Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені алқабы «Их Хануй гол» өзені бойында



Pdf көрінісі
бет154/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   407
Байланысты:
udt

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені алқабы «Их Хануй гол» өзені бойында 

жаңадан табылған таңбалар мен суреттер: «Шивээт-улаан-2016» бірлескен 

экспедиция тобы Ханұй өзені орта тұсы «Цагаан олом», «Их Хануй гол» өзені 

басы мен аяғына құятын «Балигийн гол» өзені секілді жерлермен іздеу, барлау 

зерттеулерін жүргізді. Оның нәтижесінде қола дәуірінен басталып көшпелілердің 

төрелік билікті мемлекеттерінің тарихына тікелей қатысты Үлкен ірі қорғандар 2 

дана, төртбұрышты бейіт 6 дана, бұғытас 8 дана, алуан түрлі таңбалар 19 дана, 

Ғұн дәуірінің бейіті 2 дана, бір жерге шоғарланған 16 дана жартас петроглифтері 

анықталып, ғылыми тіркеулері мен тиісті сызбалары, фотофиксациялары толық 

жасалды.  



ҰЛЫ ДАЛА тарихы

174 


Ханұй, Хүнүй, Могойн гол үш өзендері қосылып «Их Хануй гол» өзені болып 

Шивээт-улаан  тауының  шығыс  жанымен  ағып  өтеді.  Аталмыш  таудың  шығыс 

солтүстігінен шамамен 3 км жерде Ханұй өзенінің солтүстік жағалауымен созыла 

орналасқан базальт тас жынысты жартастарда ежелгі көшпелі ру тайпалардың 

алуан түрлі таңбалары жекелеген және шоғырланып қашалғандығы біздің 2016 

жылғы экспедицияның іздеу, барлау зерттеулері нәтижесінде анықталды. Бұл 

жаңа  табылымдар  бұрын-соңды  анықталмаған  еді.  Жартастардағы  таңбалар 

әртүрлі  биіктікте  қашалынып  жасалған.  Онда  біздің  алдын  ала  зерттеуіміз 

бойынша 19 таңба анықталынды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет