын оңай жүргізу 

мақсатында Түркістан атауын қолдануға ресми тыйым салып, орнына Орта Азия 

деген атауды ойлап тапты. Бірі Түркістан, бірі Алаш болып бой көтерген ұлттық 

мемлекеттерді құлатқаннан кейін Түркістан жерінің әуелде Батыс бөлігі саналған 

(Батыс Түркістан), кейін тар мағынада Түркістан (Орта Азия) болып кішірейтілді. 

Ұлттық  құндылықтардың  түбіне  балта  шабу  саясатының  салдарынан  көнеден 

Түркістан болып қалыптасқан түрк жері осылай Орта Азия болып өзгертіліп кете 

берді. Алайда Түркістан жеріне түрлі тарихи дәуірлерде келіп орын теуіп, бірін-бірі 

ығыстыруға тырысқан діни, таптық, этностық, мәдени және басқа идеологиялық 

концепциялардан «Тұтас Түркістан» идеясының өміршең болғандығын өмірдің өзі 

көрсетіп берді

344


.

Түрлі  дәуірлерді  бастан  өткерген  ежелгі  Яссы  қаласы  кейін

345

  Түркістан  деп 



атала  бастады.  Бірақ  бұл  өзгерісті  отаршылдық  ниеттегі  «тарихты  бұрмалау» 

әрекетімен салыстыруға болмайды. Бұл қаланың атауы әуелден «Əзірет Сұлтан, 

пир-і Түркістан» деп, Қожа Ахмет Ясауиды меңзеп айтылатын. Кейін ол «әзірет» 

деген діни сөзден жалаңа ш танып, Түркістан атауы қала берді. Шындап келгенде, 

бір жағы қате де емес. Себебі Түркістан идеясының рухани діңгегі Əзірет Сұлтан – 

Қожа Ахмет Ясауи екені де анық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл ұғым қайта 

жаңғыра  бастады.  Қазірет  қонған  қасиетті  Түркістан  еліміздің  рухани  астанасы 

ғана  емес,  ол  –  түгел  түрк  ту  тіккен  Тұран  жұртының  да  қастерлі  атауы  екенін 

айттық.  Сондықтан  байырғы  атауын  жаңғыртып,  Орталық  Азияны  да  рухани-

мәдени тұрғыдан Түркістан деп айтуымыз керек шығар. 

Осы  орайда  биыл  наурыз  айында  бауырлас  мемлекеттердің  басшылары 

Астана төрінде қайта бас қосуының да негізінде Мағжан жырлаған ұлы ұғымның 

жатқаны анық. Міне, бүгін сол игі істердің жалғасы есебінде, облыс атауымен бірге 

Түркістан қайта түлеп, атаудың аясы кеңіп, қастерлі ұғым Ұлы далада ту көтерді. 

Ол  кешегі  Алаш  арыс тарының  ұлы  мұраттарының  қайта  жаңғыруы,  рухани 

серпілісі болатын. 

Ежелден  ел  билеген  игі  жақсылар  мен  ғұлама-ғалымдардың  құтты  ордасы 

болған  қастерлі  қара  шаңырақ,  бүгінде  елбасылар  бас  қосып,  кеңес  құратын, 

түрк әлемін түгендейтін іргелі орталыққа айналып келеді. Бұл тұрғыдан келгенде 

Түркістан қаласы түрк жұртына темірқазық мекен болған тұтас Түркістанның да 

тұтқасы болып саналады.

Түрк  дүниесінің  төл  бесігі,  қазақ  мемлекетінің  тарихи  астанасы  Түркістан 

өңірінің қайта түлеуі – еліміздің, қала берді Түрк дүниесінің рухани жаңғыруының 

айшықты  көрінісі.  Енді  қайта  түлеген  Түркістан  арқылы  тарихы  бір  тамырлас 

жұрттар арасында еліміздің тұғыры тағы да биіктей түседі деп сенеміз. 

344


 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы, 2008. – 368 б.

345


 Кәрібай, 1999. – 8 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет